Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері↑ Стр 1 из 38Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
1 тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері Жоспар 1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері 2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
Жекеленген қылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі – бұл криминалистиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыса отырып, криминалистік ілімнің бірыңғай жүйесін құрайтын қорытынды бөлім болып табылады. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі немесе криминалистикалық әдістеме – криминалистиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарына сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мақсатында жекеленген қылмыс түрлерін ашу, тергеу, оларды алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру заңдылықтарын зерттейді. Криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі – әрбір криминал-дық іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді (бұл қылмыстың жекеленген бір түріне немесе тобына қатысты белгілер). Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері арқылы ажыратылады. Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы – нақты бір қылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын алу шараларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды.
Қылмыс белгілерінің жалпылығы олардың әрқайсысының жекелігін жоққа шығармайды. Сондықтан да тергеу әдістемесінде әрбір нақты іс-әрекетті тергеуге қатысты нұсқаулар жоқ және болуы да мүмкін емес, әдістеме – жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілеріне сүйене отырып барлық қылмыстық әрекеттерге тән сипаттамаларды анықтайды және де оларға сәйкес ұсыныстар береді. Бірақ, тергеуші оларды нақты бір қылмыстық істегі ерекшеліктерді ескере отырып қолдануы тиіс. Әдістеме ұсыныстарын нақты бір қылмыстық істі тергеуге механикалық қолдану – тергеушінің қылмысты ашу мен тергеу жұмыстарын жүргізуін қиындатады. Демек, криминалистикалық техника мен криминалистикалық тактикадағы қылмыстық оқиғалардың жекелен-ген түрлері мен топтарының тергеуге қатысты мәліметтері мен оларды мақсат-ты пайдалануға бағытталған әдістеме жөніндегі ұсыныстарды жинақтайды. Осыған байланысты криминалистиканың төртінші бөлімі – адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлық жасау және т.б. әрекеттерді тергеу әдістемелерінде мазмұндайтын бірқатар тараулардан тұрады. Бір қарағанда бұл бөлім, яғни қылмыстың түріне байланысты тергеу – жинақталған әдістемені құрайтын тарау ретінде көрінуі мүмкін. Мұндай көзқарастар тергеу әдістемесінің ғылыми тұтастығын және ғылыми құндылығын толығымен бейнелеуді, сонымен қатар кез-келген қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді ғылыми түрде ұйымдастыруға негізделген жалпы заңдылықтарды көрсетпейді. Қылмыстардың жалпы белгілерінің болуына негізделе отырып, бұл бөлім қылмыстық істің кез-келген түрі мен тобына қатысты сұрақтарды дұрыс шешуге байланысты маңызды мәселелерді зерттейді. Олай болса, кримина-листиканың «криминалистикалық әдістеме» деп аталатын бөлімі келесідей екі бөлімнен тұратынын көрсетеді:
· криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері; · қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелері. Жалпы ережелер – бұл криминалистикалық әдістеменің (жүйесі, міндеттері, ғылымның басқа түрлерімен байланысы және т.б.) теориясы. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің жалпы ережелерінің құрылымына төмендегідей мәселелер кіреді: - криминалистикалық әдістеменің ұғымы, пәні; әдістеменің криминалис-тиканың басқа бөлімдерімен өзара байланысы; криминалистика жүйесінде әдістеменің маңызы мен рөлі; - анықтауға жататын мән-жайлардың ұғымы мен мазмұны; - қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ұғымы, мәні және мазмұны; - тергеу ситуациясының түсінігі мен мәні; - тергеу кезеңдерінің түсінігі; әрбір кезеңнің міндеттері мен жалпы сипаттамасы. Жеке әдістемелер – бұл қылмыстардың нақты түрлері мен топтарын тергеудің ұсыныстары, бағдарламалары болып табылады. Жалпы ережелер мен жеке әдістемелер өзара тығыз байланысты, олар алдын-ала тергеудің сапасын арттыру мәселелерін, сондай-ақ қылмыстылықпен күресті күшейту міндеттерін көздейтін ұсыныстардың ғылыми негізділігін көрсетеді (жалпы негізділігінен тұрады). Жеке әдістемелер өз кезегінде мынандай 2 топқа бөлінеді: - типтік; - ерекше. Алғашқылары қылмыстық заңда көзделген қылмыстардың жекеленген түрлері бойынша құрылған және қылмыстық жазалайтын әрекет түрлерінің санына сәйкес келеді. Қылмыстардың жаңа түрлерінің пайда болуы жеке әдістемелердің өңделуін қажет етеді. Декриминализация өз кезегінде әдістемелер санының азайуына әкеп соқтырады. Қазіргі іс жүзіндегі қылмыстық заңға қылмыстық топтың оншақты түрі мәлім. Ерекше жеке әдістемелер – бұл бастапқы белгілерден ерекшеленетін басқа белгілердің бөліну негізінде кіретін әдістемелер: · қылмыстың жасалу орыны бойынша (темір жолда; су транспоттарында және т.б.); · қылмыскердің жеке басының сипаттамасы бойынша (кәмелетке жасы толмағандардың, рецидивистердің, әйелдердің); · қылмыстық әрекетті жасау сәтінен бастап өткен уақыт мөлшері бойынша (бұрынғы жасалған қылмыстар); · тергеуге қатысатын тергеушілердің саны бойынша (тергеу әрекетін бригадалық әдіспен жүргізу әдістемесі). Жеке әдістемелер – бөлшектенуіне байланысты бір сатылы, екі сатылы және т.б. болып келеді. Мысалы: жымқыру жолымен жасалған мүлікті ұрлау қылмысын тергеу әдістемесі – үй-жайларда, ғимаратта жасалған ұрлықты тергеу әдістемесі және қалтаға және т.б. түсу жолымен жасалған ұрлық қылмысын тергеу әдістемесі болып бөлінеді.
Тәжірибедегі нақты қылмыспен күрес жүргізуге байланысты бөлшектеу әдістемелерін өңдеу қажеттілігі туындайды. Бұл бөлімнің негізгі міндеті – қылмысты тергеу мен оның алдын алу әдістерін өңдеу және жұмыс барысында криминалистикалық техника мен тактиканың әдіс-тәсілдерін неғұрлым тиімді пайдалану болып табылады. Оны шешу мәселесі тергеу тәжірибесіндегі ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар мен тәсілдерді (сонымен қатар, қылмыстық әрекеттерді жасау мен оның ізін жасыру тәсілдерін) пайдалану дағдысын ескере отырып, ғылыми талдаулар жасау негізінде жүзеге асырылады. Тергеу әдістемесінің құндылығы тергеу жұмысының әдістері мен формаларын жан-жақты талдаумен, сондай-ақ криминалистиканың соңғы жетістіктерінің нәтижесімен анықталады. Ол қылмысты тергеу мен ашу процесі барысында тергеушіге тергеу ісін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, жіберілуі мүмкін кемшіліктердің, сонымен қатар уақытты бос өткізудің алдын алуға көмегін тигізеді. Криминалистикалық әдістеменің арнайы мәселелеріне (міндеттеріне) келесілерді жатқызуға болады: · қылмыс пен қылмыстылықтың криминалистикалық бағытын (позиция-сын) зерттеу; · қылмыстардың әртүрлі топтары мен түрлерін тергеу жолымен ашу және алдын алудың нәтижелі тәжірибесін зерттеу мен талдап қорыту; · жасалған қылмыстық жауаптылық әрекеттері бойынша тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы заңдылықтарын анықтау; · тергеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру, сонымен қатар қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын алдын алудағы ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар құрастыру. Криминалистикалық әдістеменің қайнар көздеріне: · қылмыс құрамының белгілерін, сонымен қатар қылмыстық істер бойынша тергеу барысындағы дәлелдеу пәні мен шектерін анықтайтын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары; · криминалистиканың, криминалистикалық техниканың, криминалисти-калық тактиканың жалпы теориясының ережелері, криминалистикалық-ұйымдастырушылық ережелері; · қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу тәжірибесі;
· қылмыстарды тергеу кезінде пайдаланылатын басқа да ғылымдардың (сот-медицинасы, психология, криминология және т.б.) жекеленген ережелері жатады.
2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
Барлық қылмыстарға тән жалпы (ортақ) белгілердің болуы, оларды тергеу әдістемесінде жалпы заңдылықтардың болуынан көрініс табады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір түрлері мен топтарын тергеу кезінде олар нақты әдістеменің ерекшеліктеріне қарамастан жалпы қағида талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қағида деп – белгілі бір ғылыми теорияда басшылыққа алатын негізгі идеяларды айтамыз. Криминалистикалық әдістеменің қағидасы – қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекеттерді тергеуді жүзеге асыратын және де ұйымдастыратын ережелердің жиынтығы. Криминалистикалық әдістеменің қағидалары: жалпы, жеке, арнайы – деп үш топқа бөліп қарастырылады. Жалпыға – қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің заңдылықтарын сақтау; теория мен тәжірибенің біртұтастығы; қылмыстық әрекеттердің жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің мақсаттылығы; олардың тергеудегі тәуелсіздігі; мамандандырылуы жатады. Жеке қағидаларға – қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелерінің: ғылымилығы, тиімділігі және құрылымдылық біртұтастығы; олардың жоспарлық негізі мен кезеңділігі, ситуациясы, көп қырлылығы және нақтылығы жатады. Арнайы қағидалар – көп дәрежелі, олар мазмұны бойынша әртүрлі және қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелерінің негізгі бастауларынан тұрады. Қылмыстық әрекеттердің кез-келген түрін тергеу міндетті түрде заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды қатаң түрде орындау қажет: - тергеу – тек қылмыстық заң бойынша қылмыс болып табылатын іс-әрекеттерге қатысты жүзеге асырылуы керек; - тергеу қылмыстық сот өндірісінің мәселелерін шешуге бағытталуы қажет. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі барлық қылмыстық әрекеттердің ашылуына, сондай-ақ тергеудің сапасын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Қылмыстардың ашылмай қалуы, қылмыскердің әшкереленбеуі заңсыздық жағдайына әкеп соқтырады, тұрақсыз адамдарды құқыққа қолсұғушылық әрекеттерінің жаңа жолын жасауға итермелейді. Көзделген мақсаттарға жету үшін қылмыстық істегі мән-жайлар, жан-жақтылық, толықтық және обьективтік шарттарына сәйкес зерттелуі қажет. Тергеудің толықтығы мен обьективтілігін қоса алғанда іс бойынша обьективтік шындыққа жетудің маңызды кепілі болып табылады.
Тергеудің жан-жақтылығы талабының орындалуы істі дұрыс шешуге қажетті барлық мән-жайларды дұрыс бекіту және оларды мұқият зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Мұндай мән-жайлар заңда көрсетілген. Бірақ әрбір қылмыстық істің өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан да әртүрлі істер бойынша тергеу барысында дәлелдеуге жататын мән-жайлардың мазмұны бірдей болуы мүмкін емес. Әдістеме ережесіне сүйене отырып, тергеудің жан-жақтылық талабын орындау арқылы тергеуші іске қатысты мән-жайлар қатарын дұрыс анықтап, оларға зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Іс үшін маңызды мән-жайлардың зерттелмей қалуы, оның сотта дұрыс шешілуі мүмкіндігін қиындатады және қосымша тергеу жүргізуге қайтадан әкеп соғуы мүмкін. Тергеудің жан-жақтылығы қылмысты жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау міндеттілігін білдіреді. Бұл міндет алдын ала тергеу барысында дәлелдеу жолымен шешілуі тиіс. Сондықтан да әдістеменің нақты тарауларында қылмыстың бұл түріне тән себептер мен жағдайларды анықтау мен оларды алдын алу, сонымен қатар нақты қылмыстық жазаланатын әрекеттердің себептері мен жағдайларын анықтаудағы тәсілдері мен әдістері жөнінде ұсыныстар бар. Істі дұрыс шешуге маңызды әрі барлық сұрақтарға толық жауап беруге мүмкіндік беретін, іс бойынша қажетті және жеткілікті мәліметтер анықталуы керек. Нақты айтқанда істің барлық жағдайларын дәлелдеу үшін құрал-жабдықтардың толықтылығы қажет. Обьективтілік – бұл дәлелдеулерді жинау мен бағалауда айыпталушыны айыптайтын немесе ақтайтын, сонымен қатар оның кінәсін ауырлататын, болмаса жеңілдететін мән-жайларды анықтау мен зерттеу, анықтау және алдын-ала тергеуді жүргізу кезінде заңда белгіленген тәртіптерді мүлтіксіз сақтау. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелері тергеу қызметкерлерінің уақытын дұрыс, тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Маман-дандыру арқылы белгілі бір жасалған қылмыстық әрекеттерді, қылмыстың ізін жасыруға бағытталған әрекеттерді зерттеуді және осының негізінде неғұрлым тиімді тактикалық тәсілдерді қолдану арқылы қауіпті және инсценировкаланған қылмыстарды ашу мен оларды алдын алуға мүмкіндіктер туғызады. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарының әдістемесі осы әрекеттер мен тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделе отырып жетілдіріледі. Қылмыстардың жасалу тәсілі (дайындау, қылмысты жасау, оның ізін жасырудағы белгілі бір қылмыстың элементі бар әрекеттің жиынтығы) туралы теориялық ілім әдістемеден белгілі бір орын алады. Қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдері обьективтік және субьективтік факторларға байланысты. Обьективтік факторларға қылмыскердің әрекет ететін жері, орны, субьективтік факторларға, қылмыс субьектісінің жеке басының қасиеттері – оның білімі, талабы, әдеті, дағдысы, мінез-құлқы жатады. Обьективтік факторлар сияқты (тәрізді) субьективтік факторлар да кездейсоқ және үздіксіз әсер етуі мүмкін. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі ұсыныстарының тиімділігі қылмыстық әрекеттерді тергеу және ашу барысында тергеуші мен жедел-қызметкерлерінің өзара бірігіп мәселелерді шешуіне байланысты өзара әрекет етуді ұйымдастыру – көбінде анықтау және алдын ала тергеу нәтижелілігін сондай-ақ жүргізілетін тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларының тиімділігін анықтайды. Бұл қызметкерлердің өзара бірігіп немесе келісе отырып әрекет етуі, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді өзара алмастыра пайдалануы іс бойынша көп күш кетірмей барынша жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндіктер береді. Қылмыстылықпен күрес жүргізуге қоғамды тарту криминалистикалық зерттеу әдістемесінің обьектісі болып табылады. Оларды пайдалануда қойылатын талап қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған. Тергеуші қылмысты тергеу мен оны алдын алуға қоғамды тарту барысында азаматтардың көмегінің әділеттілік қағидасын сақтауы тиіс. Қоғамның қатысуы әртүрлі формада болуы мүмкін: қылмыс жасауға дайындалып жатқандық туралы хабарлау; қылмыстық элементтерді іздестіру және іс бойынша куәлерді анықтау; тергеушіге дәлелдемелерді ұсыну; жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне және ұйымдастырылу шараларына қатысу; қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау. Криминалистикалық әдістеме – айыпкердің жеке басы туралы мәліметтерді жинау әдістері мен тәсілдерін өңдейді, қылмыстық әрекеттерді ашу үшін және қылмыскерлерді қайта тәрбиелеу жөніндегі шараларды қабылдау үшін қажетті мәліметтер шеңберін анықтайды, айыпкердің жеке басы туралы дәлелдемелердің қайнар көзін көрсетеді, тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері туралы ұсыныстарды мәлімдейді, қалыптастырады, осы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Айыпталушының жеке басын анықтап зерттемеу, оның әрекетін дұрыс саралауға және соттың жазалау шараларын әділетті қолдану мүмкін емес. Айыпкердің жеке басы – оны тәрбиелеуге байланысты қолданылатын тәсілдерді; айыпкердің қатысуымен тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын; оған қолданылатын бұлтартпау шараларын дұрыс іріктеп алу үшін және қылмысты алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау әдістерін дұрыс таңдау мақсатында анықталады. Алдын ала тергеуге қатысушы тұлғаның жеке басын анықтаудың көлемі мынандай: а) демографиялық; ә) өмір сүру жағдайы; б) адамның денсаулық жағдайы жөніндегі, оның физикалық және психикалық ерекшеліктері; в) сезіктінің (айыпкердің), куәнің, жәбірленушінің өмір бейнесін, оның мінез-құлқы мен таныстарын сипаттайтын; г) моральдық және интеллектуалдық қасиеттері, мінез-құлық ерекшеліктері. Тергеушінің қолындағы айыпкердің жеке басына байланысты мәліметтер жекеленген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін. Мәселен, жауап алу кезіндегі айыпкердің жасын (егер ол кәмелетке жасы толмаған болса) анықтауға байланысты алынған мәліметтер, жауап алудың тиімді ерекше тәсілдерін іріктеп алуға мүмкіндіктер береді; ал оның білімі, интеллектуалдық даму деңгейі жөніндегі алынған мәліметтер, айыпкердің жеке басына бағытталған тәсілдерді ұтымды түрде қолда-нуға, сонымен қатар олармен психологиялық байланысты орнату мен олардың жалған көрсетпелерін әшкерелеуге немесе алдын алуға жағдайлар жасайды. Тінту барысында айыпкердің мамандығы, шұғылданатын кәсібі, дағдысы, мінез-құлық ерекшелігі туралы алынған мәліметтер құпия орындарды немесе басқа да іздестірудегі обьектіні жасырған жерлерді іздеп табуға көмегін тигізеді. Айыпкердің жеке басы жөніндегі алынған бұл мәліметтер, тергеу экспериментін жүргізу қажеттілігіне байланысты шешім қабылдауға, тергеу экспериментін ұйымдастыру мен оның қорытындыларын дұрыс бағалауға мүмкіндіктер туғызады. Қылмыстық процесске қатысушы тұлғалар туралы мәліметтердің қайнар көзіне бірінші олардың өздері, екіншіден, бұл тұлғалар туралы мәліметтерді сипаттайтын әртүрлі обьектілер, сонымен қатар, бұл тұлғалар туралы мәліметтер бар әртүрлі обьектілер жатады. Тергеуші ақиқатқа жету үшін келесідей әртүрлі таным әдістерін қолдана алады: а) бақылау (жауап алу, тінту барысында); ә) эксперимент (тергеу эксперименті); б) салыстыру (беттестіру, тінту, тергеу эксперименттін жүргізу кезінде); в) жүйелі-құрылымдық талдау (субьект күрделі құрылым ретінде қарастырылады); г) адамның өткен өмірін зеттеу (өмірбаяны, реконструкция жасау арқылы); д) зерттеудің арнайы әдістерін; е) криминалистикалық (айыпкердің жеке басы туралы мәліметтерді әртүрлі іздер тобынан алу; таныту барысында оның жеке басын сәйкестендіру); ж) сот-психологиялық (әңгімеге тарту, сөйлеу, тұлғаның жеке басына сот-психологиялық талдаулар жүргізу); з) сот-психологиялық (анамнез, амбулаториялық және стационарлық зерттеу әдістемелерін); г) сот-медициналық, биологиялық және т.б. Криминалистикалық әдістеме ұсыныстарының құндылығы – қылмыстарды тергеу және ашу тәжірибесі арқылы тексеріледі. Тергеу әдістемесінің дамуы, криминалистика ғылымымен өңдеп жетілдірілген және тәжірибе жүзінде тексерілген әдістер мен тәсілдердің, құрал-жабдықтардың есебінен жүзеге асырылады. Теория мен тәжірибенің өзара байланысы – қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің күшіне енуінің маңызды кепілі болып табылады. 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
Қылмыстардың әрбір жеке түрлері бойынша анықтауға жататын мән-жайлар шеңбері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес баптарымен анықталады. Заң нормалары мен тергеу тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, криминалистикалық әдістеме тергеушіге қылмыс-тардың әрбір түрі немесе тобы бойынша анықтауға жататын мән-жайлардың қатарын нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін ұсыныстарды өңдеп жетілдіреді. Анықтауға жататын мән-жайлар Қылмыстық іс жүргізу кодекстің сәйкес баптарының диспозициясы мен қылмыстық процестегі дәлелдеу пәні элементтерінің механикалық үйлесімділігі ғана емес екендігін нақты ескертіп өткеніміз жөн. Аталған санаттар қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық құқық ғылым салаларына жатады, криминалистика ғылымымен толықтырылады, өңделеді, жетілдіріледі және де соның негізінде жаңа сапаға ие болады. Қылмыстардың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесінің құрылымы мен мазмұны. Әртүрлі қылмыстарды тергеу әдістемесіне арналған оқулықтар мен монографияларда құрылымның – толықтығы мен кезектілігін қамтамасыз ететін материялдар ұйғарылып қабылданған нақты бір схемамен беріледі. Қылмыстардың нақты бір түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің типтік құрылымына сәйкес жеке әдістемеден келесілер көрініс табуы қажет: · нақты қылмыс түрін (тобын) тергеу кезінде анықтауға жататын жағдайлар; · нақты бір қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы; · қылмыстық істі қозғау және берілген санаттағы іс бойынша тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау ерекшеліктері; · тергеудің әрбір кезеңіндегі туындайтын типтік ситуацияларына, сондай-ақ тергеушінің әрекетінің тактикалық және ұйымдастыру мен басқа да шараларының ерекшеліктеріне байланысты тәртіп ережелері (бағдарламасы, алгоритмі); · берілген сипаттағы істер бойынша арнайы білімдерді қолдану ерекшеліктері; · қоғамның көмегін пайдалану ерекшелігі; · қылмыстың берілген түрін тергеу кезінде тергеушінің анықтау аппараттарымен өзара байланысын ұйымдастыру; · сәйкес санаттағы істі тергеуге байланысты материалдары бойынша тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру. Жеке әдістеменің бұл құрылымы криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелерінің құрылымы сияқты типтік болып табылады; бұған осы және басқа да анықтаулар жатады. Жеке әдістеме толық деңгейде өңделіп жетілдірілген деуге болады, ол қазіргі криминалистика тарауларының барлық талаптарына жауап береді және оның ары қарай дамуының базасын құрайды. Тергеу әдістемесінің мазмұнына кіретін негізгі дәрежелерге – қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, типтік тергеу ситуациясы, тергеу кезеңдері, арнайы білім жатады. Криминалистикалық сипаттама түсінігінің көлемді болуына байланысты оны біз бөлек тарауда қарастырамыз. Ал арнайы білім үшінші бөлімде жеке көрсетілген. Тергеу ситуациясы – тергеудің белгілі бір кезеңінде қолданылатын тергеушінің қолындағы тергеу ісіне маңызды ақпараттар (дәлелдемелер, сондай-ақ процесуалдық емес жолмен алынған мәліметтер). Тергеу ситуациясының мазмұны келесілерден тұрады: іс бойынша жиналған дәлелдемелерден; тергеу үшін маңызды басқа да ақпараттардан; алынған ақпараттардың қайнар көзі туралы мәліметтерді алудан. Бұл фактілі мәліметтер жиынтығы өз кезегінде тергеліп отырған оқиғаның нақты кезеңінің бейнесін толық әрі обьективті түрде сипаттайды және тергеуші оны бағалай отырып өзінің кейінгі жүргізетін тергеу әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. Тергеу ситуациясын бағалау оның мазмұнына кіре ме деген сұрақтардың туындауына байланысты көптеген пікір-таластар болуда. Кейбір авторлардың пікірлері бойынша тергеу ситуациясының түсінігіне міндетті түрде субьективтік жағдайды бағалау кіреді және ол бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады – фактілік және перспективті (тергеудің алдағы болашағы). Бұл авторлардың пікірлерінше перспективті бөлім тергеудің нақты жағдайын тергеушілердің бағалауы мен олардың алдында тұрған мәселелерді анықтаудан және көздеген мақсатына жету үшін белгілі бір әдіс-тәсілдерді таңдауларынан тұрады. Тергеу ситуациясының маңызды элементі болып тергеушінің өзі табылады; «тергеушінің санасында қалыптасқан жағдайға байланысты перспек-тивті бөлімнің қалыптасуы, ең алдымен тергеушінің өзінің талпынысына байланысты келесі жағдайдағы фактілік бөлімге өтеді». Барлық жағдайда тергеуші алдымен тергеу барысын талдауы тиіс, іс бойынша жиналған қандай да бір мәліметтерді бағалай отырып, соның негізінде өзінің кейінгі жүргізетін тергеу әрекеттерін жоспарлауы қажет. Тергеушінің алда тұрған мәселелерді шешуі, іс бойынша жиналған дәлелдемелер мен басқа да қолда бар деректерге байланысты болады. Нақты сөзбен айтқанда тергеудің алдағы барысы және алынған мәліметтер өзара үзіліссіз диалектикалық байланыста болады. Дегенімен де ситуация салыстырмалы жеке категория ретінде тергеу ситуациясының мазмұнына кірмейді және оның шеңберінен тыс Тергеу ситуациясының шеңберінен тыс қарастырылады. Тергеу ситуациясының сипатын анықтаған кезде міндетті түрде алдымен обьективтік негізі бар факторларға сүйену қажет. Тергеуші бағалайтын факторлар мен ситуацияларды тұтас қарастырғанда әртүрлі бағалауы мүмкін (ол жағдайдың шын мәніне сәйкес, дұрыс және толық бағалауы немесе субьективті қателесуі мүмкін); әртүрлі лауазымды тұлғалар (мысалы: тергеуші мен тергеу бөлімінің бастығы немесе прокурор) тергеу барысы мен нәтижесін әртүрлі бағалаулары мүмкін, бірақ одан тергеу ситуациясы өзгермейді. Іс бойынша анықталған мәліметтер мен тергеу барысында жиналған нақты жағдайлар – тергеушінің немесе басқа да лауазымды тұлғалардың оларды қалай бағалауына қарамастан өзгермейді. Қандай да болмасын бір құбылысты бағалауда, оның сипатын анықтау мен даму көрінісі бұл құбылыс мазмұнына кіре алмайды. Әрине, тергеуші тергеу барысын үздіксіз талдай отырып өз жұмысын бағалайды, соның негізінде жоспарын өзгертіп, көзделген (белгіленген) тергеу әрекеттерінің тактикасын түзетеді. Барлық жағдайларда жұмыстың сипатына қарамастан, оны жүргізу барысын бағалауда жасаған алдын ала қорытынды және субьектінің (орындаушы) әрекетінің перспективі (алдағы болашағы) осы жұмыстың бір бөлігі немесе оның қорытындысының көрсеткіші бола алмайды. Кез-келген дерек, оқиға, құбылыс материалдық санат ретінде танылады, ал оны қандай да болмасын тұлғаның бағалауы, соның ішінде бұл деректің немесе оқиғаның пайда болуына тікелей қатысты тұлғалардың бағалауы – ойлау санаты. Сондықтан да деректі субьективтік бағалау бұл деректің мазмұнына кірмейді, принципиалды түрде жол берілмейді. Бұл мәселеге байланысты профессор Р.С. Белкиннің көзқарасына ерекше тоқталып өткеніміз жөн. Оның тергеу ситуациясына: «тергеу ситуациясы» - бұл нақты тергеу жүргізіліп жатқан кездегі мән-жайлардың жиынтығы, яғни дәлелдеу процесі жүргізіліп жатқан кездегі мән-жай – деп түсінік береді. Сонымен тергеу ситуациясының мағынасы кең – оған тергеу барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық жағдайлар кіреді. Осыған сәйкес тергеу ситуациясының компоненттері анықталады. Олардың қатарына төмендегілер жатады: · психологиялық сипаттағы компоненттер: тергеуші мен оған қарсылас тұлғаның арасындағы даудың нәтижесі, іс бойынша тергеушінің, тұлғалардың психологиялық қасиеттерінің көрінісі және т.б.; · ақпараттық сипаттағы компоненттер: тергеушінің (қылмыстың жасалу жағдайы, іздестірудегі обьектінің жасырылған орны және т.б. жөнінде) мәліметтендірілуі; тергеушіге қарсы позициядағы және іске қатысты өзге де тұлғалардың (мысалы: табылған және табылмаған дәлелдемелер жөнінде тергеушінің және куәлердің хабардар екендігі жөнінде, тергеліп отырған іске байланысты тергеушінің пікірі жөнінде және т.б.) мәліметтендірілуі; · процесуалдық және тактикалық сипаттағы компоненттер: іс бойынша өндірістің жағдайы, дәлелдемелер және олардың қайнар көздері, бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі, қылмыстық іске қатысты тұлғаларды бір-бірінен бөліп, оқшаулау (изоляциялау), нақты бір тергеу әрекеттерін жүргізу және т.б.; · материалды және ұйымдастырылған-техникалық сипаттағы компонент-тер: кезекші бөлім мен жедел-тергеу тобының арасындағы қатынастың болуы; ішкі істер органдарының тіркеу аппараттары арқылы ақпарат жеткізуші құралдардың болуы және т.б. Бұл пайымдау, бір қарағанда өте дәлелді болып көрінеді. Шынында тергеу-шінің психологиялық жағдайы, оның білімділік дәрежесі, тәжірибесі және т.б. жағдайлар тергеу барысына әсерін тигізетіндіктен олар тергеу ситуациясына кіруі тиіс. Мысалы: егер тергеуші шаршаған немесе тергеу барысында міндетті түрде анықтауға қажетті қойылатын сұрақтарды дұрыс қоюды білмеген жағдайда тергеу әрекетін тиісті деңгейінде жүргізе алмайды, бұл дегеніміз қажетті мәліметті ала алмау деген сөз, нәтижесінде тергеу ісі шиеленісіп тығырыққа тірелуі мүмкін. Тергеу ісін жүргізу барысы мен оның нәтижесі көбіне тергеушінің техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, жедел-іздестіру аппараттарымен өзара байланыс деңгейіне және т.б. байланысты. Дегенімен де тергеушіні және оның жұмысының нәтижесіне тікелей немесе жанама әсер ететін факторларды тергеу ситуациясының элементі ретінде қарастыру дұрыс емес. Тергеу ситуациясы мәселелерін өңдеу келесідей тәжірибелік мақсатты -белгілі бір қылмыстың түрі мен тобын тергеу кезінде жинақталған типтік ситуацияларын анықтауды және соның негізінде жасалған қылмысқа сәйкес тергеу әдістемесі бойынша ұсыныстар жиынтығын өңдеп жетілдіруді көздейді. Тергеу ситуациясының түсінігі мен мазмұны осы мәселелерге жауап беруі шарт. Берілген криминалистикалық категорияның түсінігі мен мазмұнынан тергеу ситуациясын типтендіру мүмкіндігі көрініс табуы тиіс. Егер де барлық компоненттерін қосатын болсақ, ситуацияны типтендіру мүмкін емес. Бір топты – тәуекелге бойұрғыш, шешімді, өзіне нық сенетін тергеушіге ұсынуға болмайды және басқа топты – өте шешімді, бірақ терең пікірлі, ойлампаз және сақ тергеушіге ұсынуға болмайтындығы айдан анық; бір ұсыныстар – сангвиник-тергеушілерге арналса, ал басқалары меланхолик-тергеушіге арналады; бірі оқиға болған жерге автокөлікпен баруды ұйғарса, екіншісі ол жерге еріксіз жаяу жетуі мүмкін және т.б. Тергеушінің қызметіндегі нақты бір іске байланысты туындайтын сансыз әртүрлі интеллектіні, физикалық және психологиялық ерекшеліктері, тіршіліктегі ситуациялық жағдайды және басқа да жағдайларды ешқандай әдістеме типтендіре алмайды. Криминалистика ғылымының ережелері – тергеушінің шығармашылық ізденісін әдеттік «стандартты» пайдалануға, оның кәсіби дайындылығына, жаңа криминалистикалық техника жабдықтарын игеретіндігіне, анықтама органдары мен қажетті мамандардан кеңес, көмек алу мүмкіндігіне, қажет болған жағдайларда қызметтік көліктерді пайдалану мүмкіндіктеріне және т.б. негізделе отырып қалыптастырылады. Әрине мұнда дерексіздік (абстракция) орын алады, шынайы өмірде тергеушінің өзі және оның жұмыс жағдайы барлық уақытта стандартқа сәйкес келе бермейді. Бірақ мұндай дерексіздіктер ғылымда қашып құтылуға болмайтын жағдай және заңға сиымды болып табылады. Сонымен, тергеу ситуациясы криминалистикалық категория ретінде көлемі бойынша тәжірибеде жинақталатын ситуациямен сәйкес келуі мүмкін емес. Бұл түсініктің мазмұны өте тар көлемде қарастырылып, сонымен қатар тергеушінің жеке басына қатысты факторлар, оның техникалық қамтамасыз етілуі, жұмыс жағдайы және т.б. қарастырылып отырған түсінікке кірмейді. Өйткені бұл тергеу ситуациясын типтендіруге мүмкіндік бермейді. Тергеу ситуациясының мазмұнына тек бір ғана – ақпараттық факторлар тобын кіргізу тиімді болып табылады, тәжірибе көрсеткендей, бұл факторлар тобы қылмыстарды тергеу барысында қолданылатын нақты ұсыныстарды өңдеуге жеткілікті. Тергеу ситуациясын әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Барынша тергеуге тиімді топтастыруларға мыналар жатады: типтік және нақты ситуациялар; іс бойынша тергеу барысында жалпы жинақталған және жеке тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі ситуациялар; қайшылықты және қайшылықсыз ситуациялар. Типтік ситуациялар – белгілі бір қылмыс түрі немесе тобын тергеудің нақты бір кезеңіндегі жинақталған ақпараттар көлемі мен мазмұнына тән ситуациялар. Ұрлық және басқа да қылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңіне келесідей үш типтік ситуациялар тән: · қылмыскер қылмыс жасау үстінде ұсталды; · қылмыскер ұсталмады, бірақ оған іздестіру әрекетін жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей, ол жайында белгілі бір ақпараттар бар; · қылмыскер ұсталмады және ол жөнінде ешқандай мәліметтер жоқ (мысалы: қалтадан ұрлаған кезде). Ал зорлау қылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңіне мынандай 2-типтік ситуациялар тән болуы мүмкін: · жәбірленуші қылмыскерді біледі және оны іздестіруге мүмкіндік беретіндей мәліметтер бере алады; · жәбірленуші қылмыскерді танымайды және ол жөнінде ешқандай деректер бере алмайды (егер жәбірленушіні зорлау тосыннан (кенеттен) болып, ол қылмыскерді дұрыстап көре алмаған жағдайда) және т.б. Нақты ситуацияларға – белгілі бір қылмыстық істі тергеу кезіндегі жинақталған аһуалдар жатады. Олар типтік ситуацияға сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Қылмыстық істі тергеу кезінде толық жинақталған ситуациялар барлық жағдайда да қайшылықты болып табылады. Ал жеке тергеу әрекетін жүргізу барысында жинақталған ситуациялар қайшылықты немесе қайшылықсыз да болуы мүмкін. Қылмысты тергеу кезеңдері. Ұзақ жылдық тәжірибе негізіне сүйене отырып криминалистер тергеу кезеңін алғашқы және кейінгі деп екі кезеңге бөліп қарастырады. Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеуші төмендегідей негізгі мәселелерді шешіп алуы қажет: · қылмыстық істі қозғауға байланысты шешім қабылдау кезіндегі мәліметтер негізінде қылмыстық оқиға туралы жасалған жалпы типтік болжауларды тексеру; · зерттеуге жататын деректерді анықтау; · жоғалып немесе жойылып кетуі мүмкін дәлелдемелерді кейінге қалдырмай жинау және бекіту; қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды іздестіру және ұстау үшін қажетті шараларды дер кезінде қолдану; · қылмыспен келтірілген залалдардың орнын толтыруға байланысты жедел шаралар қабылдау; · қылмыстың жасалуына мүмкіндік туғызған мән-жайларды анықтауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру; Тергеудің кейінгі кезеңінде істің барлық мән-жайларын толық анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты жүргізілетін жұмыс әрі қарай жалғастырылады. Тергеудің алғашқы және кейінгі кезеңдері тергеушінің алдына қоятын міндеттерімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, тергеудің алғашқы кезеңінде тергеушінің уақыты тығыз болғандықтан көп жағдайларда (әдетте) жазбаша жоспар құрмастан жылдам қарқындықпен жұмыс істейді. Тергеудің келесі кезеңінде, тергеушінің жұмыс істеу қарқыны төмендеп, бәсеңдейді. Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеуші кейінге қалдыруға болмайтын барлық тергеу әрекеттерін орындап, іске дәлелдемелік маңызы бар материалдарды жинап бітіріп, оларды талдап, зерттеп, тексеруге және іс бойынша тергеу жоспарын толық құруға кіріседі. Әрине бұл шекара шартты болып табылады; кейде алғашқы кезең мынандай жағдайларда аяқталуы мүмкін, мысалы: сезіктіні ұстағаннан кейін тергеуді ары қарай жүргізу бағытын анықтайтын іске маңызды қандай да бір дәлелдемелер алынған жағдайларда. Криминалистикада тергеудің алғашқы және кейінгі кезеңдеріне байланысты жекеленген қылмыстардың әрбір нақты түрлері бойынша – тергеу әрекеттерін, жедел және ұйымдық шараларын жүргізу шеңберіне және олардың кезектілігіне қатысты ұсыныстар өңделіп қалыптастырылған. Кейінгі жылдары криминалистер өз еңбектерінде тергеу кезеңдерін әртүрлі және бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырып жүр. Әрине бұлай бөліп қарастырған да өте орынды. Қылмыстық іс қозғау кезеңдері көптеген іс категорияларына тән, тергеу барысында тергеушіге келіп түскен оқиға жөніндегі қылмыстың белгілері бар материалдарға тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бөтеннің мүлкін иелену ұйымдасқан топ болып жасалған қылмыстар бойынша және басқа да тергеу істерін аяқтау мен айыптау қорытындысын шығарудың өзіндік дербес кезеңдері бар. Қылмыстың басқа түрлерінде жоғарыда аталған екі кезеңдерге бөліп қарастыру барынша қолайлы болып табылады. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелеріне қатысты негізгі сұрақтарды білу, меңгеру өте қажет. Онсыз тәжірибеде тергеушіге кездесетін әртүрлі қылмыстарды тергеуде, қылмысты тез ашуға және тергеуді нәтижелі жүргізуге көмегін тигізетін жеке әдістемелік ұсыныстарды шығармашылық игеру мен пайдалану мүмкін емес.
|
|||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.44.46 (0.014 с.) |