Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ателердің жалпы классификациясы

Поиск

Аса ірі емес қателерге мыналар жатады: 

1. анықталатын түсініктің негізгі нышандары толық қамтылмағандықтан пайда болған ой тұжырымының, анықтамалардың, түсініктер, заңдар теориялардың дәл болмауы немесе осы нышандардың 1 – 2-н екінші дәрежелі нышанмен айырбастауы;    

2. ауызша жауаптың ой елегінен жеткіліксіз өткізілген жоспары (логикасының бұзылуы, жекелеген негізгі фактілерді екінші дәрежелілермен ауыстырып алу);

Бағаның төмендеуіне ықпал ететін қателер мен кемшіліктердің классификациясы

Қателер:

· теорияның негізгі түсініктерін, заңдарын, ережелерін, негізгі қағидаларын білмеу, тақырыптар, жалпы қабылданған фактілер, субъектілер, үрдістер, оқиғаларды (құбылыстар, үдерістерді) білмеу; 

· жерлердің, өңірлердің атауларын, терминдерін, мағыналарын, топонимикалық атауларды, тарихи оқиғаларды білмеу;  

· жауабында ең бастысын бөліп айта алмау; 

· білімін проблемалық міндеттерді шешу және құбылыстарды (оқиғаларды, үрдістерді) түсіндіруде қолдана алмау;  

· тұжырымдау мен жинақтауды жасай алмау; 

· таблицалармен жұмыс жасай алмау, құрастыра білмеу, графиктер және принципиалды схемаларды құра алмау;

· түпнұсқалар, оқулықтар және анықтама материалдарының мазмұнын айтуды, түсіндіруді, қолдануды, талдауды, жинақтауды, бағалауды жасай алмауы. 

· Тарихи картамен жұмыс жасай алмауы 

· Қазақстан тарихы оқиғаларының хронологиялық ретін, негізгі және маңызды күндерді, хронологиясын білмеуі 

· Қазақстан тарихының көрнекті тұлғаларын, субъектілерін, олардың жетістіктерін, Қазақстан тарихындағы негізгі еңбектері мен рөлін білмеу   

· Себеп-салдарлы байланыстарды таба алмау, негізгі өзгерістерді талдай алмау, себептерін түсіндіруді, баға беруді, үрдісті ашуды, сипаттама беруді, салыстыру, сипаттау, дәлелдеуді жасай алмауы 

· Негізгі оқиғалардың (құбылыстар, үдерістердің) мәнін, маңызын, рөлін, мақсаттарын білмеу  

· Өз пікірін логикалық тұрғыдан жүйелі және түсінікті айта алмау 

· Қазақстан тарихының негізгі тарихи мәселелерін білмеу  

· Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің тууы, орнығуы және дамуы туралы білмеу

· Қазақ халқының материалдық және рухани мұрасы туралы, оның дамуының өзіндік ерекшеліктері туралы білмеу 

· Түсініктің қате анықтамасы, түсініктің маңызды сипатын маңызы аз сипатпен алмастыру; 

· Маңызды болып тұрған жағдайда нысанды (құбылысты, үдерісті) сипаттаудағы бірізділіктің бұзылуы;  

· Бір не басқа оқиғаның (құбылыстың, үдерістің) себебін, заңдылығын, салдарын, тарихи маңызын, өту жағдайын дұрыс ашпау (әңгіме-ойтолғау үстінде);  

· Оқиғаларды (құбылыстар, үдерістерді) немесе субъектілерді (тұлғаларды) салыстыру, оларды маңызды нысандары бойынша топтарға классифи­кациялаудағы қателер; 

· Нақты материалды білмеу, айтылған пайымын, ой-пікірін растайтын дербес мысалдар, дәлелдер келтіре алмау;  

· Сурет, схема салу икемінің болмауы, таблицаны дұрыс толтырмауы; өз жауабын схема, сурет, таблица, иллюстрациялық материал, түпнұсқамен растай алмауы; 

· Картада және нобайда бағдар ұстай алмауы, оқытылған нысандарды (табиғи және тарихи) дұрыс көрсетуде қиналуы. 

Кемшіліктер:

Оқиғаны (құбылысты, үдерісті) суреттеуде оның маңызды емес нышандарының басым болуы;  

· суреттер, схемалар, таблицалар орындауда жұмыс нәтижесіне теріс ықпал етпейтін дәлсіздіктер; белгілер және қолдардың болмауы;  

· қате түпкі нәтижеге әкелмейтін, жауап беру кезіндегі бірізділіктің жекелеп бұзылуы; 

· нысанды картадан табудағы дәлсіздіктер.  



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.47.122 (0.009 с.)