Субарахноидалді қан құйылу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Субарахноидалді қан құйылу

Поиск

Малярия

Жедел көмек дәрігері үшін «енгізілген» малярияның өсуіне, соның ішінде өлімге әкелуі мүмкін тропикалық түрінің болуына байланысты маңызды мәселе болып табылады.  Медициналық көмек сұрап келген қызбасы бар науқастарда келесі жағдайларда малярияға күдіктенуге болады: науқастың ыстық елдерде немесе соңғы екі жыл көлемінде малярия бойынша қолайсыз жерлерде болуы; осы уақыт көлемінде анамнезінде малярияның болуы; аурудың алдында үш ай бұрын қан құюдың болуы; жүргізілген емге қарамастан дене қызуының кезеңді түрде көтеріліп тұруымен жүретін ауруларда. Науқастарды инфекционды стационарға госпитализациялау керек.


13-14. Жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары кезіндегі шұғыл көмек. Ми қан- айналымының бұзылысы. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттер. Менингиттер. Энцефалиттер. Бас сүйегі-ми және жұлындық жарақаттар. Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш

Инсульт

Инсульт (латын тілінен аударғанда милық соққы) себептері тамырлық бұзылыстар түріндегі ұзақтығы 24 сағаттан артық, немесе өлімге әкелетін,                  

тез арада дамитын жергілікті немесе кейде диффузды ми қызметінің бұзылуымен сипатталады, Морфологиясына қарай төрт түрге бөлінеді:

1. Субарахноидалді қан құйылу;

2. Геморрагиялық инсульт (миға қан құйылу);

3. Ишемиялық инсульт (ми инфарктісі.);

4. Жедел гипертониялық энцефалопатия.

Субарахноидалді қан құйылу-бұл бас миының өрмекші қабаты астылық              кеңістігіне қан құйылу.  Кездейсоқ субарахноидалді қан құйылудың жиі себебі бас ми ішілік артерияның аневризмасының жарылуынан болады, көбінесе оның орналасуы- ми негізің артериялары. Артерияның жарылуы сонымен қатар, гипертонялық ауруы, тамырлардың атеросклеротикалық бұзылыстары, ми ісіктері, интоксикация т.б. аясында да болады.   

Клиника.Ауру психикалық және/немесе физикалық күш түсу аясында ауру дамиды. Кенеттен қатты бас ауруы (соққы түрі бойынша) пайда болады, сон-дықтанда науқастар аурудың пайда болуының сағатын да айта алады.Алғашқы минуттарда ауырсыну локалді, кейін бүкіл басқа таралады. Лоқсу мен жеңілдік әкелмейтің құсу болады. Бас ауруынан кейін ес жоғалту пайда болуы мүмкін бір неше минуттардан (жеңіл жағдайда), тәулікке дейін және оданда көп (ауыр жағдайда).Артерия аневризмасы жарылуы кезінде эпилепсия (қояншық) талмасы дамуы мүмкін. Жиі бірінші тәуліктің соңында менингиалді симптомдар пайда болады: мойын бұлшықеттерінің тырысуы, Керниг және Брудзинский симптомдары, жарықтан қорқу, жалпы гиперестезия. Бір неше сағаттан кейін дене қызуының жоғарлауы болуы мүмкін, кейін 38-39 С жетеді.

Субарахноидалді қан құйылуға ошақты симтоматиканың жоқ болуы тән.Әдеттегі жағдайда диагностикасы қиындықты туғызбайды. Субарах-ноидалді қан құйылудың анық әдістеріне белдік пункция жатады (церебро-жұлындық сұйықтықта қан анықталса диагноз дәлелденеді.) Ажыратпалы диагностика.   Аурудың бастапқы кезеңінде ажырату диагнозын тамақтық токсикоинфекциямен, цереброжұлындық менингитпен және т.б. жүргізеді.

Жедел көмек көрсету. Виталді қызметті қалпына келтіру. Артериялдық гипертензияны емдеу. Ми ісінуімен бас ми ішілік гипертензияны емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа синдромын емдеу (бар болса). Жиі субарахноидалді қан құйылуды асқындыратын бас ми ішілік артериялардың тарылуын алдын алу мен емдеу үшін тиімді препаратқа нимодипин (синонимі: нимотоп) жатады. Осы препарат ишемия салдарынан пайда болатын неврологиялық дефициттің төмендеуіне әсер етеді. 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 14; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.169.97 (0.009 с.)