Ген туралы түсінік. Прокариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ген туралы түсінік. Прокариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы.

Поиск

Ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты генетикалық ақпараттын бірлігі болып табылатын ДНҚ молекуласының кесіндісі деп аталады.

Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің Гендер жиынтығы оның генотипін құрайды.Ген терминін алғаш рет 1909 жылы Дания ғалымы В.Йогансен енгізді. Барлық гендер ДНҚ-дан тұрады және әрбір жеке жасушадағы мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Жасушаның бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас жасушаалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде жасушааның барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. Әртүрлі органимздердегі Геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мыс., жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы 5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы — 200, ішек бактериясы — 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000 — 500000 гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендел организм белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын және шағылысу (будандастыру) кезінде ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады.

Геннің жіктелуі:1. Құрылымдық гендер – нақты белгілердің дамуын анықтайтын гендер. 3-ке бөлінеді: а) құрылымдық ж»һәне ферменттік белоктың құрамындағы аминқышқылдардың орналасу ретін анықтайтын гендер;б) гистондық белоктың құрамындағы аминқышқылдардың ретін анықтайтын гендер; в) тРНҚ және рРНҚ құрамындағы нуклеотидтердің орналасу ретін анықтайтын гендер. 2. Модуляторлық н/е оператор гені – құрылымдық гендердің белсенділігін өзгертеді. 3-ке бөлінеді: а) жоғарылататын - интенсификатор гендер; б)төмендететін – ингибитор гендер; в) белгілі бір локустардың мутациялану жиілігін жоғарылататын – мутатор немесе модификатор гендер. 3. Реттеуші гендер – құрылымдық гендердің белсенділігін реттейді. Оған энхансерлер, операторлар, промоторлар, актенюаторлар және терминаторлар жатады. 4. Аллельді гендер – бір жұп гомологты хромосоманың бірдей локустарында орналасып, қарама-қарсы жұп белгілерді анықтайтын гендер. 5. Аллельді емес гендер – әртүрлі жұп гомологты хромосоманың локустарында орналасқан гендер. 6. Летельдық және сублетельдық гендер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.28.173 (0.011 с.)