Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Антибиотиктік алдын алу шаралары

Поиск

 

Хирургиялық антибиотикті алдын алу шаралары деп хирургиялық немесе басқа инвазиялық араласулар салдарынан туындайтын, әлде сонымен тікелей байланысы бар инфекцияның алдын алуды айтады. Бұл анықтама шеттетуге бағытталған араласулардағы фонды инфекцияны емдеуді қарастырмайды. Антибиотикалық алдын алу шараларының фармакокинетикалық мәніне антибиотиктердің тиімді құнарлығының тіндердегі олардың микробты контаминациясының мүмкіндіктеріне қол жеткізу жатады және операцияның барлық барысында және операциялық араласулардан кейін бірінші 3-4 сағат ішінде антибиотиктерді терапиялық белсенді деңгей ұстап тұру жатады.

Хирургиялық алдын алу шаралары үшін антибиотиктер келесі мақсаттарға жетуі тиіс:

· операциялық көлем аймағының тіндерінде операциядан кейінгі инфекцияның дамуын шеттету немесе оның даму мүмкіндіктерін азайту.

· операциядан кейінгі инфекциялық ауруларды және өлімді шеттету.

· науқастың стационарда болу мерзімін қысқарту.

· емнің бағасын төмендету.

· антибиотиктердің тиімділігін науқастың қалыпты бактериялық флорасына жақындату.

· қалаусыз ықпалдарын азайту.

· спецификалық емес тұрақтылықтың иммунды жүйеге қалаусыз әсерін азайту.

 

Жаңа кезеңдегі антибиотикалық алдын алу шаралары келесі принциптерге негізделінеді:

· тіпті асептикалық және антисептикалық ережелерді сақтағанның өзінде де, операциял-қ жараның микробты контаминациясынан қашу мүмкін емес. Операция соңында 80-90% жағдайларда жаралар әртүрлі микрофлорамен себіледі, көбінесе стафилококктармен;

· антибиотикалық алдын алу шараларын жүргізгенде бактериялардың толық эрадикациясына ұмтылудың қажеті жоқ. Шамалы олардың санының азаюы, иммунды жүйенің жұмысын жеңілдетеді және ірінді инфекция дамуының алдын алады;

· операциялық жарада антибиотиктердің тиімді құнарлығы операцияның алдында қол жеткізілуі керек және оның аяқталуына дейін сақталуы тиіс;

· алдын алу шаралары мақсатымен антибиотиктерді көк тамырға енгізу көбінесе операцияның алдында 30-40 минут бұрын жүргізіледі; мөлшерін қайта енгізу егер операция ұзақтығы антибиотиктердің жартылай шығару кезеңінен 2 есе артық болса жүргізіледі.

· операциядан кейінгі 24 сағаттан соң антибиотиктерді енгізу антибиотикалық алдын алу шараларының тиімділігінің жоғарлауына әкелмейді.

 

Антибиотикалық алдын алу шаралары міндетті түрде келесі жағдайларда болуы тиіс:

· асқазан-ішек жолдарына кіру орыны бар барлық хирургиялық араласулар (дәлелдеу дәрежесі А) - өңешке, асқазан, ішек, өт жолдары;

· ауыз жұтқыншаққа енумен жүретін хирургиялық араласулар (дәлелдеу дәрежесі А) (дәлелдеу дәрежесі А);

· тамыр операциялары және құрсақ тамырларына немесе аяқтың тамырларына, стентті қою тамыр операциялары (дәлелдеу дәрежесі А);

· медианалық стернотермиямен жүрекке жасалатын операция (дәлелдеу дәрежесі А);

· гистероэктомия (дәлелдеу дәрежесі А); кесар тілігі мен басқа жатыр ішіне кіретін операциялар (дәлелдеу дәрежесі А);

· үнемі протезді қондырумен жүретін барлық операциялар (дәлелдеу дәрежесі В).

 

Келесі емшараларға антибиотикалық алдын алу шаралары міндетті түрде қажет емес:

· Жарықты тілу ((дәлелдеу дәрежесі B); инфекциялық тәуекелі аз басқа да "таза"операциялар үшін (дәлелдеу дәрежесі В);

· "Өштілігі ең аз" емшерелер (дәлелдеу дәрежесі С). «Өштілігі ең аз емшараларда» лапароскопия немесе лапароскопиялық холицистоэктомия сияқты типтерде антибитикалық алдын алу шаралары қолдансын деген нұсқаулар жоқ.

· Ашық урологиялық операциялар (дәлелдеу дәрежесі B). Трансуретралық операциялар туралы әдебиеттегі мәліметтер бәсекелестік. Кез келген несеп жолдарына жүргізілетін емшаралар алдында бактериурияны жою дұрыс сияқты.

· Нәрестелерге операциялар (дәлелдеу дәрежесі С). Көбінесе хирургтар – педиатрлар барлық балаларға < 30 күнге дейін антибиотикалық алдын алу шараларын жүргізеді. Бірақ бұл тәжірибені негіздейтін мәліметтер жоқ.

 

Жалпы операция алдындағы антибиотикалық алдын алу шаралары келесі жағдайларда инфекцияның даму тәуекелін төмендету арқылы клиникалық артықшылықтарын көрсетеді.

 

  Асқазан-ішек жолдарының мүшелеріне оперативті араласуларда инфекцияның даму дәрежесінің тәуекелі жоғары. Оларға асқазанның қатерлі ісігі, жара аурулары, ішектің бітелуі немесе асқазан-ішек жолдарынан қан кету, асқазанның сілтілік қышқыл өнімін төмендететін операциялар, сонымен қатар патологиялық семіздік бойынша асқазанға жасалатын операциялар жатады.
  Өт шығару жолдарына жүргізілетін хирургиялық араласуларда инфекцияның даму дәрежесінің тәуекелі жоғары, оған кіретін операциялар: 60 жастан үлкен науқастарда, жедел қабыну үдерістерінде, жалпы өзектен тастарды алып тастау, механикалық сары ауру бойынша, сонымен қатар өт жолдарына алдын хирургиялық немесе эндоскопиялық араласулар жатады.
  Тоқ немесе аш ішектің резекциясы және анастомоздар қойғанда.
  Кардиохирургиялық операциялар, қол жеткізу үшін ортаңғы стернотомияны қолданады.
  Аяқ тамырлары мен құрсақ аортасына операциялар.
  Қан айналым бұзылыстарындағы аяқтың ампутациясы, әсіресе ишемиялық жараларда.
  Гистерэктомия.
  Провизорлы кесар тілігі.
  Мойынның жұмсақ тіндерін қолдану арқылы ауыз өңештеріне операция жасау.
  Бас сүйегінің трепанациясы.
  Кез келген ұзақ протезді материалдардың имплантациясы.
  Кез келген белгіленген массивті бактериальды контаминация жаралары.
  Жарақатты зақымданулар массивті контаминациямен және тіндердің үлкен зақымдануларымен. Бұл жағдайларда антибиотиктерді көк тамырға және мүмкіндігінше тезірек енгізу керек. Барлығынан да антибиотиктерді құрсақты тесіп өтетін жаралар мен ашық сынықтарды қолданылуы туралы жақсы зерттелген.
  Зақымданулар, бұлшық еттің үлкен некрозы салдарынан клостридиальды инфекцияның дамуымен, массивті контаминациямен және/немесе тіндердің қан айналымының бұзылуымен қауіпті.
  Қосымша жүрек клапандарының зақымдалуы (инфекциялық некроз дамуының алдын алу үшін).

 

Бір де бір антибиотик немесе біріктірілген антибиотиктер барлық операцияларда мінсіз алдын алу шаралары үшін қарастырылуы мүмкін емес. Антибактериальды препараттарды талдау оның бактериальды асқынуларда экзогенді және эндогенді қоздырғыштардың потенциальды қатынасына тиімділігін ескеріп, сонымен қатар оны көтере алуы мен бағасынна қарай жүргізіледі. Алдын алу шаралары үшін антибиотиктер белсенділігі тар спектрлі болуы тиіс, мүмкіндігінше негізгі қамтитын, бірақ операциядан кейінгі асқынулардағы барлық қоздырғыштарды қамтымайтын, бұл кезде алдын алу шараларының ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Алдын алу шараларының мақсаты үшін ең қауіпсіз антибиотиктерді талдау, емге қарағанда өте маңызды, себебі бұндай жағдайларда препарат операцияға бағытталған барлық науқастарға тағайындалынады.

Алдын алу шараларындағы антибиотиктер үшін қойылатын тиімді талаптар:

- препарат операциядан кейінгі асқынулардағы негізгі қоздырғыштарға қарағанда белсенді болуы керек;

- препарат тіндерге жақсы өтуі керек – тәуекелді инфицирлену аймағына және плазманың ақуыздарымен нашар байланысуы;

- бір рет енгізгеннен кейінгі антибиотиктің жартылай шығарылу кезеңі қандағы және тіндегі бактериоцидтік құнарлығы операция бойы ұстап тұрушы деңгейде болуы тиіс;

- антибиотиктің улылығы төмен болуы тиіс;

- препарат анестезияда қолданылатын дәрілермен әрекеттеспеуі керек, әсіресе миорелаксанттармен;

- антибиотик патогенді микроорганизмдердің тұрақтылығының тез дамуын туғызбауы тиіс;
- препарат бағасы/ықпалы жағынан тиімді болуы керек.

Алдын алу шаралары үшін, емге қолданылатын кең спектрлі антибиотиктер қолданылмауы тиіс (төртінші ұрпақтың цефалоспориндері, карбапенемдер, фторхинолондар, уреидопенициллиндер). Бактериостатикалық әсері бар препараттарды қолдануға болмайды (тетрациклиндер, хлорамфеникол, сульфаниламидтер). Бактериостатиктерді тағайындау тез ықпалға қол жеткізбейді және микроорганизмдер себілген жара беті мен тіндерді «санация» жасай алмайды. Жартылай шығу кезеңі өте қысқа препараттарды қолдану ұсынылмайды (бензилпенициллин, ампициллин). Бұндай препараттарды қолдану тек өте қысқа операцияларда, әлде препараттарды әр 1-2 сағатта жиі енгізу қажет. Сол сияқты бактериялардың антибиотикке табиғи немесе жүре пайда болған жоғары тұрақтылық деңгейі анықталғанда тағайындамайды (пенициллин, ампициллин, амоксициллин, карбенициллин, гентамицин, котримоксазол), сонымен қатар тез тұрақтылық пайда болатын препараттарды бермейді (карбенициллин, тикарциллин, пиперациллин және азлоциллин). Улы препараттарды қолданбау керек (гентамицин, басқа аминогликозидтер, нетилмициннен басқасын, полимиксиндер). Бұл препараттардың жоғары улылығы көптеген науқастарда жанама әсерлерді туғызуы мүмкін және ем қоспасының шамадан қымбаттатуына әкеледі. Қан кету тәуекелін жоғарлататын заттарды қолданбау (цефамандол, цефотетан, цефоперазон, карбенициллин, тикарциллин, пиперациллин және азлоциллин).

 

Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар

1. Антибиотикалық алдын алу шаралары мен антимикробты ем принциптерінің негіздерін қатаң сақтау.

2. Жергілікті мәліметтерді ескеріп антибиотикалық тұрақтылық бойынша, антибиотиктерді тағайындау.
3. Бастапқы эмпириялық емге түзетулерді микробиологиялық зерттеулер мен науқастың динамикасындағы жағдайларына қарап жүргізу.

4. Мүмкіндігінше дәлелденген ықпалы бар, қысқа антимикробты ем тағайындау.

5. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақты штаммдарымен инфицирленген немесе колонизирленген ауруханаға түскен науқастарды оқшаулау.

6. Тұрақтылықты мониторинг жасау және эпидемиологиялық бақылау поликлиникада да және стационарда да қалыптасуы тиіс.

6.2.1. β-лактамды дәрілік заттар

β-лактамды антибиотиктер жаңа кезеңдегі бактерияларға қарсы химиотерапияның негізін құрайды. Барлық бета-лактамды антибиотиктерге жататын пенициллиндердің, цефалоспориндердің және карбапенемдердің жалпы құрылысы бірдей; олар бактерицидтік әсерге ие, ал әсер ету механизмдері бактерияның жасуша қабырғасының пептидогликан-мукопептидтерін бұзумен байланысты. Кеңінен таралған тұрақтылықтың түзілу механизміне бактериялардың β-лактамазаныөндіру жатады (β-лактамды сақинаны бұзатын ферменттер). Бензилпенициллин және феноксиметилпенициллин грамм оң және грамм теріс бактериялар, спирохет және актиномицет штамм сезімталдығына әсер етеді, бірақ олар пенициллиназамен немесе басқа да бета-лактамдармен әсерсізденеді. Бензатин бензилпенициллин және прокаин бензилпенициллин ұзақ әсер ететін препараттар, бензилпенициллинді енгізгеннен кейін баяу босатылады. Асқазанның қышқылды ортасына және пенициллиназаға тұрақтылығы жоғары - көптеген жаңа пенициллиндер саны –– 6-шы қалыптағы аминтобын 6-аминопенициллан қышқылымен ығыстыру жолымен синтездеген. Клоксациллин (Рессейде тіркелмеген) стафилококк пенициллиназасына тұрақты изоксазоилонды пенициллинге жатады. Рессейде оксациллин қолданылады. Кең спектр әсерлі пенициллиндер, ампициллин сияқты, қышқылға тұрақты және грамм оң мен грамм теріс бактерияларға белсенді әсер етеді, бірақ пенициллиназамен әлсіздендіреді. Кейде грамм оң және грамм теріс бактериялар өндіретін бета-лактамазды тежеу үшін, клавулан қышқылы сияқты, бета-лактамаз баяулатқыштары қажет.

Цефалоспориндер ұрпақтарына қарай жіктеледі, бірінші ұрпаққа грамм оң және кейбір грамм теріс бактерияларға әсер ететін препараттар жатады; екінші ұрпақтағы препараттар грамм теріс бактерияларға жақсы әсер етеді, ал үшінші ұрпақтағы цефалоспориндер кең спектрлі әсерге ие, бірақ бірінші ұрпақ препараттарына қарағанда грамм оң бактерияларға нашар әсер етеді, бірақ грамм теріс бактериялар Enterobacteriaceae және Pseudomonas aeruginosa жақсы әсер етеді.

Карбапенемдер Streptomyces cattleya өндіретін жартылай жасанды антибиотик туындылары. Олар кең спектрлі әсерге ие және көптеген пенициллиназа әсеріне тұрақты. Олар тек басқа антибиотиктерге тұрақтылық болғандағы ауыр инфекцияларда қолданылады.

Пенициллиндер олардың ми тінін тітіркендіретін әсеріне байланысты, энцефалопатия туғығызуы мүмкін. Бұл сирек, қауіпті жанама әсер өте жоғары мөлшерлерді қолданғанда немесе ауыр бүйрек жетіспеушілігінде тағайындағанда болуы мүмкін. Пенициллиндер интратекально (қапшық ішіне) енгізілмеуі тиіс, себебі олар өлімге аяқталатын энцефалопатияға әкелуі мүмкін.

ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚ

Пенициллиндердің негізгі жанама әсерлеріне өліммен аяқталатын тері бөртпелері және кейде анафилаксиямен жүретін жоғары сезімталдық жатады. Науқастың анамнезін алдыңғы аллергиялық реакцияларды анықтау үшін жақсылап жинау керек. Бөртпелер пайда болғанда препаратты басқа микробтарға қарсы дәрілермен ауыстыру керек. Пенициллинге аллергиялық реакциялар 1–10% адамдарда болады, ал анафилактикалық реакциялар емделген науқастардың 0,05% болуы мүмкін. Анамнезенде анафилаксия, уртикария немесе бөртпелер болған адамдарда, пенициллинді енгізгеннен кейін, тез пенициллинге жылдам дамитын жоғары сезімталдық реакциясы даму тәуекелі бар. Бұндай адамдарға пенициллинді, цефалоспоринді немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерді қолдануға болмайды. Науқаста бір пенициллинге аллергиясы болса, барлық пенициллиндерге де аллергиясы болады, ондай жоғары сезімталдық пенициллиндердің негізгі құрылысына байланысты, ал 10% пенициллинге сезімталдығы бар науқастар цефалоспориндер мен басқа да бета-лактамды препараттарға аллергиялық реакциялар көрсетеді. Анамнезенде шамалы бөртпелер (қосылмайтын бөртпелер, дененің кішкене шектеулі жерінде) немесе пенициллинді енгізгеннен кейін 72 сағаттан соң дамыған бөртпелер болған науқастарда, пенициллинге аллерния болмауы мүмкін, бұларға ауыр инфекциялар кезінде себепсіз пенициллиндерді қолданудан бас тартпау керек, бірақ аллергиялық реакция даму мүмкіндіктерін есте сақтау жөн және анафилаксияны емдеу үшін жағдайлар жеткілікті болу тиіс.

БЕНЗИЛПЕНИЦИЛЛИН

(BENZYLPENICILLIN, PENICILLIN G)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ұнтақ сауытта 500 000 ЕД, 1 000 000 ЕД

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Сезімтал флорамен туындаған бактериалды инфекциялар.

ЛОР аурулары: балалардағы жедел отитА - 50 мың ЕД/кг/тәу 4 реттен тәулігіне. Мұрынның, кеңірдектің инфекциясыС, ангина (стрептококкты тонзиллофарингит)В – 50-100 мың ЕД/кг/тәу 4 реттен тәулігіне. Басқа да стрептококкты инфекциялар (тілік, скарлатина)В – 50-100 мың ЕД/кг/тәу 4 реттен тәулігіне. ДифтерияВ – балаларға 50 мың ЕД/кг/тәу 5 күндей, кейін феноксиметилпенициллин. Ауруханадан тыс пневмококкты пневмонияВ, плевраның эмпиемасыD, бронхитD - 3 млн к/т әр 8 сағат сайын дене қызуы қалпына келгенше, кейін феноксиметилпенициллин; МенингитВ (балаларға алдын алу шараларында б/е 50 мың ЕД/кг 6 реттен тәулігіне 10 күндей), балалардағы пневмококкты немесе менингококкты менингит – 300 мың ЕД/кг/тәуС , к/т 10-20 млн ЕД тәулігіне, эндолюмбальді 5000 – 10 000 ЕД 1 реттен тәулігіне 2-3 күн, кейін б/е. Акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде ірінді-қабыну ауруларында (босанудан кейінгі эндометритА, гинекологиялық инфекцияларВ – к/т 3-5 млн ЕД әр 6-8 сағатта аминогликозидтермен, клиндамицинмен, цефотаксиммен біріктіріп. Мерез (біріншілік және екіншілік) – б/е 1 млн ЕД/тәу, 15 күндейВ, нейромерезВ – к/т 6 сағаттық инфузия 30 млн ЕД 10 күндей. ГонореяВ, уретритВ – 4,8 млн/тәулігіне пробеницидпен біріктіріп. Жедел және үстірт септикалық эндокардит – 10- 20 млн/тәу.

Б/е, к/т: ересектерге 2-12 млн ЕД/тәу. 4-6 ин., ауруханадан тыс пневмонияда – 8-12 млн ЕД/тәу 4-6 ин., менингит кезінде, эндокардитте, газды гангренада: к/т 18-24 млн ЕД/тәу 6 енгізуден.

Кері көрсеткіштері

Пенициллиндер мен басқа да β-лактамдарға жоғары сезімталдық. Қояншық (эндолюмбальды енгізу үшін). Гиперкалиемия, аритмия (калий тұздары үшін).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Дәрілік аллергия, бүйрек жетіспеушілігі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Ішек микрофлорасының өзгеруі, балада сенсибилизацияның, кандидоздың, тері бөртпелерінің болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Аллергиялық реакциялар (бөртпелер, есекжем, гемолитикалық қаназдық, нейтропения, тромбоцитопения), нейротоксикалық (үлкен мөлшерде енгізгенде немесе бүйрек жетіспеушілігінде).

Саудаға тіркелген атауы: Бензилпенициллин, Бициллин 5, Ретарпен

БЕНЗАТИНА БЕНЗИЛПЕНИЦИЛЛИН

(BENZATHINE BENZYLPENICILLIN)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін сауыттағы ұнтақ

1 200 000 ЕД, 2 400 000 ЕД

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Трепонема туғызған аурулар: мерезА - 2,4 млн ЕД әр 5-7 тәулігіне (2-3 ин.). Бозғылт трепонема туғызған басқа да аурулар - фрамбезия – 1-2 инъекциядан 1,2 млн-нан ЕД. Стрептококкты инфекция, В тобының стрептококкы туғызған инфекциялардан басқа – жедел тонзиллитВ, скарлатинаD, жаралы инфекциялар мен жаралы инфекциялардың алдын алу шараларындаB – б/е 2,4 млн бір рет, тілікті қабынуВ -1, 2 млн ЕД әр 15 тәулікте, ревматизмнің алдын алу шараларындаВ - 1,2 млн ЕД 1 рет 3 аптада, науқаспен қатынаста болған балалардағы скарлатинаның алдын алу шараларында – 1,2 млн ЕД 1 рет аптасына.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар цефалоспориндерге, карбапенемдерге және басқа да пенициллиндерге), бронхиалды демікпе, пішен лихорадкасы, аллергиялық көріністерге бейім болу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Алергияның бірінші көріністерінде емді бірден доғару керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Ішек микрофлорасының өзгеруі, балада сенсибилизацияның, кандидоздың, тері бөртпелерінің болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Бастың ауруы, қаназдық, тромбоцитопения, лейкопения, коагуляцияның бұзылуы, аллергиялық реакциялар (тері мен шырышты қабаттағы бөртпелер, есекжем, дене қызуының жоғарлауы, эозинофилия, буындардың ауруы, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок); жергілікті көріністер: енгізілген жердің ауырсынуы, инфильтраттар, абсцесстер, жылан көздері, шеткі невриттер.

Саудаға тіркелген атауы: Бензатина бензилпенициллин.

АМПИЦИЛЛИН

(Ampicillin)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг; капсулалар 250 мг, 500 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 500 мг, 1000 мг; суспензия 125/5 мл флаконда

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел ортаңғы отит, жедел синусит, созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс пневмония, өт шығару және несеп жолдарының инфекциясы, шигеллез, сальмонеллез, менингит, бактериальды эндокардит (гентамицинмен немесе стрептомицинмен біріктіру).

Ішке, тамақты қолдануға байланыссыз, ересектер үшін бір реттік мөлшер — 0,5 г, тәуліктік — 2–3 г. Орташа ауырлықпен жүретін инфекция кезінде ересектерге б/е 0,25–0,5 г әр 6–8 сағатта енгізіледі, ауыр инфекциялар кезінде — 1–2 г-нан әр 4–6 сағатта немесе к/т 0,5 г-нан әр 6 сағатта. 1 айға дейінгі балаларға тағайындалмайды, одан жоғары жастағыларға дене салмағына шаққанда 100–200 мг/кг енгізеді, тәуліктік мөлшерді 4-6 қабылдауға бөледі. Емдеу ұзақтығы жағдайдың ауырлығына және емнің тиімділігіне тәуелді (5–10 күннен 2-3 аптаға дейін).

Кері көрсеткіштері

β-лактамды препараттарға жоғары сезімталдық, инфекционды мононуклеоз.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Аллергия. АМП пенициллиндер тобының барлығына айқастық болып келеді. Кейбір науқастарда цефалоспориндерге аллергиясы болса, пенициллиндерге де аллергиясы болуы мүмкін. Аллергологиялық анамнезенің мәліметтерін ескеру қажет, күмәнданған жағдайларда теріге сынама жүргізу тиіс. Прокаинге (новокаин) аллергиясы бар науқастарға бензилпенициллин прокаинді тағайындауға болмайды. Пенициллиндермен емдеу кезінде аллергиялық реакция белгілері (бөртпелер және т.б.) көрінгенде АМП тез доғару керек.

Жүктілік. Пенициллиндер, баяулатқыштардан қорғалғандарда жүкті әйелдерге еш қандай шектеусіз қолданылады, әйтсе де адамдарға қауіпсіздігінің қатаң және бара-бар бақыланған зерттеулері жүргізілмеген.

Емшекпен емізу. Төс сүтінде пенициллиндердің жоғары құнарлығы болмаса да, оларды емізетін әйелдер қолданғанда, нәрестелердің сенсибилизациясына әкелуі мүмкін, оларда бөртпелердің пайда болуына, кандидоздың және диареяның дамуына әкеледі.

Педиатрия. Нәрестелерде және ерте жастағы балаларда пенициллиндердің бүйректегі экскреция жүйесінің дамымау салдарынан, олардың жиналуы мүмкін. Тырысулардың дамуымен жүретін нейротоксикалық әсер тәуекелінің жоғарылауы байқалады. Оксациллинді қолданған кезде транзиторлы гематурия байқалуы мүмкін. Пиперациллин/тазобактам 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Гериатрия. Егде жастағы науқастарға, бүйрек қызметінің жасқа қарай өзгеруіне байланысты, пенициллиндердің мөлшерлену тәртібіне түзетулер енгізу қажет.

Бүйрек қызметінің бұзылыстары. Пенициллиндер өзгермеген күйде бүйрек арқылы шығарылуына байланысты, бүйрек жетіспеушіліктері кезде мөлшерлеу тәртібін түзету керек. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарға бензилпенициллин калий тұздарын қолданған кезде гиперкалемия даму тәуекелі жоғарлайды.

Қанның ұю патологиясы. Тромбоциттердің агрегациясын бұзатын карбенициллинді қолданған кезде, қан кету тәуекелінің жоғарлауы мүмкін. Бұл ең төмен дәрежеде уреидопенициллиндер үшін тән.

Тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі. Көк таяқшаға әсер ететін бензилпенициллин натрий тұзы, карбенициллин және аз дәрежеде басқа да пенициллиндер үлкен мөлшерлері ісінулердің пайда болуын немесе күшеюін туғызуы мүмкін.

Артериальды гипертензия. Көк таяқшаға әсер ететін бензилпенициллин натрий тұзы, карбенициллин және аз дәрежеде басқа да пенициллиндер үлкен мөлшерлері АҚ жоғарлауына және антигипертензивті препараттардың тиімділігін (қолданған жағдайларда) төмендетуге әкелуі мүмкін.

Инфекционды мононуклеоз. «Ампициллинді» бөртпелер мононуклеозбен ауыратын науқастардың 75-100% байқалады.

Стоматология. Пенициллиндерді ұзақ қолданғанда, әсіресе кең спектрлі және баяулатқыштармен қорғалған препараттар ауыз қуыс кандидозының дамуына әкеледі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Ішек микрофлорасының өзгеруі, балада сенсибилизацияның, кандидоздың, тері бөртпелерінің болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Диспепсиялық көріністер (жүректің айнуы, диарея), дисбактериоз, тұрақты штаммдар туғызған суперинфекция; аллергиялық реакциялар (есекжем, макулопапулезді бөртпелер, сирек жағдайларда — анафилактикалық шок).

Саудаға тіркелген атауы: Ампициллин, Ампизид, Фарилин.

АМОКСИЦИЛЛИН

(Amoxicillin).

Шығарылу түрі. Таблеткалар 500 мг, 1000 мг; капсулалар 250 мг, 500 мг; пероральды суспензия 250 мг/5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел ортаңғы отит, жедел синусит, созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс пневмония, өт шығару және несеп жолдарының инфекциясы, сүзек қызбасы, бактериальды эндокардиттің алдын алу шаралары үшін, эрадикация H.pilory, боррелиозды кене.

Ересектерге п/о 1,5– 3 г/тәу 3 қабылдауға, бактериальды эндокардиттің алдын алу шаралары үшін – 3 г бір рет.

Ішке. Ересектерге және 10 жастан үлкен жасөспірімдерге — 500–750 мг-нан тәулігіне 2 реттен немесе 375–500 мг-нан (ауыр инфекцияларда 1 г-ға дейін) тәулігіне 3 реттен (ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 6 г), 3 жастан 10жасқа дейінгі балаларға — 375 мг-нан 2 реттен немесе 250 мг-нан тәулігіне 3 реттен, 1 жасқа дейін — 125 мг-нан 2 реттен немесе 100 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Балалар үшін тәуліктік мөлшер — 30 мг/кг (60 мг/кг дейін), қабылдау жиілігі — 2–3 рет. Жедел соз кезінде — 3 г-нан бір реттен 1 г пробенецидпен біріктіріп (әйелдерге қайта енгізу ұсынылады) қолданады. Cl креатинині 10 мл/мин төмен науқастарға мөлшерін 15–50%-ға дейін төмендетеді, анурия кезінде мөлшері тәулігіне 2 г-нан аспауы керек. Орта курсы — 5–7 күн (стрептококкты инфекция кезінде — 10 күнен кем емес).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа да пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдарға), аллергиялық диатез, бронхиальды демікпе, поллиноз, инфекционды мононуклеоз, лимфолейкоз, анамнезенде АІЖ аурулары (әсіресе антибиотиктерді қолданғаннан болған колиттер).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында (Cl креатинин 10 мл/мин төмен) енгізу арасын 12-24 сағатқа ұзарту. Есекжем және пішен қызбасында сақтықпен қолдану. Ұзақ емдеген кезде кезекті бүйрек, бауыр қызметін және гемопоэзді бақылау керек. Емді аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін, 48-72 сағатқа дейін жалғастыру керек. Жүктілік пен лактация кезеңінде қолдануда, ана үшін күтілетін ем және потенциальды тәуекел бала мен ұрықтың өмір көрсеткіштерін ескеріп қолданылады. Емдеу курсы кезінде емшекпен емізуге болмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Ішек микрофлорасының өзгеруі, балада сенсибилизацияның, кандидоздың, тері бөртпелерінің болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, диарея, анус айналасының ауруы, стоматит, глоссит; қозу, мазасыздану, ұйқының қашуы, естің шатасуы, мінез-құлқының өзгеруі, бастың ауруы, бастың айналуы, тырысу реакциялары; тыныстың қиындауы, тахикардия; буындардың ауруы; интерстициальды нефрит; дисбактериоз, суперинфекция, ауыз қуысы мен қынаптың кандидозы, псевдомембранозды немесе геморрагиялық колит; қандағы трансаминаза деңгейінің шамалы жоғарлауы, транзиторлы қаназдық, тромбоцитопениялық пурпура, эозинофилия, лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз; аллергиялық реакциялар: эксфолиативті дерматит, көптүрлі экссудативті эритема, Стивенса — Джонсона синдромы, анафилактикалық шок, макулопапулезді бөртпелер, қышыма, есекжем, Квинке ісінуі, сарысу ауруларына ұқсас реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Амоксисар, Амоксициллин, Оспамокс, Фарамокс, Флемоксин Солютаб.

АМОКСИЦИЛЛИН +КЛАВУЛАН ҚЫШҚЫЛЫ

(AMOXICILLIN+CLAVULANIC ACID)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 375 мг, 625 мг, 1000 мг; егу үшін ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 600 мг; ауыз арқылы суспензия дайындау үшін ұнтақ 156,25 мг/5мл, 228,5 мг/5 мл, 312 мг/5 мл,
457 мг/5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Сезімтал микроорганизмдер штаммдары туғызған инфекциялар: жоғары тыныс алу жолдарының және ЛОР-мүшелерінің инфекциясы (жедел және созылмалы синусит және ортаңғы отит, тамақ артындағы абсцесс, тонзиллит, фарингит); төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы (бактериальды суперинфекциясымен жедел бронхит, созылмалы бронхит, пневмония); несеп жолдарының инфекциясы, гинекологиядағы инфекция; тері мен жұмсақ тіндер инфекциясы; өт жолдарының инфекциясы; сүйек және сңір тіндерінің инфекциясы; одонтогенді инфекциялар; операциядан кейінгі инфекция, хирургиялық араласулар кезіндегі инфекциялардың алдын алу шаралары үшін.

Ішке, ересектерге және дене салмағы 40 кг-нан артық балаларға — 375 немесе 625 мг (инфекция ауырлығына байланысты) әр 8 сағатта (кесте).

Ішке қолдануға арналған суспензия — 3 айдан 1 жасқа дейін — 1/2 өлшем қасықпен тәулігіне 3 реттен (суспензия 156,24 мг/5 мл), 1–7 жасқа — 1/2 өлшем қасықпен (суспензия форте) немесе 1 өлшем қасықпен (суспензия 156,24 мг/5 мл) тәулігіне 3 рет; 7–14 жастағы балаларға — 2 өлшем қасықпен (суспензия 156,24 мг/5 мл) немесе 1 қасықтан (суспензия форте) 3 реттен тәулігіне. 1 өлшем қасық 156,25 мг/5 мл сәйке келеді, 1/2 өлшем қасық — 78,13 мг/2,5 мл). Суспензияны құрғақ затқа 2 порцияға 86 мл суды қосу арқылы дайындайды, суспензия форте — 2 порцияға 85 мл суды қосу арқылы ұнтақтың толық еруіне дейін шайқайды.
Амоксициллиннің ең жоғарғы тәуліктік мөлшері — 6 г (ересектер үшін) және 45 мг/кг (балалар үшін); клавулан қышқылы (калий тұзы ретінде) — 600 мг (ересектер үшін) және 10 мг/кг (балалар үшін).

Бүйрек жетіспеушіліг кезінде мөлшерін төмендеті қажет немесе қабылдау арасын жоғарлату (Cl кезінде 10–30 мл/мин қабылдау арасы — 12 сағ, 10 мл/мин төмен болғанда — 24 сағ).

К/т, баяу (3–4 мин барысында) немесе инфузия түрінде (30–40 мин барысында), ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға — 1,2 г-нан 8 сағаттан (ауыр жағдайларда — 6 сағаттан), 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға — 30 мг/кг (Амоксиклавты дене салмағына шаққанда) 8 сағаттан (ауыр жағдайларда — 6 сағаттан). 3 айға дейінгі балаларға: шала туылған және нәрестелерге — 30 мг/кг (Амоксиклавты дене салмағына шаққанда) 12 сағаттан, 0 ден 3 айға дейінгі — 8 сағаттан. Емдеу курсы — 5–14 күндей. К/т егу үшін ерітіндіні дайындау үшін флакон ішіндегісін 600мг-ды 10 мл егуге арналған суда ерітеді, 1200 мг флакон ішіндегісін 20 мл егуге арналған суда дайындайды.
Көктамырға енгізу үшін ерітіндіні дайындау үшін:

600 мг, 10 мл егуге арналған суда ресуспендирленген, 50 мл инфузиялық сұйықтыққа қосады; 1200 мг, 20 мл егуге арналған суда ресуспендирленген, 100 мл инфузиялық сұйықтыққа қосады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық; анамнезінде пенициллиндер мен цефалоспориндер тобындағы антибиотиктерге аллергиялық реакцияларда; анамнезенде пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан пайда болған холестазды сары ауру, гепатит; бауыр жетіспеушілігі; инфекционды мононуклеоз, лимфолейкоз.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Цефалоспориндер мен басқа да β-лактамды антибиотиктерге аллергиялық реакцияларға бейім болатын науқастарға (қайшылас сезімталдық даму тәуекелі) сақтықпен тағайындайды, бауыр, бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары (мөлшерлеу тәртібін түзету қажет).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Мүмкін, егер күтілетін ем тиімділігі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Ішек микрофлорасының өзгеруі, балада сенсибилизацияның, кандидоздың, тері бөртпелерінің болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Қара амоксициллинді. Соным



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-06-26; просмотров: 679; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.216.208.243 (0.011 с.)