Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жаттығулар кешені. (Жан-жақты дамытушы жаттығуы)

Поиск

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

 

 

07.30-08.00

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Ата-аналармен жеке әңгімелесу, Жеке балалармен жұмыс, дене қызуы мен көңіл бөлу, жағымды жағдай орнатуға арналған ойындар.

«Сақинаны

айналдыру»

ойын-жаттығу:

Мақсаты: Сақинаны

екі қолмен ұстап, оңға, солға айналдыру

арқылы балалардың

саусақ және білек

бұлшық еттерін

жетілдіру.

«Сақинаны кигізу» Үстел-үсті ойыны:

Мақсаты: Сақиналарды тұғырға кигізу арқылы саусақ қимылын, көзбен бағдарлай алуын дамыту.

«Бұл не?» дидактикалық ойын:

Мақсаты: Фотосуреттен көріп, есте сақтауын жетілдіру.

«Не қалай дыбыстайды?» саусақ ойыны :

Мақсаты: Кейіпкерлерді ит, мысық, тышқан, әтеш) көрсетіп, дыбысын салуға үйрету. Қуанышты көңіл-күй сыйлау.  

 

«Ұяшыққа орналастыр» дидактикалық ойын:

Мақсаты: Екі түрлі пішінді заттың әрқайсысын өз ұяшығына орналастыруға үйрету, ойлауын дамыту, қол қимылын жетілдіру

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

08.00-08.10

Жаттығулар кешені. (Жан-жақты дамытушы жаттығуы)

 Таңғы ас

08.10-08.50

 

 

 

Балаларға ас ішуге көмектесу, қасықты дұрыс ұстауға дағдыландыру, ұқыпты ішуге тәрбиелеу.

 

Мәдени-гигиеналық дағдылар

 Астан кейін беті-қолын жуып, сүртінуге дағдыландыру, тазалыққа баулу.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

08.50-09.20

 

Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталық) материалдарын, көрнекіліктерін,

дидактикалық ойын материалдарын дайындау

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.20-10.10

 

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:

«Ойыншықтар» Нұрсұлтан Әлімқұлов.

Мақсаты:

Ойыншықтар туралы түсінігін кеңейту, өлеңді мұқият тыңдап, жекелеген сөздерді дауыстап айтқызу (Бұл қуыршақ.Қуыршақтың көзін,қолын,аяғын көрсетіп атын атау және балалардан қайталап сұрау т.б)арқылы белсенді сөйлеуін дамыту.Ойыншықтарды күтіп ұстауға (тістемеу, жыртпау, сындырмау, т.б) тәрбиелеу.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Емес олар ұрыншақ

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау қозы құлыншақ,

Ұйықта десең ұйықтайды

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын технологиясы.

Көрнекіліктер:Ойыншықтар

Күтілетін нәтиже:Қайталай алады: жекелеген сөздерді қайталап дауыстап айту

Түсінеді: ойыншықтарды күтіп ұстауды, өлеңді мұқият тыңдау керектігін.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.253.171 (0.006 с.)