Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Қылмыстық істі қозғау кезеңі көп жағдайларда тексеру әрекеттерінен басталады. Тексеру әрекеттерінің нәтижелері келесідей жағдайларда қылмыстық істі қозғауға негіз бола алады: а) мемлекеттік мекемелерде құжаттамалық ревизия жүргізілген және олардың қорытындыларына байланысты материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген жағдайларда; ә) жекешелендіру объектілеріне немесе жыл сайын аудиторлық тексеріске жататын субъектілерге аудиторлық тексерулер жүргізілген және олардың қорытынды материалдары тиісті органдарға жіберілген жағдайларда; б) экономикалық және коррупциялық қылмыстар бойынша күрес жүргізу бөлімшелері тексеру әрекеттерін жүргізген жағдайларда (тексеру әрекеттерінің нәтижелері қылмыстық істі қозғауға негіз бола алады). Ревизиялық, аудиттік тексерістер көбінде жоспарлы түрде жүргізіледі, тексерудің құрама бөлігін экономикалық және коррупциялық қылмыстармен күрес жүргізу бөлімшелері жүзеге асырулары мүмкін. Кейбір жағдайларда тергеу барысында тергеушілердің тапсырмалары бойынша ревизиялық және аудиттік тексерістер жүргізіледі. Тексерілетін әрекеттер қылмыстық істі қозғауға немесе оны қысқартуға сәйкес негіздер беруі қажет. Жоғарыда көрсетілген негіздер болған жағдай-ларда қылмыстық істі қозғауға жеткілікті негіздер алу үшін көбінде тергеу әрекеттері жүргізілмес бұрын, тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл тексеру әрекеттері – ашық немесе жабық түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық тексеру жұмыстарын – экономикалық және коррупциялық қылмыстармен күрес жүргізу бойынша жедел-іздестіру қызметкерлермен бірлесе отырып мамандар, ревизорлар немесе аудиторлар жүргізеді. Оларға мынандай құзіреттіліктер берілген: меншік түріне қарамастан кез-келген ғимараттарға еш кедергісіз кіру; меншік иесінің және куәгерлердің қатысуымен өндірістік ғимараттарға (көлік құралдарына, цех, қойма және т.б.) қарау әрекеттерін жүргізу, куәгерлердің қатысуымен қаржы-несие операцияларына, тауарлы - ақшалай операцияларға, технологиялық процедураларға қатысты қажетті құжаттарды алу; ғимараттарды, кассаларды, қоймаларды, сақтау орындарын мөрлеп жауып кету; материалды жауапты адамдар мен лауазымды және басқа да тұлғалардан түсініктеме алу; инвентаризация, сондай-ақ ревизия немесе аудит жүргізу талаптарын қою құқықтары берілген. Инвентаризация дегеніміз (латын тілінде “инвентариум” – “мүлікті қаттау”) – мүліктің, ақша қаражатының сақталуын, өзара есеп айырысудың дұрыстығын тексеру. Инвентаризация – бұл бухгалтерлік есептің тәсілдерінің бірі болып табылады. Дегенімен де ол тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Ұрлық және шабуыл жасап тонау қылмыстарын, сондай-ақ экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде міндетті түрде инвентаризация жүргізіледі. Инвентаризация ұрлық және шабуыл жасап тонау қылмыстарына байланысты оқиға болған жерді қарап біткеннен кейін, дереу түрде жүргізіледі. Ал экономикалық қылмыстар бойынша инвентаризация – тексеру әрекеттері кезеңінде, болмаса тергеудің бастапқы немесе кейінгі кезеңдерінде де жүргізілуі мүмкін. Инвентаризация жүргізу арқылы тауарлы – материалдық құндылықтардың жағдайы және олардың сапасы, ақшалай қаражаттар мен құнды қағаздардың бар-жоғы анықталады. Инвентаризация жүргізу үшін комиссия құрылады, олардың құрамына міндетті түрде материалды жауапты тұлғалар, әкімшілік өкілдері, бухгалтерлер кіреді, құрам қатарына, сонымен қатар жедел қызметкерлері де кіргізілуі мүмкін. Инвентаризация тергеушінің талабы бойынша жүргізілген жағдайларда міндетті түрде оның қатысуымен жүргізіледі. Инвентаризация жүргізбес бұрын келесідей дайындық жұмыстары жүргізіледі: - инвентаризациялық тексеріске түсетін актілер, журналдар зерттеледі; - кассалар, қойма және сақтау орындары мен ғимараттар пломбіленіп бекітіледі; - материалды жауапты тұлғалардан түсініктеме алынады; - қажетті өлшеуіш және басқа да техникалық құралдар іріктеліп алынады. Инвентаризация жүргізген кезде міндетті түрде барлық тауарлы-материалды құндылықтарды және т.б. есептеп қарап, таразылап, өлшеп тексеру қажет және оларды инвентаризациялық есептеу актісін құрып сонда белгілеп көрсету керек. Инвентаризация қорытындысы бойынша хаттама жазылады. Тексеру кезінде жедел-қызметкерлері бухгалтерлік құжаттамалар мен шаруашылық қызметтерді мұқият тексеру қажет деп тапқан жағдайларда, ревизия немесе аудит жүргізу талаптары қойылады. Ревизия немесе аудит меншіктің түріне (формасына) байланысты жүргізіледі. Ревизия дегеніміз (латын тілінде «ревизо» – «қайта қарау») – қаржы - шаруашылық қызметті тексеру; халықаралық шартты тараптардың келісімімен қайта қарау. Ревизия тек мемлекеттік меншіктерді тексеру кезінде ғана жүргізіледі, ал аудит қалған меншік формаларының барлық түрін тексеруді жүзеге асырады. Ревизия немесе аудит жүргізу үшін дәлелді қаулы шығарылады және ол ревизия органдарының немесе аудиторлық компанияның басшысына жіберіледі. Ревизия – ҚР-ның Қаржы министрлігінің Қаржылық Бақылау Комитетімен жүзеге асырылады. Олардың негізгі міндеттерінің біріне – экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мемлекетке келтірілген шығындардың орнын толығымен толтыруды, сондай-ақ көзделген мақсатқа сәйкес емес пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Ревизия жүргізу және тексеру кезінде ревизорлар барлық ғимараттарға еш кедергісіз кірулеріне және оларға қарау жұмыстарын жүргізуге, кассалар мен ғимараттарды мөрлеп бекітуге, қаржы-шаруашылық құжаттарды қарап тексеруге, қажет болған жағдайда ол алуға құқықтары бар. Құжаттарды алу кезінде міндетті түрде құжатты алу туралы акт жасалады. Сонымен қатар, ревизорға – ревизия және тексеру жүргізу барысында туындаған сұрақтар бойынша материалды жауапты тұлғалардың басшыларынан жазбаша түрде түсініктеме алу; қарсы тексеру жұмыстарын жүргізу; ревизиямен байланысты басқа мекемелердің құжаттарымен танысу құқықтары берілген. Ревизия және тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ревизорлардың инвентаризация жүргізулеріне құқықтары бар. Ревизия жүргізу барысында анықталған құқық бұзушылықтар прокурорға жіберуге міндетті актілерден көрініс табуы қажет. Құқық қорғау органдары мемлекеттік меншікті ұрлау қылмыстарына байланысты тиісті шаралар қолданбаған және прокурордың тарапынан әділетсіздіктер болған жағдайларда Қаржылық Бақылау органдары жоғары прокурорға жүгінеді. Ревизорлар құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген кезде құжаттар, инвентаризациялық актілер мен басқа да құжаттамалар қосымша тіркелетін тексеру қорытындысы туралы есеп (рапорт) жібереді. Құқық қорғау органдарының талап етуі бойынша ревизор тексеріс қорытындысы жөніндегі инвентаризациялық актілер мен басқа да құжаттар тіркелген есепті (рапортты) жібереді. Аудиттің ревизиялық тексеріспен ұқсастығы көп. Бірақ, аудит қаржылық есептілік пен тіркеуге байланысты тексеріс әрекетін субъектілермен шартқа түсу негізінде жүргізетін коммерциялық ұйым. Аудит бұл қызметті құқық қорғау органдарының экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде жүзеге асырады. Аудит – міндетті және бастамашылық аудит болып екі түрге бөлінеді. Міндетті аудит қызметіне – зейнеткерлік қаржы қорларының, сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктердің есептілігі мен басқа да қаржылық және шаруашылық тіркеулерді тексеру әрекеттері жатады. Құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін тексеріс міндетті аудит қатарына жатады. Аудиторлардың қажетті құжаттаманы талап етуге және тексеруге; шартқа түсу негізінде мамандарды тексеріп отырған іске тартуға; аудит жүргізу әдістерін өз бетімен анықтап белгілеуге құқықтары бар. Аудитор тексеріс нәтижелері бойынша жасаған қорытындыларын шартқа отырған субъектілерге немесе аудитті тағайындаған құқық қорғау органдарына жібереді. Құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін ревизиялық және аудиторлық тексерістер қылмыстық істі қозғау, сондай-ақ тергеудің бастапқы және кейінгі кезеңдерінде де жүргізілуі мүмкін. Істі қозғау кезеңінде жүргізілетін ревизия және аудит қылмыстық істі қозғау немесе тоқтатуға байланысты нақты бір шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Тексеріс әрекеті кезеңінде және тергеудің бастапқы, кейінгі кезеңдерінде ревизия және аудиттің көмегімен алынған мәліметтер дәлелдеме ретінде қолданылады. Құқық қорғау органдарының бастамасымен жүргізілетін ревизия, аудит – бастапқы, қайталама, қосымша болуы мүмкін. Тергеудің барысында жүргізілетін бастапқы ревизияны тағайындаудың негізіне төмендегілер жатады: · тергеліп отырған іс бойынша жоспарлы ревизияның жүргізілмегендігі туралы мәліметтердің болуы; · айыпкердің негізді (дәлелді) өтініштерінің болуы; · айыпкердің басқа ұйымдармен қылмыстық байланысының (ашылуы) мәлім болуы. Қосымша ревизия және аудит бастапқыда анықталмай қалған сұрақтар бойынша жүргізіледі. Қосымша ревизия және аудиторлық тексеріс тағайындаудың негізіне келесілер жатады: бастапқы ревизия мен аудиторлық тексеріс қаулысындағы бір және сол объектілер бойынша қосымша сұрақтар қоюға немесе олардың туындауына байланысты қосымша объектілерді жіберу. Жедел-іздестіру қызметкерлері ревизия, аудит тағайындау кезінде бухгалтерлік құжаттамалардың өзгертілуі туралы мәліметтерге аса көңіл бөле отырып қылмыс жөнінде негізгі болжаулар жасаулары тиіс. Қайталама ревизия мен аудит жүргізу үшін қандай да нақты бір негіз болуы тиіс. Қайта жүргізу себептеріне – құзыреттілігі жоқ маманның қатыстырылуы, зерттеу жұмысының үстірт жүргізілуі, қорытындылардың тергеу және жедел тексерістер материалдарына сәйкес келмеуі, т.б. жатады. Жабық түрде жүргізілетін тексеріс әрекеттері заң талаптарына сәйкес жүргі-зілуі тиіс. Экономикалық қылмыстарды, соның ішінде, бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету қылмыстарын тергеу мен ашу үшін жедел сипаттағы әртүрлі, атап айтсақ, сұрау психологиялық жағынан анықтамалар жүргізу, жасырын камералар арқылы бақылау жасау, телефон жүйелерін, пошта байланыстары мен факстік ақпараттарды, интернеттерді бақылап тыңдау әрекеттері қолданылуы мүмкін. Мұндай тексерістер жүргізу арқылы талан-тараждың жасалу әдістерін анықтауға мүмкіндіктер туады. Егер жүргізілген тексеріс әрекеттері нәтижесінде материалдық құндылық-тардың жеткіліксіздігі немесе артықтығы туралы; тауарсыз келісім-шарттар жасау; қаражатты көзделген мақсаттан тыс жұмсау; еңбек ақыларын төлемеу; бухгалтерлік есептің бұзылуы; бухгалтерлік және басқа да құжаттардың жалғандығы жөнінде мәліметтер алынса, бұл жағдайлар қылмыстық істі қозғаудың негізі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, азаматтардың табатын табыстары олардың өмір сүру жағдайына сәйкес келмеуі де қылмыстық істі қозғаудың негізі бола алады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.140.188.195 (0.009 с.) |