Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
азақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
Содержание книги
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
- Ндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
- XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
- Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.
- Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
- гедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Шаруалардың мүліктік жерлері
- ыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.
- арахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Мемлекеттік дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады. Ххғ. Басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер. Түсініктеме беріңіз.
- Түркеш қағанатының саяси жағдайы.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
- Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
- Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- азақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
- білқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
- Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- йсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз
- Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
- Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
- асым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- азақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
- н көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
- н көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
- азақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі.
- арқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлін анықтаңыз.
- Түркеш қағанатының аумағын картаға белгілеңіз.
- және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.
- Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картаға белгілеңіз.
- Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары
- Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
- Ытай саяхатшысы чжан Цянь мен шоқан уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
- азақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
- асым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
19- Билет
1. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
2. Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.
3. Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы:
1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретінде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бірлесе соққы беруі үлкен түрткі болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылады. Мемлекетте егемендіктің жариялануы-республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. Егемендік туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді. Орналасқан аумағына, қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуді республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Сонымен қоса,бұл құжаттың шын мәніндегі мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтары да болды. Олар ең алдымен декларациядағы “одақты сақтауға ” қатысты баптардан көрініс тапты. Ол кезде қалыптасқан саяси жағдайында Орталық билік органдарының өкілдері бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруіне салқын, қарады. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Бұл республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам еді. Бұл кезде республиканың өз ішінде мемлекеттік билік органдарының құрылымдарында өзгерістер болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы, заң қабылдады.Республиканың қаржыландыру, материалдық-техникалық және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы әрекет мүмкіндіктері молайды. Одақтас республикалармен тікелей байланыстар жүзеге асырыла бастады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды.
Егемендік Қазақстан Президентіне еркін қимылдауға жол ашты. Экономика саласында орталықтың рұқсатынсыз шетелдермен тікелей байланыс жасала бастады. Халықаралық қатынаста Семей атом полигоны жабылуының маңызы зор болды.
Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақстан үкіметінің құзырына беру туралы, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Казақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жарлықтар шығарды. Бұл әрекеттер, жалпы алғанда, одақтық министрліктердің үстемдігін жойып, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігіне жол ашты.
Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде Беларуспен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украина елдерімен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды
|