Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіштеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіштері Қазақстан Республикасының жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіші болып тіркеуде тұрған және есеппен сұраныстың негізгі сандар қорытындысынан шығады: · Барлық қаралғандар: · абсолютті саны · 1000 тұрғынға шаққанда – олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға Медициналық көмек көрсету, сонымен қатар мыналармен байланысты: · жайсыз жағдайлармен; · кездейсоқ аурулармен; · шұғыл тасымалдаумен; · жүктілік патологиясы мен босанумен; · амбулаторлы талқыланған; · кешігумен орындалған шақыру саны; · олардың ішінде «шұғыл көмек бойынша»; · госпитализацияланған; · стационарлармен диагноздардың ұқсасуы; · медициналық персоналдардың қатесіне байланысты қайта шақырылу; · емханалық жұмыс уақытында шақырылуы. 2-3. Кенет өлім. Тұрақты жүрек қыспасы. Миокард инфарктісі. Диагностикасы. Шұғыл көмек. Жүргізу жолы. Жеткізу шарттары Кенет коронарлы өлім (тыныстың біріншілік тоқтауы) – бұл белгілері болмайтын жиі қарыншалар фибрилляциясымен сипатталатын, 6 сағат аралығында немесе кенеттен болатын өлім. Кенет өлімге әкелетін жиі себеп болып миокард инфарктісі табылады. Кенет коронарлы өлімнің даму механизіміне жатады: қарыншалар фибрилляциясы, қарыншалар дірілі, жүрек асистолиясы, жүректің электромеханикалық диссоциациясы. Кенет өлімнің негізгі диагностикалық критерийлері: · есінің болмауы; · тыныстың болмауы немесе тыныстың агональды типінің пайда болуы; · ұйқы артериясында пульстің болмауы; · қарашықтың кеңеюі (егер нейролептональгезия жүргізілмесе, наркотик қолданылмаса, наркоз берілмесе, гипогликемия жоқ); · бетінің бозғылт –сұр түсті болуы. Клиникалық өлім кезінде болатын ЭКГ-гі өзгерісі: · Қарыншалар фибрилляциясы кезінде формасы, кеңдігі, биіктігі әртүрлі, тұрақсыз, хаотипті, деформацияланған қарыншалық толқындар тіркеледі. · Қарыншалар жыбыры кезінде дұрыс пішіндіге ұқсас қарыншалық толқындар болады, Т тісшесін, STсегіментін, QRS комплексін бөліп алу мүмкін емес, изоэлектрлік сызық болмайды. · Жүрек асистолиясы кезінде ЭКГ-да изосызық анықталады, толқындар немесе тісше болмайды. · Ырғақтың электромеханикалық диссоциациясы кезінде кейін асистолияға ауысатын идивентрикулярлыға өтетін сирек синусты, түйінді ырғақ тіркелуі мүмкін. Кенеттен коранарлы өлім кезінде жедел көмек көрсету алгоритм 1, 2 кестелерде корсетілді. Жүрек-өкпе реанимациясы 2 кезеңде жүргізіледі: 1 кезең - тыныс жолы өткізгіштігін қалпына келтіру, жасанды өкпе вентиляциясы, тікелей емес жүрек массажы (АВС ережелері). 2 кезең - электрлік фибрилляция жүргізу, дәрілік терапия. Кенеттен коронарлы өлім кезінде жедел көмек бірден дефибрилляциядан басталу керек. Егер ЭКГ көмегімен жүрек тоқтауының түрін анықтау мүмкін болмаса да дефибрилляция жасау керек, яғни «соқыр» түрде жасайды. Дефибриллятор болмаған кезде реанимациялық шаралар жүргізіледі. 1. Науқастың бетін жоғары қаратып, басын шалқайтып, аяғын көтеріп тегіс жерге жатқызу керек. 2. Бірден жұдырықпен төстің төменгі бөлігіне бір- екі рет ұрып жіберу керек. 3. Тыныс жолдарына ауаның түсуін қамтамасыз ету. 4. «Ауыздан ауызға» жасанды өкпе вентилациясын (ЖӨВ) жасау. 5. Бір мезгілде жасанды өкпе вентилациясымен бірге қан циркуляциясын қамтамасыз ететін тікелей емес жүрек массажын жасау және көктамырға түсуді қамтамасыз ету керек. 6. Электрлік дефибрилляция жасау. 7. Дәрілік терапия жүргізу және 100% оттегіні қолдану.
|
||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.21.46.24 (0.007 с.) |