Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Зимницкий байҚауына зӘрді жинауСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурездерді анықтау. Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары. Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын 8 контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, порцияның №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз: - зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын; - зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады. 2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. 3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз. №1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін, №2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін, №3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін, №4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін, №5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін, №6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін, №7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін, №8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін. 4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек. 5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарыңыз. Ескерту: - Егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»; - порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі. Зимницкий байқауы – бұл бүйрек қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады. Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері. Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптағы бүйрек кызметіне тән: - Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады. - Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді. - Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы. - Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы. - Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі. 20.ІШ ҚҰРТЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН АНЫҚТАУҒА НӘЖІСТІ АЛУ Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу. Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртының түрін анықтау. Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. 2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды. 3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз: - науқас нәжісті алар алдында қолғапты киюі қажет; - үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, науқас нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады. 4. Науқас қолғапты шешіп, контейнерге салады, қолын жуып және құрғатуы қажет. 5. Контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минуттен кешіктермей). Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 13; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.157.241 (0.008 с.) |