Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Иммундық механизмдердің даму себептері, оларды бағалау зертханалық әдістері

Поиск

 

2-деңгей (30 балл)

Түсіну

1) Иммундық механизмдердің даму себептері, оларды бағалау зертханалық әдістері

2) Адамның иммундық статусын анықтауға көрсеткіштерді және анықтау әдістерін түсіндіріңіз.

Иммунды статус – сандық және сапалық көрсеткіштердің ара қатынасы және иммунды жүйенің қазіргі жағдайын көрсететін көрсеткіш. Иммунды статус жағдайы жастық ерекшеліктеріне байланысты болады. Иммунды жүйе көрсеткіштері әртүрлі сыртқы және ішкі әсерге байланысты өзгеріске ұшырайды: жүктілік ағымы, баланың бірінші жылында омыраумен емізу, басынан өткерген аурулары және т.б. Иммунды статус анализін өткізуге міндетті көрсеткіштер: иммунологиялық зерттеу әдістері маңызды кезде (біріншілік иммунодефицит, дисгаммаглобулинемия, миелома, СПИД, трансплантация және гемотрансфузия). аурулар тобында дифференциальды диагностика жасау қажет болған кезде (аутоиммунды аурулар, лейкоз, лимфома және т.б). Иммунды статус анализін өткізуге салыстырмалы көрсеткіштер: Балаларда арнайы препарат иммуномодулятор қолданған кезде оң әсер болатын жағдайлар: инфекциялық ауру ұзақтығын қысқарту, жедел респираторлы аурулардың жиілігін төмендету және асқынуларын алдын алу. Бұндай көрсеткіштерге жатады: Баладағы жедел респираторлы вирусты аурулардың жиілігі – жылына 6 рет. Созылмалы, персистирленген инфекция (мысалы, герпетикалық инфекция, Эпштейн-Бар вирустыинфекциясы). Бала ағзасында созылмалы инфекция ошақтарының болуы: рецидивті іріңді отит, синусит, рецидивтеуші бронхит. Иммунды статусты зерттеу көп компоненті бірнеше сатыдан тұратын зерттеу: гуморальды иммунитетті бағалау; жасушалық иммунитет; ағзаның бейспецификалық резистенттілігі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.137.53 (0.007 с.)