Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Визикулалық тасымалдану туралы түсінік.

Поиск

71.Визикулалық тасымалдану туралы түсінік.

Везикулалық тасымалдау - везикуланың көмегімен бір органелладан екіншісіне ақуыздардың ауысуы жүреді. Везикулдар бір органеллардың мембранасынан ерекшеленеді, кейінен басқа органеллардың мембраналарымен бірігіп, жойылады. Ақуыздар көпіршіктер қуысына ауысады немесе мембраналардың құрамы интегралды ақуыздар тектес болады. Заттардың жасуша ішілік везикулалық тасымалдануының әмбебап және тиімді құралы тасымалдау көпіршіктері арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы.Везикулалық тасымалдануда тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік қабырғасын құрастырадыЖасуша ішілік везикулалық тасымалдау эндоплазмалық ретикулум мембранасынан басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликолизденуінің алғашқы кезеңдері өтеді. Ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктеліп, Гольджи кешенінің цис полюсіне өтеді. Гольджи цистерналарында ақуыздардың гликолизденуі жалғасады, ал Гольджидің транс полюсі мен транс торларында ақуыз гликолизденуі аяқталады. Олар фосфаттанып сульфаттанады. Гольджи цистерналарынан ақуыздар жиекті көпіршіктер арқылы өтеді. Гольджидің транс торларында толық модификацияланған ақуыздар нақтылы органеллаларға тасымалдану үшін тасымал көпіршіктеріне іріктелінеді. Ақуыздар Гольджи кешенінен шыққаннан кейін алғашқы лизосомаларға, конститутивтік көпіршіктерге және секреторлық гранулаларға үлестіріледі.

72.73.Жасуша метаболизмі.Катаболизм.Анаболизм

Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады.

Зат алмасу (метаболизм) – клетканың тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Клеткадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттердеп аталады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.146.107.152 (0.009 с.)