Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәрілік заттарды пайдалануға дайндау. Парентеральды енгізуге арналған құралдар.

Поиск

Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

енгізген дәрі тез әсер етеді;

дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;

бауырдың кедергі ролі жойылады;

жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.

Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі бөлектерден тұрады: шкаласы бар цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.

Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.

Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.

Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.

Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.

Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.

Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.

 

Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.

Шприцке дәрінің мөлшерін дұрыс сорып алу үшін, шприцтің бөлігінің деңгейін білу керек. Бөліктің деңгейін анықтау үшін, цилиндрде ине салатын конусқа ең жақын миллиметр санын көрсететін санды тауып алып, кейін сол санның және ине салатын конустың арасындағы бөліктердің санын анықтап, тапқан санды бөліктердің санына бөлу керек.

Мысалы: 20 мл шприцтің цилиндрінде ине салатын конусқа ең жақыны 10 саны. Конустың және 10 санының арасындағы бөліктің саны 5-ке тең, 10-ды 5-ке бөлгенде 2 мл болады. Бөліктің деңгейі бағасы осы шприцте 2 мл.

Аз сыйымдылықпен арнайы шприцтер болады, ондағы бір-бірінің аралықтары 0,01 және 0,02 мл сәйкес бөліктер қойылады. Ол ауыр әсер ететін дәрілерді – инсулин, вакцина, сарысуларды ең нақты мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді.

Дәрілерді сыртқа пайдалану тәсілдерін мейірбикелер жақсы игерулері керек. Мұрынға және құлаққа дәрі тамызу үшін сырқатты жатқызып қойған дұрыс, ал көзге отырғызып қойып та тамыза беруге болады.

Мұрынына дәрі тамызу үшін бала алдымен сіңбіріп тастағаны дұрыс, сонан соң ауруды арқасына жастық қоймай жатқызады да, басын артқа қарай шалқайтады. Сөйтіп ең әуелі мұрынның бір тесігіне, содан соң екінші тесігіне дәрі тамызады.

Көзге дәріні зарарсыздандырылған пипеткамен тамызады. Ол үшін мейірбике сырқаттың жоғары қарауын сұрайды, сол қолындағы шаршымен астыңғы қабағын төмен тартыңқырап тұрып 1-2 тамшы дәріні тамызады. Науқас көзін жұмған соң сыртындағы суын шаршымен сүртіп құрғатады.

Құлаққа дәріні жылытып тамызған абзал. Тері мен теріасты майы дүмпіп іскенде, талаурап қабынғанда, мойындағы, қолтықтағы, шаптағы бездер қабынғанда, жеңіл-желпі жарақаттар алғанда, ұмасы ме жұмыртқалары қабынып ісінгенде, сыртынан дәрі жағып булауға тура келеді. Жас нәрестелердің шабы, қолтығы, мойыны базданып қабынғанда әртүрлі дәрі жағып емдейді.

Ингаляция – дәрі-дәрмек заттарды тыныс алу жолдарымен ішке дем тарту арқылы енгізетін әдіс. Бұған газдарды, тез ұшатын заттарды бүркуге арналған арнайы аппараттар құрылысына арналған ұсақ бүркілетін заттарды жатқызуға болады.

Дәрі-дәрмсек заттарды парентеральды енгізу. Тері ішіне, теріастына, етке, тамырға шприцпен дәрі енгізу-инъекция деп аталып, оны мейрбикелер мен дәрігерлер іске асырады. Ол үшін “Рекорд”, “Люэр” деп аталатын шприцтермен инелерді пайдаланады. Соңғы кездері ел арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың шприц арқылы тарай бастауына байланысты (жүре пайда болған иммунды жетіспеушілік нышандары бар кесел, сары ауру) бір мәрте пайдаланатын шприцтерді кеңінен қолдануда.

Шприц пен инелерін қайнатып зарарсыздандырардың алдыңда кеңерелерінде қан мен плазманың ізін қалдырмастан жақсылап тұрып жуу керек. Зарарсыздандырғышқа шприцтің әр бөлшегін жеке-жеке орап салып қайнатқан жөн.

Иъекция алдында мейірбике қолын сабындап жуып, спиртпен сүртіп алуы тиіс. Содан соң шприцті жинайды. Теріастына, етке, көк тамырға енгізетін дәрілік заттарды ампуладан сорғызып алмас бұрын, оның не дәрі екендігін ыдысының бүтіндігін, оның ішіндегі сұйықтықтың тұнықтығын, дәрінің сапалылығына, көз жеткізіп алуы керек. Ампуланың мойнын спиртпен сүртіп, кескішпен кесіп, шприцтің инесімен сорып алады. Ішіндегі ауасын шығару үшін шприцті тік ұстап, поршенін ақырындап жылжытса болғаны.

Антибиотиктерді ұнтақ күйінше, аузын резеңке тығынмен, темір қалпақпен жапқан флакондарды шығарады. Оны иъекция үшін былай дайындайды: алдымен қалпақшасын ашып, резеңке тығынын спиртпен сүртеді. Шприцке ұзын, қуысы кең инені кигізіп, антибиотикке ерітінді (0,5 новокаин, физиологиялық ерітінді, дистилляцияланған су т.б.) сорғызады да, флаконның резеңке тығынына тік шаншып кіргізеді. Сөйтеді де, шприцтегі ерітіндіні поршеньді баса отырып, флаконға жайлап жіберіп, дәрі ерігенше күту қажет. Кейдң дәрінің еруін тездету үшін, әрі-бері шайқап, содан соң шприцке сорғызып алады. Дайын болған шприцті дәрісімен зарарсызданған астаушаға салып, бетін зарарсызданған дәкемен жауып, палатаға барады. Кейде мейірбике ішінде дәрісі бар шприц инесін, спиртке малынған дәкемен ғана жауып алып, бүкіл бөлімді аралап жүргенін көруге болады. Бұл барып тұрған өрескелдік. Мұндай инъекция жасаған жерде іріңді соқта дамуы мүмкін. Сондықтан да кез келген мейірбике инъекция кезінде асептиканың заңдарын қатал сақтауы тиіс.

Сырқат сәбилерге инъекция жасаған кезде өте сақ болған абзал. Себебі олар инъекция мәнін әлі жете түсінбейтіндіктен, ине шаншар кезде қатты тынышсызданып, жылап мазалары кетеді. Тыпырлап, жұлқынып жылап жатқан балаға ине шаншуға болмайды, себебі ине сынып немесе оның ұшы сырқат денесінде қалуы мүмкін, болмаса тамырын, нервісін т.б. зақымдап алу ықтимал.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.185.147 (0.01 с.)