Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
гедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Содержание книги
- Білім жӘне Ғылым министрлігі
- ателердің жалпы классификациясы
- Оқушылар үшін картамен жұмыс бойынша Ережелер
- Тарих картасымен жұмысты бағалау критерийлері
- Тарих картасын оқу алгоритмі
- Жж. «уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «ережелердің» арасындағы өзгерістер.
- Адамзат баласының пайда болуы.
- азақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.
- азақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.
- Орта тас ғасырының ерекшелігі.
- Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
- жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
- Ндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
- XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
- Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.
- Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
- гедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
- Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Шаруалардың мүліктік жерлері
- ыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.
- арахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
- Мемлекеттік дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады. Ххғ. Басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер. Түсініктеме беріңіз.
- Түркеш қағанатының саяси жағдайы.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- Жылғы «целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
- ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
- Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
- Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
- Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- азақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
- білқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
- Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
- Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
- йсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз
- Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
- Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
- асым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- азақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
3.Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Үгедей ұлысы. Үгедей – Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.
9-Билет
1. Сібір қазақтары туралы Жарғы.
2. Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар.
3. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, С.Датұлы, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)
Жауабы:
1. Сібір қазақтары туралы Жарғы.Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады. 1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырғызылған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды -Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда қүрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сүлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сүлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.
Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді.
"Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.
Кейін Сібір казақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу қүқығына ие болды. Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды.
|