Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары

Поиск

34 Артериалық гипертония

Эпидемиологиялық мәліметтерге сай Қазақстанда және шет елдерде артериалдық гипертензия жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының ішінде кең таралған. Заманауи шет елдік ақпарат көздерінің мәліметтерінде жүрек-қантамыр жүйесімен ауыратын науқастар саны 100 млн. асады. Жыл сайын жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан 16,7 млн. адам қайтыс болады: оның ішінде 50% себебі – жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) және 30% жуық – ми инсульті. [9] Бүгінгі таңда түрлі ауруларда рационалды фармакотерапия, дәрілік заттарды тиімді таңдау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр, соның ішінде әлем бойынша өлім-жітімнің басты себебі болып отырған жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары.

Артериалық гипертония

Артериалық гипертония - артериялдық қан қысымның көтерілуімен сипатталынатын жағдай. Дамуына байланысты екі түрі бар. Эссенциальді (біріншілік) артериялық гипертония - бұл ағзадағы қандай да бір аурулардың сәйкессіздігінен дамитын сырқат (гипертония ауруы). Симптоматикалық (екіншілік) артериялық гипертония – бұл ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен (мысалы, бүйрек, эндокринді безінің аурулары) артериялық қысымның көтерілуі. БДҰ – ның келісімі бойынша артериялық қысымның көтерілуі, шамамен (жасқа қарамастан) 120/80– 139/89мм сынап бағаны бойынша көрсетілген көрсеткіш болып табылады. Ал артериялық қысым 140/90 болса, онда адамға “қауіп төндіруші” болып табылады.

Этиологиясы. Артериялық гипертонияның себебі әлі толық және нақты анықталмаған. Артериялық гипертония орталық жүйке жүйесіне көп психикалық күш түскеннен, жүйке – психикалық жарақаттан кейін, әр түрлі тұқым қуалайтын патологиялық аурулардан дамуы мүмкін. Артериялық гипертонияға ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылуы, шылым шегу, көп мөлшерде тағамға ас тұзын қолданғанда, жеткілісіз ұйықтап тынықпаған кезде, орталық жүйке жүйесінің жарақаты және (мамандығына қатысты) жауапты қызметті атқаратын лауазымды тұлғалар мәнбірлері әкеліп соғуы мүмкін.

Жіктемесі. Артериялық қысым денгейінің жіктемесі (ДДУ, МОАГ, 1999Ж.)

 

Сатысы

Систолдық

Диастолдық

Оптималды

<120

< 80

Қалыпты

<130

<85

Көтеріңкі қалыпты

130-139

85-89

 

Г и п е р т о н и я

 

Шектелген

140-149

90-94

І дәреже (жұмсақ)

140-159

90-99

ІІ дәреже (орташа)

160-179

100-109

ІІІ дәреже (ауыр)

>=180

>=110

Шектелген систолалық гипертония

>=140

<90

 

Артериялық гипертензияда нысана мүшелердің зақымдалуы байқалады: жүрек, ми, көз түбі, бүйрек. Іш мүшелерінің зақымдалуына байланысты артериялық гипертонияның үш кезеңін айқындауға болады.

Аурудың асқынулары. Артериялды гипертензия атеросклерозға байланысты. Коронар қан тамырларының атеросклерозы миокард инфарктісіне, жүрек қыспасына, миға қан құйылуына (инсульт), бүйрек тамырларының шамасыздығына, көз көру қабілетінің төмендеуіне, аяқтың ақсауына және гангренаға әкеліп соғуы мүмкін.

Алдын алуы. Артериялды гипертензия алғашқы алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін мәнбірлерге бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытысында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады. Сонымен бірге тағамның калоражы төменделінеді. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын тағамдар шектелінеді. Бұл шараларды гипертониялық криздің айқын көрінісінде өткізілуі тиіс. Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Артериялды гипертензияның екіншілік алдын алуы артериялдық қан қысымын бір қалыпта немесе бір қалыпқа жақын көрсеткіштерді ұстап тұруға тырысқанда гипотензиялық терапия жүйесін өткізуге мүмкіндік туғызады. Пациенттер диспансерлік нұсқау бойынша қаралады. Қажет болған жағдайларда кардиолог, окулист, невропатолог тексереді. Педагогикалық аспектідегі мейірбикенің жұмысы өте маңызды, себебі науқастарды дәрісіз емдеу қағидаларына үйретеді: салауатты өмір салтын сақтау, қауіпті мәнбірлерден сақтану, темекіге шек қою, дұрыс тамақтану (тағамға тұз және майды аз мөлшерде қосу, кофе және алкогольдік сусындарды аз мөлшерде қолдану). Сонымен қатар шұғыл жағдайларда өз-өзіне алғашқы көмек көрсете алуды үйретеді.

Басқарылмайтын факторлар:

· Адам жасы;

· Тұқымқуалаушылық;

· Қоршаған орта;

Басқарылатын факторлар:

· Гиподинамия

· Психоәлеуметтік факторлар

· Семіздік

· Шылым шегу

· Ас тұзы

· Тамақтану

· Алкоголь

· Майлар



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.98.190 (0.011 с.)