Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Биомедицинаның даму тарихы. Негізгі жетістіктері. Биомедицина негіздері. Анықтамасы.Мақсаты және міндеттері

Поиск

OWNER: ZARINA 128OM

CO-OWNER: ASEMA 128OM

CO-OWNER: ADIL 128OM

CO-OWNER: MAIRA 128OM

Молекулалық биология – тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының маңызды саласының бірі. Қазіргі кезде молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және қолданбалы биология, генетика, медицина, ауыл шаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды роль атқарады. ХХІ ғасырды молекулалық биология ғасыры деп атауда.Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объектілері жасушаның ақпараттық макромолеклалары – ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді. «Биомедицина негіздері» пәні медико-биологиялық және клиникалық пәндерді оқытуда фундаментальдық негіз болып табылады.Бағдарламада тірі ағзаның қасиеттері және жалпы биологиялық заңдылықтар, тіршіліктің ұйымдасу деңгейіндегі барлық кезеңінің көрінісі сипатталған. Осы пәнді оқу кезінде биология, химия, физика, математика пәндерінің білімдерің пайдалану қажет. «Биомедицина негіздері» биологиялық заңдылықтарды молекулалық, жасушалық және жүйелік деңгейде қарастырады. Бұл пән адам ағзасындағы қалыпты және патологиялық процестерді толық түсінуге мүмкіндік береді.«Биомедицина негіздері» пәні бірнеше бөлімнен тұрады:-жасушаның жалпы және молекулалық биологиясы (нуклейн қышқылдары мен нәруыздың құрылысы мен қасиеттері, эукариоттардың генетикалық материалының қызметі мен ұйымдасуы, прокариот, вирустардың, сонымен қатар жасушаның молекулалық құрылысы мен қызметі, олардың органеллалары, гендер экспрессиясы, бағаналы жасушалар туралы түсінік, жасуша метаболизімі туралы сұрақтар, мембрана арқылы тасымалдану);-биоэтика, биомедицинаныі заманауй мәселелері;-медициналық информатика.

Мақсаты мен міндеті: тіршілікті молекулалық деңгейде зерттеп, қызметін анықтап, ары қарай дамуын зерттеу.

Жетістігі: соңғы 50-55 жыл ішінде мол.биология ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары ғалымдардың зерттеулер нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі нуклеин қышқылдары екені белгілі болды.(Эйвери,Мак Леод,Мак карди,Циндер,Ледерберг,Френкель-Конрад)

Даму тарихы және негізгі жетістіктері:

1. Мол.биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан Баев, Белозерский, Спирин, Энгелгард, Георгиев, Дарханбаев, Айтхожин, Жұматов, Берсінбаев, Айтхожина, Гильманов, т.б. атауға болады.

2. 1953ж Уотсон мен Крик дезоксирибонулеин қышқылының қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырды.

3. 40-50ж тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі нуклеин қышқылы екендігі белгілі болды.

4. 1954ж Гамов тұқымқуалаушылық ақпарат ДНҚ молекуласында генетикалық код күйінде жазылған, генетикалық код 3 нуклеотидтен тұруы мүмкін деп болжамдады.

5. 1961ж Жакоб мен Моно прокариоттар гендерінің экспрессиялануының оперондық гипотезасын ұсынды.

6. 1970 жылы биология ғылымдарының жетістіктері мен технологиялық үдерістерді біріктіретін мол.биологияның жаңа саласы – Биотехнология қалыптасты.

7. 1981 жылы алғаш рет трансгендік тышқан дүниеге келтірілді.

8. 1990-2003 жылы адам геномы толық анықталды(секвенделді).

9. 2008 жылы тышқан геномы секвенделіп оның 70 пайызы адам геномына ұқсас екені белгілі болды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 16; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.26.184 (0.006 с.)