Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Гипертониялық криз клиникасыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Гипертониялық криз Гипертониялық криз (ГК) – АҚ 180/120 мм.с.б. жоғары немесе индивидуалді биік көлемдерге дейін кенет жоғарылауы. Асқынған гипертониялық криз ми, бүйрек, тәж қан айналымдарының нашарлауымен көрінеді және АҚ-ды парентералды препараттардың көмегімен алғашқы минуттар мен сағаттар ішінде төмендетуді талап етеді. Асқынбаған гипертониялық криз нысана мүшелер зақымдалуының жоқтығымен сипатталады және АҚ-ды бірнеше сағатта төмендетуді салыстырмалы керек ететін жағдайға жатады. Гипертониялық криз төмендегілердің аясында дамиды: 1. Гипертониялық аурудың (сонымен бірге оның алғашқы көрінісі ретінде де). 2. Симптоматикалық артериялық гипертензияда АҚ кенет жоғарылауы мүмкін болатын жағдайлар: реноваскулярлы АГ; диабеттік нефропатия; феохромацитома; жедел гломерулонефрит; жүктілер эклампсиясы; бүйрек зақымдалуымен жүретін дәнекер тінінің жүйелі аурулар; симптоматикалық препараттарды қолдану (соның ішінде кокаинді ); бас сүйегі жарақаттары. Гипертониялық криздің дамуына жиі әсер ететін факторлар: гипотензивті дәрілік препараттарды қолдануды тоқтату; психоэмоцианалді стресс; тұз бен сұйықтықты көп қолдану; физикалық күш түсіру; алкоголді көп мөлшерде қолдану; метеорологиялық өзгерістер. Гипертониялық криз патогенезінде ● Тамырлық механизм- жалпы перифериялық қарсыласудың артериолалардың вазомоторлы (нейрогуморалды әсері) және базалды (натрий ұстап қалуда) тонусының жоғарылауы нәтижесінде биіктеуі. ● Кардиалды механизм – жүрек лақтыруының, миокард жиырылуының және ЖЖЖ жоғарылауына шығару фракциясының жоғарылауы ЖҚҚ. I типті криз Артериалды гипертензияның алғашқы сатыларына тән. Адреналиннің шығарылуымен байланысты. Ұзақтығы сағаттармен кейде минуттармен өлшенеді. АҚ көбіне систоланың себінен жоғарылайды. Клиникалық дененің тітіркенуі, жүрек қағуы, бас ауруы, жалпы қозу, тері жамылғысының гиперемиясы және локалды гипергидрозы түрінде көрінуі. Жиі полиуриямен бітеді. II типті криз Артериялық гипертензияның жиі кеш сатыларында дамиды. Норадреналин шығуымен байланысты. Ұзақ уақыт бойы дамуы және ағымының ұзақ болуы. А.Қ – систолалық және диастолалық қысым жоғарылауымен немесе диастолалық қысымның жоғарылау есебінен биіктейді. Клиникалық қатты бас ауруымен, жүрек айнуымен, құсумен (орталық генезді), көрудің бұзылуымен көрінуі. Криз кезінде , ми қан айналымының ошақты симптоматикамен немесе шынайы ми инсультімен ауыспалы бұзылуы, стенокардия ұстамасы, инфаркт миокарды, жедел сол жақ қарыншасының жеткіліксіздігі, бүйректің протеинурия және гематурия көрінетін зақымдалуы дамуы мүмкін. ГК кезінде келесі асқыну түрлері дамуы мүмкін: 1. Церебралды формасы – гипертониялық энцефалопатия түрінде ағымы түрінде көрінуі мүмкін (қатты бас ауыру, жүрек айну, құсу, жүйелі емес бас ауыру, көрудің бұзылуы, көру өткірлігінің төмендері, көз алдында «шіркейдің» елестеуі, көздің тұмандануы); энцефалопатияның прогрессиясында тоникалық және клоникалық тырысулардың пайда болуы (гипертониялық криздің тырысу формасы), соңы естен тану және леталды немесе қан айналымының ауыспалы типі бойынша (сезімталдықтың бұзылуы, парездер, дизартрия, статиканың бұзылуы) аяқталуы мүмкін. 2. Тәждік түрі – ангиналды ауырсыну, инфаркт миокарды, жүрек жұмыстарының ырғақты бұзылыстары. 1. Гипертониялық криздің гиперкинетикалық түрі. 2. Гипертониялық криздің гиперкинетикалық түрі. Криздің бұл нұсқасы гипертониялық аурудың II-III сатыларына тән. Ратнер жіктемесі бойынша клиникалық криздің II түріне сәйкес келеді. 3. Гипертониялық криздің эукинетикалық түрі. Гипертониялық криздің бұл нұсқасы гипертониялық аурудың кез-келген сатысында, әсіресе II-III сатыларында кездесуі мүмкін. Криздің I түрі кенеттен ұшқынды, айқын көрінетін вегетативті реакциямен көрінеді. Келесі психоэмоционалды қозу, бастың қатты ауыруы, бас айналу, құсу, шіркейлердің көрінуі, көз алдында тордың немесе қара нүктелердің көрінуі түріндегі церебралды симптоматика. Науқастар эйфориялы, денесінің қызуына және бүкіл денесінің тітіркенуіне шағымданады. Қарау кезінде науқастың бетінде, кеудесінің алдында және мойнындағы қызыл дақтар анықталады. Кардиалды симптомдар төс артындағы ауырлық сезімімен, сыздап ауырсыну және жүрек қағумен көрінеді. Жиі және көлемді зәр шығару тән. Салыстырмалы түрде систолалық қысым диастолалық қысымнан жоғары болады. Криздің бұл түрінің ұзақтығы 1-3 сағат ; оның аяқталу кездерінде науқаста төмен тығыздықта көп мөлшерде зәр бөлінеді, әлсіздік пайда болып, ұйқышылдық дамиды. ЭКГ- диагностика. Синусты тахикардия. Кейде ST сегментінің изосыздықтан төмен ығысуы және Т тісшесінің кеңейуі тіркеледі. Гипертониялық криздің жиі асқыныстары: гипертониялық энцефалопатия; субарахноидалды қан құйылу; ми ішілік қан құйылу; жедел ишемиялық инсульт; жедел сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі; гемодинамикалық стенокардия және жәдел инфаркт миокарды; аортаның сыдырылуы; жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Криздің II түрі гипертониялық аурумен науқастардың кеш сатыларында дамиды. Әдетте оның негізінде су-электролит балансы тепе-теңдігінің бұзылуы жатыр, сондықтан криз бірнеше күн ішінде дамиды. Баяу жоғарылайтын бас ауруы, бас айналуы, жүрек айну, құсу пайда болады. Құсу жеңілдік әкелмейді. Науқастар қарау кезінде бірнеше тежелген және айналасындағы жағдайға қызығушылықсыз көрінеді, бірақ сұрау кезінде жоғары тітіркендіргіштік, сөйлесуді минимумға дейін азайтуға, жеке қалуға ұмтылуы байқалады. Жиі бетінің ісінкірегенін анықтауға болады. Криз кезінде жиі, көру ауыспалы нашарлауының және ми қан айналым бұзылысына жедел инфаркт даму диапазонына дейінгі гемодинамикалық асқынулар дамиды. Бұл криз ұзақтығы бірнеше тәулікке созылады. ЭКГ диагностика: тахикардия болмайды, ST сегментінің төмендеуі, кеңейген немесе екі фазалы Т тісшесі. Ажыратпалы диагностикасы: Гипертониялық кризді декомпенсация немесе адекватты емді қолданбау салдарынан АҚ көтерілуі кезінде артериялық гипертензия ағымының нашарлауынан ажырату керек. Жедел нысана мүшелерінің зақымдалу белгілерінің болмауы кезінде АҚ жоғары сандарын қанағаттанарлық басынан өткізеді. Ойламаған жерден бастың ауырсынуы осыған тән шағым болып келеді. Госпитализациялау көрсетілмеген. Қарау және физикалық зерттеу ● өмірге қажетті функцияны және жалпы жағдайды бағалау: есі (көру, кереңдік, ессіздік), тынысы (тахипноэның болуы); ● визуалды бағалау: науқастың қалпы (жатыр, отыр, ортопноэ), тері жамылғысының түсі ( бозғылт, гиперемия , цианоз) және дымқылдығы (жоғары, құрғақ, маңдайында суық тер); мойын тамырлары (көк тамырдың ісінуінің болуы, көзге көрінетін пульсация); шеткері ісіктердің болуы; ● пульсты зерттеу (дұрыс, дұрыс емес) жүректің жиырылу жылдамдығын санау (тахикардия, брадикардия); ● екі қолда да АҚ өлшеу (қалыпты айырмашылық < 15 мм с.б.); ● перкуссия: жүректің салыстырмалы шекарасының тұйықтығы солға ұлғаюының болуы; ● пальпация: жүрек түрткісін бағалау және оның орналасуы; ● жүрек аускультациясы: қолқада II тонның ыдырауы және акценті, тондарды бағалау; ● қолқа (аневризманың жыртылуы немесе қолқаның қабыршақтануына күмәндану және бүйрек артериясының \оның стенозына күмәндану) аускультациясы; ● өкпенің аускультациясы : екі жақ бөлігінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдың болуы; ● көрудің төмендеуін, құсудың, тырысудың, стенокардияның, ентігудің болуын нақтылау; диурезді бағалау; ● неврологиялық статусты зерттеу: ес дәрежесінің төмендеуі, көру алаңының ақауы, дисфагия, аяқ-қолдарда қимыл-қозғалыс функциясының бұзылуы, жүрісінің және тепе-теңдіктің бұзылысы, зәрдің ұсталмауы. Құрал аспаптық зерттеу: 12 тіркемеде ЭКГ-ны тіркеу: ритмді бағалау, ЖЖЖ, өткізгіштігі, сол жақ қарыншаның гипертрофия белгілерінің болуы, миокард инфарктісі және ишемия.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.67.189 (0.011 с.) |