Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.↑ ⇐ ПредыдущаяСтр 5 из 5 Содержание книги
Похожие статьи вашей тематики
Поиск на нашем сайте
Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б. Методические указания к лабораторным занятиям по фармакологии. /под ред. Пичхадзе Г.М., Алматы.- 2003. - 183 б. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-782 б. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 б. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 ж. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 б. 15. Кафедрада оқылатын дәрістер, кафедрада шығарылатын оқу құралдары
СРС №2 1. Тақырыбы: «Д» витаминінің уытты әсерлері» 2. Мақсаты: «Д» витаминінің уытты әсерлері» тақырыбы бойынша материалды өз бетінше зерделеу. 3. Міндеті: «Д» витаминінің уытты әсерлері» тақырыбы бойынша хабарлама жазу 4. Орындалу түрі: эссе 5.. Орындау шарттары: а) соңғы жылдардағы әдебиеттерді зерделеу және еректеу; б) ақпараттарды өңдеу және жүйелеу; в) жоспар құру; г) библиография құрастыру; д) эссені рәсімдеу Эссенің құрылымы: 1) мұқаба парағы (СӨЖ түріне сәйкес рәсімделеді) 2) кіріспе (зерттеліп отырған мәселені тұжырымдау, мақсаты мен міндеттерін анықтау) 3) негізгі бөлім берілген тақырып бойынша қысқаша эссе жазу 4) қорытынды 5) әдебиетер тізімі (СӨЖ түріне сәйкес рәсімделеді) Эссені орындау және рәсімдеуге қойылатын талаптар: а) эссенің көлемі 0,5 – 1,0 баспа бетінен артық болмауы қажет; б) эссенің мәтіні толық өңделген және грамматикалық тексерілген болуы қажет; в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдәбиет тізіміндегі нөмірге сәйкес болуы қажет; г) әдебиет тізімі эссе мәтінінің соңында орналастырылады және көрсетілген ретімен сәйкес келуі тиіс.
6. Орындалу мерзімі: «Тірек қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары» модулі бойынша аралық бақылауға дейін 7. Бағалау критерийлері:
8. Әдебиет Негізгі: 1. Харкевич Д.А., Фармакология, мемлекеттік тілдегі аудармасы, Алматы 2004, 604 б. 2. Харкевич Д. А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР – МЕД».2008 3. Аляутдин Р.Н. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР – МЕД».2004 4. Харкевич Д. А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агенство (МИА), 2005. Қосымша: 1. Гудман Г.,Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману.М. «Практика». 2006 г. 1648 б. 2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров / Венгеровский А. И. М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. 704 б. 3. Клиническая фармакология ифармакотерапия. Под редакцией акад.РАМВ В.Г.Ку и проф.А.К.Стародубцева.-М.: Издательский дом«ГЭОТАР – МЕД».2004. -631 б. 4. Кафедрада оқылатын дәрістер және кафедрада шығарылған оқу құралдары.
9.Бақылау: 1. Витаминдердің жіктелуі 2. «Д» витаминінің фармакокинетикасы және фармакодинамикасы 3. Қолдану көрсеткіштері 4. «Д» гипервитаминозы, оның көріністері 5. «Д» гипервитаминозының алдын алу шаралары және дәрілік емдеу 6. «Д» витаминінің басқа дәрілік препараттармен өзара әсерлесуі.
БІЛІМ МЕН ДАҒДЫНЫ БАҒАЛАУДЫҢ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕМДІК ҚҰРАЛДАРЫ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне емтиханның 2 кезеңін өткізуге арналған емтихандық препараттар тізімі (жағдайлық есептер үшін) 1. Беклометазон дипропионаты 2. Беродуал 3. Азитромицин 4. Термопсис шөбінің тұндырмасы 5. Ко-тримоксазол (бактрим) 6. Коргликон 7. Гидрохлортиазид 8. Нитроглицерин 9. Ловастатин 10. Триметазидин 11. Ранитидин 12. Бисакодил 13. Эссенциале 14. Контрикал 15. Фестал 16. Мерказолил 17. Метилпреднизолон 18. Цефуроксим 19. Азатиоприн 20. Аллопуринол 21. Метилтестостерон 22. Эргокальциферол 23. Хондроитин сульфаты 24. Ибупрофен 25. Алендронат 26. Ферроплекс 27. Аминокапрон қышқылы 28. Метотрексат 29. Пирацетам 30. Натрий вальпроаты
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне емтиханның 2 кезеңін өткізуге арналған емтихандық препараттар тізімі (рецепт жазу үшін) 1. Кетотифен (таблеткада) 2. Эуфиллин (инъекция үшін) 3. Левофлоксацин (таблеткада) 4. Цефотаксим (инъекция үшін) 5. Дигоксин (таблеткада) 6. Метопролол (таблеткада) 7. Индапамид (таблеткада) 8. Верапамил (таблеткада) 9. Гепарин (инъекция үшін) 10. Эналаприл (таблеткада) 11. Амиодарон (таблеткада) 12. Омепразол (таблеткада) 13. Метоклопрамид (таблеткада) 14. Аллохол (таблеткада) 15. Панкреатин (таблеткада) 16. L-тироксин (таблеткада) 17. Актрапид (инъекция үшін) 18. Глибенкламид (таблеткада) 19. Офлоксацин (таблеткада) 20. Эстрадиол дипропионаты (инъекция үшін) 21. Диклофенак натрий (инъекция үшін) 22. Хингамин (таблеткада) 23. Феррум лек (инъекция үшін) 24. Цианокобаламин (инъекция үшін) 25. Викасол (инъекция үшін) 26. Аминалон (таблеткада) 27. Фуросемид (инъекция үшін) 28. Фенобарбитал (таблеткада) 29. Дифенин (таблеткада 30. Диазепам (инъекция үшін)
ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР 1. Жүрек жетіспеушілігі және бауыр циррозымен ауыратын науқасқа ауруханада жүрек гликозидтері тағайындалды. Үш тәулік бойына дигитоксиннің қалыпты дозасын қабылдаған соң іркілу көріністері қалпына келе бастады. Бірақ төртінші тәулікте науқаста құсу, лоқсу, брадикардия және экстрасистолия көріністері байқалды. Симптомдардың пайда болу себебі неде? Оларды жою үшін қандай препарат тағайындалады?
2. Жүрек жетіспеушілігі және айқын ісінулер бар науқасты оймақгүл препараттарымен емдеген. Ісінулерді жою мақсатында басқа препараттарға қоса дихлотиазид (салуретик болып табылатын зәр айдағыш зат) тағайындалды. Науқаста гликозидтермен улану синдромы байқалды. Себебін қандай? Оймақгүл препараты мен дихлотиазидті бірге тағайындағанда қосымша қандай препарат берген жөн?
3. Анамнезінде жүректің созылмалы жетіспеушілігі бар компенсация сатысындағы науқасқа емхана жағдайында операция жасау барысында ентігу, бетінің көгеруі, пульсінің жиілеуі байқалды. Емхана жағдайында бұл симптомдарды жою үшін дәрігер қандай препарат тағайындаған жөн, кейінгі фармакотерапия қалай жүргізілуі керек?
4. Айқын ісінулер және асциті бар декомпенсация сатысындағы жүректің созылмалы жетіспеушілігімен науқасқа «дигиталистік» ем жүргізілді. Күтпеген жерден науқаста ішкі қан кету белгілері байқалды, осыған байланысты науқас көктамырына кальций хлоридінің ерітіндісі енгізілді. Инъекциядан соң науқаста брадикардия пайда болды, артериялық қысымы төмендеді. ЭКГ-де өткізгіштіктің жартылай тежелуі байқалды. Көрсетілген заттарды емдік дозада қолданғанда улану белгілерінің пайда болуы немен түсіндіріледі? Жоғарыда суреттелген симптомдарды жою үшін қандай ем қолданған дұрыс?
5. Жүректің созылмалы жетіспеушілігі бар науқаста тісін емдеу кезінде (стоматологиялық бөлмеде) кенеттен ентігу пайда болды, пульсі жиіледі, артериялық қысымы күрт төмендеді. Осыған байланысты науқас ауруханаға жатқызылды. Қабылдау бөлімінде дәрігер науқасқа строфантин инъекциясын жасады. Жоғарыдағы симптомдардың барлығы жойылды. Кейін науқас жүрек айнуына шағымданды, құсу пайда болды, пульсі айтарлықтай баяулады және экстрасистола пайда болды. Сұрау кезінде науқастың тұрақты бірнеше ай бойы дигитоксин қабылдағандығы, сонымен қатар мезгіл-мезгіл кордиамин пайдаланатындығы белгілі болды. Уытты емес дозада строфантинді енгізгеннен кейінгі науқаста улану белгілерінің пайда болуы немен түсіндіріледі?
6. Гипертониялық аурумен ауыратын науқас гипотензивті зат қабылдаған соң екінші күні артериялық қысымы төмендеді. Науқастың жалпы жағдайы жақсарды, ол төсектен тұрған кезде бірден бозарып кетті, басы айналып, есінен тану байқалды. Науқас төсекке жатқан соң барлық симптомдар жойылды. Ортостатикалық коллапстың пайда болуына қандай препарат себеп болды?
7. Науқас жүрек аймағында өткір ауыру сезімін байқады. Дәрі қабылдады. Ауыру ұстамасы жойылды, бірақ науқас басының айналуын, әлсіздікті сезіп, кейіннен есінен танып қалды. Артериялық қысымын өлшегенде жедел гипотензия анықталды. Науқас қандай препарат қабылдаған?
8. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруымен ауыратын науқас ұстама арасындағы кезеңде тұрақты түрде дәрі қабылдады. Жүрек тұсындағы үнемі ауыру сезімі азайды. Бірақ, науқас пульсінің әлсіздігіне және бронхтың тарылуына шағымданды. Науқас қандай препарат қабылдаған және көрсетілген асқынулар неліктен пайда болды?
9. Тромбофлебитпен науқасты антикоагулянтармен емдеді; 4 күннен кейін асқазанынан қан кете бастады, зәрінде қан пайда болды. Қан кетуге қарсы шаралар кешені жасалды. Нәтижесінде қан кету тоқтатылды. Науқас қандай антикоагулянттармен емделді? Антикоагулянттардың әсерінен асқынудың алдын алу үшін клиникада қандай зерттеулерді жүргізу қажет еді? Науқастағы қан кету қандай препараттармен тоқтатылды?
10. Науқас аяғының жарақаттануымен ауруханаға түсті, науқаста капиллярлық күшті қан кету байқалды. Науқасқа коагулянт енгізілді, бірақ қан кету тоқтаған жоқ, соңынан қанап тұрған аймаққа коагулянт ерітіндісі сіңген дәке таңылды. Қан кету тоқтады. Қандай коагулянт қолданылды? Не себептен 1-ші коагулянттан соң қан кету тоқтамады?
11. Гипохромды анемиямен ауыратын науқас дәрілік препараттармен емнен кейін қандағы гемоглобиннің мөлшері жоғарылады, науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ дәрілік заттың жанама әсерлері пайда болды: іш қату, қызыл иектегі қара жолақ. Пайда болған асқынулардың механизмін түсіндіріңіз. Гипохромды анемияда басқа қандай препараттарды қолдануға болады?
12. Семіздікпен ауыратын науқасқа дәрілік препарат тағайындаған соң науқастың салмағы азайды. Бірақ науқаста ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек тұсында ауыру сезімі пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
13. Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқас ұзақ уақыт антацидті зат қабылдаған. Осыған байланысты науқаста лоқсу, іштегі ауыру сезімі пайда болды. Науқасты тексергенде қандағы қышқылды-сілтілік тепе-теңдіктің алкалоз жағына ығысқандығы байқалды. Науқас қандай дәрі қабылдаған?
14. Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқасқа дәрілік препарат тағайындалған. Ауыру сезімі айтарлықтай азайды, бірақ ауыз қуысының құрғауы және жүрек қағуы пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
15. Науқасқа гайморитпен ауыруына байланысты ферментті препарат енгізілді. Қуыстан іріңді бөліндінің шығуы жақсарды. Бірақ науқаста дене қызуының көтерілді, тахикардия пайда болды. Оған димелрол тағайындалды, көрсетілген симптомдар жойылды. Науқас қандай ферменттік препаратпен емделген? Жанама әсерлерінің пайда болу себебі неде? Димедрол қандай мақсатта тағайындалды?
16. Жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқаста ісінулер байқалды, қанның биохимиялық анализінде альдостерон мөлшерінің көбейгендігі анықталды. Берілген жағдайда науқасқа қандай зәр айдағыш затты тағайындаған жөн?
17. Жүректік генезді ісінулермен ауыратын науқасқа зәр айдағыш зат тағайындалды. Әсерінің болмауына және қандағы рН ацидоз жағына ығысуына байланысты 5 күннен соң дәрі тоқтатылды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған? Дәріні тоқтату себебі неде?
18. Гипертониялық аурумен науқасқа гипотензивті әсері бар зәрайдағыш зат тағайындалды. Артериялық қысым төмендеді. Бірақ науқаста жүрек тұсындағы ауыру сезімі, әлсіздік пайда болды. Диуретиктердің әсерінен асқынуды азайту мақсатында калий хлориді тағайындалды. Гипертониялық ауруды емдеуде қандай препарат қолданылған. Калий хлоридін тағайындаудың себебі неде?
19. Науқас ұйықтатқыш заттың үлкен дозасын қабылдап улану симптомдарымен ауруханаға түсті. Науқасқа шұғыл көмек көрсету және улану шақырған дәрілік заттың ағзадан шығарылуын жылдамдату үшін қандай диуретик қолданған тиімді?
20. Ревматизмнің кезекті көктемгі алдын алу емінен кейін науқас асқазанының ауыруына, сонымен бірге геморрагиялар және қызыл иектен қан кетуге байланысты дәрігерге көрінуге мәжбүр болды. Осы көріністердің пайда болуына қандай препарат себеп болды, жанама әсерлердің алдын алу шаралары?
21. Науқас 12 жаста, ревматикалық сипаттағы буындық қабыну үрдісіне байланысты ұзақ уақытқа қабынуға қарсы препарат тағайындалған. Науқаста ісіну, асқазанда ауыру сезімі, қан анализінде анемия және агранулоцитоз белгілері пайда болды. Ұзақ уақыт бойы науқасқа қандай препарат тағайындалғын?
22. Созылмалы гломерулонефритпен бірге жүретін деформациялаушы артрозға байланысты науқасқа стероидты емес қабынуға қарсы препарат тағайындалған. Біраз уақыттан соң науқаста неврологиялық бұзылыстар, ұйқысыздық, ашушаңдық, галлюцинация, дисипепсиялық бұзылыстар және асқазан тұсында ауыру сезімі пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған, неге?
23. Жүректің және буындардың ауыр ревматикалық зақымдануымен 45 жастағы науқас ұзақ уақыт күшті қабынуға қарсы және десенсибилизациялаушы ем тағайындалды. Нәтижесінде ісіну, іштегі ауыру сезімі, бұлшықеттегі әлсіздік, артериялық қысымның жоғарылауы, ұйқы бұзылысы, ашушаңдық пайда болды. Қан анализінде гипокалиемия, қант мөлшерінің жоғарылауы байқалды. Науқасқа ақндай препараттар тағайындалған, жанама әсерлердің дамуын қалай төмендетуге болады?
24. Науқас ұзақ жылдар бойы жүректің және буындардың ревматизмдік зақымдануымен сырқаттанады. Қосымша асқазанның ауыр ойық жарасымен ауырады. Қабынуға қарсы стероидты емес таңдамалы ЦОГ – 2 тежегіштерінен қандай препаратты тағайындауға болады?
25. 40 жастағы жүректің ишемиялық ауруы, кернелу стенокардиясы, қарыншалық экстрасистолиясы бар ер адамға гипертониялық аурумен ауруды емдеу үшін тағайындалатын препаратты таңдау.
26. Қарыншалық экстросистолия типті жүрек ырғағының бүзылуымен асқынған жедел миокард инфарктімен 45 жастағы науқасқа жүрек ырғағын реттеу үшін қандай аритмияға қарсы препараттар қабылдау қажет?
27. 24 жастағы науқаста кенеттен дене қызуы 40°С көтерілді, қатты бас ауыруы, құсу пайда болды. Объективті қарағанда желке бұлшықеттерінің құрысуы, Керниг және Брудзинский симптомдарының оң болуы анықталды. Ливкор — лайлы, белок 5 %, плеоцитоз, бактериоскопиялық менингококк бөлінді. Диагнозы: Менингит. Қандай антибактериялық препараттарды тағайындаған жөн?
28. Заттың тобын анықта: метаболикалық типті әсерге ие,зат алмасу үрдістеріне оң әсер етеді, оттегінің ми тіндеріне тасымалдануын арттырады және тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді, бауырдың реологиялық қасиетін жақсартады. Ишемияланған аймақтғы ми тініндегі қанайналымды жақсартады. Ми қанайналымының бұзылуымен жүретін неврологиялық және психикалық бұзылыстарда, есте сақтау қабілеті төмендешенде, климакс кезеңінің вазовегетативті симптомдарында қолданылады.
29. 45 жастағы жедел оң жақтық төменгі бөліктік пневмониямен ауырған науқас 1 млн ӘБ бензилпенициллин тәулігіне 6 рет және 0,96 ко-тримоксазол 2 рет тағайындалған. Қақырық анализінде көкірің таяқшасы себілді. Антибактериялық препаратты ауыстыру қажет пе? Егер қажет болса, қандай антибиотик тағайындау керек.
30. Науқасқа гиперацидті гастритті емдеуге байланысты ем жүргізілді. Бір мезгілде ол қиын бөлінетін қақырықпен жүретін жоғары тыныс жолдарының жедел катарымен ауырды. Қақырық түсіруші зат ретінде термопсис шөбінің тұндырмасы тағайындалды. Науқаста гастрит симптомдары күшейді. Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Берілген жағдайда қандай қақырық түсіретін затты тағайындаған жөн?
Жағдайлық есептердің жауаптары: 1. Улану белгілері; калий препараттары, унитиол, атропин, холестирамин. 2. Гипокалиемия дамыған; панангин, аспаркам. 3. Коргликон, строфантин; пероралды қолданылатын жүрек гликозидтерінің препараттары. 4. Кальций препараттары жүрек гликозидтерінің синергисті болып табылады; кальций иондарының антагонисттері тағайындалады. 5. Науқастың бір ай бойы дигитоксин қабылдауына байланысты жүрек гликозидтерімен улану болды. 6. Бензогексоний. 7. Нитроглицерин. 8. Бета-адреноблокаторлар. 9. Тікелей емес антикоагулянттар. 10. Тромбин, гемостатикалық жөке. 11. Темір препараттарының жанама әсері; кобальт препараттары. 12. Сибутрамин. 13. Натрий гидрокарбонаты. 14. М-холиноблокатор. 15. Ферментті препарат — кристалдық трипсин. 16. Спиронолактон. 17. Диакарб. 18. Дихлотиазид; гипокалиемия дамуына байланысты. 19. Фуросемид. 20. Ацетилсалицил қышқылы. 21. Пиразолон туындысы. 22. Индометацин. 23. Глюкокортикоидтар. 24. Нимесулид. 25. Лидокаин. 26. Лидокаин. 27. Эмпирикалық антимикробты ем — цефотаксим, цефтриаксон; этиотропты антибиотикотерапия — қоздырғыш анықталған соң. 28. Ноотропты заттар. 29. Карбенициллин, гентамицин. 30. Термопсис шөбінің тұндырмасы асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді; тікелей әсер ететін қақырық түсіретін препараттар. Тесттік тапсырмалар 1.Препаратты анықта: бета-адреноблокатор, жүректің жиырылу жиілігі мен күшін төмендетеді, миокардтың оттегіне қажеттілігін азайтады, автоматизмді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті тежейді. АҚ біртіндеп және тұрақты төмендеуін шақырады, рениннің өндірілуін тежейді. Стенокардия, артериялық гипертензия, тахикардияда қолданылады. Жанама әсерлері: бронхтың тонусын жоғарылатады, бронхоспазм шақырады. 1. Каптоприл 2. Эналаприл 3. Адреналин 4. Пропранолол 5. Метопролол 2. Буын қапшығының эластикалылығының қалыптасуына әсер ететін препарат: 1. Мелоксикам 2. Диклофенак натрий 3. Ибупрофен 4. Хондроитин сульфаты 5. Напроксен 3.Затты анықта: қантамырларын тарылтады, АҚ жоғарылатады. Бронх бұлшықетінің тонусына мүлдем әсер етпейді. Альфа-адреноблокаторлармен прессорлық әсері «бұрмаланбайды». Гипотензия, коллапс кезінде қолданылады: 1. Адреналин 2. Пропранолол 3. Галазолин 4. Изадрин 5. Мезатон 4.Бензогексонийдің гипертензияға қарсы әсері байланысты: 1. Миотропты спазмолитикалық әсерімен 2. Кальций каналдарының тежелуімен 3. Симпатикалық ганглийлердің тежелуімен 4. Ангиотензинайналдырушы ферменттің тежелуімен 5. Тамырқозғалтқыш орталықтың тежелуімен 5. Артериялық қысымның жедел (жарақат, хирургиялық араласулар, улану кезінде) төмендеуінде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Адреналин 2. Ангиотензинамид 3. Мезатон 4. Норадреналин 5. Добутамин 6.Препаратты анықта: алмастырылған амидтерге жатады, анестезияның барлық түрінде және қарыншалық аритмияда қолданылады: 1. Новокаинамид 2. Хинидин 3. Лидокаин 4. Дифенин 5. Адреналин 7.Асқазан бездерінің секрециясын төмендету үшін қолданылады: 1. Пирензепин 2. Адреналин 3. Ипратропий бромиді 4. Норадреналин 5. Мезатон 8.Сальбутамолды қолдану көрсеткіштері: 1. Артериялық гипотензия 2. Артериялық гипертензия 3. Жүректік тахиаритмиялар 4. Ашық бұрышты глаукома 5. Бронх демікпесі 9.Нитроглицеринді қолдану көрсеткіштері: 1. Артериялық гипертензия 2. Стенокардия 3. Жыбырлағыш аритмия 4. Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылысы, брадикардия 5. Тиреотоксикоз кезіндегі тахикардия 10.Пирензепиннің негізгі қолдану көрсеткіштері: 1. Бронхоспазмды жою 2. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, гиперацидті гастрит 3. Бауырлық, ішектік шаншу 4. Наркозға арналған эфирді қолдануға дейін рефлекторлы жүрек тоқтауының алдын алу үшін 5.Брадикардияны жою үшін 11.Қайтымсыз әсерлі холинэстеразаға қарсы заттар: 1. Галантамин 2. Прозерин 3. Дипироксим 4. Армин 5. Изонитрозин 12.Ипратропиум бромиді қолданылады: 1. Бронхоспазмның алдын алу үшін 2. наркоз кезінде рефлекторлы жүрек тоқтауының алдын алу үшін 3. Парез, салданулар кезінде 4. Глаукомада 5. Асқазанның ойық жарасында 13.Эпилепсияның фокалды формасында төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Карбамазепиннен 2. Дифениннен 3. Ламотриджиннен 4. Фенобарбиталдан 5. Этосуксимидтен 14.Эпилепсияның кіші ұстамаларының алдын алу үшін қолданылатын препарат: 1. Топирамат 2. Фенобарбитал 3. Натрий вальпроаты 4. Дифенин 5. Карбамазепин 15.Эпилепсияға қарсы заттарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Этосуксимид 2. Фенобарбитал 3. Карбамазепин 4. Левадопа 5. Дифенин 16. Эпилепсияға қарсы заттарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Левадопа 2. Фенобарбитал 3. Карбамазепин 4. Дифенин 5. Этосуксимид 17.Препаратты анықта: эпилепсияға қарсы, ұйықтатқыш, орталық миорелаксациялық және анксиолитикалық қасиеттерге ие, мидағы ГАМҚ-ергиялық үрдістерді ынталандырады, эпилептикалық статусты жою үшін қолданылады: 1. Дифенин 2. Этосуксимид 3. Диазепам 4. Ламотриджин 5. Левадопа 18.Препаратты анықта: эпилепсияға қарсы, ұйықтатқыш, орталық миорелаксациялық және анксиолитикалық қасиеттерге ие, мидағы ГАМҚ-ергиялық үрдістерді ынталандырады, бауыр микросомалық ферменттерінің индукциясын шақырады: 1. Ламотриджин 2. Дифенин 3. Карбамазепин 4. Фенобарбитал 5. Натрий вальпроаты 19.Эпилептикалық статуста қолданылады: 1. Этосуксимид 2. Натрий вальпроаты 3. Диазепам 4. Ламотриджи 5. Тиагабин 20.Эпилепсияға қарсы заттардың әсер ету механизмінің негізінде жатыр: 1. ГАМҚ-ергиялық жүйенің белсенденуі 2. Натрий үшін мембрана өткізгіштігінің артуы және жүйке жасушалары қозғыштығының төмендеуі 3. Орталық холинорецепторлардың тежелуі 4. Дофаминдік рецепторлардың қозуы 5. Қаңқа бұлшықеттері Н–холинорецепторларының тежелуі 21.Эпилепсияға қарсы заттар:: 1. Фенобарбитал, леводопа 2. Фенобарбитал, дифенин, бромокриптин 3. Фенобарбитал, дифенин, селегилин, этосуксимид 4. Фенобарбитал, дифенин, этосуксимид, карбамазепин 5. Левадопа, дифенин 22.Ламотриджин төменде аталғандардың барлығында тағайындалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Эпилепсияның кіші ұстамаларында 2. Эпилепсияның үлкен ұстамаларында 3. Эпилепсияның фокалды формаларында 4. Миоклонус эпилепсияда 5. Эпилептикалық статуста 23. ГАМҚ-ергиялық жүйені белсендіретін эпилепсияға қарсы препараттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Дифенин 2. Натрий вальпроат 3. Фенобарбитал 4. Клоназепам 5. Диазепам 24.Эпилепсияның үлкен ұстамаларының алдын алу үшін қолданылатын заттар: 1. Фенобарбитал, этосуксимид 2. Фенобарбитал, этосуксимид, дифенин 3. Фенобарбитал, этосуксимид, дифенин, диазепам 4. Фенобарбитал, карбамазепин, натрий вальпроаты 5. Фенобарбитал, левадопа 25.Бір мезгілде ұйықтатқыш, седативті және эпилепсияға қарсы әсерлерге ие: 1. Этосуксимид 2. Фенобарбитал 3. Ламотриджин 4. Карбамазепин 5. Дифенин 26.Дифенин төменде аталған жағдайлардың барлығында қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Эпилепсияның үлкен ұстамаларында 2. Эпилепсияның фокалды формаларында 3. Эпилептикалық статуста 4. Жүректік аритмияларда 5. Атриовентрикулярлы блокада кезінде 27.Миоклонус – эпилепсияда тиімді: 1. Дифенин 2. Этоксуксимид 3. Клоназепам 4. Фенобарбитал 5. Карбамазепин 28.Жүрек гликозидтерімен улану төменде аталған бұзылыстардың барлығымен көрінеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Аритмия 2. Көрудің төмендеуі 3. Диспепсиялық бұзылыстар 4. Психикалық бұзылыстар 5. Тәбетінің артуы 29.Ангиотензинайналдырушы ферментті тежейтін заттар: 1. Каптоприл 2. Дигоксин 3. Дигитоксин 4. Атропин 5. Верапамил 30.Жүрек гликозидтері келесі әсерлерді шақырады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Веноздық қысымның төмендеуі 2. Айналымдағы қан көлемінің артуы 3. Ісінулердің азаюы 4. Диурездің артуы 5. АҚ қалпына келуі 31.Артериялық қысымды арттыратын заттар: 1. Атропин 2. Мезатон 3. Верапамил 4. Нифедипин 5. Пропранолол 32. Жүректің ишемиялық ауруы кезінде төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Эналаприл 2. Каптоприл 3. Нитроглицерин 4. Изосорбид динитраты 5. Лозартан 33.Каптоприл жатады: 1. Ганглиоблокаторларға 2. Симпатолитиктерге 3. Жүрек гликозидтеріне 4. Антиангиналды заттарға 5. Ангиотензинайналдырушы фермент тежегіштеріне 34.Натрий нитропруссиді жатады: 1. Вазодилататорларға 2. Симпатолитиктерге 3. Жүрек гликозидтеріне 4. Антиангиналды заттарға 5. Ганглиоблокатораларға 35. Гипертензияға қарсы зат ретінде қолданылатын альфа-1-адреноблокатор, ішке тағайындалады: 1. Празозин 2. Пропранолол 3. Метопролол 4. Мезатон 5. Лабеталол 36.Орталық нейротропты әсерлі антигипертензивті зат: 1. Метопролол 2. Клонидин 3. Эфедрин 4. Пропранолол 5. Адреналин 37.Кардиотоникалық затты анықта: жүрек гликозиді, АІЖ нашар сіңіріледі, қан сарысуы белоктарымен мүлдем байланыспайды, тек көктамырға енгізіледі, көктамырға енгізгенде максималды әсері 30-40 мин кейін дамиды. Зәрмен өзгермеген түрде шығарылады. 1.Дигитоксин 2.Дигоксин 3.Строфантин 4.Добутамин 5.Гидрохлортиазид 38.Адренергиялық әсерлерді күшейтетін аритмияға қарсы затқа жатады: 1. Эфедрин 2. Пропранолол 3. Дигоксин 4. Нифедипин 5. Атропин 39.Бета-адренорецепторларды тежейтін гипертензияға қарсы зат: 1. Клофелин 2. Омапатрилат 3. Дибазол 4. Магний сульфаты 5. Пропранолол 40.Жүректік ишемиялық ауруы кезінде қолданылатын кардиоселективті бета-адреноблокатор: 1. Верапамил 2. Гидралазин 3. Дибазол 4. Дигитоксин 5. Метопролол 41.Форсирленген диурезде қолданылатын диуретик: 1. Индапамид 2. Фуросемид 3. Спиронолактон 4. Триамтерен 5. Гидрохлортиазид 42.Препаратты анықта: бүйрек өзекшелерінің қуысында осмостық қысымды арттырады, көктамырға енгізіледі, форсирленген диурезде зәр айдағыш және ми ісінуінде дегидратациялық зат ретінде қолданылады: 1. Фуросемид 2. Гидрохлотиазид 3. Спиронолактон 4. Маннит 5. Триамтерен 43.Сілтілі жер металының препараты парентералды енгізгенде гипертензияға қарсы, седативті әсерлер көрсетеді, жүйке-бұлшықетті берілуді тежейді. Энтералды енгізгенде – іш айдағыш және өт айдағыш әсер етеді, кальций хлорының антагонисті: 1. Натрий гидрокарбонаты 2. Магний сульфаты 3. Натрий сульфаты 4. Калий маргенец қышқылы 5. Калий хлориді 44. Стенокардия ұстамаларын жою үшін төменде аталған органикалық нитрат препараттарының барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Тіл астына арналған нитроглицерин 2. Ішке қолдануға арналған изосорбид динитраты 3. Мезатон 4. Нитроглицерин эрозолі және изосорбид динитраты 5. Валидол 45.Нитроглицериннің негізгі жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Бас ауыруы, бас айналуы 2. Коллапс 3. Толеранттылық дамуы 4. Артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия 5. Бронх спазмы 46.Валидолдың антиангиналды әсер ету механизмі: 1. Миотропты коронарлы қантамырларын кеңейтуші әсері 2. Рефлекторлы коронарлы қантамырларын кеңейтуші әсері 3. жүректің жұмысын азайту арқылы миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді 4. Жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі 5. Коронарлы қантамырларын тарылтушы рефлекстердің орталық тармақтарының тежелуі 47.Гастропротекторларға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 1. Сукралфат 2. Висмут трикалий дицитраты 3. Алмагель 4. Мизопростол 5. Натрий гидрокарбонаты 48.Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: 6. Жанаргүл 7. Строфант 8. Ландыш 9. Оймақгүл 10. Красавка 49. Берілген тұжырымдардан дұрысын таңдаңыз: 1. Коргликон суда және майда жақсы ериді 2. Дигоксин тек ішке қолдануға болады 3. Строфантин ішке тағайындалады 4. салыстырмалы түрде полярлы гликозидтер полярлы еместерге қарағанда жақсы сіңіріледі 5. Дигитоксин тек ішке тағайындалады 50.Көмір қышқыл газын түзбей, асқазан сөлінің НСL-ін бейтараптайтын антацидті затқа жатады: 1. Магний тотығы 2. Омепразол 3. Натрий гидрокарбонаты 4. Сукралфат 5. Мизопростол 51.Омепразолдың әсер ету механизмі негізделген: 1. Асқазанның гистаминдік Н-2 рецепторларының тежелуіне 2. Асқазан сөлінің хлорсутек қышқылын бейтараптауына 3. Асқазанның М-1 холинорецепторларының таңдамалы тежелуіне 4. Асқазанның париеталды жасушаларының мембраналық Na-K-АТФазасының қайтымсыз тежелуіне 5. Ганглийлерді тежеуші әсеріне 52.Өт түзілуін ынталандыруда қолданылатын препарат: 1. «Аллохол» таблеткалары 2. Алюминий гидрототығы 3. Омепразол 4. Папаверин, но-шпа 5. Атропин, пирензепин 53.Бүкіл ішек бойында әсер ететін іш айдағыш заттар: 1. Фенолфталеин, изафенин 2. Магний сульфаты, кастор майы 3. Сыңғақ итшомырт қабығыны
|
||||||||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-08-25; просмотров: 695; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.26.231 (0.015 с.) |