Жедел ішек өтімсіздігі. Клиникалық көрінісі
Емі.
Жедел түрде аурухананың хирургия бөліміне жатқызылады. Науқасты жатқызып тасымалдайды.
Жиі кездесетін қателіктер: наркотикалық анальгетиктерді енгізу, асқазанды жуу.
Жедел ішек өтімсіздігі
Жедел ішек өтімсіздігі деп- асқорыту жолымен ішектің құрамының шығарылуының бұзылысы. Жедел ішек өтімсіздігінің этиологиясы: құрсақтағы операциялардан кейінгі бірікпелік аурулар; ішектердің айналуы, бітелуі ( ісікпен, нәжіспен немесе өт тастарымен); ішектердің стенозы, тарылуы; қысылған жарық; ішек моторикасының бұзылысы.
Жіктелуі.
Ауру ұзақтығына байланысты: жедел, созылмалы.
Даму механизімі бойынша:
· механикалық (странгуляциялық және бітелген);
· динамикалық (паралитикалық,спастикалық);
· аралас (бірікпелік, құрттық).
Орналасуы бойынша:
· ащы ішекте;
· тоқ ішекте.
Клиникалық ағымы бойынша үш кезеңге бөледі:
· айқын клиникалық симптомдар;
· жалған жағдайының жақсару кезеңі;
· асқынудың дамуы (перитонит, шок).
Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісі әртүрлі және ішек өтімсіздігінің түріне байланысты, сатысына байланысты. Қандай да бір жедел ішек өтімсіздігіне тән: кенет басталуы, тоқтауы, жүрек айну, көп ретті жеңілдік әкелмейтін құсу.
Жедел ішек өтімсіздігінің симптомдарын анықтау:
· Ваал-ішек ілмегінің жергілікті кебуі, тимпанит;
· Скляр-алдынғы құрсақ қабырғасын соққылағанда су шылпылы естіледі;
· Тік ішекті саусақпен тексеру (Обухов ауруханасы-тік ішектің ампуласы кеңейген және бос, бұл ащы ішектің төмендеген бөлігінің өтімсіздігі).
Асқыныстары: ағзаның сусыздануы, токсикоз,перитонит. Ажырату диагностикасы: құрсақ қуысының барлық жедел ауруларымен ажыратады.
Емі.Науқастарды ауруханалық хирургия бөлімшесіне жедел түрде жатқызады.Жатқызып тасымалдау.
Жиі кездесетін кателіктер:қандайда бір анальгетиктерді қолдану, асқазанды жуу
|