ылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
10. Қылмыстың салдары
Қылмыстың салдары немесе нәтижесі деп тұлғаның әрекетімен қамтамасыз етілген және қылмыс құрамының обьективтік белгілеріне жатқызылатын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардағы немесе қоршаған ортада болған өзгерістерді айтамыз.
Қылмыстық әрекет әр түрлі зиянды және қоғамға қауіпті салдарларды туындатуы мүмкін. Қылмыс салдары түсінігінің криминалистикалық аспектісі қылмыс іздері мен белгілерін тауып, оларды зерттеу және іс бойынша обьективті шындықты бекіту үшін маңызы бар, қылмыс жасауға байланысты қоршаған ортада болған өзгерістерді де қамтиды. Қылмыстық нәтиже – дене зақымымен, мүліктік немесе моральдық зиянмен көрініс табуы мүмкін. Қылмысты тергеу процесінде оның салдары себепті байланыс тұрғысынан жан-жақты талдануы керек. Бұл аталған элементтің криминалистикалық сипаттама құрылымындағы маңыздылығын арттырып, нақты қылмыс түрлерін тергеу кезінде дәлелдеу үшін маңызы бар барлық мән-жайларды жан-жақты бекітуге септігін тигізеді.
Себеп – бұл тергеуді туындататын құбылыс, оның әрекет етуі салдар туындау үшін қажетті оқиғалардың белгілі бір дамуын алдын ала анықтайды. Қылмыс жасауға итермелеген жағдайлар –қылмысты туындатпайтын құбылыс-процестер, бірақ олар себептің әрекет етуін жеңілдетеді және қамтамасыз етеді.
Криминалистика ғылымының бір міндеті – оның пәнін анықтай отырып, қылмысты алдын алу болып табылады. Бұл міндетті орындау оның жасалуына көмегін тигізген себептер мен жағдайларға талдау жасамай мүмкін болмайды. Сондықтан тергеу процесінде оларды анықтау үлкен криминалистикалық маңызға ие, себебі оларды танып-білу:
- қарастырылып отырған қылмыстың жасалу жағдайларын жан-жақты анықтауға көмектеседі;
- тергеушіге ұқсас қылмыстардан сақтандыру жөнінде белгілі бір шаралар қабылдауға мүмкіндік береді;
- себептер мен жағдайларды жалпылау әр түрлі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін қылмыстан сақтандыру жөніндегі шараларды талдағанда қолданылуы мүмкін;
|