Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Эукариоттық жасушалардың негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметті:қосындылар.
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттардың жасушалары митоздық жолмен бөлінедіЖасушалық қосындылар-зат алмасу процесіне байланысты(метаболизм) жасуша цитоплазмасындағы тұрақсыз құрылымдар. Жасушалық қосындыларға трофикалық,секретарлық,экскреторлық және пигменттік қосындылар мен витаминдер жатады.Трофикалық қосындылар(протеин, май, көмірсулар)-қоректік заттардың қоры және энергия көзі. Протеиннің түзілуі мен жинақталуы жасуша эндоплазмалық трынығ белсенділігіне байланысты. Бауыр жасушаларында(гепатоциттерде) көмірсулар(гликоген),май қосындылары, липид тамшылары ретінде жиналады.Секреторлық(бөлінділік) қосындыларға пайдалы заттар: сөл, сілекей, өт, гормондар, сүт және т.б жатады.Экскреторлық қосындыларды жануарлар организміне керек емес зиянды қосылыстар (зәр,тер)құрайды.Пигменттік қосындылар жасушалар мен ұлпаларға түрлі түс береді. Оған қандағы гемоглобин, бұлшықетті миоглобин, терідегі меланин т.б жатады. Пигмент каротин(өсімдік клеткаларының құрамында болатын сарғыш-қызғылт пигмент) жемістерде, өсімдік жасушаларында түзіледі. Ол-А провитамині. Каротин жануарлар организмінде А витаминіне айналады.
|