Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

зін - өзі тану сабағының жоспары.

Поиск

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

 

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі     

Сабақтың тақырыбы: Ата-анаң – алтын тұғырың. № 19-20- сабақ.

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі:  Рахимова Замзагуль Талапкеровна    

Сынып – 11            

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі:оқушылар ата-анасын құрметтеуді, сыйлауды, аялауды ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: : - ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету.

- ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

- махаббатқа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. Аналар және әкелер атты топтарға бөлу.

Тыныштық сәті. Орманға саяхат

2. Үй тапсырмасын тексеру: Дәйексөзді жатқа сұрау және дәптердегі тапсырмаларды тексеру.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағадағы құрақ. » деген халық нақылына оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу.

- Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?

- Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласың ба?

- Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

Халық нақылы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Менің атым - Қожа» повесінен алынған үзіндіні таныстыру. Оқушылар осы повесті оқи отырып ананың және әкенің адам өмірінде алатын орны жайлы 2- топ сайысқа түседі.

Қорыту:

- Ананың және әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?

- «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

Б. Соқпақбаев



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.108.87 (0.009 с.)