Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сульфаниламидтер мен триметопримСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Тұрақтылықтың өсу нәтижесіне байланысты сульфаниамидтердің клиникалық маңызы төмендеді және олардың белсенді мен улылығы төмен бактерияларға қарсы препараттармен ығыстырылуы. СУЛЬФАМЕТОКСАЗОЛ + ТРИМЕТРОПРИМ (CO-TRIMOXAZOLE) Шығарылу түрі. Таблеткалар 120 мг, 480 мг; егуге арналған ерітінді ампулада 480 мг/5 мл Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тыныс алу жолдарының инфекциясы: бронхит (жедел және созылмалы, қайталанулардың алдын алу шаралары), бронхоэктазды аурулар, плевраның эмпиемасы, өкпенің абсцессі, пневмония (емдеу және алдын алу шаралары), сонымен қатар ЖИЖС-мен ауыратын науқастардағы Pneumocystis carinii туғызған; несеп шығару жолдары: уретрит, цистит, пиелит, пиелонефрит, простатит, эпидидимит; урогенитальды: соз, жұмсақ шанкр, жыныстық қатынас ауруларының лимфогранулемазы, шап гранулемасы; АІЖ: бактериальды диарея, шигеллез, холера (біріккен ем құрамында), іш сүзегі және паратиф (сонымен қатар бактерия тасымалдаушы), энтеротоксикалық штаммдар E.coli туғызған холецистит, холангит, гастроэнтериттер; тері мен жұмсақ тіндер: акне, сыздауықтар, пиодермия, тілік, жарақатты инфекция, жұмсақ тіндер абсцесстері; ЛОР-мүшелері: ортаңғы отит, синусит, ларингит; хирургиялық; септицемия, менингит, остеомиелит (жедел және созылмалы), бас миының абсцессі, жедел сарып, оңтүстік-америкалық бластомикоз, безгек (Plasmodium falciparum), токсоплазмоз және көкжөтел (біріккен ем құрамында). Ішке, б/е, к/т тамшылатып 2 реттен тәулігіне (12 сағат сайын). Бір реттік мөлшер: ересектер және 12 жастан үлкен балаларға — 960 мг-нан; 2–6 айдағы балаларға — 120 мг-нан (немесе 2,5 мл балалар суспензиясы), 6 ай — 5 жас — 240 мг-нан (немесе 5 мл балалар суспензиясы), 6–12 жасқа — 480 мг-нан (немесе 10 мл балалар суспензиясы). Асқынбаған созда — 480 мг-нан 2 реттен күніне, 2 күн немесе бірінші қабылдауға — 2,4 г-нан (5 кесте) және 8 сағаттан кейін тағыда 2,4 г немесе бір реттік қабылдау 3,84 г-нан (8 кесте). Мұрын өңештің созды инфекциясы кезінде — 960 мг-нан 3 реттен/стәулігіне 7 күндей. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық (сонымен қатар сульфаниламидтерге немесе триметопримге), бауыр немесе бүйрек (клиренс креатинині < 15 мл/мин) жетіспеушілігі, B12-жетіспеушілік қаназдық, агранулоцитоз, лейкопения, глюкозо−6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу (емдеу кезеңінде емшекпен емізуді доғару), жас балаларға (3 айға дейін — пероральды үшін, 6 жасқа — парентеральды енгізу үшін), балалардағы гипербилирубинемия, жаңа туылған балаларға тағайындамайды (сульфаниламидтер билирубиндерді ақуызбен байланысқан плазмадан ығыстырып, ядерлі сары ауруды туғызады). Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Егде жастағылар, бауырдың зақымдалуы, Порфирия. Бүйрек пен бауыр қызметін анамнезенде ескеру; кристаллурияның алдын алу шаралары үшін сілтілік сусындар беру және бөлінетін зәрді жеткілікті көлемде ұстап тұру. > 1 айдан артық емделу кезінде гематологиялық өзгерістер тәуекеліне бола (көбіне асимптоматикалық) жиі қан анализін жасау қажет. Фолий қышқылы (3-6 мг/тәу) осы өзгерістерді шеттетуі мүмкін. Бөртпелердің пайда болуы немесе қан жағынан болатын өзгерістер препаратты қабылдауды тез доғаруды талап етеді. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Триметоприм жоғару құнарлықта плаценттен өтеді. Триметоприм – фолий қышқылының белсенді антагонисті. Жүрек-қан тамыр жүйесінің, ОЖЖ-нің, ұрықтың өсуінің туа пайда болатын ақауларының тәуекелін жоғарлатады. Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Триметоприм төменгі құнарлықта төс сүтіне өтеді. Жанама әсерлері. Жалпы: 12-40%, АВИ инфекциясы кезінде – 60%. АІЖ мүшелері жағынан: диспепсия, жүректің айнуы, құсу, анорексия, сирек — холестазды және некрозды гепатиттер, трансаминаза мен билирубиннің жоғарлауы, жалған мембранозды энтероколит, панкреатит, стоматит, глоссит. Басқалары: гиперкалиемия, гипонатриемия, асептикалық менингит, щеткі невриттер, бастың ауруы, депрессия, артралгии, миалгии, әлсіздік, фотосенсибилизация. ЖИЖС кезінде көбінесе қалаусыз реакциялар жоғары тәуліктік мөлшерді қолданғануға мәжбүр болғанда бірден жоғарлайды. Саудаға тіркелген атауы: Бактрим, Бактрим форте, Септин, Бисептол, Гросептол, Ко-тримоксазол, Ориприм. Нитрофурандар Нитрофурандардың фармакокинетикасының ерекшелігіне және қалаусыз реакциялардың жиі болуына байланысты оларды клиникалық тәжірибеде шектеулі қолданады. ФУРАЗОЛИДОН (FURAZOLIDONE) Шығарылу түрі. Таблеткалар 0,05 г Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Лямблиоз, трихомониаз (нитроимидазолдар тиімсіз болған кезед), шигеллез. П/о 0,4 г/тәу 4 қабылдаауға тамақпен бірге. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық, ауыр бауыр патологиясы, СБЖ, СЖЖ-нің II-III сатысы, Г-6-ФД жетіспеушілігі, порфирия, 1 айға дейінгі жасқа, жүктілік, емшекпен емізу. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Қаназдық, қант диабеті, электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы, В тобының және фолий қышқылының жетіспеушілігі, жүйке жүйесінің, өкпенің бауырдың аурулары. Бронхиальды демікпе. Жедел нефрит кезінде ұсынылмайды, себебі бүйрек тінінде жоғары құнарлығы жиналмайды. Ұзақ емдеу кезінде, әсіресе егде жастағыларда, өкпе мен бауыр қызметін бақылау керек. Несепте глюкозаны анықтағанда жалған оң нәтижелері болуы мүмкін; несеп сары немесе қоңыр түске боялуы мүмкін. Дисульфирам тәрізді реакциялар тәуекеліне байланысты алкогол қабылдауға тыйм салынады; артериальды гипертензия және психикалық бұзылыстарға байланысты тамақтан тираминмен бай өнімдерді (ірімшік, шоколад ж.т.б.) алып тастайды. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: Сақтықпен. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Жанама әсерлері. Жүректің айнуы, сирек құсулар (тамақпен бірге қабылданғанда төмендейді), холестаз, сары ауру, гепатит; бастың ауруы, бастың айналуы, нистагм, бас ішінің гипертензиясы; шеткі полинейропатия; бөртпелер, тері қышымалары, есекжем, қызба, эксфолиативті дерматит; қызыл жегі тәрізді синдром; қынап кандидоз. Жедел (ентігу, жөтел, қызба, миалгия, эозинофилия, бронхоспазм) және созылмалы (пневмонит және өкпе фиброзы) өкпе реакциялары. Жедел гемолитикалық қаназдық (Г-6-ФД жетіспеушілігі кезде), сирек жағдайларда мегобластикалық қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения; жедел интерстициальды нефрит. Саудаға тіркелген атауы: Фуразолидон НИТРОФУРАНТОИН (NITROFURANTOIN) Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел цистит, созылмалы несеп жолдарының инфекциясы кезінде ұзақ супрессивті ем. П/о 0,4 г/тәулігіне тамақпен бірге 4 рет қабылдауға, алдын алу шаралары үшін – 0,05 г түнге. Кері көрсеткіштері Жүректің айнуы, сирек құсу (әлсіреуі тамақпен бірге қолданғанда); холестаз, сары ауру, гепатит; бастың ауруы, бастың айналуы, нистагм, бас ми ішінің гипертензиясы; шеткі полинейропатия; бөртпе, тері қышынулары, есекжем, қызба, эксфолиативті дерматит, қызыл жегі тәрізді синдром, қынап кандидозы. Жедел (ентігу, жөтел, қызба, миалгия, эозинофилия, бронхоспазм) және созылмалы (пневмонит және өкпе фиброзы) өкпе реакциялары. Жедел гемолитикалық қаназдық (Г-6-ФД жетіспеушілігі кезінде), сирек жағдайларда мегалобластикалық қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лекопения; жедел интерстициальды нефрит. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Қаназдық, қант диабеті, электролит тепе-теңдігінің бұзылуы, В тобының витаминдері мен фолий қышқылының жетіспеушілігі, жүйке жүйесінің, өкпенің, бауырдың аурулары. Бронхиальды демікпе. Жедел пиелонефрит кезінде ұсынылмайды, себебі бүйрек тіндерінде жоғары құнарлығы болмайды. Ұзақ емделу кезінде, әсіресе егде жастағыларда өкпе мен бүйрек қызметін қадағалау керек. Зәрде глюкозаның анықталуы жалған оң болуы мүмкін; зәр сары немесе қоңыр түске боялуы мүмкін. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен. Жаңа туылған нәрестелерде гемолитикалық қаназдық дамуы туралы мәліметтер бар. Емшекпен емізу: Жанама әсерлері. Жалпы 13,9-43%. Жоғары сезімталдық, анафилаксия, ангионевротикалық ісінулер, артралгия, қалтырау, қызба, экзема, миалгия, терінің қышынуы, пневмонит, эксфолиативті дерматит, Стивенса-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема. Гранулоцитопения, лейкопения, мегалобластикалық қаназдық, гемолитикалық қаназдық. Нейротоксикалық әсер, полиневропатия, көру жүйкесінің невриті. Бас ми қысымының жоғарлауы, бастың ауруы. Цианоз (метгемоглобинемия). Транзиторлы таздану. Гепатотоксикалық сары ауру, сары ауру, панкреатит, бауыр некрозы. Псевдомембранозды колит. Депрессия. АІЖ жағынан реакциялар (31,6%А): диарея, жүректің айнуы, құсу. Зәр түсінің сары түстен қоңыр түске дейін өзгеруі (препаратты алып тастауды қажет етпейді). Саудаға тіркелген атауы: Фурадонин. ФРАМИЦЕТИНА СУЛЬФАТ+ ГРАМИЦИДИН+ДЕКСАМЕТАЗОН (FRAMYCETIN+GRAMICIDIN+DEXAMETHAZONE) Шығарылу түрі. Көз және мұрын тамшылары 5 мг+50 мкг+500 мкг/мл Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Көздің беткейлік бактериальды инфекциялары, айқын қабыну немесе аллергиялық құраммен жүретін; блефарит; қабақтың инфицирленген экземасы; теріскен; аллергиялық конъюнктивит; кератит rosacea; склерит, эписклерит, иридоциклит, ирит; жедел және созылмалы сыртқы отит. Балалар мен ересектер Көз тамшысы: 1—2 тамшыдан 3—4 рет тәулігіне; қажет жағдайларда бірінші 1-2 тәулікте жиі қолданады. Құлақ тамшысы: 2—3 тамшыдан 3—4 рет тәулігіне. Кері көрсеткіштері Қарапайым ұшық және басқа да вирустар туғызған қасаң қабақ пен көздің кілегей қабағының инфекциялары; көз туберкулезі; көздің зең аурулары; Препараттың қандай да бір құрамына жоғары сезімталдық. Фрамицетиннен тұратын препаратты дабыл жарғағының перфорациясы жағдайларында қолданбауы тиіс. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Емдеу кезінде көздің ішкі қысымын бақылау керек. Препаратты қолдану 7 күннен аспауы керек, тек аурудың оң динамикасы кезінде ғана болады, себебі препараттың құрамына кіретін глюкокортикостероидтарды ұзақ қолдану, жасырын жүретін инфекцияларды жасыруы мүмкін, ал микробтарға қарсы құрамды ұзақ қолдану, микрофлораның тұрақтылығын туғызады. Сонымен қатар қарқынды ұзақ емдеу курсы жалпы жүйелік әсер етуі мүмкін. Препаратты емдеу үшін қолданатын науқастар, көрудің бұлынғырлану салдарынан, көлік жүргізуден немесе жоғары көруді талап ететін механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: Қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Емшекпен емізу: Қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ. Жанама әсерлері. Көздің ішкі қысымының жоғарлауы, катарактаның түзілуі; қасаң қабақтың жұқаруына әкелетін аурулар кезінде, қасаң қабақтың тесілуі, аллергиялық реакциялар (ауырсыну, күйдіру, қышыну, дерматиттер). Саудаға тіркелген атауы: Фрамицетина сульфат+Грамицидин+ Дексаметазон 6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар. ДАПСОН (DAPSONE) Шығарылу түрі. Таблеткалар 25 мг, 50 мг, 100 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Пауцибациллярлы және мультибациллярлы алапес. 4-5 апталық циклмен бір мезгілдік әр 6 күндік үзіліспен қолданады, алғашқы 2 апта – ішке, ересектерге 50 мг-нан күніне 2 реттен, келесі 3 аптада 100 мг-нан күніне 2 реттен; кейін 2 аптаға үзіліс жасайды, одан кейін екінші циклді сол кестемемен бастайды; емдеу курсы - 4 цикл; төртінші циклден кейін – 1-1,5 айға үзіліс жасайды. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық, ауыр қаназдық, бауыр жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Қаназдық (ауыр қаназдықты емді бастар алдында емдеу қажет және емделу кезінде қанның формалық элементтерінің санын бақылау керек); гемолизге бейім болуы, Г-6-ФД жетіспеушілігі (нәрестелерді емшекпен емізуді қоса); жүктілік, порфирия. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: Сақтықпен. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Жанама әсерлері. Гемолиз және метгемоглобинемия; аллергиялық дерматит; сирек - гепатит және агранулоцитоз; «дапсон синдромы», мононуклеозге ұқсас, сирек – жоғары сезімталдық реакциялары келесі симптомдармен, бөртпе, қызба, сары ауру және эозинофилия; асқазан-ішек тітіркенуі, тахикардия, бастың ауруы, ұйқының қашуы, ашуланшақтық, парестезия, қайтымды шеткі невропатия және психоз. Саудаға тіркелген атауы: Дапсон КЛОФАЗИМИН (CLOFAZIMINE) Шығарылу түрі. Капсулалар 50 мг, 100 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Мультибациллярлы алапес, 2-ші типті алапесті реакциялар. Мультибациллярлы алапес (дапсон және рифампицинмен біріктіріп қолдану) п/о: ересектерге 50 мг-нан күніне 1 рет және 300 мг-нан 1 реттен айына; балаларға 10-14 жастағы 50 мг-нан күн ара және 150 мг-нан 1 реттен айына; емді 12 ай бойы жалғастыру керек. 2-ші типті алапесті реакциялар – п/о ересектерге және балаларға 200-300 мг-нан күніне 2 немесе 3 қабылдауға; емді 4-6 аптаға дейін жалғастыру қажет болуы мүмкін, тиімді әсерге қол жеткізгенше. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық, бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Асқазан-ішек бұзылыстары (мөлшерін төмендету қажет, қабылдау арасын ұлғайту немесе қабылдауды доғару, егер емдеу кезінде симптомдар күшейсе); бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік және емшекпен емізу; жұмсақ жанаспалы линза түссізденуі мүмкін. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: Сақтықпен. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Жанама әсерлері. Тері беткейінің, шаштың, қасаң қабақтың, көздің кілегей қабығының, жастың, терінің, қақырықтың, нәжістің және зәрдің қайтымды боялуы; мөлшерге тәуелді асқазан-ішек симптомдары, іштің ауырсынуы, жүректің айнуы, құсу және диарея; ауыр кілегей және кілегей асты ісінулер, үлкен мөлшерін ұзақ қолданғанда ауыр және жай өрбитін аш ішектің өтпеуі болуы мүмкін. Саудаға тіркелген атауы: Клофамизин. РИФАМПИЦИН (RIFAMPICIN) Шығарылу түрі. Капсулалар 150 мг, 300 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Мультибациллярлы алапес (дапсонмен біріктіру), пауцибациллярлы алапес. Мультибациллярлы алапес типтерін емдеу үшін – п/о ересектерге 600 мг-нан айына 1 рет дапсонмен біріктіріп (100 мг-нан тәулігіне 1 реттен) және клофазиминмен (50 мг-нан тәулігіне1 реттен, қосымша қолдану 300 мг-нан айына 1 рет); балаларға – 10 мг/кг айына 1 реттен дапсонмен (1-2 мг/кг/тәу) және клофазиминмен біріктіріп (50 мг-нан күн ара, қосымша қолдану 200 мг-нан айына 1 рет), емнің ұзақтығы 2 жыл. Пауцибациллярлы алапес типтерін емдеу үшін – п/о ересектерге 600 мг-нан айына 1 рет, дапсонмен біріктіріп – 100 мг-нан (1-2 мг/кг) тәулігіне 1 рет; балаларға – 10 мг/кг айына 1 рет, дапсонмен біріктіріп – 1-2 мг/кг/тәулігіне, емдеу ұзақтығы 6 ай. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық; сары ауру, жуырда болған инфекциялық гепатит (1 жылдан аз), емшекпен емізу, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, ауыр өкпе-жүрек жетіспеушілігі, емшек жастағы бала. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Бауыр бұзылыстары кезінде бауыр қызметін бағалау және алкогольді тәуелділік кезінде және ұзақ емдегенде егде жастағылардың қан формалық элементтерін санау; бүйрек жетіспеушілігі, пероральды ұрықтануға қарсы дәрілерді қолданатын науқастарға қосымша сақтық шараларды қолдану. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: Сақтықпен. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Жанама әсерлері. Анорексия, жүректің айнуы, құсу, диарея; бастың ауруы, ұйқышылдық, қызба, коллапс, шок, гемолитикалық қаназдық, жедел бүйрек жетіспеушілігі және тромбоцитопениялық пурпура – көбінесе үзілісті емдеу кезінде; бауыр қызметінің өзгеруі – сары ауру және потенциальды өлім гепатит (мөлшерге тәуелді; күндізгі ең жоғарғы 600 мг-ға мөлшерді жоғарлатпау керек); ісінулер, бұлшық ет әлсіздігі және миопатия, улы эпидермальды некролиз; лейкопения, эозинофилия, етеккір циклінің бұзылуы; зәрдің, сілекейдің және қақырықтың қызыл-сары түске боялуы. Саудаға тіркелген атауы: Рифамиицин. 6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар. Полиенді антибиотиктер НИСТАТИН (NISTATIN) Шығарылу түрі. Таблеткалар 500 000 ЕД; қынап балауыздары 250 000 ЕД Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. АІЖ шырышты қабатының, терінің кандидозы, қынап кандидозы. П/о ересектерге 500 мың-1 млн ЕД; балаларға 1 жасқа дейін – 100-125 мың ЕД, 1 жастан 3 жасқа дейін – 250 мың ЕД, 3 жастан үлкен – 250-500 мың ЕД 3-4 р/тәулігіне. Қынап ішіне 1-2 р/тәулігіне. Курс ≤ 7-10 тәулігіне. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Науқасты қатаң бақылау қажет. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: Сақтықпен. Қалаусыз әсерлер суреттелмеген Емшекпен емізу: Сақтықпен. Жанама әсерлері. Дірілдеу, қызба, бас және бұлшық еттің ауруы, тырысулар, көкіректің ауруы, жүректің айнуы, құсу, АЛТ, АСТ транзиторлы жоғарлауы, гемолиз, қаназдық, тромбоцитопения, интерсициальды нефрит, тубулярлы ацидоз, Спл несепнәр, қалдықты азот және креатининнің жоғарлауы, гипокалиемия, гипомагниемия, миокард қызметінің бұзылуы, тромбофлебит. Саудаға тіркелген атауы: Нистатин АМФОТЕРИЦИН В (AMPHOTERICIN B) Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 50 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жүйелік микоздар (кандидоз, аспергиллез, криптококкоз, бластомикоз, зигомикоз, споротрихоз, кокцидиоидомикоз, паракокцидиоидомикоз, гистоплазмоз), эмпириялық антифунгальды терапия. Ересектерге 0,5-1 мг/кг/тәулігіне (бір реттік жоғары мөлшер 1,5 мг/кг) к/т тамшылатып (5% глюкоза ерітіндісінде жылдамдығы 0,2-0,4 мг/кг/сағ). Балаларға: бастапқы мөлшер 0,1-0,15 г/кг/тәулігіне 0,25-0,5-1 г/кг/тәулігіне дейін жоғарлату. Ем ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты болады. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық, ауыр бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі, қан түзілу жүйесінің ауруы, қант диабеті. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Жүктілік, емшекпен емізу. Науқасты қатаң қадағалау керек, қан көрсеткіштерін, бауырмен бүйрек қызметін, Спл элекатролиттерін. Тез енгізуден қашу керек. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ Жанама әсерлері. Саудаға тіркелген атауы: Амфотерицин В, Амфолин, Фунгизон Имидазолдар КЕТОКОНАЗОЛ (KETOCONAZOLE) Шығарылу түрі. Таблеткалар 200 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Терінің кандидозы, кебек тәрізді теміретке, майұра экземасы, қынап кандидозы, аяқтың дерматомикозы (200 мг- нан тәулігіне 4 апта бойыА), онихомикоздар (200-400 мг/тәу 3-12 ай), жүйелік зеңді инфекциялар (бластомикозВ, гистоплазмозВ, кандидозВ, паракокцидиомикоз, хромомикоз, зеңді сепсисВ – 200-400 мг/тәу 4-6 апта). П/о тамақпен бірге 1 р/тәулігіне: ересектерге және жасөспірімдерге – 0,2-0,4 г/тәулігіне; курс 1-4 апта, онихомикоз кезінде – 6-12 айға дейін. 2 жастан және үлкен балаларға вульвовагинальды кандидоз, паронихия, зеңді пневмония, сепсис кезінде: 5-10 мг/кг бір реттен 5 тәулік бойы. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық, ауыр бауыр жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу, бір мезгілде цизапридті, мизоластинді, дофетилидті, хинидинді, симвастатинді, ловастатинді, мидазоламды, триазоламды қолдануда; 2 жасқа дейінгі балаларға. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Бауыр қызметін мониторинг жасау қажет: емдеуге дейін бауыр тесттерін жүргізу, екі аптадан кейін және 1 айда бір рет. 50 жастан үлкен әйелдерге бүйрек үсті безінің қызметі бұзылған кезде п/о сақтықпен тағайындайды. ДЗ әрекеттесуінің тәуекелі жоғары. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда эмбриотоксикалық және тератогенді әсер бар. Эстроген синтезінің бұзылуы мүмкін. Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Жанама әсерлері. Жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, бастың ауруы, бөртпелер, есекжем, қышынулар, тромбоцитопения, парестезия, жарықтан қорқу, бастың айналуы, гинекомастия, олигоспермия, бедеулік, етеккір циклінің бұзылуы, бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарлауы, сары ауру, гепатит (>14 тәліктен қолданған кезде өлім тәуекелі жоғарлайды). Саудаға тіркелген атауы: Низорал, Микозорал. Триазолдар ИТРАКОНАЗОЛ (ITRACONAZOLE) Шығарылу түрі. Капсулалар 100 мг; ішке қолдануға арналған ерітінді 10 мг/мл Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Дерматомикоздар, кебекті теміреткі, онихомикоздар; өңештің, терінің және шырышты қабақтың, тырнақтың кандидозы, кандидозды паронихия; вульвовагинит; криптококкоз; аспергиллез; споротрихоз; гиалогифомикоздар; мицетома; хромомикоз; бластомикоз; кокцидиоидоз, пенициллиоз. П/о тамақпен бірге. Дерматомикоздар кезінде: ересектерге 0,1-0,2 г 1 р/тәулігіне 7-15 күндей және одан көп. Онихомикоз кезінде пульс-терапия қолданылады немесе үздіксіз ем. Пульс-терапия – 0,2 г 2 р/тәулігіне 7 тәулік. 2-3 курс 3 апталық үзіліспен жүргізеді. Үзіліссіз қолдану 0,2 г-нан 1 р/тәулігіне 3 ай. Қынап кандидоз кезінде: 0,2 г 2 р/тәулігіне 1 күн немесе 0,2 г 1 р/тәулігіне 3 тәулік. Орофарингеальды кандидоз кезінде: 0,1 г 1 р/тәулігіне 7-14 тәулік. Жүйелік аспергиллез, кандидоз, гистоплазмоз, бластомикоз және т.б. кезінде: 0,2-0,8 г-нан 1-2 ай 1 жылға дейін. Кері көрсеткіштері Аллергиялық реакциялар, жүктілік, емшекпен емізу, бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары, 16 жасқа дейін. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Ауыр бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі. Ұзақ қолданған кезде бауыр қызметін бақылау керек. ДЗ әрекеттесу тәуекелі жоғары. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда эмбриотоксикалық және тератогенді әсер бар. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Жанама әсерлері. Іштің ауруы, жүректің айнуы, диарея; бастың ауруы; трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, холестазды сары ауру, гепатит; ісінулер, гиперкалиемия, гипонатриемия, гипогликемия, шеткі нейропатия, етеккір қызметінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар. Саудаға тіркелген атауы: Орунгал. ФЛУКОНАЗОЛ (FLUCONAZOLE) Шығарылу түрі. Капсулалар 50 мг; 100 мг; 150 мг; к/т енгізу үшін флакондағы ерітінді 2 мг/мл; сироп 5 мг/мл Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Инвазивті кандидоз, сонымен қатар ОЖЖ зақымдалуы, тері, шырышты қабақтың, өңештің кандидозы, кандидозды паронихия, онихомикоз, вульвовагинит, криптококкоз, дерматомикозы, кебекті теміретке, жүйелік трихоспороноз, жүйелік малассезиоз, кокцидиоидоз, бластомикоз, эмпириялық антифунгальды терапия; инвазивті кандидоздың алдын алу шаралары. Криптококкоз, жүйелік кандидоз кезінде: к/т, п/о ересектерге 1-ші күні 0,4 г, кейін 0,2-0,4 г/тәулігіне 1 қабылдауға. Ұзақтығы 4-10 апта. Орофарингеальды кандидоз кезінде: п/о 0,1-0,2 г/тәулігіне 3-14 тәулік бойы. Қынап кандидозы кезінде: п/о 0,15 г/тәулігіне бір рет немесе қайталау. Онихомикоз кезінде: п/о 0,15 г-нан 1 р/аптасына 3-12 ай. Эмпириялық антифунгальды терапия, инвазивті кандидоздың алдын алу шаралары үшін: 0,4 г/тәулігіне. Балаларға жалпыланған кандидозды және криптококкты инфекциялар кезінде (сонымен қатар менингите): к/т, п/о 12-15 мг/кг толық тазаланғанша. Орофарингеальды кандидоз кезінде: 5-10 мг/кг/тәулігіне 3-14 тәулік бойы. Алдын алу шаралары мақсатымен: 6-10 мг/кг/тәулігіне. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Жүктілік, емшекпен емізу. Ұзақ қолданған кезде бауыр қызметін, ДЗ әрекеттесуін бақылау керек. Балаларға препаратты ересектерден жоғары болатын, тәуліктік мөлшерде қолдануға болмайды. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда эмбриотоксикалық және тератогенді әсер бар. Эстроген синтезінің бұзылуы мүмкін. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтінде жоғары деңгейде. Баланың ішек флорасына әсер етуі мүмкін. Жанама әсерлері. Іштің ауруы, жүректің айнуы, құсу, диарея, тері бөртпелері. Саудаға тіркелген атауы: Флуконазол, Флукозан, Дифлазан, Микосист
6.4. ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР 6.4.1. ҰШЫҚ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР. АЦИКЛОВИР (ACICLOVIR) Шығарылу түрі. Таблеткалар 200 мг; флакондағы ұнтақ 250 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. ВПГ-1 және ВПГ-2 туғызған тері мен шырышты қабаттың инфекциялары; белдеулене теміреткі; иммунды статусы бұзылмаған ересек науқастардағы жел шешек; иммунитеті төмендеген науқастардағы бейімді ВПГ инфекциясының алдын алу шаралары. П/о: ересектерге 0,2 г 5 р/тәулігіне, балаларға 3 айдан-2 жас – 0,1 г, 2 жастан үлкендерге – 0,2 г әр 8 сағат сайын 5 тәулік. Жел шешек пен белдеулене теміреткі кезінде – 0,8 г-нан 5 р/тәулігіне 7 тәулік, 2 жасқа дейін – 0,2 г-нан 4 р/тәулігіне, 2-5 жасқа – 0,4 г-нан 4 р/тәулігіне, 6 жастан үлкен – 0,8 мг-нан 4 р/тәулігіне. К/т тамшылатып: ұшық инфекциясы кезінде, жыныс мүшелерінің ауыр ұшықтарында және белдеулене теміреткі кезінде – 5 мг/кг әр 8 сағат сайын 5 тәулік; иммунокомпрометирленген науқастар мен менингоэнцефалит кезінде – 10 мг/кг әр 8 сағат сайын 10 тәулік. Кері көрсеткіштері Жоғары сезімталдық, 3 айға дейінгі жас балаларға – к/т енгізу. Сақтандыру. Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Бүйрек қызметінің бұзылуы, нефротоксикалық препараттармен бір уақытта қолдану, неврологиялық бұзылыстар (сонымен қатар анамнезенде). Егер жел шешек жеңіл түрде жүргенде балаларға тағайындау ұсынылмайды. Жүктілік кезде және емшекпен емізу кезінде тек өмірге қажетті көрсеткіштер бойынша тағайындайды. К/т ұзақ инфузия түрінде енгізеді, болюсты енгізу кезінде ЖБЖ дамуымен бүйрек түтікшелерінде кристаллдардың түзілуінің тәуекелі жоғарлайды. Жеткілікті гидратацияны ұстап тұру қажет, әсіресе егде жастағыларда және үлкен мөлшерде қолданған кезде. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара. Жүктілік: FDA категориясы В. Егер потенциальды пайда тәуекелден басым болса, жүйелік қолдану мүмкін. Қынапты ұшықтың алдын алу шаралары мен емдеу үшін қолдануға болмайды. Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Жанама әсерлері. Бөртпелер, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу, диарея, бауыр ферменттерінің белсенділігі мен Спл билирубиннің жоғарлауы, лейкопения, тромбоцитопения; к/т енгізу кезінде жергілікті реакциялар (некрозға дейін), ЖБЖ, елестер, тырысулар, психоздар, кома. Саудаға тіркелген атауы: Ацикловир, Зовиракс, Медовир 6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
Ең тиімді алдын алу шараларына вакцинация жатады. Алдын алу шаралары мен емдеу мақсатымен ремантадин қолданылуы мүмкін. Осельтамивир мен занамивир де тиімді. ОСЕЛЬТАМИВИР (OSELTAMIVIR) Шығарылу түрі. Капсулалар 75 мг, ауыз арқылы қолданылатын суспензия дайындау үшін ұнтақ 30 мг Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ересектер мен 12 жастан үлкен балалардағы А және В тұмауларын емдеу. П/о (тамақпен бірге) ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға 0,075 г-нан 2 р/тәулі
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-06-26; просмотров: 549; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.140.100 (0.01 с.) |