Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
Содержание книги
- Білім жӘне Ғылым министрлігі
- ателердің жалпы классификациясы
- Оқушылар үшін картамен жұмыс бойынша Ережелер
- Тарих картасымен жұмысты бағалау критерийлері
- Тарих картасын оқу алгоритмі
- Жж. «уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «ережелердің» арасындағы өзгерістер.
- Адамзат баласының пайда болуы.
- азақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.
- азақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.
- Орта тас ғасырының ерекшелігі.
- Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
- жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
- Ндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
- XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
- Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.
- Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
- гедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Шаруалардың мүліктік жерлері
- ыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.
- арахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Мемлекеттік дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады. Ххғ. Басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер. Түсініктеме беріңіз.
- Түркеш қағанатының саяси жағдайы.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
- Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
- Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- азақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
- білқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
- Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- йсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз
- Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
- Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
- асым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- азақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
6-Билет
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
2. Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілерін анықтаңыз.
3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және ортағасырлық қалаларды белгілеңіз.
Жауабы:
Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери-саяси топтарға жіктелген елдердің экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар шалғай жатқан Қазақстанның да дамуына зардабын тигізді. Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2 089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті.
Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі. 1914 жылы қазақтардан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды.
Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға дейін кеміп кетті.
Еске алатын бір жағдай, соғыстың қанды шайқастары мыңдаған адамдарды жалмап, аз да болса өндірістік мамандығы бар онсыз да саны аз маман жұмысшылардың майданға аттануын қажет етті. Бұл жағдай дамып келе жатқан өндіріс орындарында кәсіпқой жұмысшылар үлесінің күрт төмендеуіне себепші болды.
Соғыстың тауқыметі еңбекшілердің хал-ахуалынан ерекше байқалды. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында шетелдік капиталистердің бақылауында болған өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ешқандай бақылау болмаған, әсіресе ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Күніне еңбегі үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын немесе басқа қажетін қанағаттандыруға жетпейтін.
Соғыс кезіндегі қымбатшылықтың артуы әсіресе қаладағы өндіріс орындары жұмыскерлерінің хал-жағдайын тым төмендетіп жіберді: ұнның бағасының тіпті 70%-ға, қанттың – 50%-ға, сабынның 200%-дан астам қымбаттауы, сонымен бірге күнделікті өмір қажетін өтейтін бұйымдардың қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті.
|