Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
Содержание книги
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
- Ндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
- XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
- Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.
- Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
- гедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Шаруалардың мүліктік жерлері
- ыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.
- арахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Мемлекеттік дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады. Ххғ. Басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер. Түсініктеме беріңіз.
- Түркеш қағанатының саяси жағдайы.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
- Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
- Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- азақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
- білқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
- Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- йсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз
- Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
- Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
- асым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- азақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
- н көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
- н көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
- азақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі.
- арқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлін анықтаңыз.
- Түркеш қағанатының аумағын картаға белгілеңіз.
- және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.
- Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картаға белгілеңіз.
- Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары
- Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
- Ытай саяхатшысы чжан Цянь мен шоқан уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
- азақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
- асым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.
1891 жылы наурыз айының 25-інде «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ережелер бекітілді. Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік – аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал- губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерістер отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейітті, генерал – губернаторларға шексіз билік берді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңірлердегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептеледі.
29- Билет
1.Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
2.Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
3.Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
Жауаптары:
Кенесары Қасымұлы үш жүздің басын қосып, Ресей империясына қарсы тұрды. Ол қазақ жеріндегі біртұтастықты сақтап қалуға тырысты. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.
- Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты Кенесары ең алдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер -зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.
- Қарулы күштердің құрылуы. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.
- Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.
- Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті.
|