Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Биологиялық макромолекулалар: нәруыздар. Нәруыздардың кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері.

Поиск

Белоктар(ақуыздар, протеиндер) грек тілінде «бірінші» деген мағынаны білдіреді) – жасушаның ең маңызды макромолекулалардың бірі,жоғары молекулалық полимерлі заттар, гидролизге түскенде аминқышқылдарына ыдырайды.Протейн деп атаған Г.Я.Мульдер болды.Белоктардың құрамына 2 амин қышқылының қалдығы кіреді. Белоктар –тіршіліктің көзі, бүкіл тірі организмдердің құрамына кіретін заттардың ең маңыздыларының бірі. Нәруыздың қызметтері. *Құрылыс қызметі: Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары жасуша мембранасының ішкі, сыртқы қабықшасы, митохондрияның ішкі мембранасының 70%-ы нәруыз молекуласынан тұрады. Жануарлардьщ мүйізі, тұяғы, қауырсыны, түктері, сіңірлері, шеміршектері мен қан тамырларының қабырғасы жөне т.б. нәруыздан құралган*.Тасымалдау қызметі: Гемоглобин нәруызы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етедіде, ыдырау өнімі — СО2-шығарылады. *Қозғалыс қызметі. Организмнің қозғалыс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар катысады. Мұндай нәруыздар жасушаның ішіндегі протоплазманың козғалысына да әсер етеді. Жасушаның бөлінуі кезінде ахроматин жіпшелерінің жиырылуы салдарынан, хромосомалар экватордын полюстеріне тең таралатындығы белгілі.*Қорғаныштық қызметі: Нөруыздар организмді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы туратын нәруыздар — антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп денені зарарсыздандырады. аурумен ауырғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады. * Ферменттік (катализаторлыц) қызметі. Организмдегі заттардың өзін-өзі жаңартуы ферменттердін әсерімен жүзеге асырылады. Орыс ғалымы И.П.Павлов ферментті «тіршіліктің қоздырғышы» деп атады, өйткені ол организмдегі зат алмасуды реттейтін көптеген реакцияларды тездетеді, барлықбиохимиялық құбылыстар ферменттердің қатысымен жүреді; *Транспорттық - оттегі транспорты (гемоглобин, миоглобин), альбумин (май қышқылдарын, органикалық заттарды мембранадан тасымалдауы); *Гормондық- гормондар(инсулин, вазопрессин); Қоректік- сүттегі казеин, жұмыртқадағы овальбумин; Сүйеу- сүйектер, шеміршектер, буын сүйектері; Рецепторлық – әр түрлі заттарды танып, байланыстыруы (гликопротеидтер);* Белоктар -регуляторлар, белоктар – ингибиторлар*.Белоктардың молекулаларында аминқышқылдарының қалдықтары өзара бiрiмен-бiрi байланысып полипептидтiк тiзбекті құрады. Полипептидтік тізбекте бір аминқышқылының карбоксил тобының көміртек атомы екінші аминқышқылының NН2 –тобының азот атомы коваленттік байланысады. Бұл байланысты (-СО-NH-) пептидтiк байланыс деп атайды. Қасиеттері.қасиеттердің бірі нәруыздың суда ерігіштігінің әр түрлі дәрежеде болуы. Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар ерімейді. Нәруыздың екінші бір қасиеті − сыртқы орта жағдайларының әсеріне төзімділігі біркелкі болмайтындығында.Нәруыз молекуласының тағы бір қасиетіне оның әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымының өзгеруі жатады. Бұл құбылысты денатурация деп атайды. *Кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері.Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдар қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы деп атайды.Ақуыздардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталадыҮшінші реттік құрылымның түзілуіне дисульфидті байланыстар үлкен үлес қосады. Олар полипептидті тізбектің әртүрлі бөліктерін байланыстырып, өзіне тән ілмектер құрайлы.Кейбір нәруыздардың ерекше құрылымы болады. Олар бір-бірімен байланысқан бірнеше пептидтерден құралады. Құрылысы жағынан жақын бірнеше нәруыздың үшінші реттік құрылымының шумақ түзіп орналасуын нәруыз молекуласының төртінші реттік құрылымы дейді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.125.240 (0.006 с.)