Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Күйіктік аурудың ағымыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
1 кезең- күйіктік шок; 2 кезең- жедел күйікті токсемия; 3 кезең- септикотоксемия; 4 кезең- реконвалесценция. Күйіктік шоктың клиникасы Күйіктік шоктың ауырлығы бойынша жіктелу: 1 дәреже – жеңіл күйіктік шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 20-25% , ал терең күйіктерде -10% алаңын зақымдаған кезде болады. Науқастың есі сақталған.Тері жамылғысы бозарған. Жүрек айну, кейде құсу,шөлдеу болуы мүмкін. Аса үлкен емес тахикардия.АҚҚ және ОКҚ ( орталық көктамырлық қысым) қалыпты. Шамалы гемоконцентрация. Электролитті балансты өзгерістер болмайды. Бүйрек қызметі зардап шекпейді. 2 дәреже – орташа ауырлықты шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 40 – 60% , ал терең күйіктерде 40% тен көп алаңы зақымдалған кезде болады. Жалпы жағдайы ауыр. Есі сақталған. Күйік аймағынан тыс тері бозғылт, құрғақ және суық болады. Науқасты қалтырау, шөлдеу, жүрек айну мазалайды. Құсу әрқашан байқалмайды.Тыныс алу жиілейді, ентігу, көгеру және АҚҚ ның төмендеуі байқалады. Гемоконцентрация айқын. Қан айналым көлемі 10-20% төмендейді. Бүйрек қызметінің бұзылуы, олигурия байқалады. 3 дәреже – ауыр шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 40-60% , ал терең күйіктерде 40%тен көп алаңын зақымдаған кезде болады. Жалпы жағдайы өте ауыр.Есі сақталған, бірақ алжасу болу мүмкін. Тері бозғылт – сұр түсті, суық. Айқын шөлдеу, жиі құсу, ішектердің салдануы байқалады. Науқасты қатты қалтырау, бұлшықеттердің тырыспалы тартылуы, ентігу мазалайды. Айқын көгеру, тахикардия және АҚҚ төмендеуі байқалады. Қан айналым көлемі (ҚАК) 20-30% ке төмендеген; ОКҚ төмендеген; өте айқын гемоконцентрация. Электролиттік баланстың және бүйрек қызметінің айқын бұзылуы байқалады; гематурия, альбуминурия, уробилинурия. Қанда қалдық азот көбееді 4 дәреже - өте ауыр шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 60% тен жоғары, ал терең күйіктерде 40% тен жоғары алаңын зақымдаған кезде болады. Жалпы жағдайы өте ауыр, есі көмескілеген, жиі есінен танған, тері жамылғысы боз, мәрмәр түсті. Тамыр ырғағы жіп тәріздес, АҚҚ 100 мм с.б. төмен. ОКҚ кенет төмендеген.ҚАК 30-40% төмендеген; аса айқын гемоконцентрация. Айқын ентігу; өкпеде ылғалды сырылдар естіледі. Науқасты өте қатты, басылмайтын шөл, жиі кофе тәрізді койыртпақпен құсу, айқын асқазан – ішек жолдарының (АІЖ) салдануы, анурия мазалайды. Метаболикалық ацидоз дамиды. Шұғыл терапия 1. жоғарғы тыныс алу жолдарынның өткізгіштігін қалпына келтіру; 2. 3 катетр ережесін жүргізу (орталық көктамыр, қуықты катетрлеу, асқазанға зонд еңгізу); 3. наркотикалық анальгетиктерді нейролептиктермен, транквилизаторлармен, ГОМК мен қосарлап тағайындау; 4. гиповолемияны түзету; 5. стрессті ойық жаралардың пайда болуын алдын алу үшін гистамин рецепторларының Н2-блокаторын еңгізеді; 6. глюкокортикойдтарды тек 3-4 дәрежелі шок алғандарға және жасанды өкпе желдетілуін қажет ететін тыныс жолдарының жеткіліксіздігінде ғана тағайындайды. Глюкокортикоидтар концентрациясының жоғарылығы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігінің дамитына әкелуі мүмкін. Науқасты күйікті шоктан шығару критерийлері: 1. Гемодинамиканы тұрақтандыру. 2. Диурез темпі 50 мл/сағ. Және жоғары. 3. Аз бозғылт дақ синдромы. 1 сек. 4. Дене температурасының төмендеу. Электрлі жарақат. Электрлі жарақат – мүшелердің, тіңдердін, жүйелердің соматикалық және функ-ционалды патологиялық бұзылыстарға әкелетін тірі ағзаның электрлік токпен зақымдануы. Электр тоғының спецификалық әсеріне – стрессті реакция, эмо-циялық, ауырсыну, рецепторлы реакция жатады; термиялық әсерге – тері күйік-тері, ақуыз денатурациясы, тіңдердің өліеттенуі; механикалық – толқын соққы-сы, контрактуралар жатады. Электроток жарақаты өткізгішпен тікелей контакт-та және доғалы контактта болғанда болады. Дөрекі және қатайған тері жақсы-рақ қарсылық көрсетеді. Ток тасушы затпен контактте қаншалықты ұзақ және жанасу алаңы үлкен болса соншалықты электрлі жарақат ауырлайды. Тоқ алға-шында тіндерге таралады,өйткені олардың электр өткізгіштігі жоғары және қарсылық тары төмен болып келеді. Тері және теріасты клетчатка қарсылығынан өткеннен кейін тоқ параллелді шоғырмен тоққа белсенді сұйықтықтармен – та-мыр, тінаралық кеңістік, жүйке бағаналарынан өтіп тоқ ілмекшелерін құрайды. Ең қажетті мүшелерден өтетін тоқтын қауіпті ілмектері: екі қол – екі аяқ; сол қол – аяқ; қол – қол, бас – аяқ. Егер миокард пен бас миы ең қатты күш алаңында болса зақымданушының жүрекшелерінің фибрилляциясына және асистолияға әкеліп өлімге ұшыратады. Және де коронарлы тамырларының рефлекторлы тарылуының әсерінен екіншілік жүрекшелерінің фибрилляциясы дамуы мүмкін. Өлімге әкелетін электр тоғымен зақымдалу 2 түрге бөлінеді: кенеттен және кешіктірілген. Ажыратады: 1. Кенеттен қанмен қамтамасыз етілуінің тоқтауынан, тыныс алуының тоқтауынан – жүрекшелер фибрилляциясы, асистолия, апноэдан болған өлім. 2. Қан айналым бұзылысынан, гипоксиямен асқынған, жедел тыныс алу жеткіліксіздігінен 24 сағ. аралығында болған өлім. 3. Бірнеше апта (әдетте 1-3 ) аралығында болған өлім – жүрек зақымдалуынан (миокард инфарктісі, ауыр аритмия), өкпе зақымдалуынан (пневмония, ісіңу) көп мүшелі жеткіліксіздігі, іріңді – септикалық асқыныстар, сепсис. Адам ағзасы тоқтың әсерін зақымдану кезінде немесе кейінгі уақытта қабылдайды. Бірінші түрінде бұлшықеттердің тырыспалы (тоникалық) тартылулары, тамырлардың тарылулары, жүрек қызметінің бұзылуы, аритмияның әртүрлі түрлері болады. Сонымен қатар дауыс байламдарының тарылулары болуы мүмкін, олар тыныс алудың тоқтауына әкеледі. Ауыр жағдайда электрлі шок, кома немесе терминалді жағдай дамытады. Локалді электрлі жарақат, электрлік соғу,ағзаның жалпы зақымдалуы деп бөлінеді. Терминалді жағдайдың дамуына әкелетін жағдайлар 1. жүрек қарыншасының фибрилляциясы; 2. сопақша миының зақымдалуынан тыныс алудың орталықты генезді тоқтауы; 3. тыныс алу бұлшықеттерінің тетаникалық тарылуынан болған тыныс алудың тоқтауы; 4. электрошок; 5. жүрек қызметінің бұзылуы. Ең бірінші науқас тоқпен зақымдалған жағының ауырсынуына шағымданады. Теріде тоқтың белгілері және күйік іздері қалуы мүмкін.Зақымданудың ауыр түрінде науқас кенет есінен танады, команың дамуы мүмкін. Санасының бұзылуы қозғалысты және сөйлемді қозумен қатар жүреді. Сезімталдықтың барлық түрінің және сіңірлі рефлекстердің төмендеуі болады.Жүрек ырғағының бұзылуы пайда болады. Қаңқа бұлшықеттерінің тетаникалық спазмының әсерінен және дауыс қатпарларының спастикалық жабылуынан апноэ дамиды. Зақымданушыны тоқтың әсерінен босатқаннан кейін спонтанды тыныс алуы қалпына келуі мүмкін. Егер де тоқ бастан өтетін болса орталық генезді апноэ дамуы мүмкін. Тыныс алудың бұзылысы тұрақтылығымен сипатталады, яғни ол тоқтың әсерінен босатқаннан кейінде тоқтамайды. Егер де тоқ кеуде клеткасынан өтсе жүрек қарыншасының фибрилляциясы дамиды. Емі: электр тоқтың әсерін тоқтату; тыныс алуды және қан айналымды қадағалау; ЭКГ бақылау; есінен таңған кезде орталық аналептиктерді беруге болмайды, қозу кезінде – седуксен 0,2 – 0,3 мг/кг дене салмағына; сүйеқ сынған кезде – иммобилизациялау; күйген жерге асептикалық байлам таңу керек.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.87.157 (0.011 с.) |