Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бастапқы тергеу ситуациясыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
2. Жәбірленуші Кейбір қылмыстар бойынша криминалистикалық талдауда жәбірленушінің типологиялық ерекшеліктері алдыңғы орынға ие болады. Себебі, жәбірленуші алдын ала тергеу мен сот мәжілісінің орталық фигурасы болып табылады. Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер криминалисти-калық жоғары маңызға ие. Олар: - жәбірленуші әрекеттерінің қылмыс механизмінің қалыптасуына тигізе-тін әсерін анықтауға; - жәбірленушінің тұлғасын, оның қылмыскермен қарым-қатынасын зерттеуге; - тергеу кезіндегі жәбірленушінің жүріс-тұрысын болжауға; - жәбірленушінің тұлғасы мен жүріс-тұрысымен байланыста болатын қылмыстың жасалуына итермелеген себептер мен жағдайларды бекітуге; - жәбірленушінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін таңдауға көмектеседі; Жәбірленушінің тұлғасы туралы типологиялық мәліметтер жауап алу және оның қатысуымен өзге тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушімен психологиялық байланыс қалыптастыру үшін маңызы бар. 3. Қылмыс жасау тәсілі Көптеген криминалистердің пікірлері бойынша, бұл элемент өте үлкен маңызға ие. Әрбір жекелеген жағдайларда қылмыс жасау тәсілі нақты болады. Қылмыстық-құқықтық ғылымында қылмыс жасау тәсілі қылмыс құрамының обьективтік жағын сипаттау үшін қажет. Ал қылмыстық іс жүргізу құқығында бұл элемент қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың бірі және айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің құрылымындағы міндетті элементердің бірі ретінде қарастырылады. Криминалистикада қылмыс жасау тәсілі – қылмыс іздерін қайдан, кімнен іздеуді, ол іздер қандай құралдармен қалдырылғандығы, т.б. мән-жайларды анықтауға көмектесетін ақпараттың маңызды қайнар көзі болып табылады. Қылмыс жасау тәсілі – деп қоршаған орта жағдайлары мен қылмыскердің психофизиологиялық қасиеттерімен анықталған, қылмысқа дайындалу, оны орындау мен ізін жасыру жөніндегі әрекеттердің жүйесін түсінеміз. Қылмыс жасау әдісі криминалистикалық сипаттаманың негізгі элементерінің бірі екендігі туралы барлық криминалистердің пікірі бір болып есептеледі. Қылмыс жасау әдісін танып-білу – іс бойынша қажетті мән-жайларды танудың кілті десекте болар. Қылмыс жасау тәсілдері обьективтік және субьективтік факторлар негізделіп қалыптасады. Обьективтік факторларға қылмыскер қол сұққан қоғамдық қатынастардың түрі мен сипатын, қылмыскер әрекет еткен жағдайды, қылмыс-тық қол сұғушылық пәнінің ерекшеліктерін жатқызуға, ал субьективтік факторлардың қатарына қылмыскер мен жәбірленушінің психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстың ниеті мен мақсатын кіргізуге болады. Қылмыс жасау тәсілі күрделі, әрі жинақтаушы ұғым. Қасақана жасалған қылмыстарға байланысты қылмыс жасау әдісі бойынша мынандай элементті көрсетуге болады: дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері. Ал абайсызда жасалған қылмыстарда келесідей екі немесе бір элемент орын алуы мүмкін: орындау немесе орындау және жасыру әдістері. 4. Қылмыс жасау механизмі Криминалистикалық талдау жасалғанда қылмыс жасау әдісімен бірге, қылмыс жасау механизмі сияқты түсінік те қолданылады. Егер қылмыс жасау әдісі – қылмыстық нәтижеге жетуге және оның зардабын жасыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпаратты қамтыған жағдайларда қылмыс жасау механизмі барлық компоненттермен өзара байланыста болатын қылмыстық әрекеттердің динамикасын көрсетеді. Әрбір жүйе сияқты, қылмыс жасау механизмі белгілі бір заңдылықтардың әсерімен қалыптасады. Көптеген ғалымдар криминалисти-калық сипаттамада элементтің бұл түрін көрсетпейді. Бұл элемент қылмыскер тарапынан болған әрекеттің көп деңгейлілігімен, қылмыстық әрекетке белгілі бір қатысушыларды тартумен және көптеген фактілердің әсер етуімен сипатталады. И.Ф. Пантелеев пен А.Ф. Савкин қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының құрылымындағы осы элементке көп көңіл бөлген. Олар: “Жалпы алғанда, тергеу ситуациясы – нақ сол сәтте қылмысты тергеу жүзеге асырылып жатқан жағдайлардың жиынтығынан тұрады” – деп көрсетті. Ол обьективтік және субьективтік факторлардың әсерімен қалыптасады. Обьективтік факторлар – тергеудің белгілі бір кезеніңде қолданылатын дәлелдемелік және бағдарлаушы ақпараттың көлемі мен сипатынан құралады. Ал субьективтік факторлар – тергеушімен іс бойынша қатысушы тұлғалардың өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері мен психикалық жағдайынан тұрады,” - деп нақтылайды. Профессор Н.А. Селиванов өз еңбегінде: “тергеу ситуациясын тергеу жүргізу үшін маңызы бар ақпараттың қосындысы ретінде қарастырады”. В.К. Гавло “тергеу ситуациясын белгілі бір тергеу сатысындағы оқиғаның маңызды белгілерін көрсететін фактілік мәліметтердің жиынтығы,” - деп көрсеткен. Ал Л.Я. Драпкин өз пікірі бойынша: “тергеу ситуациясы тергеушінің өз әрекеттерін жоспарлайтын өзіндік “ақпараттық үлгі” - деп ұсыныс жасаған. Әртүрлі қылмыс түрлерін тергеудің бастапқы кезеңіне тән тергеу ситуациялары өз сипаты мен сапасы бойынша ерекшеленеді. Дегенімен де, алғашқы тергеу ситуациясы мен ол туралы түсініктер әр түрлі мазмұндағы түсінік болып табылады. Тергеу ситуациясы – алғашқы, аралық және соңғы болып бөлінуі мүмкін және қылмыстарды тергеу әдістемесінде елеулі орынға ие. Криминалистикалық сипаттаманың элементі болып тек бастапқы тергеу ситуациясы танылуы мүмкін және осы арқылы тергеуші қылмыс белгілерін анықтау сәтіндегі жағдаймен таныс болады. Осы қылмыстарды тергеудің әдістемесі тергеудің ең тиімді бағытын таңдауда нақты ұсыныстар жиынтығын, негізделінген ғылыми-техникалық әдістер мен құрал-жабдықтарын және тактикалық тәсілдерін қарастырады. Криминалистикалық сипаттамадағы тергеу ситуацияларын дұрыс бағалау – тергеудің тиімді бағыттарын таңдаудағы маңызды шарт болып табылады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.16.82.208 (0.011 с.) |