Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Эффективность терапии предменструального синдрома комбинированными оральными контрацептивами, содержащими дроспиренон

Поиск

 

Бейсенбай У., Татенова С., 4 курс, Общая медицина

Садуакасова Ш.М. к.м.н., доцент кафедры акушерства и гинекологии №1

 

Актуальность. Предменструальный синдром (ПМС) – совокупность циклически повторяющихся физических и эмоциональных симптомов, появляющихся в лютеиновую фазу менструального цикла и исчезающих в течение первых дней менструации [1, 2]. Частота ПМС варьирует в широких пределах 21 – 75% [2]. Заболевание возникает на фоне нормальной функции яичников в результате цепи психоэндокринных реакций, пусковым моментом которых является овуляция [3,4]. Применение монофазных комбинированных оральных гормональных препаратов в терапии ПМС связано с механизмом действия, основанном на подавлении овуляции и уменьшении колебаний секреции гонадотропинов и половых стероидов [5, 6].

Цель исследования - оценка эффективности применения комбинированных оральных контрацептивов, содержащих дроспиренон, в терапии ПМС у женщин репродуктивного возраста с гиперандрогенией.

Задачи исследования:

Изучить частоту основных психоэмоциональных и соматических симптомов

ПМС у женщин репродуктивного возраста с гиперандрогенией до и после лечения

Оценить эффективность применения препаратов, содержащих дроспиренон в терапии ПМС у женщин репродуктивного возраста с гиперандрогенией

Материалы и методы исследования Нами проведено обследование 60 женщин с ПМС, включающее сбор анамнеза, специальное гинекологическое исследование, ультрасонографию органов малого таза, определение концентрации ФСГ, ЛГ, эстрадиола, прогестерона, пролактина, тестостерона, ДГЭА-сульфата в сыворотке крови до и после лечения, оценку симптомов путем заполнения “календаря предменструального наблюдения” (СОРЕ – the Calendar of Premenstrual Experiences) [1], включающего 12 психоэмоциональных и 10 соматических симптомов ПМС в течение 3 менструальных циклов до лечения и 6 менструальных циклов во время лечения. Пациентки разделены на 2 группы: I группе (n = 30) назначался низкодозированный комбинированный оральный эстроген-гестагенный препарат, содержащий 30 мкг этинилэстрадиола и 3 мг дроспиренона в режиме в 21/7 дней (препарат Ярина), II группе (n = 30) микродозированный комбинированный оральный эстроген-гестагенный препарат, содержащий 20 мкг этинилэстрадиола и 3 мг дроспиренона в режиме в 24/4 дней в течение 6 месяцев (препарат Джес).

Результаты и обсуждение Средний возраст пациенток составил 31,1±6,79 лет. При специальном гинекологическом исследовании и ультрасонографии выявлены хронические воспалительные заболевания органов малого таза в 30,8% (18), поликистозная дегенерация яичников в 15,7% (9), миома матки в 10,5% (6). Средние показатели тестостерона и ДГЭА-сульфата до лечения в обеих группах были выше нормы: тестостерон – 5,0±0,34 и 4,8±0,28 нмоль/л, ДГЭА-сульфат – 4,5±0,30 и 4,3±0,31 мкг/мл соответственно группам. У 30,0±4,8 (9) пациенток I группы и у 33,3±5,1 (10) II группы отмечались признаки себореи и акне.

До лечения отмечалось преобладание следующих психоэмоциональных и соматических симптомов: раздражительность – в I группе – 70,0±4,9% (21) и во II группе – 73,3±4,9% (22), эмоциональная лабильность – 63,3±5,2% (19) и 66,7±5,3% (20), плаксивость – 63,3±5,2% (19) и 60,0±5,3% (18), повышение аппетита – 53,3±5,3% (16) и 50,0±5,4% (15), депрессия – 43,3±5,3% (13) и 43,3±5,3% (13), агрессивность – 40,0±5,2% (12) и 36,7±5,3% (11), масталгия – 80,0±4,2% (24) и 73,3±4,7% (22), отечность – 46,6±5,3% (14) и 50,0±5,4% (15), метеоризм – 60,0±5,3% (18) и 60,0±5,3% (18) соответственно группам.

После лечения отмечалось уменьшение следующих психоэмоциональных и соматических симптомов ПМС: раздражительности – в I группе на 38,1% (8) и во II группе на 60,0% (13), эмоциональной лабильности – на 31,6% (6) и 55,0% (11), плаксивости – на 42,0% (8) и 43,0% (8), повышения аппетита – на 37,5% (6) и 40,0% (6), депрессии – на 25,0% (3) и 38,5% (5), агрессивности – на 25,0% (3) и 27,3% (3), масталгии – на 58,3% (14) и 72,7% (16), отеков –– на 50,0% (7) и 60,0% (9), метеоризма – на 38,8% (8) и 55,5% (9) соответственно группам, что связано с антиминералокортикоидным эффектом дроспиренона. В обеих группах отмечалось уменьшение акне – на 30,0% (3) и 50,0% (5) и концентраций тестостерона 3,3±0,49 и 3,1±0,46 нмоль/л и ДГЭА-сульфата – 3,2±0,43 и 3,0±043 мкг/мл соответственно группам за счет антиандрогенной активности дроспиренона. Побочным эффектом проводимой терапии явились межменструальные кровянистые выделения, которые наблюдались у 13,3%±2,88 (4) I группы и у 6,7%±2,58 (2) во II группе на 1 месяце терапии, к 6 месяцу приема – у 3,3%±1,59 (1) в I группе и не отмечались ни у одной пациентки во II группе.

Заключение Проведенная терапия ПМС обеспечила уменьшение масталгии во II группе – на 72,7% и в I группе – на 58,3%, отеков на 60,0 и 50,0%, уменьшение акне – на 50,0% и 30,0%. Эффективность микродозированного эстроген-гестагенного препарата была выше.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:

1. Mortola JF, Girton L, Beck L, Yen SS at al. Diagnosis of premenstrual syndrome by a simple, prospective, and reliable instrument: the calendar of premenstrual experiences. – Obstet Gynecol. 1990 Aug; 76(2): 302 – 307.

2. Johnson SR. The epidemiology and social impact of premenstrual symptoms. Clin Obstet Gynecol. 1987; 30: 367 – 376.

3. Silva CM, Gigante DP Carret ML Fassa AG. Population study of premenstrual syndrome. Rev Saude Publica 2006; 40 (1); 47–56.

4. Pearlstein T, Steiner M. Premenstrual dysphoric disorder: burden of illness and treatment update. J. Psychiatry Neurosci 2008; 33 (4); 291 – 301.

5. Freeman EW, Kroll R, Rapkin A et al. PMS/PMDD Research Group. Evaluation of a unique oral contraceptive in the treatment of premenstrual dysphoric disorder. J Womens Health Gend Based Med 2001 Jul-Aug; 10 (6): 561–9.

6. Lopez L.M, Kaptein A.A, Helmerhorst F.M Oral contraceptives drospirenone for premenstrual syndrome. Cochrane Database Syst Rev. 2009; (2): CD0065


«ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ АҚПАРАТТАНУЫНДАҒЫ МЕЙІРГЕР ӘРЕКЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ»

Бекетаева Ф. Қ., Сейіт А. Б.

4 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау»

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к. Айтманбетова А.А.

 

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекет Басы «Қазақстан-2030» халыққа жолдауында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауды ширату қажет екендігіне назар аударуды атап өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, халықтың өз денсаулығына солидарлы жауапкершілігі жөнінде ақпараттануына бағытталған профилактикалық бағдарламаларды енгізу жөнінде міндет қойылды.

Халықтың денсаулық көрсеткіштерін талдау мәселесінде біріншілік байланыс жасау нысаны – медициналық мекеме, ал жанасу субъектісі – медициналық қызметкер болғандықтан халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жөнінде көрсетілген жанасу нүктелерінің ақпараттану және ақпараттандыру мүмкіндігі талапқа сай болуы тиіс.

Ақпарттандыру міндетін орындауда медициналық персоналдар арасында халықпен ем-шаралар жүргізуде тікелей байланыстағы мейіргер ісі мамандары ролі әркез елеусіз.

Зерттеу нәтижесінде нысан ретінде қарастырылған Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы және №4 қалалық мекемелерінде пациенттер арасынан кездейсоқ іріктеу әдісімен таңдалған түрлі санаттағы халық өкілдерінен 48 пациент, мейіргер ісі мамандарынан 35 персонал жиі қолданылатын социологиялық, ақпараттық-аналитикалық, тарихи, статистикалық және контент-талдау әдістер арқылы зерттелді.

Халық үшін аурушылдықтың алдын алу және емдеу әдістерін дұрыс қолдану жөніндегі ақпараттар маңызды. Сонымен қатар дұрыс тамақтану және артериалдық қан қысымының деңгейін бақылау қызығушылық тудырады. Ал, физикалық белсенділік, темекі тарту залалдары, алкоголь теріс әсерлері, есірткіге құмарлық мәселелері, контрацепция қолдану сұрақтары халықты салыстырмалы түрде аз дәрежеде қызықтырады.

Халық үшін денсаулық жөніндегі ақпараттың негізгі көздері болып дәрігер (27%), интернет (23%), газет, журналдар (16%) және теледидар (15%). Басқа көздерінен ақпараттандырудағы мейіргерлер ролін небары, 4% респондент көрсеткен.

Респонденттердің жартысына жуығының компьютерді жақсы қолдануды білмейтіндіктері анықталды. 24,0% мейіргерлер тек текст редакторында жұмыс жасайды. Функциональды компьютерлік сауаттылық - 20,3%-нда.

Қорытындылай келе, мейіргерлік персонал, халықты ақпараттандыру міндеті нақтыланса, денсаулыққа қатысты медициналық ақпарат, кеңестік бағыт беру нысаны ретінде халыққа, пациенттерге зиянды әдеттерден арылудың жолдары мен пайдасы, салауатты өмір салтын құру негіздері, аурушылдықтың алдын алудағы тұрмыс және жеке бас гигиенасы және науқастың өзін ұстауы немесе науқасқа қарау жөнінде ақпараттық мәліметтер беруге дайын екендігі жөнінде мәлімет алынды.

ҚР-дағы электронды денсаулық сақтау жүйесін дамыту әрбір азаматтың сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз етілуін көздейді,дәл осы тұста жаңа ақпараттандыру жүйесі е-медицинаның маңызы зор.

Сондықтан, е-медицинаны іске асыруда аға персонал мен қатар орта медициналық персоналдың дайындығын арттыру қажет.

 

АДАМ ОРГАНИЗМІНДЕ БЕЙІМДЕЛУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ

 

Бисалов Д.Т., Әуелбекова А., 3 курс, «Жалпы медицина» факультеті, ҚазҰМУ,

Алматы қ.,Қазақстан

Ғылыми жетекші: Аға оқытушы Байболатова Л.М.

Қалыпты физиология модулі

 

Тақырыптың өзектілігі: Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымының соңғы мəліметтері бойынша (ДДҰ) адам денсаулығы жағдаятының тек 15% ғана медициналық қызмет ұйымдарынан жəне соншалықтысы генетикалық ерекшеліктерге байланысты, ал 70% тамақтану сипаты мен өмір сүру қалпынан анықталынады. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінде темір тапшылықты анемия(ТТА) алғашқы орындардың бірін иеленеді. Барлық анемияның ішінен ТТА 80% құрайды. Әлемде темір тапшылықты анемияға шалдыққан адамдардың саны 2 миллиардтың үстінде. Темір тапшылықты анемия жасөспірімдер арасында кездесу жиілігі 17,5%, балалар арасында 40-50% құрайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Студенттердің арасында анемияның кездесу жиілігін анықтау;

Анемия жайлы ақпараттану деңгейін жоғарылату.

Зерттеу әдістері:

Сауалнама жүргізу;

Статистикалық өңдеу;

Жалпы қан анализін талдау.

Зерттеулер С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттер арасында өткізілді. Сауалнамаға 50 студент қатысты.

Зерттеу нәтижелері: Сауалнама нәтижесі бойынша студенттердің 58% тез шаршағыштық; 56% жоғары қабаттарға көтерілгенде ентігіп, жүрек соғысының жиілейтіндігі; 50% әрдайым әлсіздікті сезінетіндігі; 28% көзінің қарауытып, құлағының шулап, басының айналатындығы; 98% шай мен кофені тағаммен қоса қабылдайтындығы анықталды. Қазіргі таңда шай мен кофенің құрамында фитат және танин деп аталатын заттардың темірмен байланысып, темірдің сіңімділігін төмендету арқылы анемияны туындатуда негізгі себептердің бірі екендігі анықталған. Анемия жиілігі бойынша жоғары дәрежеде кездеседі. Қыздарда ұлдарға қарағанда 3 есе жоғары кездесуі мүмкін екендігі анықталды.

Қорытынды: Анемия студенттер арасында жиі кездесетін патологияның қатарына жатады. Сауалнама қорытындылары бойынша студенттер арасында анемияның кездесу жиілігі жоғары екеніне көз жеткіздік. Анемияның жасөспірімдер арасында жоғары дәрежеде кездесуінің себептеріне темірдің сіңімділігін төмендететін тағамдарды тұтынуы және ақпараттану деңгейінің төмен екендігі белгілі болды. Анемияның жастар арасында жиі кездесуінің себебі – темір тапшылығына байланысты. Студенттердің үлгерімінің нашарлауының негізгі себебі – анемия.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Зинчук В.В. Нормальная физиология. Краткий курс. М.: Медицина, 2009. – 405 бет.

2.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). – Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. – 663 бет.

3.Шарманов Т.Ш., Тәжібаев Ш.С., Цой И.Г. Маңызды микронутриенттердің рөлі және микронутриенттер тапшылығының алдын алу шаралары туралы: Дәрігерлерге арналған құрал. – Алматы: Раритет, 2009. – 360 б.

4.СпиричевВ.Б.Дефицит микронутриентов и отечественные продукты лечебно-профилактического питания для его коррекции. М.,1998.

5.Worldwide prevalence of anaemia 1993–2005: WHO global database on anaemia / Edited by Bruno de Benoist, Erin McLean, Ines Egli and Mary Cogswell.

 

 

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРДАҒЫ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ

КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Бисалов Д.Т., Қазыбаев А.Б., 3 курс, «Жалпы медицина» факультеті, ҚазҰМУ,

Алматы қ., Қазақстан

Ғылыми жетекшілер: ассистент Сулейменова А.С., Мустафина А.Ж.,

дәрігер-ординатор Сулейменова С.С.

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы

 

Тақырыптың өзектілігі: Дүниежүзінде жүрек-қантамыр аурулары жылына шамамен 17 млн. өлім-жітім оқиғасының себебі болып анықталған (ДДСҰ статистикасы бойынша), ал бұл көрсеткіш жалпы өлім себептерінің үштен бір бөлігін құрайды. Оның ішінде гипертонияның асқынуы жыл сайын әлемде 9,4 млн. өлім жағдайына әкеліп отырған. Қазір де дүниежүзінде және Қазақстанда теміржол саласында қызмет атқаратын адамдар, басқа кәсіби сала қызметкерлерімен салыстырғанда, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен оның ішінде артериялық гипертензия (АГ) ауруына анағұрлым жиі шалдығады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Теміржолшылардағы АГ-ның жастық, жыныстық, клиникалық ағым ерекшеліктерін, дамуына себепкер қауіп факторларын, дамыған асқынулардың сипатын, жиілігін анықтау. Зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелерін сараптау.

Материалдар мен әдістер: Алматы теміржол ауруханасы терапиялық бөлімінде 2015 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында ем алған науқастардың 311 сырқатнамасына сараптама жасалды. 311 науқастың өмір тарихы бойынша 170-і теміржолшылар, олардың ішінде 93-і (54,7 %) артериялық гипертензия диагнозымен ем алған.

Зерттеу нәтижелері: АГ жас ерекшелігіне байланысты теміржолшылардың ішінде 40-49 жас (40,4%) аралығындағы ер адамдарда (65,9%) жиі орын алса, ал 50-59 жас аралығында 25,1% және 60-69 жас аралығында 21,2% жағдайда кездесті, сырқаттану ұзақтығы 46% жағдайда 6 жылдан астам уақытты құрады. Науқастардың 48,8% -да артериалды гипертензияның II дәрежесі, ал 42,9% -да III дәрежесі, 8,2% -да I дәрежесі анықталған. Әсер етуші қауіп факторлардың ішінде 90%-дан астам жағдайда кәсіби зияндылықтар - түнгі уақытта жұмыс жасау, діріл мен шуылдың кері әсері және шылым шегу жиі кездесіп отырды. Шағымдарында бас ауруы 95,3%, жалпы әлсіздік 88,8%, құлақтағы шуыл 87,6%, жұмысқа қабілеттің төмендеуі 85,9% жиілікпен кездесті. Келесі асқынулар - гипертониялық ретинопатия 98% және гипертониялық энцефалопатия 93% орын алды. Физикалық зерттеулерде: пальпацияда жүрек ұшы түрткісінің ығысуы 57%; перкуссияда жүрек шекараларының ығысуы 57%; аускультацияда қолқада II тонның акценті 83% анықталды. Зертханалық талдауларда креатинин 7,3%; АСТ 9%; мочевина 10,7%; глюкоза 39,2%; холестерин 51,6% науқастарда қалыптыдан жоғары болса, ЭКГ қорытындысы бойынша 78% науқаста сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалды.

Қорытынды: АГ жас ерекшелігіне байланысты теміржолшылардың ішінде 40-49 жас (40,4%) аралығындағы ер адамдарда (65,9%) жиі орын алды. Науқастардың 48,8% -да, яғни басым бөлігінде АГ II дәрежесі кездесті. Қауіп қатер факторлары ретінде 90%-дан астам жағдайда - түнгі уақытта жұмыс жасау, діріл мен шуылдың кері әсері және шылым шегу жиі кездесіп отырды. ЭКГ зерттеуде жиі сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалды (78%).

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Барт Б.Я. Систолическая гипертония у людей пожилого возраста в практической деятельности участкового терапевта. // Тер. архив. 1994. - №10.

2. Bauwens F.R.,Duprez D.A.,De Buyzere M.L. Influence of the arterial blood pressure and nonhemodynamic factors on left ventricular hypertrophyin moderate ЕН. //Am. J. Cardiol. 1991.

3. Bulpitt C.,Rajkumar C.,Becket N.Hypertension at the elderly.London:Clinician's manual, 1999. - 245p.

4. Гребенов А.Л. Пропедевтика внутренних болезней. - М., 2005.

5. Ивашкин В.Т., Султанов В.К. Пропедевтика внутренних болезней. Питер, 2007, 544с.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-25; просмотров: 235; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.32.53 (0.009 с.)