Тест №9. Ницерголин жатады: (3) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тест №9. Ницерголин жатады: (3)



1. Никотин қышқылының туындына.

2. Ксантин туындысына.

3. Қастауыш алколоидының туындысы.

4. Барвинок алколоидының туындысы.

5. ГАМК туындысы.

Тест № 10. Пирацетамға тән әсер: (1)

1. Тырысуға қарсы

2. Гипертензиялық

3. Депрессияға қарсы

4. Тыныштандырғыш

5. Психоынталандырғыш

Өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тесттер  
Тест №1 1,2,3,4
Тест №2 1,2,3,4
Тест №3  
Тест №4  
Тест №5  
Тест №6  
Тест №7  
Тест №8 1,2,3,4
Тест №9  
Тест №10  

 

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1. Тақырыбы: «Тырысу синдромы кезінде қолданатын заттар»

2. Цель: тырысу синдромы кезінде қолданатын заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқытудың мақсаттары:

1. Тырысулық синдромда, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әерету механизмін және негізгі фармакологимялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында эпилепсияның түрлерінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері туралы білімді қалыптастыру.

3. Тырысу синдромы кезінде дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Эпилепсияның түрлерінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену

 

4. Өткізу түрі: барлық сауалдар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетімен игеру, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс жасау, өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттер жазу, электронды тасымалдауыштағы матриалдармен жұмыс жасау, кіші топта жұмыс жасау.

 

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тырысуға қарсы заттарды қолдануға көрсетулер мен қарсы көрсетулер, негізгі жанама әсерлер

2. Эпилепсияның түрлерінде тиімділігі бойынша эпилепсияға қарсы заттардың жіктелуі және олардың әсер ету механизмі.

3. Барбитураттар туындыларының салыстырмалы сипаттамасы

4. Бензодиазепиндік рецепторлар агонистері туындыларының салыстырмалы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері.

5. Тырысуға қарсы заттарды белсенділігі, әсерінің ұзақтығы, тыныс орталығына тежегіш әсеріне байланысты сипаттамасы.

6. Тырысу жағдайын жою үшін қолданылатын заттар.Олардың әсерінің ерекшеліктері.

7. Заманауи эпилепсияға қарсы заттардың негізгі артықшылықтары.

 

6. Таратылатын материал: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004-608 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - С 327-331, 418-435, 396-406.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – С 320-327, 399-415, 377-387.

4. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 212-216, 276-287, 231-238 с.

5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 184-186.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

4. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

Бағдарламалық препараттар: фенобарбитал, диазепам, натрий оксибутираты, лидокаин, магний сульфат, тиопентал-натрий, фентанил, таламонал, хлоралгидрат, дифенин, этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроат, ламотриджин, топирамат, тиагабин, вигабатрин

 

Рецептке жазуға арналған препараттар: фенобарбитал, диазепам, нитразепам

 

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1. Эпилепсияның кіші ұстамаларында (petit mal) қолданылатын таңдау препараттары болып табылады:

1.Диазепам, фенобарбитал

2.вальпроты, этосуксимид

3.Топиромат, тиагабин

4.фенобарбитал, дифенин

5.Карбомазепин, ламотриджин

Тест №2. Фенбарбиталдың әсер ету механизмі:

1. ГАМК ергиялық жүйенің белсенденуі

2.Серотонинергиялық жүйенің белсенденуі

3. холинергиялық жүйенің белсенденуі

4.дофаминергиялық жүйенің белсенденуі

5.пуринергиялық жүйенің белсенденуі

Тест №3. Эпилепсияның барлық түрлерінде таңдау препараты:

1.Вигабатрин

2.Этосуксимид

3.Натрий вальпроат

4.Карбамазепин

5.Диазепам

Тест №4. Эпилептикалық статусты жою үшін қолданылатын зат:

1.Диазепам

2.Карбамазепин

3.Натрий вальпроат

4.Этосуксимид

5.Клоназепам

Тест №5. Диазепамның әсер ету механизмі:

1. норадреналин мен серотониннің кері нейроналды ұсталуы

2. бензодиазепиндік рецепторларды ынталандырады

3. натрий каналдарын тежейді

4.кальций каналдарын тежейді

5. холинергиялық рецепторларды тежейді

Тест №6. Барбитур қышқылының туындысы көрсетеді

1.Гемостатикалық әсер

2.Нейропротекторлық әсер

3.Тырысуға қарсы әсер

4.Психоынталандырушы әсер

5.Гипертензиялық әсер

Тест №7. Қандай эпилепсияға қарсы зат гидантоидтік синдромды туындатады:

1.Этосуксимид

2.Дифенин

3.Фенобарбитал

4.Диазепам.

5.Натрий вальпроат

Тест №8. Үлкен тырысулық ұстамалардың (grand mal) алдын алу үшін қолданылады:

1.Диакарб, сультиам

2.Диазепам, клоназепам

3.Этосуксимид, ламотриджин

4.Наркозға арналған заттар

5.Карбамазепин, дифенин

Тест №9. ОЖЖ ГАМКергиялық жүйені белсендендіретін заттар:

1.Циннаризин, нимодипин

2.Натрий вальпроат, ламотриджин

3.Тиагабин, топирамат

4.Клоназепам, фенобарбитал

5.Пирацетам, аминолон

Тест №10. Тыныс орталығын айқын тежейтін тырысуға қарсы заттар

1.Лидокаин, магний сульфат

2.Диазепам, лидокаин

3.Таламонал, хлоралгидрат

4.Фенобарбитал, магний сульфаты, хлоралгидрат

5.Натрий оксибутираты, таламонал

СОӨЖ арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тесттер  
Тест №1  
Тест №2  
Тест №3  
Тест №4  
Тест №5  
Тест №6  
Тест №7  
Тест №8  
Тест №9  
Тест №10  

Тақырыбы. «Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау

1.Мақсаты: ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктері туралы, сәйкес патологиялық үдерістерді түзетуге бағытталған препараттарды таңдаудың негізгі принциптері туралы білімді жалпыландыру, сондай-ақ студенттердің «Жүйке жүйесі» модулі бойынша материалды игеруі барысында қалыптасқан компетенцияларды бағалау

 

2.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың ФК және ФД заңдылықтарын білу

2. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттарды таңдау және қолдану мүмкіндіктерін білу

3. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсетулері мен қарсы көрсетулерін, жағымсыз жанама әсерлерін білу

4.Дәрілік қалыптарды жазу ережелерін білу.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

4. Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы -30 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -35 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру -25 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин

 

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мидың қанмен қамтамасыз етуін жақсартатын заттар. Жіктелуі.

2. Ми қанайналымының жедел бұзылысы кезінде қолданылатын препараттардың әсер ету принциптері. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

3. Ми қанайналымының созылмалы бұзылысы кезінде препараттарды тағайындаудың негізгі принциптері. Негізгі препараттардың фармакологиялық тұрғыдан бағалау.

4. Ми қанайналымы бұзылысы кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде қолданылатын заттар (базистік ем). Жіктелуі.

5. Ми қанайналымының жедел бұзылысы кезіндегі патогенетикалық емнің (ауруханалық емдеу) негізгі бағыттары

6. Нейропротективті заттар. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.

7. Ұстаманың түріне байланысты эпилепсиялық ұстамаларда, эпилепсиялық ұстамада қолданылатын дәрілік заттардың әсерінің негізгі бағыттары мен оларды таңдау. Балаларда қолдану ерекшеліктері.

8. Заманауи эпилепсияға қарсы заттардың артықшылықтары.

9. Менингиттердің фармакотерапиясының жалпы принциптері.

10. Нейроинфекциялар кезінде қолданылатын антибактериалды заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер мен қарсы көрсетулер. Балаларда қолдану ерекшеліктері.

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, талдауымен және бір реттік дозасын есептеумен рецепт жазу, кейс стади: тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.

 

Әдебиеттер:

Негізгі:

6. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004-608 б.

7. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - С 327-331, 418-435, 396-406.

8. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – С 320-327, 399-415, 377-387.

9. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 212-216, 276-287, 231-238 с.

10. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 184-186.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

4. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

 

Бағдарламалық препараттар: викасол, фибриноген, аминокапрон қышқылы, контрикал, транексам қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, абциксимаб, клопидогрель, гепарин, фраксипарин, варфарин, стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза, фибринолизин, пирацетам, аминолон, пантогам, пиридитол, глицин, семакс, церебролизин, циннаризин, нимодипин, эуфиллин, винпоцетин, ксантинол никотинаты, кофеин, ницерголин, цитиколин,фенобарбитал, диазепам, натрий оксибутираты, лидокаин, магний сульфат, тиопентал-натрий, фентани л, таламонал, хлоралгидрат, дифенин, этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроаты, ламотриджин, топирамат, тиагабин, вигабатрин, бензилпеницилин натрий тұзы, ампициллин, цефтриаксон, гентамицин, меропенем, цефотаксим, оксациллин, ванкомицин, цефтазидим.

 

Рецепт жазуға арналған препараттар: гепарин, викасол, пирацетам, ацетилсалицил қышқылы, фенобарбитал, диазепам, нитразепам

7. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті, операционалды, коммуникативті

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау-әңгімелесу.

2.Талдауымен және бір реттік дозасын есептеумен рецепт жазу.

3.Тесттік тапсырманы орындау.

Өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1

Ноотропты заттарды қолдануға қарсы көрсетулер болып табылады, біреуінен басқасы:

  1. Жүктілік.
  2. Емшек емізу.
  3. Геморрагиялық инсульт.
  4. Жоғарғы сезімталдық.
  5. Алкоголді абстиненция.

Тест №2

Ноотропты заттарды қолдануға көрсетулер болып табылады, біреуінен басқасы:

  1. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы.
  2. Инсульттан кейінгі ақыл ойдың жетіспеушілгі.
  3. Психикалық дамудың жетіспеушілігі.
  4. Интеллектуалды жетспеушілік.
  5. Ұйқының бұзылуы.

Тест №3

Бактериалды менингитті емдеу үшін қолданады, біреуінен басқасын:

  1. Цефтриаксон.
  2. Цефотаксим.
  3. Бензилпенициллин натрий тұзы.
  4. Ампициллин.
  5. Цефазолин

Тест №4

Ишемиялық инсульт кезінде қолданатын заттарға жатады, біреуінен басқасы:

1. Антикоагулянттар.

2. Антиагреганттар.

3. Фибринолитиктер.

4. Спазмолитиктер.

5. Гемостатикер

Тест №5

Аминокапрон қышқылын қолданады:

  1. Геморрагиялық инсульт кезінде.
  2. Ишемиялық инсульт кезінде.
  3. Миокардтың инфарктысы
  4. Көздің торлы қабатының тромбозы.
  5. Шеткі қан тамырларының тромбозы.

Тест №6

Ишемиялық инсульттың алдын алу үшін келесі препараттарды қолданады, біреуінен басқасын:

  1. Ацетилсалицил қышқылы.
  2. Тиклопидин.
  3. Клопидогрел.
  4. Дипиридамол.
  5. Нимодипин.

Тест №7

Ми қан тамырларын басымырақ кеңейтетін препараттарға жатады, біреуінен басқасы:

  1. Нимодипин.
  2. Циннаризин.
  3. Ксантинол никотинат.
  4. Винпоцетин.
  5. Флунаризин.

Тест №8

Барлық шеткі қан тамырларына және ми қан тамырларына айқын миотропты тамыр кеңейткіш әсер көрсетеді:

  1. Нимодипин.
  2. Ксантинол никотинат.
  3. Пирацетам.
  4. Аминалон.
  5. Пентоксифиллин.

Тест №9

Препаратты анықтау: аденозиндік рецепторларды тежейді, фосфодиэстеразаны тежейді, аздаған тамыр кеңейткіш қасиеті бар, тромбоциттердің агрегациясын азайтады, микроциркуляцияны жақсартады:

  1. Ксантинол никотинат.
  2. Пентоксифиллин.
  3. Винпоцетин.
  4. Нимодипин.
  5. Циннаризин.

Тест №10

Құрамында спорынь алкалоиды және никотин қышқылының бромалмастырушы қалдығы бар жұптастырылған препараты:

  1. Ницерголин.
  2. Нимодипин.
  3. Винпоцетин.
  4. Ксантинол никотинат.
  5. Пирацетам.

Тест №11

Кальций каналдарының тежегіші, аздаған гистаминге қарсы белсендігі бар:

  1. Нимодипин.
  2. Циннаризин.
  3. Винпоцетин.
  4. Ницерголин.
  5. Пентоксифиллин.

Тест №12

Пентоксифиллиннің реологиялық әсерлері:

  1. Эритроцит қабығының серпімділігін жоғарлатады.
  2. Тромбоциттердің агрегациясын жоғарлатады.
  3. Қанның ұйюы жоғарлайды.
  4. Микроциркуляцияны нашарлатады.
  5. Қанның тұтқырлығын жоғарлатады.

 

Тест №13

Ницерголиннің тамыр кеңейткіш әсері байланысты:

  1. α – адренотежегіш әсерімен.
  2. β – адренотежегіш әсерімен.
  3. М – холинотежегіш әсермен.
  4. Н1 – гистаминдік тежегіш әсермен.
  5. Серотонинтежегіш әсермен.

Тест №14

Тынысты аз тежейтін тырысуға қарсы заттарға жатады, біреуінен басқасы:

1. Натрий оксибутираты.

2. Лидокаин.

3. Фентанил дроперидолмен бірге.

4. Диазепам.

5. Магний сульфаты.

Тест №15

Тынысты маңызды тежейтін тырысуға қарсы заттарға жатады, біреуінен басқасы:

1. Магний сульфаты.

2. Тиопентал-натрий.

3. Фенобарбитал-натриі.

4. Дифенин натрий

5. Диазепам

Тест №16

Гепаринмен белсенді емес кешен түзуіп, оның әсерін бейтараптайтын препарат:

  1. Викасол.
  2. Протамин сульфаты.
  3. Фраксипарин.
  4. Варфарин.
  5. Фенилин.

Тест №17

Бір уақытта ұйықтатқыш және эпилепсияға қарсы әсерлері бар

  1. Натрий вальпроаты.
  2. Дифенин.
  3. Карбамазепин.
  4. Фенобарбитал.
  5. Этосуксимид.

Тест №18

Пантогамға ноотропты әсерден басқа қандай фармакологиялық әсерлер тән?

  1. Нейролептикалық.
  2. Тырысуға қарсы.
  3. Антигипертензивті.
  4. Гипертензивті.
  5. Антидепрессивті.

Тест №19

Ми қан айналымы жедел бұзылған кезде тағайындалатын антикоагулянт:

  1. Фенилин.
  2. Варфарин.
  3. Гепарин.
  4. Стрептокиназа.
  5. Пентоксифиллин.

Тест №20

Пирацетамды тағайындау үшін негізгі көрсетулер?

  1. Жүрек жетіспеушілігі
  2. Бауыр жетіспеушілігі.
  3. Жүктіліктің І- ші триместрі.
  4. Тыныс жетіспеушілігі.
  5. Бүйрек жетіспеушілігі.

Ескерту. Тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.

Модуль «Тыныс алу жүйесі»

«Тыныс жүйесі» модулі бойынша дәрістер кешені

№1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Пневмония кезіндегі микробқа қарсы емнің принциптері мен препаратты таңдау. Балаларда әсер етуі мен қолдануының ерекшеліктері»

2.Мақсаты: Пневмонияны емдеуде қолданылатын препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.

3. Дәріс тезистері:

Тыныс алу жүйесінің патологиялары кең тараған аурулардың біріне жатады. Соның ішінде пневмония патологиясы жоғары пайызға ие. Бұл бүгінгі таңдағы халықтың өмір салтының ерекшелігіне, сыртқы ортаның ластануына және зиянды әдет - темекі шегудің кең таралуына байланысты. Соңғы жылдары атипті жүретін пневмонияның саны жоғарылауда. Терең зерттеулер пневмонияның жаңа қоздырғыштары бар екенін тапты. Бүгінгі таңда, жаңа антибактериалды заттар алынуда, сонымен қатар дәрілік терапияның асқынулары жиілеуде. Осы үрдістердің барлығы мәселенің өзектілігін айқындайды. Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғыштарына жатады: пневмококктар, микоплазмалар, гемофилді таяқшалар. Екіншілік иммунотапшылық жағдайындағы және ауыр соматикалық патологияларда гемофилді таяқша және микоплазмамен қатар пневмония қоздырғышы стафилококктар, грам теріс флоралар және микробты ассоциациялар болуы мүмкін.

Аспирациялық пневмонияның қоздырғышы ауыз жұтқыншақ анаэробтары, стафилококктар және микробтық ассоциациялар болып табылады. Пневмонияны емдеудің негізгі бағыттарына инфекциялық агенттің қоздырғыштарына әсер ету жатады. Дегенмен, микробиологиялық сараптаманың нәтижесі 3-5 күннен кейін дайын болады. Сондықтан, эмпириялық антибактериальды емнің негізінде біріншіден препараттарды таңдау жатады.

Бронхтық-өкпелік аппараттың инфекцияларын емдеуде антибиотиктердің маңызы зор. 60 жасқа дейінгі науқастарда пневмонияны емдеуде негізгі препараттарға амоксициллин немесе макролидтер II ұрпағы жатады, ал альтернативті препарат ретінде доксициклин қолданылуы мүмкін. Қосалқы патологиялармен жүретін жағдайларда таңдамалы препаратқа амоксициллин жатады. Көбіне бензилпенициллиннің натрий және калий тұздары 500 000 – 1000 000 ӘБ, ет ішіне, тәулігіне 4-6 рет қолданылады. Бұл көбіне пневмококкты (крупозды) пневмонияда тиімді. Соңғы жылдары пневмонияны емдеу үшін әсер ету спектрі кең, негізінен респираторлық инфекцияларда тиімді «респираторлық» фторхинолондар (левофлоксацин) кең қолданылады.

 

4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

 

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

6. Бақылау сұрақатры (кері байланыс)

1. Ауруханадан тыс пневмония кезінде жиі қандай қоздырғыштар кездеседі?

2. Ауруханадан тыс пневмониялар кезінде қандай антибиотиктер таңдау препараттары болып табылады?

3. Қосымша аурулар фонында пневмониямен ауыратын науқастарда қандай таңдау препараттарын қолдануға болады?

4. Пневмония кезінде фторхинолондар тобының қай препараттары қолданылады?

 

№ 2 Дәріс

1. Тақырыбы: «Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылуы синдромында қолданылатын заттарды таңдаудың негізгі прициптері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері»

2. Мақсаты: Бронхиалды обструкция синдромында препаратты тиімді таңдауды қамтамассыз ету үшін тыныс алу жүйесі қызметіне әер ететін заттардың әсерлерінің жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру

 

3. Дәріс тезистері:

Бронхолитикалық заттар медициналық практикада кең қолданылады.

Балаларда дамитын бронхообструктивті синдромның түрлері келесі кестеде көрсетілген

Бронхообструктивті синдромның түрлері

Түрлері Ерекшелігі
Инфекциялық Бронхтың және бронхиолдардың вирустық немесе бактериалдық қабыну нәтижесінде дамиды (обструктивті бронхит, бронхиолит)
Аллергиялық Спазмның немесе бронхиалдық құрылымның аллергиялық қабынуының нәтижесінде спастикалық құбылыстың қабыну үрдісінен айқын болуы нәтижесінде дамиды
Обстуктивті Бронхтың басылуынан немесе сырттан түскен затпен бронхтың аспирациясы нәтижесінде дамиды. Көбіне аспирация кішкентай балаларда, 1-3 жас аралығынды кездеседі (54%). Аспирациялық генезді бронхообструктивті синдромның негізінде келесі патологиялар жатады: гастроэзофогалды рефлюкс, АІЖ ақаулары, диафрагмалды грыж
Гемодинамикалық Көбіне жүрек ақауларында гемодинамикалық бұзылыстардың нәтиждесінде дамиды. Гиперволемия мен өкпе гипертензиясымен жүретін асқынуларға респиратрлық инфекциялар, ателектаздар, созылмалы бронхтық-өкпелі патологиялар

 

1. β-адренергиялық рецепторларды ынталандыратындар:

а) тікелей әсер ететін – адреналин (α –β адреномиметик), изопреналин (β-адреномиметик), тербуталин, салбутамол, фенотерол, сальметерол (негізі β2 адреномиметиктер) және т.б.

б) тікелей емес әсер ететін (эфедрин - симпатомиметик және құрамында эфедрині бар препараттар: теофедрин, солутан және т.б.).

2. М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты, платифиллин, метацин, ипратропиум бромид.

3. Метилксантиндер – бронхтың тегіс салалы еттеріне әсер ететін препараттар (миолитиктер): теофиллин, эуфиллин, аминофиллин, диафиллин, дипрофиллин және т.б.

Бронхолитикалық заттардың негізгі топтары: β-2 – адренорецепторларды ынталндыратын заттар, М-холиноблокаторлар, миотропты әсерлі спазмолитикалық заттар.

Метилксантиндерге бронходилаторлық қасиет тән және бронхиалды демікпеде кең қолданылады. Олар кешенді әсер етеді: аденозиндік рецепторларды тежейді және пуринергиялық тежегіш жүйеге әсер етеді; бүйрек үсті безінде эндогендік катехоламиндердің синтезін жоғарылатады; диафрагмальды еттің жиырылғыштық қаситетін жақсартады.

Бронх демікпесін емдеуде глюкокортикоидтардың маңызы зор, себебі олар бұл патологияның барлық патогенездік сатыларына әсер етеді. Бронхиалды демікпенің ауыр түрінде глюкокортикоидтар таңдамалы препарат болып табылады. Дегенмен, топ препараттарының әсер механизмі жан-жақты түсіндіріледі. Негізгісіне келесілер жатады: қабыну медиаторларының түзілуін және бөлінуін тежеу, соның ішінде, соның ішінде Pg; цАМФ- тің тиімділігін жоғарылата отырып, катехоламиндердің әсерін күшейту; цАМФ- тің тиімділігін немесе санын төмендете отырып, М-холинергиялық ынталануды тежейді; бронхтың тегіс салалы еттеріне тікелей әсер ету. Бүгінгі таңда преднизолон және триамцинолонды кең қолданады, себебі айқын және тұрақты емдік әсер көрсетеді, кортизонға қарағанда науқастар жақсы көтереді. Олар ағзада суды және натрийді аз ұстайды, дегенмен преднизолонға – ульцерогендік әсер, ал триамцинлонға – арықтау, еттік әлсіздік, атрофия (“триамцинолондық миастения”). Тиімділігі жоғары препаратқа метилпреднизолон (урбазон) жатады, науқастар жақсы көтереді, әсері бойынша преднизолонға жақын, бірақ артықшылығы – ульцерогендік әсері жоқ, сондықтан асқазан-ішек жолдары патологияларында қолданылады. Дексаметазонды ұзақ уақыт қолдануға болмайды, негізіне қысқа курстық ем үшін тағайындайды. Астматикалық статуста бетаметазонның (целестонның) тиімілігі жоғары екендігі анықталды.

Сонымен қатар, қабынуға қарсы әсері бар және бронхолитикалық белсенділігі бар – аллергиялық заттар (кетотифен, недокромил натрий), лейкотриендік жүйеге әсер ететін заттар (зафирлукаст, монтелукаст, зилеутон) қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электронды нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Бронхи демікпесінің ұстамасын жою үшін және алдын алу үшін қолданылатын препараттар.

2. Метилксантиндердің бронхолитикалық әсер механизмі.

3. Тек бронхоспазмның алдын алу үшін қолданылатын қабынуға және аллергияға қарсы заттар.

 

«Тыныс жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 Сабақ

Тақырыбы: «Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды препараттар. Балаларда дозалаудың ерекшеліктері»

1. Мақсаты: тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар жас балалар тәжірибесінде қолданылатын антибактериальды заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы білімді қалыптастыру, тыныс алу мүшелерінің инфекциялық ауруларында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

 

2. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын антибактериальды заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2. Антибиотиктердің, фторхинолондардың, сульфаниламидті препараттардың тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолдану ерекшеліктерін және қолдануға қарсы көрсеткіштері бойынша білімді қалыптастыру.

3. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттардың жанама әсерлері бойынша білімді қалыптастыру.

4. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттардың негізгі емдік әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында жұптастырып қолдана білу.

Операционалды компетенция:

1. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-08-25; просмотров: 753; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.116.20 (0.213 с.)