Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Прокариоттардың транскрипциясы

Поиск

20,21,22,23 Прокариоттардың транскрипциясы

Прокариоттардың транкрипциясы үш кезеңнен тұрады:

1.Инициация

2.Элонгация

3.Терминация

Транкрпиция процесс 3-5 бағытында жүреді.  

Транскрипция процесі геннің реттеуші учаскесінде ораласқан старттық нүктеден РНҚ полимеразасының сигма суббірлігін танып, онымен байланысуыннан басталады. Проматорда орналасқан арнайы нуклеотидттер жүйесі старттық нүкте болып табылады. Оны минус 35 жүйелік немесе танылатын жүйелік деп атайды. Оның құрамында тоғыз нуклеотидттен тұратын консенсустық жүйе болады. Консенсустық деп аталуы бул жүйе барлық ағзаларда салыстырмалы тұрақтылықты көрсетеді.

 

 

 

 

24,25,26,27 Нәруыз биосинтезі. Прокариоттар трансляциясы

 

28.29.30.31 Нәруыз Биосинтезі. Эукариоттар транскрипциясы

32.33.34.35 Эукариоттар трансляциясы

36.Мембрана арқылы тасымалдану. Эндоцитоз

37.Мембрана арқылы тасымалдану. Экзоцитоз

38.РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы. мРНҚ-ның процессингі және сплайсингі.Эукариоттық мРНҚ гетерогенді ядролық РНҚ немесе про-мРНҚ деп аталатын ірі мөлшердегі алғашқы транскрипт РНҚ-дан құралады. Эукариоттық мРНҚ-да пайда болатын алғашқы транскрипткөп жағдайда өз қызметін атқаруға дайын болм-ы. Олар процессинг н/е РНҚ-ың посттранскрипциялық модификациясы д.а-ын айналым-ға ұшырайды. Бұл айналымдар белг. Олигонуклеотид-ің алғ-ы транскриптінің бір н/е екі жақ ұшынан транскриптің хим.модиф-на қарай бөліп шығуы мен нукл-ің қосымша қалдық-ың келіп қосылуынан тұрады.Процессинг ең алдымен ядроның өзінде жүреді. Сүтқоректі-ің 50-70%-ы ядролық РНҚ-сы кейін цитоплазмалық мРНҚ құрамына кірмейді.Эукариоттар аРНҚ тіршілік ұзақтығы 10мин соң 2тәулікке созылады. Қысқа тіршілік ететін АРНҚ ларға реттеуші ақуыздар аРНҚ лары жатады.

Процессинг — трансляция мен транскрипцияның алғашқы туындыларын қызмет ете алатын молекуларға айналдыратын реакциялар жиынтығы. Процессинг кезінде РНҚ алғашқы туындыларының екі шетіндегі азот негіздерінің артық тізбектері кесіліп тасталады. Эукариот торшаларында процессинг ерекше түрі — сплайсинг табылған, мұндайда кодталған мәліметі жоқ (интрондар) РНҚ молекула-туындысының белгілі бір жерлері кесіліп алынады, ал генетикалық мәлімет таситын (экзондар) жерлері бір-бірімен жалғанып РНҚ-ң жетік түрін жасайды. Процессингке алғашында полипротеин-туындысы түрінде түзілетін басқа да ақуыздар ұшырайды. Бұл жағдай олардан активті ақуыз алу үшін қажет.

Прокариоттада мРНҚ-ның жасалуы әлдеқайда қарапайым прцесс. Прокариоттарда геннің көшірмесі болып, синтезделіп шыққан мРНҚ ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ, бірден белок синтезіне қатысады. Дәлірек айтсақ, жасалып жатқан прокариоттың мРНҚ-ның соңғы ұшы әлі ДНҚ-мен жалғасуда болса да, оның бастапқы бөлігі рибосомамен байланысып, белок синтезіне қоян-қолтық кірісіп жатады. Яғни, прокариоттарда транскрпиция мен трансляция процестері бір уақытта қатар жүре береді.

Эукариоттық мРНҚ мөлшері үлкен, гетерогенді ядролық РНҚ (гяРНҚ) деп аталатын алғашқы түрінен пайда болады. Алғаш синтезделген эукариоттық РНҚ-ның бірінші транскрипті көпшілік жағдайда өз функциясын атқаруға дайын болмайды, ол алдымен қосымша, РНҚ-ның процессингі немесе транскрипциядан кейінгі модификациясы деген терминмен аталатын өзгерістерге ұшырайды. Ол өзгерістердің мәні алғашқы транскрипттің бір ұшынан немесе екі ұшынан бірдей белгілі бір олигонуклеотидтерді алып тастауда және қосымша нуклеотид қалдықтарын жалғастыруда, яғни транскрипттің химиялық модификациясында. Ең алдымен процессинг ядроның өзінде жүреді. Сүтқоректілердің ядролық РНҚ-сының 50 проценттен 75 процентке дейінгі бөлігі кейінгі цитоплазматикалық мРНҚ-ның құрамына кірмейді.

Эукариотикалық организмдердің гендері өзінше бір мозаика түрінде белгілі бір тәртіппен кезектесіп отыратын кодталатын бөлімдер – экзондар және кодталмайтын - ендірілген тізбектер немесе интрондардан құралған. Гендегі интрондардың саны 2-ден ондағанға жетеді. Кейде геннің жалпы ұзындығының 90% интрондарға келеді.

Эукариоттық жасушаларда алғашқы транскрипттің (праймердің) пайда болуы және оның м-РНҚ-ның пісіп-жетілуі кезінде процесске түсуі (процессинг). 5’-қалпақ алғашқы транскрипт толық синтезделіп бітердің алдында жалғанады. Соңғы экзоннан кейін тұрған кодталмайтын тізбек қызылмен көрсетілген. Сплайсинг кесіп алып тастаудың және полиаденилаттың жалғануының алдында немесе артында іске асады. Барлық процесс ядроның ішінде жүреді.

Сплайсинг — мРНҚ-ң жетілген түрінің жасалуы. Ол иРНҚ-ның алғашқы транскриптынан белгілі гендермен кодталған белок түзілуі туралы мәлімет әкелетін участогін (интрондарды) алып тастағанда пайда болады. Бұл жұмысқа екі класты ферменттер—рестриктазалар және лигазалар қатынасады. Рестриктазалар РНҚ алғашқы көшірмелерін кеседі, аллигазалар қалған кесінділерді (экзондарды) бір-біріне жалғайды, сөйтіп РНҚ-ның жетілген түрі пайда болады.

Ядродағы РНҚ-лар сплайсигті жүргізетін ферменттерге көмектесіп, коферменттер қызметін атқарады. Осы кофермент қызметін атқаратын РНҚ-лар экзондардың ұшын ұстап тұрады. Бұдан кейін фермент интронды тастап, экзондарды бір-бірімен жалғайды. Осы кезде аРНҚ ешбір ферменттің көмегінсіз өзіне-өзі сплайсинг жүргізе алатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Мысалы, ол үшін аРНҚ-ның генін бактерия плазмидасының құрамына, ал плазмианы бактерия жасушасына енгізген. Нәтижесінде бактерия жасушасында ешбір ферменттер болмаса да, аРНҚ өздігінен сплайсинг жүргізген. Бұдан біз РНҚ-ның ферменттік те қасиет көрсететінін білеміз.Осындай өзіне-өзі ферменттік катализ жүргізетін аРНҚ рибозим деп аталады. Рибо-РНҚ, ал зим-фермент дегенді білдіреді



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.47.139 (0.01 с.)