Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесіСодержание книги
Поиск на нашем сайте
5 тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
Жоспар: 1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы 2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі 3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы 1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы Ұрлық дегеніміз – бөтеннің мүлкін жасырын түрде алу болып табылады. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасын келесідей жағдайлар құрайды: · ұрлық қылмыстардың ең кең тараған түрі; · ұрлық құпия түрде жасалынады, қылмыскер көп жағдайларда белгісіз болып табылады; · осы қылмыстың сипатты белгісі болып тікелей қасақаналықтың болуы танылады, ұрлық қасақана кейде алдын ала дайындықтан кейін жасалынады; · ұрлық жасау тәсілі әртүрлі; · ұрлықтың заты болып кез-келген мүлік танылады (ақша, заттар, өзге де материалдық құндылықтыр). Ұрлықтың кең таралуына қарай осы қылмысты тергеудің жеке әдістерінің көптүрлілігін көруге болады. Оларға әртүрлі криминалистикалық сипаттамалар сәйкес келеді. Ұрлықты тергеу әдістемесін салалық белгілер бойынша қарастырған дұрыс. Әдістеменің бірінші тобына – сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде, кәсіпорындарда және мекемелерде, көлік және ауылшаруашылық объектілерінде жасалынатын қылмыстар жатады. Екіншісіне – азаматтардың жеке үйлері мен пәтерлерінен, сондай-ақ қалтадан ұрлау қылмыстары жатады. Ұрлықтың қауіптілігі меншік иесінің экономикалық тәуелсіздігіне қол сұғатындығынан көрінеді және оны ашу мен тергеу кезінде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Осы қылмыстық іс-әрекеттердің көпшілігін тәжірибелі қылмыскерлердің материалдық құндылықтарды тауып, оларға кірудің және іздерді жасырудың тиімді тәсілін қолдануларымен жасайтындығын тәжірибе көрсетеді. Шамамен қылмыстардың әрбір бесіншісі рецидивистермен және бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған адамдармен жасалады.
Ұрлықтың жасалу жолдары мен тәсілдерін білу ұрлықты ашуда жетістіктерге әкелуі тиіс. Қылмыскердің ұрлық жасау кезінде қолданған тәсілдерін анықтап, оларды криминалистикалық тіркеуден іздестіріп тексеруге болады. Жеке мүлікті ұрлау көбінесе күндізгі уақытта, куә болмаған кезде, иелері жұмыста болатын кездерде жасалынады. Қарастырылып отырған қылмыстар жаңадан салынған ықшамаудандарда жиі кездеседі. Бұл тұрғындардың алғашқы уақытта подъезд және этаж көршілерінің бір-бірін танымауымен түсіндіріледі. Қылмыскерлер үй тұрғындары ретінде кедергісіз пәтерлерге кіріп, ұрлаған заттарын оңай алып шығуына мүмкіндіктері бар. Пәтерден және материалдық құндылықтарды сақтайтын басқа да жерлерден ұрлау: есік құлыптарын ашқыштардың көмегімен, ригельді қысу, ілмелі құлып имегін кесу арқылы, форточка арқылы кіру, есіктер мен терезелерді сындыру, торларды автогенді аппаратпен кесу, қабырғаны немесе төбені тесу, шатырды көтеру, түтін жүретін құбырларды ашу арқылы, қоймаларды бұрғылау немесе шабу жолымен ашу, сейфтерді және басқа да шағын көлемді бұйымдар сақтай-тын нәрселерді ұрлау, тауарларды сатып алу кезінде ұрлау жолымен жасалынады. Қылмыскерлер ұрлықты ашу мен тергеуді қиындату мақсатында қылмыстың іздерін жасыруға ұмтылады. Ұрлықтың жасалғандығы туралы жәбірленушіде күмән туғызуға тырысады. Үйге ұрлыққа түсу кезінде бөгетті бұзбай кіріп, көзге түскен заттардың барлығын емес, тек қана ақша мен заттардың бір бөлігін ғана алады. Қалтадан ұрлықтар жасау үшін қылмыскерлер адамдардың көп жиналған (шоғырланған) жерлерін таңдайды. Бұл қылмыстар, әдетте, ұрлықшылар тобымен олардың рөлдерді өзара бөлісуі арқылы: біреулері жәбірленушілерді қыспаққа алады, екіншілері ұрлайды, ал үшіншілері ұрланған заттарды тығады. Бұндай ұрлықтарды ашу әдістемесі осы қылмыстардың басқа түрлерінен ерекшеленеді, ал оларды тергеу айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені қылмыскер жасырын және қысқа уақытта әрекет етеді, ал жәбірленуші тіпті ұрлықшыны білмек түгелі кейде қай жерде, қай уақытта ұрланғанын да білмей қалады.
Ұрлық жасайтын қылмыскерлердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін қарас-тыратын болсақ, оларды екі негізгі топқа бөле аламыз. Бірінші топқа ер адам және әйел адамдар ішінде жұмыс жасағысы келмейтін бұрын сотталған, алдын ала өз әрекеттерін егжей-тегжейлі ойластыратын, қылмыс жасау дағдысы, тәжірбиесі бар адамдарды жатқызамыз. Екінші топтағы адамдар қатарына – жұмыссыз қалғандар, тұрақты мекен-жайлары, жанұялары жоқтар жатады. Олар үшін ұрлық қалыпты жағдайда аяқ астынан пайда болған ниет бойынша жасалынады немесе қылмыс жасау жағдайы алдын ала еш дайындықты талап етпейді. Көбінде олар сотталып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу кезінде қылмысқа дағдыланады. Ұрлық қылмыстарымен күресу үшін жедел-іздестіру қызметі мен ішкі істер органдарының тергеу жұмыстарын жетілдіруге байланысты шаралар қабыл-данады. Олардың қатарына, мысалы, республиканың бірқатар қалаларында «Пәтер» атты жедел-іздестіру шараларының жоспарын құрып, қолдану, сонымен қатар, ұрлықты ашу жөнінде жедел-тергеу топтарын құру жатқызылуы мүмкін.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.192.205 (0.009 с.) |