Сифонофоралар класс тармары - siphonophora 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сифонофоралар класс тармары - siphonophora



 

Сифонофоралар жылы теңіздерде еркін жүзіп тіршілік ететін ерекше колониялы жануарлар. Колония құрайтын особьтары құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтар деп атайды.

Зооидтар колонияның полиптік және медузоидты особьтары, атқаратын қызметіне қарай гастрозоид, цистозоид, гонозоид деп аталады. Олар шоғырланып кормидия деген топтарды түзейді, әрқайсысының арасында буын аралығы болып, оларды түрі өзгерген тақта жауып тұрады.

Құрылысы мен физиологиясы. Сифонофоралардың көпшілігінің колониясы ұзын сабақша тәрізді, особьтары оның бүкіл бойында реттескен (Physophora туысында), қалғандарының сабақшасы қысқа, особьтары (зооидтары) оның астыңғы жағына бекінген (Physalia туысында).

Энтодермамен астарланған гастраль қуысы сабақшаның ішін бойлап, жеке орналасқан зооидтармен байланысып, олардың қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Колонияның алдыңғы тұйық төбесі ішке қарай ойысып газға толған кеңістікке айналады. Бұны ауа торсылдағы немесе пневматофор деп атайды (41-сурет). Пневматофор - түрі өзгерген медузоидты формасы, гидростатикалық аппарат қызметін орындайды. Егер пневматофор газға толған болса, онда сифонофораның денесі жеңілдеп судың ең жоғарғы бетінде жүзіп жүреді, ал қолайсыз жағдайда газды сығып шығарады да, жануар су түбіне шөгеді. Газды бөліп шығаратын пневматафораның түбіндегі безді клеткалар, ал оның бұлшықет талшықтарының жиырылып - жазылуынан газдың көлемі көбейіп не азайып тұрады.

Пневматофораның астындағы сабақшада жүзу коңыраулары не­месе нектофоралары орналасқан. Олар медузоидты формалы, тек ауыз тесігі, қармалауыштары, сезім мүшелері редукцияланған. Шатыршасы жиырылып, сифонофораның қозғалысын реттеп, оны алға қарай жылжытады (41-сурет). Колонияның ас қорыту қызметін қоректендіруші полиптер немесе гастрозоидтар орындайды. Олар гидранттарға ұқсас, әрбір гастрозоидта күшті атқыш клеткалары-

41-сурет. Сифопофораның құрылысы: I - пневматофор, 2 - жүзгіш қоңырау (нектофор), 3 - жыныс особы (гонофор), 4 - қоректендіруші полип (гастрозоид), 5 - атқыш клеткалармен жабдықталған жіпше, 6 - жабын қақпақшасы, 7 - пальпон (цистозоид), 8 - колонияның сабақшасы

 

мен (атқыш батареяларымен) жабдықталған қозғалмалы ұзын қармалауышы немесе жіпшесі болады. Соның көмегімен ұсақ жәндіктер гастрозоидтың гастраль қуысына түсіп, қорытылып колонияның барлық особьтарына таралады. Жіпшесі қорғаныс қызметін де атқарады.

Колоннада гастрозоид тәрізді басқа да полиптік особьтары - пальпондар немесе цистозоидтар орналасқан. Олардың ауызы жоқ, қармалауыштары тарамдалмай нашар жетілген. Нақты қызметі белгісіз, бірақ зәр шығару қызметін орындайды деп жорамалдайды.

Сифонофоралардың жыныс особьтары немесе гонозоидтары медузоид және гонофора құрылысты, жақсы дамыған. Колония бойында аталық пен аналық гонозоидтары кездессе, бұлар қос жыныстылар немесе тек аталығы, не аналығы - дара жыныстылар болып келеді.

Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткалары суға шығарылып, ұрықтанған жұмыртқадан планула личинкасы дамиды. Ол күрделеніп, бүршіктену нәтижесінде зооидтар пайда болып колонияға айналады. Сөйтіп сифонофоралар әр түрлі особьтарынан (зооидтардан) құралған полиморфты колониальды жануарлар. Олардың особьтары реттесіп орналасқан: жоғарыда пневматофора оның астында нектофоралары, қалғандары топтасып кормидия түзейді. Әрбір кормидия гастрозоид, цистозоид және гонозоидтардан тұрады.

Экологиясы. Сифонофоралар тропиктік және жылы теңіздерде көп кездеседі. Пневматофора мен нектофораларының көмегімен бүкіл колония судың ішіңде қалқып жүзіп жүреді.

Physalia physalis - "португаль кемешігінің" пневматофорасының ұзындығы 20-30 см, желкен тәрізді, судың бетіне шығып тұрады да, колонияны суға батырмай жылжытады.

Дене мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ге дейін - Diphyes туыстарында, Apolemia өкілдерінің ұзындығы 2-3 м-ге дейін, ал Physalia physalis-тың ұзындығы 1 м, қармалауыштары 10 м, пневматофораның биіктігі 20-30 см. Көпшілігі мөлдір түсті болып келеді, бірақ кейбір бөлімдері қанық түске боялған, мысалы, "португаль кемешігінің" пневматофорасы қызғылт немесе көгілдір.

Филогениясы. Сифонофоралардың құрылыс ерекшеліктеріне қарап ғалымдар екі көзқарасты ұсынды: біріншісі - сифонофоралар полиморфты колониальды жануарлар; екіншісі - жеке күрделі организмдер, зооидтар олардың мүшелері деп дәледделген.

Ғалымдардың көпшілігі бірінші ұсынысты қолдап, сифонофоралар колониальды гидроидтылардан пайда болып, жеке жүзіп тіршілік етуге бейімделген колониальды жануарлар деп есептейді. Бұған дәлел болатыны - сифонофоралардың даму тарихы және колониядағы пневматофора, нектофоралары, гонозоидтары - медузалық формалары болса, ал гастрозоид пен пальпондары (цистозоидтар) түрі өзгерген полиптер болып табылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-10; просмотров: 317; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.144.32 (0.006 с.)