Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Regulation activity of genes, sign.

Поиск

6.4.2. Прокариоттар гендерінің белсенділігінің реттелуінің оперондық моделі.

6.4.3. Прокариоттар гендерінің белсенділігінің реттелуінің типтері (негативті, позитивті, индуцибельді, репрессибельді).

6.4.4. Эукариоттар гендерінің белсенділігінің реттелуінің ерекшелігі.

6.4.5. Эукариоттар гендерінің белсенділігінің реттелуінің деңгейлері, сипаттамасы: геномдық, транскрипциялық, посттранскрипциялық, трансляциялық және посттрансляциялық.

6.4.6. Гендер белсенділігінің реттелуі механизмінің бұзылуы және оның патологиялық үдерістермен байланысы.

* Ағылшын және орыс тілдерінде талдау үшін

6.5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс: есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 84-97.

6.6.2. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б. 47-54.

6.6.3. Генетика. Под ред. Иванова В. И..М.: Академкнига, 2006.

6.6.4. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 107-196.

6.6.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.

6.6.6. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. б. 71-82.

6.6.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 62-67

6.6.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.6.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад.РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010.

6.7. Бақылау:

6.7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.

6.7.1.2. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.3. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

6.7.1.4. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

 

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Сызбаларды салу:

- оперонның моделі (Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері.б. 85, сурет 43, бірінші қатары);

 

6.7.3.2. Есептерді шығару.

РНҚ полимеразаны танитын сайты- ТАТААТ, -35 жүйелік ТТ ГАЦ А,

репрессор – ақуызының оперондағы танитын сайты (оператор)-АТТТТАТ, құрылымдық гендер ТАЦ кодондарымен басталып АТЦ кодондарымен аяқталады. Гендер аралығында спейсерлік ТТТТ бөліктер орналасқан.

а) осы ақпаратты пайдалана отырып, 3 құрылымдық геннен тұратын Lac–оперонының моделін құрастырыңыз: құрылымдық ген Z- 5 кодоннан тұрады, құрылымдық гендер Y және A - 4 кодоннан тұрады.

б) транскрипция жүргізіңіз, қанша а –РНҚ түзіледі?

в) трансляция жүргізіңіз, ДНҚ-ң осы бөлігінде қанша ақуыз кодталған? Олардың құрамын анықтаңыз.

6.7.2.3. Кесте толтыру:

 

Эукариот гендерінің реттелу деңгейлері

 

Эукариот гендерінің реттелу деңгейлері Сипаттамалары
геномдық  
транскрипциялық  
постранскрипциялық  
трансляциялық  
пострансляциялық  

6.7.3. Бақылау сұрақтары:

6.7.3.1. Гендер белсенділігінің критериі болып не табылады?

6.7.3.2. Про- және эукариоттар гендерінің реттелу механизмдерінің айырмашылығы неде?

6.7.3.3. Адам ағзасындағы гендер белсенділігінің реттелу механизмдерінің бұзылуының медициналық зардаптары қандай?

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Оперон –бірнеше құрылымдық прокариоттық (кластерлік) гендерден тұратын структуралық- функциональдық бірлік, олардың белсенділігі бір ғана промотор, реттеуші ген және индуктормен реттелінеді Оперон — cтруктурно-функциональная единица, состоящая из нескольких структурных прокариотических (кластерных) генов, активность которых регулируется общим промотором, регуляторным геном и индуктором Operon –structural-functional unit, consisting from a few structural prokaryotic (cluster) genes, which activity regulates by common promotor, regulatory gene and inductor  
Оператор – транскрипцияны бастау немесе тоқтату үшін репрессормен немесе индуктормен байланысатын геннің реттеуші қатары Оператор –регуляторная последовательность, с которой связывается репрессор или индуктор для остановки или начала транскрипции Operator –regulatory sequence with which bonds repressor or inductor for beginning or disruption of transcription
Реттеуші гендер -басқа гендердің белсенділігін реттейтін гендер Гены-регуляторы – гены, регулирующие активность других генов Regulators genes – genes regulating activity of other genes
Репрессорлар- индуктор, оператор немесе құрылымдық гендердің соңғы өнімдерімен әрекеттесу арқылы оперон құрамындағы бірнеше құрылымдық гендердің белсенділігін (транскрипциясын) бақылайтын реттеуші гендер Репрессоры- регуляторные гены, контролирующие активность (транскрипцию) нескольких структурных генов в составе оперона путем взаимодействия с индуктором, оператором или конечным продуктом синтеза структурных генов Repressors – regulatory genes controlling activity (transcription) of other structural genes in the operon by interaction with an inducer, operator or end product of the synthesis of structural genes
Құрылымдық гендер - құрылымдық ақуыздар және ферменттер синтезін бақылайтын гендер Структурные гены - гены, контролирующие синтез структурных белков и ферментов Structural genes – genes controlling synthesis of structural proteins and enzymes
Негативті бақылау- гендер белсенділігінің ингибиторлар арқылы реттелуі Негативнный контроль-регуляция активности генов в присутствии ингибитора Negative control –regulation of gene activity in the presence of inhibitor
Позитивті бақылау - гендер белсенділігінің эффекторлар арқылы реттелуі Позитивнный контроль-регуляция активности генов в присутствии эффектора Positive control –regulation of gene activity in the presence of effector
Индуциялық реттелу типі -индуктор бар жерде жүретін реттелу Индуцибельный оперон -происходит в присутствии индуктора Inducible regulation –occurs in the presence of inducer
Репрессибельді оперон –соңғы өнім көмегімен реттелу Репрессибельнный оперон-происходит в присутствии конечного продукта Repressible regulation –occurs in the presence of final product
Кластерлік гендер –өнімдері жалпы бір қызмет атқаратын гендер Кластерные гены-продукты которых выполняют общую функцию Repressible regulation –occurs in the presence of final product
Қысқа мерзімді (қайтымды) реттелу –ортадағы өзгерістерге жасушаның жауап қайтарудағы эукариоттар гендерінің белсенділігі Краткосрочная (обратимая) регуляция активности генов эукариот, которая представляет собой ответ клетки на изменения в среде Short-term (reversible) regulationof eukaryotic genes which represents response of an organism to changes in the environment.
Ұзаққа созылған (қайтымсыз) –дамудың ұрықтану және зиготаның түзілуінен бастап көп жасушалы ағза түзілгенге дейін аралықта жүретін детерминация, дифференциация үдерістеі іске асатын эукариоттар гендерінің белсенділігі Длительная (необратимая) регуляцияактивности генов эукариот, которая имеет место в процессах детерминации, дифференциации и других процессах развития от момента оплодотворения яйцеклетки и образования зиготы до ее превращения в мнгоклеточный организм. Long-term (irreversible) regulationof activity of eukaryotic genes that takes place in determination, differentiation and other processes of development from the moment of fertilization and zygote formation to appearance of a multicellular organism.

 

 

Құрастырушы: оқыт. Какишева Г.Т.

7-тәжірибелік сабақ

6.1. Тақырыбы:Жасушаның генетикалық аппараты

6.2. Мақсаты: с туденттерде жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы туралы білімді қалыптастыру.

6.3. Оқытудың міндеттері:

- ағзалар тіршілік әрекетінің негізі ретінде жасушаның генетикалық материалының рөлін оқыту;

- ядро мен цитоплазмада орналасқан, жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасу ерекшеліктерін оқыту;

- ядродағы жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы негізіндегі оның тығыздалуының молекулалық механизмдерін оқыту;

- хромосоманың құрлысы және химиялық құрамын оқыту;

-эу-және гетерохроматиннің құрылымдық- функционалдық айырмашылықтарын оқыту;

-патологиялық жағдайдың дамуындағы жасушаның генетикалық материалының құрылымдық-функционалдық өзгеруі маңызын түсіну.

 

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

6.4.1. Генетикалық материалдың жасушадағы орны (ядролық, цитоплазмалық).

6.4.2. Жасуша ядросындағы генетикалық материалдың құрылымдық-функциональдық ұйымдасу деңгейлері және оның қалыптасу механизмдері.

6.4.3. Эукариоттардың генетикалық материалының нуклеогистондық ұйымдасуы.

*6.4.4. Хромосоманың құрылымдық компоненттері және химиялық құрамы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-19; просмотров: 705; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.7.53 (0.007 с.)