Грегариналар класы - gregarinina 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Грегариналар класы - gregarinina



 

Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе олар насекомдарда көп кездеседі. Бір ядролы сопақша келген денесінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше миллиметрге дейін жетеді. Цитоплазмасы екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына бойы және көлденең жатқан фибриллалары (мионем жіпшелері) кездеседі. Сол фибриллалардың қысқаруы нәтижесіңце грегариналар өз еркімен қозғалады. Басқалары алға карай сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде жылжымай бір жерге жабысып тұрады. Бұл класқа нағыз грегариналар отряды жатады.

 

Нағыз грегариналар отряды - Eugregarinida

 

Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша - пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалык пер-делер түзеп, грегаринанын. бір клеткалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші - эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші - протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші - дейтомерит, ядро орналасқан үлкенірек болып келген бөлік (11-сурет). Осындай үш бөлімді құрылысты грегариналарды Серһаііпа деген отряд тармағына жатқызады. Басқаларының денесі бөлімдерге бөлінбей, денелері құрт тәрізді не шар тәрізді жануарлардың дене қуыстарында тіршілік етеді. Бұларды Асерһаііпа отряд тармағына жатқызады.

11-сурет. Грегариналар: А - Corycella armata; Б - Lophorhynchus insignis; В - Hirmocystis ventricosa (сизигия түрінде); 1 - эпимерит, 2 - протомерит, 3 - дейтомерит, 4 - ілмешек, 5 - пелликула, 6 - эктоплазма, 7 - эндоплазма, 8 - ядро

 

Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзейді (12-сурет). Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар - ол сателлит. Гаметалар қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді. Ядро бөлініп 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 8 ядро түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, ооцистаның ішінде 8 спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі осылай бітеді.

Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары қарай даму үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.

12-сурет. Грегарина Stylocephalus longicollis-тің даму кезеңі; 1 - спорозоит, 2 -грегаринаның өсу кезеңі, 3 - сизигия, 4 - циста, 5 - ядролардың бөлінуі, 6 - гаметалардың түзілуі, 7 - гаметалар, 8 - копуля­ция, 9 - ооциста, 10 - ядроның бірінші рет бөлінуі, 11 - екі ядролы ооциста, 12 - ядроның екінші рет бөлінуі, 13-4 ядролы ооциста, 14 - ядроның үшінші рет бөлінуі, 15-8 спорозоит

КОКЦИДИЯТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - COCCIDIOMORPHA

 

Бұл класқа өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Денелері сопақша, домалақтау не доға сияқты болып келеді. Олар адамның, сүтқоректілердің, құстардың ішек клеткаларында, бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі. Қан споралылардың және кокцидиялардың даму кезендері бір-біріне өте ұқсас, сондықтан бұл екеуін кокцидиятәрізділер класына жатқызады. Бұлардың көбеюінде кезектесіп жүретін үш кезеңді байқауға болады: шизогония (жыныссыз көбею) гаметогония (жынысты) және спорогония.

Көптеген кокцидиялардың бір ғана иесі болады, сондықтан спорогония кезеңі жартылай немесе толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria magna). Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір иесінде өтеді, ал жынысты көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax).

Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады: кокцидиялар отряды - Coccidiida және кан споралылар - Haemosporidia.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-10; просмотров: 417; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.2.184 (0.004 с.)