Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жүйке сабының зақымдануыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Жүйке сабының зақымдануы Бұлшық етке немесе көктамыр ішіне егу жасаған кезде егу жерді дұрыс анықтамай инемен механикалық зақымдау. Дәрілік депоның жүйке сабының қасында орналасуы нәтижесіндегі химиялық зақымдану. Жүйкені қоректендіруші тамырдың бітелуі . Асқыну зардаптары невриттен аяқ-қол параличіне дейінгі қауіпте болуы мүмкін.Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен Аллергиялық реакция Ағзаның дәріге жеке кері әсері ететін сезімталдығы. Қышыну бөрітпелер, жедел тұмау,өткір конъюктевит Квинке ісінуі түріндегі белгілері көбіне егуден 20-30 минуттан кейін байқала бастайды. Аллергиялық реакцияның ең қауіпті формасы АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК. Асқыну алдын-алу: 1)Инъекция жасар алдында емделушімен дәрілерге сезімталдығын сұрастырып анықтау 2)Ауру тарихының бірінші бетінде қандай дәрілерді көтере алмайтындығы жөнінде мәлімет болуы мүмкін. 3)НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Антибиотиктерді алғаш рет егі алдында сезімталдықты анықтау үшін тері ішіне сынама жасау керек.(тері ішіне) Асқынуды емдеу: емделушіні жалғыз қалдырмау, дәрігерді шақырту, дәрігер келгенше алғашқы көмек көмек корсету. Анафилактикалық шоктың негізгі белгілері: · Терінің жалпы қызару,бөрітпелер · Бас айналу, бас ауру · Кенет әлсіздік · Ентігу, жөтел ұстамасы · АҚ төмендеу, пульс аритмиясы · Құсу Ауыр жағдайларда бұл белгілерге коллапс симптомдары қосылады,науқас өлімге анафилактикалық шоктың алғаш белгілері пайда болғаннан бірнеше минут ішінде ұшырауы мүмкін. Анафилактикалық шок кезінде емдік шаралар дененің жалпы қызаруы байқалғаннан бастап жедел түрде өткізілуі қажет. 14Пациентті қанның жалпы талдаууына дайындау Жалпы қан анализіне дайындық ережелері: 1. Қан таңертең аш қарынға тапсырылады (немесе күндізгі және кешкі сағаттарда, ас қабылдағаннан кейін 4-5 сағаттан соң). Зерттеуден 1-2 күн бұрын тамақ мәзірінен құрамында көп мөлшерлі майы бар тағам түрлерін алып тастаған жөн болады. 2. Қан көрсеткіштері күні бойы өзгеріп отыруы мүмкін, сондықтан талдауларды таңертеңгі сағаттарда тапсырған абзал. 3. Зерттеу алдында (24 сағат бойы) алкоголь, физикалық жүктеме, дәрілік құралдарды қабылдауды (дәрігермен кеңесе отырып) болдырмау керек. 4. Қан тапсырудан 1-2 сағат бұрын шылым шегуге, шырын, шай, кофе ішуге болмайды, газдалмаған су ішуге болады. Физикалық жүктеме (жүгіру, баспалдақпен тез көтерілу), эмоциялық қозуға жол бермеу керек. Қан тапсыруға 15 минут қалғанда демалып, тынығып алу қажет. 5. Физиотерапиялық шаралар, құралдармен зерттеу, рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер, массаждан және басқа да медициналық шаралардан кейін бірден зертханалық зерттеуге арналған қан тапсыруға болмайды. 6. Динамикадағы зертханалық көрсеткіштерді бақылаған кезде қайталама зерттеуді бірдей жағдайда өткізуге кеңес беріледі – бір зертханада, бірдей тәулік уақытында қан тапсыру қажет. 7. Зерттеуге қанды дәрілік заттарды қабылдамас бұрын немесе оларды қабылдау тоқтатылғаннан кейін 10-14 күннен ерте емес мерзімде тапсыру қажет. Кез келген препаратпен емдеу тиімділігін бақылау үшін зерттеуді препаратты қабылдаудың соңғы күнінен 7-14 күн өткен соң ғана өткізуге болады.
Осы ережелерді 15-ші сураққа да айтасындар, алгоритм екеуіне де айтуға болады. 15.Пациентті қанның биохимиялық талдауын жүргізуге дайындау Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз. 2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз. 3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз. 4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз). 5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз. 6. Бір peт қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 7. Науқастың шынтақ астына кленкалы жастықшаны салыңыз. 8. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы бөлігі тұсына шынтақ бүгілісінен 10 см жоғары іш киімінің үстінен салыңыз. 9. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілмегі төмен. 10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек). 11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз. 12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз. 13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. 14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригңн сол қолдың 4 және 5 саусақтар арасында ұстаңыз. 15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: 2 саусақ - иненің канюлясында, ал 3,4 саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, 1 саусақты төмен ұстаңыз. 16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз. 17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған). 18. Поршенді өзініңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. 19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге карай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз. 20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз. 21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз. 22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз. 24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз. 25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны 26. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз. 27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. 28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз. 29. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған 30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: көк тамырдан биохимиялық анализге қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшеріндс жүргізіледі;қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қатты қайыстырылған резеңке тығыны болады;шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпісіздігі бар).жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, номірін көрсетіңіз; 16 .ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ Максюты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары. Дайындаңыз:- сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін); - 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз. 2. Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады. 3. Науқастан сұраңыз: - таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды; - тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды; - тік тұруын немесе тік отыруын; - қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинаңыз; - қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз. 4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз. Ескерту: - егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет; - қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет. 17.АУРУХАНА ЖАҒДАЙЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ Максаты: туберкулез микобактерия сын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету. Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары. Дайындаңыз: 3 арнайы шыны контейнерді немесе сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес кең мойынды тығыз бұрандалы қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді. Тұнық контейнердің қыр бетіне белгі салыңыз (науқастың аты-жөнін, алған күнін, идентификациялық номерін, ФТБ-05 жолдамасын толтырыңыз, белгі салынған металды биксты, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз. 2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс. 3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз. 4. Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. 5. Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз. 6. Науқасқа контейнерді беріңіз. 7. Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз. 8. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз. 9. Контейнерді қақпағымен жабыңыз. 10. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз. 11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз. 12. Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металды бикспен лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз. 13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды; - ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады: - қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медицина қызметкерінің бақылауымен жинастырады; - қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады; - қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде); - қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі; - қақырықты жинау міндетті түрде медицина қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі; - бір рет қолданылатын контейнерлер пайдаланылғаннан соң жоюға жатады - медициналық мекемелерде қақырық 7 күндей тоңазытқышта сақталады. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ Максюты: диагностикалық: ауру қоздырғыштарын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: туберкулез, тыныс алу жолдары аурулары және басқа да жұқпалы аурулар. Дайындаңыз: сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес, тұнық жабылатын қақпағы бар залалсыздандырылған арнайы шыны контейнерді, металды биксті, қайнатылған суы бар ыдысты, салфетканы, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады. 2. Контейнерді нөмірлеңіз. 3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырыңыз. 4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет масканы киіңіз. 5. Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 6. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз. 7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен контейнердің шетіне тимеуін ескертіңіз. 8. Науқастан сұраңыз: - таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды; - ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды; - тік тұруын немесе тік отыруын; - контейнердің қақпағын ашуды; - аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен контейнерге шығаруын; - қақырық жинайтын контейнерді төменгі еріннің тұсында ұстап, контейнердің шетіне тигізбей қақыруы тиістігін. 9. Контейнердің қақпағын бұрап жабыңыз. 10. контейнердің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісінде суландырылған салфеткамен сүртіңіз. 11. Жиналған қақырықты қарап, контейнерді темірлі бикске орналастырыңыз. 12. Бактериологиялық лабораторияға 2 сағат ішінде қақырықты апарыңыз. 13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 14. Қолды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - қақырық бөлу қиындаған жағдайда, қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды; - антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет. 18.ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру. Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы). Іс- әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда). 4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 5. Науқасқа зәрді жинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз. 6. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз). 7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 8. 100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз. 9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз. 10. Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз. 11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз. 12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады; - зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды. 19.НЕЧИПОРЕНКО ӘДІСІМЕН ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер). Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында). Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз). 4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз. 6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз 7. Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз. 8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады. Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері әдістермен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау. Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері: - лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін; - эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін; - цилиндрлер – жоқ.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.89.130 (0.015 с.) |