Емдеу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Емдеу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.

Поиск

2. Емдеу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.

Емдеу мекемелері және олардың қызметінін түрлері

Адам денсаулығы - бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылған, Амбулаторлық көмек:

1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);

2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);

3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;

4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;

5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;

6) жоғары квалифицирленген медициналық көмеккерсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);

7) әйелдер консультациясы - гинекологиялык ауруларды емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;

8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.

Стационардың турлері:

1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;

2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;

3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;

4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.

Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.

Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және т.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.

Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (қабылдау бөлімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.

Аурухананың әрбір бөлімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге қан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.106.87 (0.01 с.)