Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану

Поиск

Қылмыстың объектісі-мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі болып табылады.

Объективті жағынан алғанда бұл қылмыс міндетті түрде келесі белгілермен сипатталады: билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы; осы бапта келтірілген заң бұзушылық түрінде қоғамға қауіпті зардаптардың болуы; тұлғаның өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардаптар арасында себептік байланыстың болуы.

Заңда көрсетілген зардаптар басталған сәттен бастап қылмыс, атап айтқанда азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу аяқталған болып есептеледі.

Билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың объективтік жағынан қажетті белгісі-лауазымды адамның құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетуі мен одан тікелей туындаған заңда көрсетілген зардаптың біреуінің орын алуының арасындағы себепті байланыстың болуы болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана қасақаналықпен жасалады.

   Қылмыстың субъектісі болып өкімет өкілі немесе басқадай лауазымды тұлғалар танылады. Осы баптың 2-бөлігінде лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет үшін жауаптылық көрсетілген, ал 3-бөлігінде жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет үшін жауаптылық көзделген. 4-бөлігінде осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiмдерiнде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
а) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп; б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы; в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалғаны үшін жауаптылық көзделген. 

 

4. 366-бап. Пара алу

Пара алудың объектісі мемлекеттік ақпараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады.

Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады. Пара затыболып табылатын: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялық заттар, және де мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу және т.б.).

Қылмыстың объективтік жағы болып-мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы болып табылады.

Пара алу-формалдық қылмыс құрамына жатады. Ол мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның келісілген параның бір бөлігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Пара алудың субъектісі мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-ші бөлігі бойынша, айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiмдерiнде көзделген, іс-әрекеттер, егер олар:

1) қорқытып алу жолымен;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде;

4) бірнеше рет жасалса.

Баптың 4-бөлігі пара алудың ерекше дәрежеленген белгілерін көздеген: Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса жауаптылық көзделген.

  Заңда көрсетілген ескертуге байланысты.
Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.


367-бап. Пара беру

   367-баптың 1-бөлігі бойынша пара беру дегеніміз мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру .

Объективтік жағынан пара беру: 1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына пара затын немесе мүлік сипатындағы өзге де пайда беру; 2) пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді; 3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.

Аталған қылмыс құрамы-формалдық. Пара беру, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамның параны толық немесе жарым-жартылай алғанына қарамастан немесе сол пара берушіге қажетті жағдайларды толық түрде орындауына байланысты болмаса да, яғни сол параны берген сәттен қылмыс аяқталған болып саналады.

Параны беруде қылмыстың субъективтік жағы болып тікелей қасақаналық табылады. Субъект пара алушының тапсырмасымен әрекет ете отырып, тікелей пара беруді ұйымдастырып мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына пара бергендігі туралы білуі немесе тілеуі қажет.

Пара берудің субъектісі болып 16-жасқа толған қандай да болмасын есі дұрыс адам болып танылады.

Пара берудің ауырлататын түріне- жоғарыда көрсетілген тұлғаларға айтарлықтай мөлшерде пара бергені үшін жауаптылық ҚК-тің 367-бабының 2-бөлігінде көрсетілген. 3-бөлігінде осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген                  іс-әрекеттер, егер олар:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) ірі мөлшерде;

3) бірнеше рет жасалса жауаптылық көзделген.

 4-бөлігінде осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса көзделген.

Заңдағы ескертулерге сәйкес.

1. Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген                   адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы              немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.60.175 (0.007 с.)