Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

зін - өзі тану сабағының жоспары.

Поиск

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

 

Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ

Мерзімі:      

Сабақтың тақырыбы: Арман – жарқын болашақ бейнесі. № 13- 14 сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс әрекет» Қасиеттер:

Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна    

Сынып – 11            

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, талантты дарынды балаларды анықтау.

Оқып үйренудің нәтижесі:оқушылар адам баласына арманның керектігін ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - «Арман» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: : - арман туралы, оның әлеуметтік, қоғамдық сипаты, арманға жету жолдары туралы ұғымдар қалыптастыру;

- жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету, өмірге, өзіне деген сезімін арттыр, өмірге құштарлыққа баулу;

- оқушылардың талдау, сараптау дағдыларын дамыта отырып, тұшымды ойдан ләззат табуға бағыттау, сезімін жетілдіру.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

- оқушыларды түгендеу. Кескін карталар арқылы топтарға бөлу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» баяу әуен арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру:«Шығыс ұлына хат» атты мәтінді сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар» деген нақыл сөзіне оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу.

- Армансыз адам бола ма?

- Арманның үлкен, кішісі бола ма?

Ғ. Мұстафиннің нақыл сөзін талдайды.

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Арман» атты өлеңді мәнерлеп оқу арқылы таныстыру.

Қорыту:

- Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?

- Ой алшақтығы нені меңзейді? Әлеуметтік сипаты қандай?

- Арманның адам болашағына әсері қандай?

М. Шахановтың өлеңін оқу және талқылау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.1.63 (0.009 с.)