Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Клиническое значение лабораторных показателей и данных инструментальных методов исследования В определении тяжести течения инфаркта миокарда У пациентов С гипергликемией

Поиск

Сраилова Н., Джунусова Ж., Худайбердиева З.,VII курс, терапия, 26(1) гр.

Научный руководитель: к.м.н., доцент Жданов В. В.

Кафедра интернатуры и резидентуры по терапии №2

Актуальность: в настоящее время, несмотря на значительный прогресс фармакотерпии и интервенционных методик, такое грозное и неотложное клиническое состояние как инфарктмиокарда (ИМ) по-прежнему представляет собой серьезную медико-социальную проблему. Развитие ИМ сопровождается активацией стрессового ответа, развивается тканевая инсулинорезистентность, способствующая прогрессированию ишемии, снижению контрактильности миокарда. Вместе с тем, окончательно не выяснено является ли повышение “стрессовых” показателей при ИМ неблагоприятным прогностическим фактором или лишь отражает более тяжелое течение заболевания.

Целью и задачей настоящего исследования было выяснить значение гипергликемии, некоторых лабораторных показателей и данных инструментальных методов исследования в качестве факторов, определяющих течение инфаркта миокарда.

Материалы и методы исследования: проведено ретроспективноеисследование15 историй болезни больных сИМ и 12 историй болезни больных, у которых выявлялось сочетание ИМ и сахарного диабета (СД).Больные находились на лечении в терапевтическом и эндокринологическом отделениях ГКБ №7за период с 2013 по 2015 годы. Учитывая ретроспективный характер работы, исследованию были доступны стандартно оцениваемые в клинической практике лабораторные показателии результаты электрокардиографических и эхокардиографических обследований. Учитывали наличие хронической сердечной недостаточности по классификации NYHA.

Результаты исследования:при сопоставлении сравниваемых групп выяснено, что пациенты в группе с СД были старше (73±8,4 против 64,1+10,8 лет), и среди них преобладали женщины (74,5% против 35,8%). Доля пациентов с поздним поступлением (спустя более 24 ч)в стационар от начала симптомов заболевания в группе с СД (n=12) составила 17,5%, а в группе без СД(n=15) - 9,4%.Уровень гликемии в группе с СД составил в среднем 15,9 ммоль/л, а в группе без СД – 8,9 ммоль/л. Уровень лейкоцитоза (109/л) в группе с СД – 11,5; в группе без СД – 14,5. Уровень холестерина (ммоль/л) -6,4 -4,5 соответственно. ИМ с подъемом сегмента STу больных без СД отмечался в 76,8% против 56,3% у больных с СД.Развитие ИМ с зубцом Qв группе с СД наблюдалось в 64,5% случаев, а в группе без СД – в 43,2% случаев.Площадь поражения миокарда (%) в обоих группах была практически одинаковой (17,1 и 16,0 соответственно). В группе больных страдающих СД ХСН 2-й стадии составила – 64,4 против 45,3% в группе без СД. В группе больных с СД чащевстречался ФК 3 NYHA (56,3% против 35,4%).

Выводы: 1. У пациентов с ИМ на фоне СД наблюдалось более позднее (спустя 24 ч от начала заболевания) поступление в стационар от начала симптомов заболевания, также у них определялись более высокие значения холестерина и менее выраженный лейкоцитоз чем у пациентов с ИМ без СД. 2.В группе больных сИМ без СД на электрокардиограммах чаще отмечался подъем сегмента ST. 3. У пациентов группы с СД чаще развивался Q-инфаркт миокарда,также у них чаще определялось развитие тяжелой сердечной недостаточности, чем в группе больных без СД.

 

 

ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ АСҚЫНУЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕГІ АНТИСЕПТИКТЕРДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Сүлеймен Т.Б., Алтынбек А.Б., 4 курс, ЖМ факультеті, ҚазҰМУ студенттері, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д. проф. МукановМ.У., Ассистент м.ғ.к. Қаныбеков А.Қ

Жалпы хирургия кафедрасы

 

Тақырыптың өзектілігі: Операциялық жаралардың жазылуының асқынулары — үлкен хирургиялық мәселе. Асептика және антисептика ережелерін қатаң сақталуына қарамастан, операциядан кейінгі жаралардың асқыну жиілігі өте жоғары.

Эксперимент мақсаты: Тәжірибеде Kodan және Oktenilin препараттарының антисептикалық эффективтілігіне бактериологиялық баға беру.

Міндеттері:

Тәжірибеде операциялық алаңды және операциялық жараны өңдеуді модельдеу.

Операциялық алаңды және операциялық жараны Кодан және Октениллин ерітінділерімен,Филончиков-Гроссих әдісімен өңдегеннен кейінгі баксебіндінің нәтижесіне бактериологиялық анализ жасау.

Дәстүрлі антисептикалық әдістердің және зерттеліп жатқан ерітінділерге салыстырмалы анализ жасау.

«ТҮСТІ КОДАН ТИНКТЮР ФОРТЕ» және «ОКТЕНИЛИН» препараттары бактерияларға, сонымен қоса микобактерияларға, вирустарға қарсы тиімді терілік антисептик.

Эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін 30 жануар алынып үшке бөлінді: дәстүрлі әдістермен, Kodan және Oktenilin ерітіндісін қолданумен жүргізілген егеуқұйрықтар.

Vitek2Compact - Автоматты микробиологиялық анализатор. Бактерияларды сәйкестендіреді, антибиотиктерге сезімталдылығын жоғары жылдамдықпен зерттейді.

Жүргізілген эксперименттік зерттеудің нәтижесі:

Кодан ерітіндісімен операциялық алаңды өңдеген кезде 21% жағдайда тері жабындыларында бактерияның кездесу жиілігі минималды дәрежеге дейін төмендеді және 79% жағдайда операциялық алаң толық стерильді болды.

Октенилин ерітіндісімен операциялық алаңды өңдеген кезде 15% жағдайда бак себіндінің нәтижесі теріс және 85% жағдайда патогенді емес микробтар анықталды.

Операциялық алаңды дәстүрлі Гроссих- Филончиков әдісімен өңдеу тек 15% жағдайда стерильді болды, ал қалған 85% жағдайда бастапқы фон сақталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Блатун Л.А. Современные йодофоры – эффективные препараты для профилактики и лечения инфекционных осложнений. Consilium medicum. 2005, том 7 №1.

2. Новикова Н.Ф., Мордовцев В.Н., Паренькова Т.В. Новые возможности лечения трофических язв, ран кожи и мягких тканей. Consilium provisorum, 2001, т.1, С.30.

3. Антисептика // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.

 

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТАМАҚТАНУ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСЫ,НЕГІЗГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ МАЙ АЛМАСУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Тануарбек Ұ.А.,3 курс,Жалпы медицина факультеті,С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,Алматы қ.,Қазақстан Республикасы

Ғылыми жетекші:Қалыпты физиология модулінің аға оқытушысы,б.ғ.к

Шайхынбекова Р.М.

Қалыпты физиология модулі

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда «тамақтану» мәселесі ерекше көңіл аударарлықтай мәселелердің біріне айналды. Себебі, XXI ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған заманы. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы мен жұмыс жасаудың автоматтандырылуы адамдардың дене еңбегін азайтып, ол ағзада ауытқулардың пайда болуына әкеліп, ағза тұрақтылығын төмендетуде. Сондай-ақ, Қазақстанда батыс мәдениетінің дамуына байланысты, жартылай дайын ас пен фаст фудтың жиі тұтынылуы халықтың денсаулығына кері әсер етіп – басты өзекті мәселелердің біріне айналды.

Мақсаты: Жоғарғы оқу орнында оқитын студенттердің тамақтану ерекшелігіне байланысты тіршілік үшін маңызды физиологиялық көрсеткіштерін,соның ішіндегі май алмасу, негізгі тиісті зат алмасу көрсеткіштерін және биологиялық жасын анықтау.

Зерттеу әдістері: -18-22 жас аралығындағы студенттердің тамақтану ерекшелігін анықтау; -Жапондық «Танита» компаниясының таразы-анализаторынан студенттерді өткізу; -Студенттер арасында сауалнама жүргізу; -Нәтижелерге қарай қорытынды жасау; -Тиімді және теңестірілген тамақтану негіздерін қалыптастыру.

Нәтиже: Зерттеу барысында студентердің май алмасу деңгейі ауытқулары (жалпы май-29,875%, ішкі май-3,3%),зат алмасу қарқынының төмендеуіне байланысты негізгі зат алмасу көрсеткіші (2200ккал) мен биологиялық жасының (26,25) жоғарылауы анықталды. Сауалнама жүргізу нәтижесінде студенттердің көпшілігінің күнделікті тамақтану режимінің бұзылғандығы, ас мәзірінде жеңіл, тез арада дайындалатын ас пен фастфудтың көптігі, майлы, тәтті тағамдар жиі пайдаланатыны анықталды. Сонымен қатар, студенттерде дене еңбегінің аздығы және стресстік жағдайларға көбірек түсетіндігі айқын болды.

Қорытынды: Салауатты тамақтану бізге энергия және күш,сұлулық және ұзақ өмір,ақыл-ой белсенділігі,күйзеліске төзімділік және жоғары иммунитет береді.Сондықтан әрдайым дұрыс тамақтанып,дене еңбегімен айналысып және стрестік жағдайларға көп түспесек, деніміздің сау болатындығы айдан анық.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: -

1. Павловский О. М. Биологический возраст человека / О. М. Павловский – М.: МГУ, 1987. – 454 с.

2. - Панов Степан статья: Обмен белков в организме человека 2010г.

3. - Аганянц Е. К. Физиология человека: учеб. пособие / Е. К. Аганянц.

 

БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ТОПТАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН

ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Тилеубергенова Г.Т., 2 курс, жалпы медицина факультеті, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы.

Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к доцент Чуенбекова Ардақ Байбараковна.

Нутрициология кафедрасы.

Адамның денсаулық жағдайын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – тамақтану болып табылады[1]. Қазіргі таңда әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуына организмге әртүрлі макро-микронутриенттердің жеткіліксіздігі тікелей байланысты екендігін көптеген зерттеулер дәлелдеуде [2,3].

Әсіресе, өзекті мәселе оқшауланған топтар, яғни бас бостандығынан айырылған адамдардың тамақтануы. Осы мақсатпен, яғни тамақтану рационында макро-микронутриенттермен қамтамасыз етуді бағалау мақсатында, Алматы облысы Заречное ауылындағы ЛА155/8 қайта жазасын өтеу колониясына зерттеу жүргізілді. Тамақтану нормалары сотталғандардың денсаулық жағдайына, жұмысқа тартылатындардың жұмысының ауырлығы мен сипатына байланысты бекітілген [4]. Қамаудағылар мен барлық колониялар жалпы нормаға сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі. Жалпы норма –Н-7.

Міндеттері:

1.Қайта жазасын өтеу колониясының 7 күндік мәзірін алып, талдау жүргізу.

2.Қорытынды жасап, ұсыныстар беру.

Қолданылған материалдар мен әдістер:

Шілде айының 7 күндік мәзірі

Компьютерлік бағдарламалар (азық-түліктің химиялық құрамын есептеу; Excell бағдарламасы).

Зерттеу нәтижелері және оны талқылау: Алынған мәліметтер нутрициология кафедрасының доценті А.Б.Бердығалиевтың дайындаған «Азық түліктің химиялық құрамын есептеу» компьютерлік есептеу бағдарламасы арқылы өңделді. Бағдарлама зерттеліп жатқан мекеменің 7 күндік мәзірі бойынша маңызды макро-микронутриенттерге талдау жасауға мүмкіндік береді.

Салыстыру мақсатында ересек еңбекке жарамды адамдардың тағамдық заттектер мен энергияға қажеттілігінің физиологиялық нормалары алынды [5].

№82 қаулы негізінде бір күндік азық-түлік жиынтығы 21 өнімді құрауы тиіс, зерттеу барысында жалпы жиынтық саны бойынша өзгеріс жоқ. Тағамдық заттектерге қажеттілік нормасы бойынша тәуліктік рационның энергетикалық құндылығының минималды көрсеткіші 2450 ккал болса, зерттеу нәтижесі бойынша ол 2608 ккал құрады. Ересек еңбекке жарамды ерлердің нәруызға деген физиологиялық қажеттілігі орта есеппен тәулігіне 60-110 грамм, майлар 102-154 грамм, көмірсулар 250-400 г құрауы тиіс, ал нәруыз, май мен көмірсудың нақты тұтынылу мөлшері-75г, 50г, 384г сәйкес келді. Алынған нәтиже бойынша негізгі нутриенттер арасындағы айырмашылықты салыстыра келе, майлардың жетіспеушілігі және жануар мен өсімдік нәруызының арасындағы үйлесімсіздік байқалды. Бұл тағам құрамындағы көмірсуға бай жарма өнімдерінің көп тұтынылуымен түсіндіруге болады. Үйлесімділік концепциясы бойынша нәруыз, май, көмірсудың арақатынасы 1:1:4 болуы қажет, зерттеу бойынша ол 1:0,7:5 құрады. Талданған мәзірлер жаз мезгілінде болғанымен де балауса көкөністер мүлде қолданылмаған. Соның нәтижесінде микронутриенттерге деген қажеттіліктің орны толтырылмайтыны анықталды.

Қорытынды:

Зерттеу нәтижелері бойынша бас бостандығынан айырылған адамдардың тамақтануы физиологиялық нормаға біршама сәйкес келмейтінін, тамақтанудың теңгерімсіздігі, күнделікті рациондағы азықтың біртекті өнімдерден тұратыны, жаз мезгіліне қарамастан көкөністердің қажеттілігінің өтелмейтіндігі анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Скальная М.Г., Нотова С.В. Макро-микроэлементы питания современного человека: Эколого-физиологические и социальные аспекты. М.:“РОСМЭМ”, 2004.-310c.

2.Тетульян В.А. Справочник по диетологии.-М.: Медицина, 2002.-210с.

3. Шарманов Т.Ш. “О роли, дефиците и профилактике важнейших микронутриентов”. Алматы, 2009ж.

4. ҚР Әділет Министрлігінің 02.09.2011 жылғы №82 “Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды тамақтандыру нормаларын бекіту туралы” қаулысы.

5. Нормы физиологических потребностей в энергии и пищевых веществах для различных групп населения Республики Казахстан./Методические рекомендации. Астана, 2012.

 

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫН САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАУ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ

 

Толшыбай Ұ.Б,. 3 курс студенті, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қаласы

М.ғ.к., доцент Ниязбекова Л.С.

Еңбек гигиенасы кафедрасы

 

Өзектілігі. 2011-2015 жылғы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау дамытудағы «Саламатты Қазақстан» атты Мемлекеттік бағдарламасында қойылған мақсаттың бірі елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту керек [1,4].

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық болжам және ақпарат институтының мәліметтеріне сүйенсек, қалалық тұрғындарға қарағанда ауылдық тұрғындар жалпы әлемдік тенденцияға сәйкес 4 есе тезірек өсуде [2]. Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайымен қоршаған ортаға тәуелді байланыс заңдылықтарын және өзге де факторларды ашатын бірқатар зерттеулер жүргізілді [2, 3,5].

Зерттеу мақсаты: атмосфералық ауаны, топырақты экологиялық, гигиеналық талдау және тұрғындар денсаулығына әсер ету қаупін бағалау.

Материалдары мен әдістері. Топырақты гигиеналық бағалау мақсатымен Қарасай ауданының зерттелетін тұрғылықты жерінің 200 үлгісіне санитарлы-химиялық көрсеткіштері бойынша, олардың 130-ы ауыр тұзды металлдардың барына,180-і микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу жургізілді.

Зерттеу нәтижелері. Зерттелген тұрғындар ауданындағы атмосфералық ауа сапасын бағалағанда кейбір ластаушы заттар (шаң, көміртегі тотығы,азот диоксиді,азот тотығы және аммиак) рұқсат етілген концентрациясынан асқан (ШРЕК): шаң маусымда 2-ден, қыркүйекпен қарашада 3-реттен; көміртегі тотығы қарашада 2 рет, азот тотығы қыркүйек және қарашада 2-3 рет және аммиак қарашада 1,5 рет. Ескере кетсек, жоғары канцерогенді зат болып табылатын, рұқсат етілген шектен асатын, ауаның бензапиренмен ластануы алғаш рет зерттелуде.

Атмосфералық ауаның антропогендік ластануы 75,5% құрайды, әр түрлі мінездегі шаңдармен ластануы: 10,9%, азот диоксидімен, 5,9% бензолмен, 5,4% көміртегі тотығымен. Лабораторялық қадағалаудың қорытындысы бойынша топырақтың 3,8% сынамасы санитарлық- химиялық көрсеткіштер бойынша, 26,7% микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді.

Қорытынды. Осылайша, жүргізілген қорытындылар топырақ құрамында аздаған 3,8% химиялық ластану және көп мөлшерде микробиологиялық ластануды 26,7% көрсетті. Осыған байланысты елді мекендердегі зерттелген топырақ жедел ішек инфекциясының көзі ретінде тұрғындарды инфицирлеуі мүмкін.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Саламатты Казахстан. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан

2. Ажиметова Г.Н. Оценка влияния факторов окружающей среды на здоровье населения г.Актау. // Гигиена труда и медицинская экология 2012г. №4.

3. Аманжол И.А., Оспанов Ж.Т., Оксюзов С.С., Камашева Г.Н., Абикеева А.И. Причины загрязнения воздушной среды в Павлодарском регионе. Медицина и экология №4. 2012г.

4. Мариничева Г.Н., Лучкевич В.С., Григорьева Н.О. Изучение особенностей социально-гигиенического функционирования и факторов риска, влияющих на здоровье и качество жизни населения // Биомед. Журнал, 2011. - № 12. – стр. 794-802.www.medline.ru/public/art/tom12/art66.html доступ сделан 08.11.2011.

5. Дартау Л.А. Здоровье человека и качество жизни: проблемы и особенности управления. – М.: Синтег, 2009. – 393 с.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-25; просмотров: 291; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.10.152 (0.008 с.)