![]() Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву ![]() Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Қылмыстың объектісі-мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу. Қызметтік өкілетті теріс пайдалану объективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғуы болып табылады. Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері мен пайда болған зардаптарының арасында келтірілген себептік байланыс болуы керек.Субъективті жағынан қылмыс қасақана нысанымен сипатталады. Егер осы қылмысты адам пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке бас мүддесі үшін жасаған болса ғана жауапкершілік туындауы мүмкін. Осы қылмыстық ниеті қылмыстық құрамдардың міндетті элементтері болып табылады. Пайдакүнемдікпен жасалған қылмыстар ниеттің, мақсаттың болуы, лауазымды тұлғаның заңсыз сыйақы, мүлік, ақша, көлденең табыс, я болмаса материалды түрдегі басқа да жеке басының пайдасына шешілетін қажетті жағдайлар жасалуымен сипатталады. Өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалған әрекеттер деп мүліктік емес, яғни карьеризм, қызғанушылық, протекционизм, жағымпаздық, т.б. осы сияқты белгілермен ұштасқан әрекеттерді айтамыз. Заңға сәйкес аталған қылмыс құрамының субъектісі болып, біріншіден, өкілет өкілі қызметін жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар; екіншіден, мемлекеттің міндетін тікелей орындау үшін қажетті қызметтерді атқаратын адамдар танылады. Осы баптың 2-бөлігі, лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, ал 3-бөлігінде, жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет үшін қатаң жауаптылық көзделген.
Аталған баптың 4-бөлігі осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған іс-әрекеттер үшін жауаптылықты көздейді. Заңда берілген түсіндірмелерге байланысты. Лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада басқару функцияларын орындайтын адам; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері.
.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.214.17 (0.01 с.) |