Содержание книги

  1. тпелі тақырып «Дені саудың-жаны сау»
  2. йымдастырылған оқу қызметтері
  3. Максаты :Жақсы әдетке, өз- өзіне сенімділікке тәрбиелеу. Әуенге сай қимыл жасауга дағдыландыру.
  4. н тыңдау: «Біз осылай өсеміз» Ю.Чичков
  5. ІV-бөлім: Көңілді ойындар
  6. Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары
  7. Бесін ас. Ойындар, дербес әрекет. Т. Молдағалиевтің «күз» өлеңін жаттау. Мақал мәтелдер». Айда өседі. » ойыны . Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
  8. Балалардың үйге қайтуы
  9. You are going to watch a video about the famous scientist Marie Curie and compare it with the given text.
  10. Compare the video and the text and find 5 factual mistakes in the text. Correct them.
  11. Marie named polonium after her favouriteMotherland - Poland.
  12. These sentences were taken out of the text. Find the correct place for them.
  13. Marie Thérèse Louise of Savoy, Princesse de Lamballe
  14. Le Tragique Princesse! The Back Story Behind The Princesse De Lamballe's Entry Intro France Upon Her Marriage & Meeting Marie Antoinette!


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

йымдастырылған оқу қызметтері



Таңғы ас

08 .30-

09. 00

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Тамақ  ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.15-

10.00

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кім күшті?» ертегісі

Мақсаты: Жануарлардың атауларын білдіретін сөздерді сөздердің түрлі тәсілдерімен жасалуын,зат есімдерді жекеше және көпше қолдану дағдыларын жетілдіру.

Дидактикалық Ойын:

«Күштілерді тап»

Тәрбиеші: балалар мен ертегі кейіпкерлерінен хат алдым. Келіндер дөңгелене отырындар, мен сеңдерге хатты оқып беремін.

 

 «Қымбатты балалар!

Біз ертегі орманның тұрғындарымыз.

Сіздерді 20 сәуірге қонаққа шақырамыз...»

-Ой, ол бүгін жой! Сендер қонаққа барғыларын келе ме?

Тарбиеші: біз қонаққа бармас бұрын, бұл хат қай ертегіден екенін табуымыз керек.

Біз жұмақтарды шешуіміз керек.

Ол бізге көмек.(Конверттен жұмбақтары бар карточканы алу).

Жұмбақтар .

Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп тұр,

Қатты-ақ. (Мұз)

Мысықтан бұл қорқады,Бұдан піл қорқады. (Тышқан)

Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен.

(Құмырсқа)

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын,

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың (Жаңбыр)

 

Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Тоқты)

(Жұмбақтын жауабын тапқан бала лайық кейіпкер ролін алады)

Мұғалім: -Жарайсындар, балалар сендер жұмбақтардың жауабын таптыңдар.

Жұмбақтардың жауабы қандай болды?

Мұғалім: Балалар ойланып көріндерші бұл табиғи құбылыстар мен кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі?

-Дұрыс, бұл кейіпкерлердің бәрі «Кім күшті» ертегісінде кездеседі.

Сендер ертегі әлемінде көретін ертегіні тауып алдындар.Ал, енді көздерінді жұмып 1-10 дейін санандар.

Тәрбиеші: -Көзімізді аштық

Ертегіге қош келдік.

«Кім күшті?» ертегісін сахналау.

Автор: Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
Қырғауыл: - Лед, лед как ты стал сильным?
Мұз: - Если бы я был сильным, то дождь меня не победил бы.
Қырғауыл:- Дождь, дождь, как ты стал сильным?
Жаңбыр : - Я бы не дал себя проглотить земле.
Қырғауыл: - Земля, земля, как ты стал сильным?
Жер: - Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.
Қырғауыл:- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?
Көк шөп: - Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.
Қырғауыл:- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
Көк тоқты:- Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.
Қырғауыл:- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
Қасқыр:- Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.
Қырғауыл:- Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?
Көк мылтық:- Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.
Қырғауыл:- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
Тышқан: - Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
Қырғауыл:- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
Құмырсқа:- Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.

 

-Балалар бізге ертегі әлемінде қызықты болды, бірақ бізді балабақшада жақсы істер тосып тұр. Ал онда біз сиқырлы таяқшаның көмегімен ораламыз.

(Тәрбиеші таяқшаны сілтеп «Абракадабра») деп сиқырлы сөздерді айтады.

-Міне біз сүйікті балабақшамызға оралдық.

-Сендер қандай ертегіні тамашаладыңдар?

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Қай кейіпкер сендерге қатты ұнады?

-Кім өз ролін жақсы орындап шықты?

Ертегінің кейіпкерлеріне көп рахмет.

-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ертегіні мазмұндау, 1-10-ға дейін санау;

Болу керек: табиғат құбылыстарының, жәндіктердің, жануарлардың

Істей білу керек: қазақ тіліндегі төл дыбыстардың (ә,ө,і, қ, ү) дұрыс айтылуы; қазақ тілінде таныс сөздерді айтылуына қарай ажырату; өзбетімен орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару; сыпайы сөздерді өз сөйлеген кезде қазақ тілінде қолдану.

Дене шынықтыру

1.Негізгі қимылдар арқылы жерде жатқан шеңберге секіру.

2.Допты екі қолмен көкірек тұсынан  кері лақтыру.

Қимылды ойын:

«Қапшықпен секіру»

Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі аяқты алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

Сурет салу.

Тақырыбы: Ұзын құлақ сұр қоян

Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне

 Бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету.

Дидактикалық ойын:

«Қоянды құрастыр»

 Қостілділік жұмыс: қоян-заяц, ұзын-длинный, құлақ-уши,сұр-серый.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Шаттық шеңбер.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз,түрлі-түсті карындаштар, қоянның суреттері.

Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері

Іс-әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің
іс-әрекеттері Баланың
іс-әрекеттері
Мотивациялық
қозғаушы Шаттық шеңбер:
Орымыздан тұрайық,
Мойнымызды бұрайық
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып-жұмайық
Онан соң төмен түсіріп
Алақанды соғайық
Иықты артқа ысырып
Басты төмен салайық
Жаттығу жасап осылай
Үлкен болып өсіп шығайық.
Жұмбақ жасырады:
Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін ол не?
Қоян туралы әңгімелейді. Оның қайда тіршілік ететінін сұрайды.Ойыншық қоянды көрсетеді. Оның дене мүшелерін атайды.

Сөздік жұмысы: қоян-заяц,ұзын-длинный, құлақ-уши,сұр-серый.

Жаңғырық әдісі:
Балалар шаттық шеңберін қызығушылықпен орындайды.

Жұмбақтың шешуін табады.

Балалар қоянның сәбізді жақсы көретінін,өзі қорқақ екенін ол орманда және уйде тіршілік ететінін айтады.

«Ұзын құлақ сұр қоян» сөзін жаңғырық әдісімен қайталайды.

Ізденуші
ұйымдастыру-шы

Балалар бүгін біз үш орталықта жұмыс жасаймыз:
1.Қоянды жапсырамыз.
2.Оны бояймыз
3.Қоянға арнап ән айтамыз.
Балаларға алдарындағы қағазға берілген қоянның суретін жапсыруды ұсынады.
Тәрбиеші дайын қоянды тақтадағы плакатқа жапсырады.
Сергіту сәті:
Қояным,қояным,
Орныңнан тұра ғой.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы,
Орныңда секірші!
Секір,секір,секір.
Балалар біздің қоянымыздың түсі қандай?
Қоянымыз әдемі болу үшін оны сұр немесе қоңыр түспен бояу керек. Құлақтарын көк түспен бояймыз, көзін саламыз қара түспен қане бояуға кірісеміз.

-Балалар қоян нені жақсы көреді?
«Сәбізді тап» ойыны:
Үстел үстіндегі көкөністердің ішінен сәбізді тауып алу қажет.Тапқан сәбізді қоянның алдына қою керек.

Балалар қоянымыз жапсырылды, әдемі етіп боядық,сәбізін бердік енді қоянымызға арнап ән айтып берсек қайтеді.
«Ұзын құлақ сұр қоян» әні айтылады.


Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша қояндарын жапсырады.

Балалар сергіту жаттығуын қызығушылықпен жасайды.

-Ақ

Жапсырылған суреттерін тәрбиешінің айтқан түстерін алып бояйды.

-Сәбізді

-Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап сәбіздерін қояндарының алдына қояды.

Әннің сөзіне қарай балалар қимылдар жасайды.

Рефлексивті- түзетушілік Қорытынды: Қоянды әдемі салғандарын айтып мақтайды. Қоян,сәбіз туралы білетін тақпақтарын сұрайды. Тақтада ілінген суретке назар аудартады. Тақтада берілген үй жануарлары енді осы жануарлардың атын айтып шығайықшы.
Осы жануарлардың ішінде қоян бар ма?
-Орнымыздан тұрайық балалар.
-Біз балабақшада бір –бірімізбен қандаймыз?
Ендеше «Дос болайық бәріміз» әнімен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтайық. Балалар не істегендерін,қандай түспен бояғандарын айтады.

Үй жануарларының атын айтады.

-Иа бар
Шеңбер жасап тұрады.
-Татумыз,доспыз.
Барлығы бірге әнді айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Қоянның қандай аң екенін,немен қоректенетінін.

Игереді : қоянның дене мүшелерін атауды.

Меңгереді : суретті түрлі-түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.

 

 

 

Жылаған дауыс естіледі.Кімнің жылап

отырғанын орындық пен үстелдің астынан,шкафтың ішінен балалармен бірге іздейді.Тәрбиеші қонжықпен көжекті тауып алады.

-Балалар қараңдаршы, қонжықтармен көжекте адасып,қарындары ашып, тоңып қалыпты.

Дидактикалық ойын:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.0.248 (0.008 с.)