Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушылар үшін картамен жұмыс бойынша Ережелер 

Поиск

Оқушылар үшін картамен жұмыс бойынша Ережелер 

Өздерің таңдаған шартты белгілердің көмегімен тапсырманы орындаңдар, шартты белгілерді картаның түсіндірме сөздеріне бейнелеңдер. Географиялық және тарихи нысандар – қалалар мен кенттердің атауларын дұрыс жазыңдар; өзендердің атауы ағысы бойына жазылады: бастауынан құйылуына қарай, жазу басқа белгілердің сұлбасын жауып қалмауы керек; жазуды мүмкіндігінше ұсақ, бірақ анық етіп жазыңдар.     

Картаны артық жүктеп жібермес үшін ұсақ нысандар сандармен белгіленіп, артынан карта нобайының сыртында оларға түсінік берілуі тиіс («шартты белгілер» графасында). 

Картаға тарихи нысандарды-өзен жүйелері, жаға сызығын және мемлекеттік шекараларды бейнелеуде градустық торды пайдаланыңыз (бұл бағдар және ыңғайлылыққа, сондай-ақ нысандарды дұрыс енгізуге қажет). 

Өздеріңізге берілген тапсырмаларды дәл орындау керек («артық ақпарат» енгізуден сақтаныңдар: жұмысқа артық ақпарат еніп кеткенде берілген тапсырманы дұрыс рәсімдегені үшін қойылатын баға бір баллға төмендеуі мүмкін)  

Нысандардың географиялық және тарихи атаулары бас әріптен жазылсын. Жұмыс грамматикалық қатесіз ұқыпты орындалуы тиіс (салақ және грамматикалық қателермен орындалған жұмыс бағаны бір баллға төмендетуі мүмкін).

 

Билеттегі кескін картамен жұмысты бағалау критерийлері

· Карта бойынша тапсырманы дәл және дұрыс орындауы

· Картаға нысандар мен жазбаларды дәл және ұқыпты енгізуі 

· Жұмысында шартты белгілердің және олардың түсініктемесінің болуы (карта аңызы)

· Картамен жұмыс жасау ережесін сақтауы (бояуда бәсең түстерді пайдалануы, бояу тек түрлі-түсті қарындаштармен жүргізілуі)

· Сөйлеу және грамматикалық қателердің болмауы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 12; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.118.210 (0.01 с.)