Мембрана арқылы тасымалдану:белсенді және пассивті тасымалдану
70.Мембрана арқылы тасымалдану:белсенді және пассивті тасымалдану
Мембрана арықылы заттардың пассивті тасымалдануы
а) жай диффузия
б) жеңілдетілген диффузия
Жай диффузия -заттардың өздігінен, ешбір көмексіз, концентрация градиенті бағытында (жоғары концентрациядан төменгі концентрацияға) мембрана арқылы өтуі.
Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар (май қышқылдары, зәр қышқылдары) және ұсақ, бейтарап молекулалар (H2O, CO2, O2) өтеді.
Мембрана арқылы шектелген қуыстардың (органеллалар) концентрация айырмашылығы көбейген сайын дифффузия жылдамдығы да пропорциональ өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.
Жеңілдетілген диффузиябұл әдісте де заттар өздерінің концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтеді, яғни жоғары концентрациядан төменгі концентрация бағытында, бірақ бұл құбылыс өздігінен жүзеге аспайды, ал ерекше тасымалдау ақуызы - транслоказаның көмегімен жүреді.
Транслоказалар- өздері өткізетін заттарға азды-көпті сай болып келетін интегралдық ақуыздар. Мысалы, эритроцит мембранасындағы аниондық арналар (каналдар),қозғыш жасушалар плазмолеммасындағы K+ арналары (каналдары), саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы Ca+ – арналары (каналдары) т.б.
Транслоказалар арқылы жай диффузия жолымен өте алмайтын заттар ғана өткізіледі, бірақ кейде, кейбір заттар, жай диффузия және жеңілдетілген
диффузия арқылы да өтеді, мысалы судың (Н2О) бүйрек арнашықтары және
секреторлық эпителий жасушалар мембранасы арқылы өтуі. Аталған мембраналарда су молекулаларының диффузиялану қарқынын арттыратын ерекше транслоказа-аквапорин деп аталатын ақуыз болады.
Транслоказалар бірнеше бөлшектерден (субъединицалардан) тұрады,
олардың әрекет ету тетіктерінің (механизмінің) бірнеше түрлері болуы
мүмкін:
1) Транслоказа бөлшектері (субъединицалары) арасында белгілі бір
өлшемді заттарды ғана өткізетін және барлық уақытта ашық болатын
гидрофильдік арна (канал) болады;
2) Транслоказа арнасы барлық уақытта ашық болмайды, оның ашылуы мембрана күйіне (қозу), не транслоказа белшектерімен арнайы лиганданың байланысуына тәуелді болады;
3) транслоказаларда ешқандай арна болмайды, олар лигандамен
(өткізілетін зат) байланысып, мембрана жазықтығында 180° айналады да
мембрананың екінші бетінде лиганданы (өткізетін затты) босатып шығарады.
|