Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Гидроксиэтилир крахмал препараты (ГЭК)Содержание книги
Поиск на нашем сайте
ГЭК – глюкозаның полимеризделген қалдықтарының жоғары молекулярлы қосылыстары. ГЭК препаратының көлемді толықтырушы әсерінің айқындылығы мен ұзақтығы, молекулярлы массасы мен ГЭК субстанциясының ығыстыру дәрежесімен анықталынады. Мысалы, молекулярлы массасы 200 000 дей болатын және ығыстыру дәрежесі 0,5 болатын ГЭК препарты пентастарч тобына жатады, ал жоғары ұсынылған көрсеткіштердегі (450 000 – 480 000 және 0,6-0,8) ГЭК препараты – гетастрач тобына жатады. Пентакрахмал - орташа молекулярлы массасы 200000 дальтон және ығыстыру дәрежесі 0,5 (200/0,5) болатын гидроксиэтилирленген крахмал препараты. Пентастарч тобының негізгі препараттары ретінде 6% және 10% ГЭК ерітіндісін қолданады. Гепастарч тобының препараттарынан 6% ерітіндіні қолданады.
ПЕНТАКРАХМАЛ (ПЕНТАСТАРЧ) Шығарылу түрі К/т енгізуге арналған ерітінді 60 мг/мл, 100 мг/мл флаконда 250мл, 500мл Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі Гиповолемия (сонымен қатар геморрагиялық, жарақаттық, күйіктік, септикалық шоктарда), көлемді қан кетулерде (сонымен қатар интраоперациялық), микроциркуляцияның бұзылысы, операциядан кейінгі артериальды гипотензия, изоволемиялық гемодилюция жүргізу қажеттілігі (сонымен қатар операция алдында, ауыспалы ақсаңдау кезінде, күтілмеген ишемиялық инсульт, күтпеген кереңдікте), көктамырлық тромбоз (біріктірілген ем құрамында). Крахмал 6% ерітінді ретінде 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде қолданылады (немесе электролиттермен), пентакрахмал - 6 және 10% ерітінді. К/т тамшылатып немесе құю арқылы енгізіледі. Мөлшері мен енгізілу жылдамдығы, гемодинамика бұзылысының айқындылығына байланысты, науқастың жағдайына қарай жеке тағайындалынады. Бірінші 10-20 мл-ді баяу енгізеді (анафилактоидты реакция даму мүмкіндіктері бар). Шок дамыған кезде - 500-1500 мл, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 20 мл/кг 10% ерітінді (1,5 л 75 кг дене салмағына) немесе 33 мл/кг 6% ерітінді. Геморрагиялық шок кезінде жылдамдығы 20 мл/кг/сағатына енгізеді. Септикалық және күйік шоктарында инфузия жылдамдығы бірнеше рет төмендеу. Балаларда 10 жасқа дейін инфузия жылдамдығы 15 мл/кг/сағаттан аспайды. Инфукол – ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: ортаңғы тәуліктік мөлшер - 33 мл/кг, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 33 мл/кг (2 г гидроксиэтилкрахмал кг/тәулігіне); 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға, сәйкес - 15-20 мл/кг және 33 мл/кг; нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балаларға - 10-15 мл/кг және 33 мл/кг. Рефортан (200/0,5): айналымдағы қан көлемін толтыру үшін ең жоғарғы мөлшер - 33 мл/кг (2500 мл/75 кг немесе 2 г/кг), ең жоғарғы енгізу жылдамдығы - 20 мл/кг/сағ (1500 мл/75 кг/ч немесе 1,2 г/кг/сағ); көп енгізу кезінде препараттың жалпы саны - 300 г. жүрек қан-тамырлары немесе өкпе асқынуының даму тәуекелі жоқ науқастарда, емдеу ұзақтығын гематокрит көлеміне қарай белгіленеді (30% жоғары болмауы керек). Терапиялық гемодилюцияда бірнеше күн немесе көп апталық инфузиялық кесте арқылы қолданады. Көп күндік инфузиялық кесте: тәуліктік инфузиялық мөлшер – кәдімгі 500-1000 мл-ден 6% гидроксиэтилирленген крахмал ерітіндісі (200/0,5); ауыспалы ақсақтық кезде көбінесе мөлшері төмен болады – 500-ден 750 мл/тәулігіне дейін, ишемиялық инсульт кезінде – жоғары және оны 750-1000 мл/тәулігіе құрайды; енгізу жылдамдығы - 75-250 мл/сағ, ұзақтығы - 5-10 күндей. Ишемиялық инсульт кезінде бастапқы емде қосымша күш түсіруші 250-500 мл мөлшерді енгізуге болады, бұл кезде енгізу жылдамдығы жоғары болады (мысалы, 250-500 мл/сағ). Көп апталық инфузиялық кесте кезінде енгізуді 2-3 рет аптасына250-500 мл-ден жүргізеді, жылдамдығы 125-250 мл/сағ, емдеу ұзақтығы – кәдімгі 3-6 аптада. Көп жағдайларда енгізілген препараттар көлеміне бейімделу ұсынылады (қажет жағдайда – қан жіберулер жүргізеді) гемодинамикалық немесе гемореологиялық көрсеткіштерге (орталық венозды қысым - 15 мм сын.бағ., гематокрит - 38-42% және басқа). Кері керсөткіш. Жоғары сезімталдық, бастың ішкі қысымының жоғарлауымен жүретін бас ми жарақаты, бас ми ішінің қан кетуі, артериальды гипертензия, жүрек жетіспеушілігінің II-III дәрежесі, жедел сол қарынша жетіспеушілігі, жедел бүйрек жетіспеушілігі (олиго-, анурия), ауыр геморрагиялық диатез, кардиогенді өкпе ісігі, гипокоагуляция, гипергидратация, гиперволемия, дегидратация (бұл кезде электролиттік алмасу бұзылыстары қажет етеді), гипофибриногенемия, айқын тромбоцитопения, гипохлоремия, гипонатриемия, гипокалиемия, гемодиализ, жүктілік (I үшайында), 10 жасқа дейінгі балаларға (стабизол және рефортан үшін), крахмалға аллергия. Сақтандыру. Сақтықпен – жүрек жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, бауырдық созылмалы аурулары, Виллебранда ауруы. Жүктілік кезде қолданылуы, емшекпен емізу тек абсолюттік көрсеткіштер бойынша, жүктіліктің І үшайында абсолюттік кері көрсетілген; 10 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Инфукол ГЭК педиатрия тәжірибесінде және жүктілік кезде (ІІ және ІІІ үшайында) қолдану рұқсат етілген. Параллельді қан алу кезінде, гиповолемиялық жағдай туындамас үшін (инфузияны бір мезгілде қан жіберумен немесе алдында жүргізіледі және енгізілетін көлем, алынатын көлемнен жоғары болуы тиіс) қатаң бақылау керек. Тәуліктік мөлшері айналымдағы қан көлемін толықтыруға сәйкес болуы керек. Аллергиялық реакциялар даму мүмкіндіктеріне байланысты, ерітіндіні енгізудің алғашқы 10-20 мл баяу жүргізу керек (ьамшылатып), науқастың жағдайын қатаң бақылау тиіс. Емді қан айналымының көлемін, ион құрамын, лейкоциттер, тромбоциттерді бақылау арқылы, плазмадағы гемоглобинді, қанның ұю көрсеткіштірін, бүйрек қызметін (әсіресе нәрестелерде және 3 жасқа дейінгі балаларда, су-электролит статусының ерекшелігімен) бақылаумен жүргізеді. Емнің басында сары судағы креатинин деңгейінің құрамына бақылау жүргізеді. Креатинин құрамының маңызы (0,106-0,177 млмоль/л – компенсирленген бүйрек жетіспеушілігі) болғанда емді жүргізу мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін жақсылап салыстыру керек және сұйықтық тепе-теңдіке, сонымен қатар несеп ұсталу көрсеткіштеріне жиі бақылау жасау. Следует иметь в виду, что гидроксиэтилирленген крахмал клинико-химиялық көрсеткіштерге (глюкоза, ақуыз көрсеткіштеріне, эритроциттердің тұнбаға түсу реакциясына, майлы қышқылдар, холестерин, несептің меншікті салмағына) әсер етуін ескеру керек. Препараттың үлкен мөлшерін енгізу гематокриттің, гемаглобин құнарлығының және қан плазмасындағы ақуыздың төмендеуіне әкеледі. Су мен электролиттерді жоғалтудан (қатты құсу, іштің өтуі, күйіктер) болған шок жағдайларында, препаратпен алғашқы емдегеннен кейін, бір мезгілде теңестірілген электролит ерітінділерін енгізу қажет. Емделу кезінде ағзаға сұйықтықтың қажетті мөлшерде жеткізілуі тиіс. Препаратты басқа дәрілермен араластырмау және бір жүйелік ыдыста құюға болмайды. Анафилактоидты реакция даму кезінде препаратты енгізуді доғару керек, науқасқа қажетті ем жүргізіледі. Науқас үзіліссіз медициналық қызметкерлердің қарамағында болуы тиіс, қосымша терапиялық шаралар науқастың жағдайына байланысты қолданылады. Қан тобы анықталынбаған науқастарға гидроксиэтилкрахмал препаратының үлкен көлемін енгізу кезінде, агглютинация реакциясының өзгеруі мүмкіндігін және қан тобын анықтағанда жалған нәтижелер беруі мүмкін екендігін ұмытпау керек. Препаратты к/т енгізгеннен кейін, шамалы қанда амилаза деңгейінің жоғарлауы байқалады, ол қайта 3-5 күннен кейін қалпына келеді (панкреатит диагностикасына кедергі жасауы мүмкін). Жанама әсерлері. Аллергиялық реакциялар: есекжем, анафилактоидты реакциялар – белдің ауруы, жүректің айнуы, құсу, тахикардия (препаратты енгізу доғарылуы керек), плазмада амилаза деңгейінің жоғарлауы (панкреатиттің пайда болуымен байланыссыз), сирек жағдайларда – айқын тері қышынулары (үлкен мөлшерлерді ұзақ қолданғанда). Үлкен мөлшерлерді қолданғанда – қан кету уақытының ұзаруы және қышқылды-негіздік жағдайдың бұзылуы. Саудаға тіркелген атаулары: Рефортан, Стабизол. 11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі АЛЬБУМИН Шығарылу түрі Белсенді зат‑адам сары суының ақуызы. Егуге арналған ерітінді (1 мл‑0,1 г белсенді зат) 100 мл флаконда. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі Жарақаттық және операциялық шок, күйіктер, сусызданумен және қанның құнарлығымен жүретін жағдайлар. Нутритивті дистрофия кезінде дамитын гипопротеинемия және гипоальбуминемия, нефротикалық синдромдарда, нефрозонефриттерде, бауыр циррозы, ұзақ жүретін ірінді үдерістерде. Науқастың тамақтануының бұзылуымен болатын АІЖ зақымдануы (жара аурулары, ісіктер және т.б.). Препараттар көк тамырға тамшылатып 50‑60 тамшы жылдамдықта минутына енгізіледі. Бір реттік мөлшері ‑200 мл. Кері керсөткіш. Тромбоз, артериальды гипертония, ішкі қан кетулер жалғасу кезінде. Сақтандыру. Жанама әсерлері. Дене қызуының жоғарлауы, бел тұсының ауруы, есекжем. Саудаға тіркелген атаулары: Альбумин.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-06-26; просмотров: 334; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.120.103 (0.008 с.) |