Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Созылмалы бронхит кезіндегі бас ауруы

Поиск

 

Қуантай Э.Қ., 6 курс, «Жалпы медицина» факультеті

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Ғылыми жетекшілер: асс. Ж.Х.Желдыбаева, м.ғ.к., доцент Д.А. Митрохин

Неврология бойынша интернатура және резидентура кафедрасы

Өзектілігі: Ауру сезімі медицинадағы күрделі мәселелердің бірі. Жүйке жүйесінің ең көп таралған бұзылыстары - бас ауруы. Статистика бойынша адамдардың 90% жылына кем дегенде бір рет бас ауруымен ауырады. Бас ауруы жеке және қоғамдық жүктеме, мүгедектік, өмір сапасының төмендеуі және қаржылық шығындармен сипатталады. Бүкіл әлемде бас ауруы бағаланбайды, уақытылы дұрыс анықталып емделмейді. Невропатолог кеңесіне келетін адамдардың 1/3 себебі - бас ауруы. Осыған қарамастан бас ауруынан зардап шегетін адамдар тиімді медициналық көмек алмайды. Көптеген адамдар дәрігер тағайындауынсыз қолдануға болатын дәрі-дәрмектерге жүгінеді.

Зерттеу мақсаты: Созылмалы бронхитпен ауыратын науқастардағы бас ауруының жиілігін, сипатын, себебін анықтау.

Құралдар мен әдістер: Зерттеу №1 ҚКА пульмонология бөлімшесінде жүргізілді. Зерттеуге созылмалы бронхит, СОӨА бар 43-83 жас аралығындағы 15 науқас алынды, оның 10 (66,7%) ер, 5 (33,3%) әйел. Зерттеу құралы ретінде созылмалы бронхит, СОӨА бар науқастардағы бас ауруының себебін, жиілігін, сипатын анықтауға бағытталған, 15 сұрақтан тұратын сауалнама қолданылды.

Зерттеулер нәтижесі: Зерттеу жүргізілген науқастардың барлығында (100%) бас ауруы анықталды. Науқастарды бас ауруының мазалауы: ұйқыдан оянғанда, таңертең-8 (53,36%); күндіз-4 (26,68%); түнде-3 (20%); Бас ауруының сипаты бойынша: қысып, басып-9 (60%); шаншып-3 (20%); кернеп-3(20%); Бас ауруымен жүретін қосымша ауруларының болуы (жүрек-қантамыр аурулары, қантты диабет, үшкіл нерв нейропатиясы) 7 (46,69%) науқаста анықталды. Бас ауруы пайда болуының жөтелмен байланысы- 5 науқаста (33,3%); CБ,СОӨА диагнозы қойылғаннан бері бас ауруы мазалайды - 4 науқас (26,68%); СБ, СОӨА-мен 10 жылдан артық зардап шегетін, бірақ бас ауруы соңғы 1-5 жылда жиі мазалайды – 8 науқас (53,36%); СБ,СОӨА диагнозы қойылмай жатып мазалайтын бас ауруы-3 (20%);

Қорытынды: Созылмалы бронхит кезіндегі бас ауруы пульмонология бөлімшесіндегі науқастарда жиі кездесетін патология. Созылмалы бронхитпен ауыратын науқастардың барлығы бас ауруына шағымданады. Бас ауруы көбіне таңертеңгі уақытта мазалайтын, қысып, басу сипатында. Негізгі себебі – созылмалы гипоксия.

Бас ауруы екіншілік болғандықтан оны емдеудің ең басты критерийі - негізгі ауруды емдеу, асқынуларының алдын алу, аурудың дамуына ықпал жасайтын қауіп-қатер факторларын жою.

 

ҚАНТ ДИАБЕТІН АЛДЫН-АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

 

Қыдырман А.Н. ҚазҰМУ жалпы медицина факультеті 4 курс студенті Алматы қаласы Қазақстан Республикасы.

Ғылыми жетекшісі:Тарақова Қ.А. аға оқытушы.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы.

 

Тақырыптың өзектілігі: Диабет леталды нәтижеге әкелетін аурулардың ішінде төртінші орынды алады.[2] Қазіргі кезде қант диабетіне шалдыққан аламдардың саны әр 12-15 жыл сайын екі есеге көбейуде. IDF-тің болжауымен, қазіргі қарқындар жалғасса, 2030 жылы олардың саны 435 млн-ға дейін өсуі әбден мүмкін.[3]Ресей диабетке қарсы күрес жолында 3 миллионнан астам, АҚШ 8 миллионға жуық долларды жұмсауда. Қазақстанда бұл қаржы 600 мың долларға пара-пар. Алайда, қыруар ақшаға қарамастан, әлемде әрбір 10 секунд сайын қант диабетінен болған зардаптың салдарынан бір адам қайтыс болады.[1] Яғни бір жылда 4миллион адам. Әлемде 10мин сайын екі адам қант диабетіне шалдығады.[4]

Міндеттері:

-Қант диабетін алдын алудың тиімді әдістерді зерделеу;
-Диабет туралы халықтың білім деңгейін бағалау;
-Диабетті алдын-алу туралы ұсыныстар жүргізу.

Мақсаты: Қант диабетін алдын-алудың тиімді әдістерін зерттеу. Қант диабетінің аурушаңдылық деңгейін төмендету. Болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін қант диабетін алдын-алу жолдарының маңыздылығын насихаттау.

Зерттеу жүргізуде келесі әдістер қолданылған:
-Социологиялық;
-Сауалнамалық:
-Статистикалық -аналитикалық талдау.

Зерттеу нәтижесі: Жастардың тек 23% диабет туралы түсінік жақсы деңгейде қалыптасқан. Бұл дертті алдын- алу жолдарын білмегендіктің салдарынан жылдан -жылға қант диабетімен сырқаттанғандар саны екі есе көбеюде.

Қортынды: Қант диабеті дүние жүзінде мүгедектілікке әкелетін ауру. Ауруды ерте анықтау бізге оның асқынуларынын алдын-алуға көмектеседі. Ол миллиондаған адам өмірінін сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Диабет ұйқы безінің 80%-ы зақымданған жағдайда ғана дамиды.[3] Оған дейін науқас өзінің сырқаттанғанын білмейді. Сол үшін де скринингтік тексеруден уақытылы өтіп отырған дұрыс. Өзіңіз тіркелген мекемеде скрининг тегін жүргізіледі.[1] Қант диабетінен қорғануда салауатты өмір салтының маңызы зор.

Ұсыныстар: Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, дене салмағың бақылау, күнделікті дене белсенділігі, шылым шегу және алкогольден бас тарту, скринингтік тексерістен уақытылы өту.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Диагностика и лечение метаболического синдрома. Российские рекомендации. Кардиоваскулярная терапия и профилактика. 2007. 6(2).

2. Штемберг Л.В., Францева А.П. Состояние проблемы патогенеза, этиологии и диагностических критериев сахарного диабета 1 типа / МЕЖДУНАРОДНЫЙ ЖУРНАЛ ПРИКЛАДНЫХ И ФУНДАМЕНТАЛЬНЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ - № 9 / 2014 – С.99.

3. International Diabetes Federation. Global IDF/ISPAD guideline for diabetes in childhood and adolescence. — Brussels: IDF, 2013.

4. National Diabetes Data Group Classification and diagnosis of diabetes mellitus and other categories of glucose intolerance. Diabetes. 2009. 28. P. 1039-1057.

 

 

ВНУТРИКАРДИАЛЬНАЯ ГЕМОДИНАМИКА У БОЛЬНЫХ С ХОБЛ И ХЛС

 

Казарян С. У., Велиева М. И., Ан Ю. А.

7 курс, КазНМУ им. С. Д. Асфендиярова, г. Алматы, Казахстан

Научный руководитель д. м. н, профессор Семёнова Р. И. Кафедра интернатуры и резидентуры по терапии № 3

Актуальность. ХОБЛ можно встретить у 23-33% больных с хронической сердечной недос- таточностью (ХСН). Дисфункция миокарда с различной степенью нарушения

внутрисер-дечной гемодинамики и выраженность процессов ремоделирования сердца является ведущей причиной развития внезапной смерти в период обострения ХОБЛ.

Цель. Выявление предикторов формирования ХСН у больных ХОБЛ с ХЛС.

Материалы и методы. Обследовано 45 пациентов, с обострением ХОБЛ: II-ой степенью -64,4%, III - 24,4%, IV- 11,1%. Возраст составлял от 50 лет до 71 года и старше, преиму-щественно мужчины (55,6%). У 75,5% пациентов длительность заболевания составляла больше 10 лет. Нарушение вентиляции было по смешанному типу.

Результаты. На ЭКГ регистрировались нарушения проводимости по типу внутрипред-сердных и внутрижелудочковых блокад. Анализ ЭхоКГ выявил ранние признаки нарушения внутрисердечной гемодинамики: апикальный размер правого желудочка достоверно был увеличен при III и IV степени ХОБЛ (36,68±6,07 и 40,68±4,57 мм соответственно). Парастер-нальный размер правого желудочка был значительно больше при IV степени (37, 18±3,75 мм), нежели II степени (32,58±3,76 мм). Толщина стенки правого желудочка так же была достоверно увеличена при IV степени. Кроме того, увеличивалась, толщина межжелу-дочковой перегородки (11,06±3,09 мм, 12,92±2,78 мм соответственно II, IV степени). Диаметр легочной артерии зависел от тяжести болезни (25,85± 2,06 мм, 28,79±3,85 мм). Такая же закономерность отмечалась и показателей среднего давления в легочной артерии (28±14,84 мм, 35,26±8,33 мм соответственно степени болезни).

Выводы. Увеличение апикального и парастернального размеров правого желудочка, толщины межжелудочковой перегородки, увеличение диаметра легочной артерии можно расценить, как ранние предикторы в формирования ХСН у больных ХОБЛ. Широкое использование ЭХО-кардиографии в условиях амбулаторной практики будет способствовать ранней диагностике ХСН и снижению риска внезапной смерти.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:

1. Глобальная стратегия диагностики, лечения и профилактики ХОБЛ. Перевод с англ. под ред. Белевского А.С. //. 2011 М.: РРО: 2012. 2. Лопатин Ю.М. Хроническая сердечная недостаточность у больных с хронической обструктивной болезнью лёгких. «Хроническая сердечная недостаточность – неизвестные аспекты неизвестной проблемы». // 2003

3. Е.Д.Баздырев, Е.Б.Герасимова, О.М.Поликутина, И.А.Савельева, О.Л.Барбараш. Сердечно-сосудистые факторы риска у пациентов с хронической обструктивной болезнью лёгких. Клиницист №1, с. 24, 26// 2014

4. Tatarkina N.D., L.R.Kazanova, Shesterin A.N., V.A.Ubrantsev, J.V.Bondareva, A.N.Tatarkin. The hemodynamics at chronic heart insufficiency. Pacific Medical Journal, 2008, № 3, p/ 61-64

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-25; просмотров: 300; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.101.219 (0.008 с.)