Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
ІV-бөлім: Көңілді ойындар
• Су түбінен маржан тас жинау. (Жерге ірі моншақтар шашылады балалар соны жинайды.) • «Балық аулау» • Үрленген құрсауға отырып белгіні айналып келу
Кім көп ұпай жинаса,кім бірінші келсе сол балалар марапатталып, мақтау қағазы беріледі
V-бөлім: Доп арқылы тілек тілеу
VІ-бөлім: Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Балалар: Балалар жэауабы
Тәрбиеші: Не туралы айттық?
Балалар: Балалар жэауабы
Тәрбиеші: Олай болса балалар,бүгінгі айтылған қағидаларды естеріңнен шығармаңдар. Сендердің де денсаулықтарың мықты болсын, әр кезде күліп жүріңдер.
Сау болыңдар!
Экология негіздері.
Тақырыбы: «Ойын алаңындағы саты»
Мақсаты: Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету.Ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерге желімді жағып,қиылған кесінділерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру дағдыларын жетілдіру.
Дидактикалық ойын:
«Қай аң күшті?»
Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтары. Орманның, үй жануарларының муляжы. Сабақтың жүру барсы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. балалардың назарын табиғат құбылыстарына аудару - балалар қазір жылдың қай мезгілі? - осы қыс мезгілі ауылымызда қанша ай қонақта болады? - бүгін балалар ауа райы қандай? 2. Балалардың назарын сабаққа аудару ІІ. Жаңа сабақты меңгерту Жоспары: Жабайы аңдар туралы әңгімелесу - Балалар бүгін біз сабағымызда жабайы аңдар туралы әңгімелейміз. 1. Слайд көрсетемін Балалар мынау жабайы жануарлар. Олар орманда, таулы жерде мекендейді. Олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз. Аю – жазда жеміс – жидектермен ал қыста ұйықтайды. 2. Слайд көрсетемін Ал аюға келетін болсақ аюдың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю - суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс - жидектерді теріп жейді. Қыста аю апанда ұйықтап жатады. Ол көктем шығып, қар ерігенше осылай ұйқыда болады. Апанда жатып өзінің кішкентай қонжығын туады. Аю – ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң. Бірақ өзі ешкімге тиіспейді. Көбіне өсімдікпен қоректенеді. Жазда жеміс - жидек тереді. Балды жақсы көреді. Аюдың баласын - қонжық дейміз. 3. Слайд көрсетемін Қоян - ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қоян қыста үйілген маялардың түбінде, не ағаш қуыстарында қыстайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Өзі қорқақ, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді. Қоянның баласын - көжек дейміз. 4. Слайд көрсетемін Қасқыр - итке ұқсайды. - Қасқыр - күшті, батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң. Олар далада қоректенеді: жан - жануарлармен, құстармен. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды. Қасқырдың баласы - бөлтірік дейміз. 5. Слайд көрсетемін Түлкі - түлкінің түсі қызғылт. Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын. Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ» деп те атайды. Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді. Түлкінің баласын - түлкішек деп атайды. 6. Слайд көрсетемін Жолбарыс - мысыққа ұқсайды. Жолбарыс та өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі. Жолбарыстың түсі - Сұры және қара жолақтары бар. Ал жолбарыстың құйрығында ұзын. . Жолбарыс жан - жануарлардың, аңдардың етімен қоректенеді. 7. Слайд көрсетемін - Ал енді, балалар, мынау қандай аң екен? - Арыстан Арыстанда балалар мысыққа ұқсайды. Бұл да мысық тұқымдас, ең ірі әрі күшті жыртқыш аң. - Арыстанды ертегілерде, аңыздарда не деп атайды? - Аң патшасы «Аң патшасы» ол - аңдардың үлкені, мықтысы дегенді білдіреді. Ол да жан - жануардың етімен қоректенеді. - Балалар, адамдар жақыннан көру үшін, танысу үшін хайуанаттар бағында да жабайы аңдар болады екен. Сол хайуанаттар бағына көргілерің келеме келе ме? ІІІ. Видео көрсетемін «Хайуанаттар бағы» - Хайуанаттар бағы Ол - үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан - жануарлардың көптеген түрлері, құстардың әр түрлісі арнайы торларда ұсталады. - Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады? - Оларды неге торларда ұстайды? - Дұрыс өйткені олар қауіпті жыртқыш аңдар. Оларды адамдар тамақтандырады. Сендер аңдардың алдарында тұрған ыдыстарды көрдіңдер ме? Сол ыдыстармен тамақ береді, күтіп бағады, ауырса емдейді. Олардың арнайы адамдары болады. Балалар, бұл аңдар ертегілерде, мультфильмдерде мейірімді, қайырымды болып келуі мүмкін. Бірақ бұл аңдар бір сөзбен айтқанда - жабайы жыртқыш аңдар. Қандай аңдар екен? - бірақ жыртқыш аңдар екен деп бұларды көп аулауға болмайды, азайып кетеді. ІҮ. «Кім жылдам» ойыны Балалардың алдына үлестірме қағазын үлестіремін. нда балалар Жабайы аңдардың балаларын сызық арқылы қосу керек. Ү. Қорытындылау - Балалар, орманда қандай аңдар өмір сүреді? - Олар немен қоректенеді? — Дала жануарлары мен үй жануарларының айырмашылығы неде? - Қыста қай жануар орманда ұйықтап жатады? - Қай жануар қорқақ? - Жабайы аңдардың балаларын ата? Ү.Балаларды марапаттау Күтілетін нәтиже: Білуі: Аңдарды бір - бірінен ажырата білу. Жабайы жануарлар туралы және олардың балалары туарлы мағлұмат алады Меңгеруі: Жабайы жыртқыш аңдар туралы толық мағлұматты меңгерту. Жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс - әрекет жасай алу
|