Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тарих картасын оқу алгоритмі 

Поиск

Тарих картасын оқу алгоритмі 

· Картаның атауын оқы (онда картада бейнеленген аумақ және оның қай кезеңге жататындығы туралы ақпарат бар); 

· Картаның атымен таныс (бұл саған картадағы ақпаратты оқуға мүмкіндік беретін шартты белгілер); 

· Картадағы ақпаратты оқуда ең ірі нысандардан баста, содан ұсақтарға қарай жылжи бер: 

а) аумақтың табиғи – климаттық белгілерін айқында (әлемнің қай бөлігінде, қандай көлдері (теңіздері) бар;
б) мемлекеттің белгілерін анықта (шекара, астана, көрші мемлекеттері);
в) картада бейнеленген адамның тіршілік белгісін анықта (ол әскери жорықтар, сауда жолдары болуы мүмкін).

· Картада қозғалыс көрсеткіш оқпен белгіленетіні есіңе сақта. 

Ақпарат «алу» тәсілдерінің бірі бірнеше картадағы ақпараттарды салыстыру болуы да мүмкін. 

· Қала орнын таңдаудағы басты айырмашылық неде? Ол немен байланысты?   

· Қала қайдан басталып, қалай өседі? 

· Ортағасырлық Қазақстан қалалары формасының ерекшеліктерін ата. 

Сондай-ақ мұғалімнің кескін картасындағы жұмысты бағалайтын дәл критерийлер мен картадағы шартты ақпаратты мәтіндік ақпаратқа түрлендіру критерийлеріне назар аудару маңызды.  

Критерийлер пәндік икемділік пен дағдылардан басқа жалпы білім беру икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруға да мүмкіндік береді. 

Критерийлерде 5 балл болады (дәстүрлі мектептік баға шкаласы).

Бір критерий бір баллға сәйкес.

 

1-Билет

1. Алғашқы адамдардың кәсібі.

2. 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.

3. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?

 

 

 

Жауаптары:

1. Алғашқы адамдардың кәсібі.

Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды,тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді терді.Жеуге жарамды тамырларды қазып алды.Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталады. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды,үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай куатын. Үркіткен аңдар адамдардан қорқып,терең жарға құлады.

Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын,бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі.Палеолит-ежелгі тас ғасыры,мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым  жетілдіре жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 14; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.57.254 (0.007 с.)