Пара алушыларды ұстау. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пара алушыларды ұстау.

Поиск

   Қылмысты тергеудiң бастапқы кезеңiнде қылмыскердi қылмыс үстiнде ұстаған ти­iмдi. Сондықтан алдын-ала дайындық әрекетiн жүргiзiп, пара қалай берiледi, қашан, ол жерге қалай барады және т. б. мәселелер бойынша жоспар-схема құрылады.

1) Пара берушiнi (алушыны) дайындау (ақша беру, оның нөмiрiн жазу, т. б.).

2) Оның артынан бақылау орнату, қалай бергендiгiн, алғандығын түсiру (фото, кино, диктафон т. б.).

3) Қылмыскердi ұстау (қалай ұсталады)

4) Процессуалдық түрмен бекiту.

Ұсталған сәтте оған жеке тiнту жүргiзу қажет. Ұстаудың тәсiлдiк мәселесi, пара берушi (алушы) мен барлық келісім сөздері бiтiп, алған затын қайта бере қоймайтындай жағдайға келген сәттен бастап жүргiзiлуi тиiс. Бұл ұстау бейне, фото, диктафонға жазылып, про­цессуалдық түрде бекiтiлуi қажет.

Жеке тiнтуге жеке тоқтала кетсек.Ұсталған сәтте оның киiмдерiнiң сыртын ұстау арқылы байқай отырып жеке тiнту мiндеттi түрде жiргiзiлуi қажет. Жеке тiнтуде қылмыстың затын, құжаттарды, осы пара алудағы оның куәләндiретiн жазылымдар және т. б. құжаттар табу мақсатында жүр­гi­зi­ле­дi. Жеке тiнтуде, оның киімі, сумкасы, портфель, чемодан, iшкi көрiнбейтiн қалталары т. б. коробкалардың барлығы тексерiлуi қажет. Тiнтiлуші қылмыстың затын кей бір жағдайларда жұтып қоюуы да мүмкiн.

   Сезiктi мен айыпкерден жауап алу. Сезiктi мен айыпкер ретiнде жауап алынатындар үш топқа бөлiнедi:

   1) пара алушы;

   2) делдалдар;

   3) пара берушiлер.

   Қылмыскерлердің іс әрекеттеріне қарай, барлық қойылатын сұрақтар бойынша алдын ала дайындалып, тергеу жұмысын әрі қарай қалай жүргiзiлетiндiгiн анықтау қажет.

   Егер, айыпкерлер мен сезiктiлер бәрiнен жалтарып отырған сәтте, қолда бар дәлелдемелер арқылы, беттестiру жүргізу, сараптама мен таныстыру және т.б. тер­геу әрекеттері арқылы кінәләрін дәлелдеуге тырысу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6.   Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.

      

 11 Дәріс: Есірткі заттардың заңсыз айналымы туралы істерді тергеу тактикасы.

Дәріс жоспары:

1. Криминалистикалық сипаттамасы

2. Қылмыстық іс қозғау негіздері

3. Тергеу тактикасы

Негізгі ұғымдар: есірткі заты, жүйкеге әсер ететін заттар, өсімдіктер, химиялық заттар, гашиш, мак сабақтары

  1. Есірткі заттарды, немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайында, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату

Есірткі заттарының тізімі ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінде халықаралық конвенция арқылы анықталған.

Олар: - Медицинада қолданылатын морфий, промедол, кодейн т.б.

- Өсімдік шикізаттарын қолдан жасаған есірткі заттар: гашиш, мак сабақтары, опий т.б.

- Контрабанда жолымен келетіндер: эфедрон, химиялық жолмен жасалған есірткі заттар.

    2. Қылмыстық іс жеке адамнан есірткі заты табылған кезде қозғалады. Сараптама жүргізу арқылы сапасы, түрі, көлемі анықталады. Алынған есірткі заты қарау, оның киімі, есірткі заты оралған нәрсе, олардан саусақ ізін табу, сезіктіні тінту, тұрғын жайын тінті, сезіктіден, куәлардан жауап алу, сот- дәрігерлік, биологиялық т.б сараптама тағайындау.

  3. Есірткі жасырған, тасымалдаған, сатқан адамды анықтау. Адамды жеке қарау арқылы оның денесінен ине іздерін табу, дәрігерлік бөлімдер арқылы есепте тұрған- тұрмағанын анықтау, куәлардан жауап алу, тінту, қарау, с тағайындау, беттестіру, т.б.

Бүгінгі таңда Қазақстандық қоғам алдындағы өз шешімін талап ететін өзекті де алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі халқтың денсаулығы мен жалпы ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған нашақорлық мен есірткі бизнесінің артуы. Нашақорлық қоғам өмірінің нешізгі салаларына әсер ететін әлеуметтік-құқықтық, криминологиялық, экономикалық, биологиялық және экологиялық элекенттерден тұратын жағымсыз әлеуметтік құбылыс.

Бұл қылмыс түрінің қоғамға қауіптілігі «халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қарсы қылмыстар» деген түсінікпен біріктірілетін маңызды әрі жалпыадамдық әлеуметтік құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды бұзумен сипатталады.

Соңғы 10 жыл бойынша жасалған талдау Қазақстандағы есірткі жағдайы жағымсыз динамика түрінде елеулі шиеленісте екенін көрсетеді.

Қазақстан географиялық тұрғыдан іс жүзінде заңсыз есірткі өндіру мен өткізудің әлемдік нарығының нақ ортасында орналасуымен еліміздің халықаралық қылмыстық ұйымдар мен топтардың есірткі бизнесімен байланысты саласына араласуына әсер етеді. Қазақстан аумағынан есірткі жолдарының өтуі есірткіқұмар республика азаматтарының санының артуына ықпал етеді.

Есірткі заттарының заңсыз айналымы – есірткі заттарын дайындау мен айналымға енгізуге дейінгі үрдіспен байланысты тікелей қасақаналықпен жасалатын құқыққа қайшы әрекет.

Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты жасалатын қылмыстар саны қарқынды түрде өсіп келеді. Есірткі пайдаланудың артуы мен олардың бағаларының өсуі олардың ұйымдастырылған түрде өткізілуін жүзеге асыратын қылмыстық қауымдастықтардың пайда болуына жағдай жасайды.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6.   Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.

12 Дәріс: Кәмелетке толмағанда қылмысын тергеу тактикасы

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері

3. Тергеу ерекшеліктері мен тактикасы

Негізгі ұғымдар: кәмелетке толмағандар, 16- жасқа толған, 14- жасқа толған, ересек адам, өмірлік тәжрибе

   

1. Кәмелетке толмағандар болып 18 жасқа толмаған адамдар танылады. Олар жасаған қылмыс ерекшеліктері жат қылықтарға еліктеу, ұлкендерге еру, алдауға түсу, өмір тәжрибесінің жетіспеуі, айналасындағы құбылыстарға дұрыс баға бере алмауы, ересектердің ықпалы, қоршаған ортасы, өз күшін жоғары бағалауы әсер етеді.

2. Кәмелетке толмағандар туралы іс қозғарда анықталатын мән- жайларға мыналар жатады: оның жасы, туған күні, айы, жылы, тұрмысы мен тәрбие жағдайы, интеллектуалдық, ерік- жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезі мен тәелділік дәрежесі, мұқтажы мен мүдделері, ересек адамдардың ықпалы. Олар ата-аналарынан, ұстазынан, тәрбиешісінен жауаптар алу арқылы анықталады.

3. Тергеу іс қимылында мына жағдайлар кездесуі мүмкін: Жәбірленушілер мен куәлар оның түріне қарап кәмелетке толмаған деп есептейді, немесе керісінше кәмелетке толған деп шатасады. Олар кәмелетке толмаған адамдардың жақындарынан, куәлерден тағы басқалардан жауап алу арқылы анықталады.

Оқиға болған жерді қарау, іздер, басқа да дәлелдері алу, ұстау, сезіктіден жауап алу-ол ата-анасының біреуінің қатысуымен, немесе адвокат қатысуы арқылы іске асырылады. Беттестіру, тінту, оның жасын анықтау құжаттарын алу немесе сараптама тағайындау т.б. іске асырылады.

1. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар жайлы істер бойынша тергеуші іс-әрекеттерінің бағдарламасы көбіне ұрлық, тонау, зорлау тәріздес қылмыс топтарын тергеу барысында қалыптасатын кәдімгі тергеулік ситуациялармен қамтамасыз етіледі. Тәжірибеде төмендегідей кәдімгі тергеулік жағдайлар кездеседі:1.жәбірленуші немесе куәлар қылмыскерді білмейді; бірақ та бет пішіні; өзін-өзі ұстау мәнеріне, олар кәмелетке толмағандар болуы мүмкін деп жорамалдайды. Мұндай жағдайда, яғни қылмыстың интеллектуалдық іздері болғанда, материалдық іздерді анықтау жұмысына назар аударылады. Әдетте, мұндай кезде оқиға болған жерді қарау ; сот сараптамаларын жүргізу іске асырылады. 2.Оқиға іздер және басқа да мәліметтер қылмыс жасөспірімдерден жасалғандығын көрсетеді. Материалдық іздер болғанда, тергеушінің жұмыс бағдарламасы негізінен қылмыстың интеллектуалдық іздеріменжұмыс істеу қажеттілігімен анықталады. Бұл жерде жәбірленуші, хабардар немесе материалдық тұрғыдан жауапты тұлғалардан жауап алу, ізін суытпай жедел іздестіру қызметкерлерінің көмегімен мақсатты түрде, сондай-ақ қылмыскерлерді ұстап, тану үшін ұсынудың маңызы зор. Сонан соң кідіртілмей ұсталғандардан жауап алынады, жұмыс, оқу орны және мекен-жайы тінтіледі, тиісті сот сараптамалары тағайындалады.3.Жәбірленушілемен куәларға қылмыскер және олардың жасы мәлім. Мұндай жағдайда әдетте, кәмелетке толмағандарға қатысты ұстау жүргізіледі, оқиға болған жар қаралады, ұсталғандар мен хабардар тұлғалардан жауап алынады.
3.Тергеу әрекеттері тактикасының реті мен ерекшеліктері жайлы дұрыс шешім ммынадай мәмілелерге байланысты: кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық сипаттамасына; оларды; қылмыстық іс қозғауға негіз болған алғашқы мәліметтердің мазмұнына ; іс бойынша пайда болған кәдімгі тергеулік жағдайға . Кәмелетке толмағандарды ұстау үшін дайындықтан өту керек . Бұл жерде жасөспірім көрсететін қарсылық , оның ішінде қаруланған қарсылық көрсету мүмкіндігі ескеріледі. Әдетте, ұстау әрекеті күндіз, кісі аз жерде іске асырылады. Ұстау және кәмелетке толмағанның отырған жері туралы оның ата –анасы немесе заңды өкілдерге ескерділеді. Ұстау хаттамасында жасөспірімнің үлкендерден және сотталған кәмелетке толмағандардан бөлек ұстау қажеттілігі атап көрсетіледі. Тергеуші, сондай-ақ іске қатысушының қорғаушысы қатысуын қамтамасыз етеді. Кәмелетке, мектеп-интернаттардың және басқа да балалардың жабық мекемелерінің қарауына беру тәрізді бұлтартпау шарасы да жиі қолданылады . Кәмелетке толмаған жәбірленушіден жауап алу кезінде болған оқиғаның толық көрінісін, уақытын, орнын, жағдайын анытауға, қылмыскердің жеке басы , киімі, сөйлесу мәнері туралы толық мағлұмат алуға ерекше көңіл бөлінеді. Жолдастық сезімді дұрыс түсінбеушілік нәтижесіненде кейде жәбірленушілер іс үшін елеулі маңызы бар жағдайларды жасырады. Мұндай жәбірленушілердің көрсетулері сынды баға беру және қайта тексерістен өткізу әрекетінеұшырайды. Кәмелетке толмаған куәларда кейде, олардың ойынша шынайы көрсетулер құрдастарын әшкерелейді. Жауап алынып жатқан кәмелетке толмағандардың көрсетулерін жауап алу біткен сооң бекіткен жөн. Бекіту тәсілдерінің қосымша құралдары ерекше орын алады, мысалы, үн таспаға жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6.   Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.

    

13 Дәріс: Бұзақылықты тергеу әдістемесі   

Дәріс жоспары:

1. Криминалистикалық сипаттамасы

2. Іс қозғау мен тергеушінің іс- әрекеті

3. Тергеу тақтикасы

Негізгі ұғымдар: бұзақылық, кәнігі бұзақылық, шектен шыққан арсыздық, балағаттау, жаман сөздерді жазу

 

Бұзақылық ол қоғамды анық құрматтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылық. Бұл қылмыстың маңызды элементі қылмысты жасау әдісі. Олар жаман сөзбен балағаттау, күш көрсету, арсыз сөздерді жазу, қоғамдық тәртіпті бұзу, қоғамды силамау,  сөйтіп жәбірленушіге моралдық және материалдық зиян келтіреді.

2. Бұзақылықты тергеу кезінде мына жағдайлар анықталады: сезікті жасаған іс-әрекеттер, бұзақылық белгілері, оның жасалу орны, бұзақылық іс әрекеттері әр тұлғаның бөлек-бөлек, жәбірленуші кім, оған қандай зиян келтірілді. Осы жағдайларға байланысты түскен арыз негізінде қылмыстық іс қозғалады. Оған қатынасқан адамдар анықталады, сезіктінің бұзақылық жасаған, жасамағаны жөнінде болжамдар жасалады.

Бұзақы қолға түскен жағдайларда сезіктіні ұстау, оқиға болған жерді қарап іздерді алып бекіту, айғақтар мен жәбірленушіні табу т.б. орын алады.

3. Оқиға болған жер тез арада қаралып айғақ заттар алынып қаралып, бекітілуі тиіс. Олар негізінен қылмыс жасаған адам мен жәбірленуші киімдері, қылмыс құралдары болуы мүмкін.

Бұзақылық орын алған жағдайда алдымен оны бастан аяқ көрген куәдан жауап алынуы қажет, тек содан соң ғана жәбірленуші және сезіктілерден жауап алынады. Оқиға құралын табуға байланысты сезіктінің үйнде тінту жүргізілуі мүмкін.

Бұзақылық істер бойынша сот- дәрігерлік, сот- психиатриялық, сот- криминалистикалық сараптамалар тағайындалады. Егер оқиға орында темекі қалдықтары, қан іздері табылса, олар сезіктінің оқиға орнында болғанын дәлелдейтін айғақтар болып танылады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6.   Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.

14 Дәріс: Өрт қоюды, өртке қарсы тәртіп ережелерін бұзу қылмыстық істерді тергеу тактикасы

   

 Дәріс жоспары:

1. Криминалистикалық сипаттамасы

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері

3. Тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері

Негізгі ұғымдар:өрттің тұтануы, өрт қою, тез жанатын заттар, жылытқыш қондырғылары, өртке қарсы ережелер

 

1.Өрт қоюдың әдістері әртүрлі қылмыстық озбырлықтың салдары болып табылады. Олар жандырғыш заттар арқылы, сырт көзден таса өзі жанатын маериалдар мен заттар салақтық салдарынан орын алуы, өртке қарсы ереженің бұзылуы т.б. болып келеді.

  Өртке байланысты мыналар анықталуы тиіс: обьект сипаттамасы мен шаруашылыққа тиістілігі, жойылған мұліктер олардың құны, өртке жауапты лауазымдық тұлғалар, олардың кінәсі, басқа қылмысты жасыру белгілері т.б.

  2. Өрт қоюға және өртке қарсы ережелерді бұзуға қатысты қылмыстық істерді өртпен күресу қызметінің анықтаушылары қозғап жүргізеді.

  Егер өрт адам өліміне әкелсе немесе үлкен материалдық шығынға алып келсе, қылмысты іс тез арада қозғалуы тиіс

Өрт белгісіз болса жалпы болжау: өрт қою орын алған, өрттің шығуына өртке қарсы ережелердің бұзылуы себеп болған, отты қолдану ережесін дұрыс пайдаланбаған.

3. Оқиға болған жерді қарау шұғыл түрде іске асырылуы қажет. Себебі бұл арқылы мына жэағдайлар анықталады: нақты қандай материалдық  құндылықтар жанды, өрттік ошағы қай жерде орын алған, оған не себеп болған, өрттің күшеюіне не себеп болды,. Оқиға болған жерді қарау кезінде маман- криминалистер мен өрт- техникалық сарапшы мамандар міндетті түрде қатысуы қажет. Егер өрттен адам қайтыс болса ол топқа сот дәрігері шақырылуы керек.

Мүкіндігінше алғашқы түтіннің шыққан жері анықталады да өрттің шығуына ықтимал жорамал жасалады. Ал ақырғы қортында өрт-ттехникалық сараптама барысында шешіледі.

Куәлерден, жәбірленушілерден жауап алу арқылы өрттің шығу уақыты мен орны, кейде себебі де анықталады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6.   Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.

15 Дәріс: Ұйымдасқан қылмыстарды тергеу әдістемесі

Дәріс жоспары:

1. Криминалистикалық сипаттамасы

2. Алғашқы тергеу әрекеттері

3. Тергеу ерекшеліктері мен тактикасы

Негізгі ұғымдар: ұйымдасқан топ, қылмыстық  қоғамдастық, тұрақтылық, тәртіп, басқарушылық, сыбайластық

   

 1. Қылмыстық топ ол екі не одан да көп адамдардың бір немесе бірнеше ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау үшін бірлестігі. Оның ұйымдастырушысы, ішінде тәртіп, әр топтың басшысы, өз жоспары, тұрақтылығы арқылы ерекшеленеді. Онымен қоса бүркемелеуші, қорғаушы топтар да орын алуы мүмкін.

2. Алғашқы тергеу әрекеті оқиға болған жерді қараудан басталады. Ол жерден топтық қылмыстың төмендегідей сипаттамасы анықталуы мүмкін: түрлі көлемдегі қалдырылған адам іздері, неше түрлі темекі қалдықтары, олардағы әртүрлі тіс іздерінің табылуы, қолданылған және падаланылған ыдыс саны, ауыр затты орнынан қозғау фактілері, тоналған заттың көлемі.

Жәбірленуші мен куәден жауап алғанда адамдар санының анықталуы, әрқайсысының іс- әрекеттері анықталады.

3. Сезіктіден жауап алғанда топтың туындау жағдайы, жасалған қылмыстардың кезектілігі, кімге бағытталғаны, себебі, қылмысты жасауға ұсыныс енгізген тұлға, ұйымдастырушы, әркімнің іс- әрекеті анықталады.

  Қылмыстық топ немесе қауымдастықтың қылмыстық бағыты, қаржылық және компьютерлік жүйесі, басқалармен байланысы т.б. анықталады.

1. Қылмыстық топ—бұл екі немесе бірнеше тұлғалардың бір немесе бірнеше қылмыстарды істеуге үйымдастырылып қосылуы.

Үйымдасу дәрежесі бойынша барлық қылмыстық топтарды келесі криминалистикалық түрлерге бөлуге болады:

а) кездейсоқ (немесе қолайлы) қылмыстық топтар;

ә) серіктік түріндегі кылмыстық топтар;

б) ұйымдасқан топтар.

в) бірлесіп үйымдасқан қылмыстық топтар.

2. Топтық қылмыстарға олардың түрлеріне қарамастан келесі мән-жайларды анықтау қажет (берілген қылмыс түрі үшін криминалистикада қарастырылатын қосымша мән-жайлар):

-топтық қылмысқа қатысқан адамдарды және топтың барлық қылмыс әрекеттерді;

-қылмыстық топ сипаты, қүрамы, криминалистикалық түрі және қүрылысы, олардың мүшелерінің ара қатынас ерекшеліктері, топтағы қақтығысушы қатынастардың болуы, оның сыртқы байланысы;

-нақты топтық қылмыс үйымдастырушы;

-топтық қылмысқа қатысушылардың ролі мен кінә дәрежесі, қылмыстық топты қалыптастыруға және топтык, қылмысты жасауға ықпал етуші себептер мен шарттар.

3. Үйымдастырушы қылмыс топтармен жасалатын қылмысты тергеудің сапалылығын камсыздандыратын жалпы әдістемелік талаптар:

-үйымдастырушы қылмыс тобының бағытын бірінші анықтау, топ мүшелерінің жасаған басқа қылмыстарын ашу;

-тергеудің басталуы қылмыскер жағынан қарсылық білдіру;

-ұйымдастырылған қылмыстық топпен жасалынған жеке қылмыс түрлерін тергеу үшін әр түрлі тергеу жағдайларын,тергеу ситуацияларын қолдану;

-ұйымдастырылған қылмыстық топтың жасаған қылмыстарын, тергеуді жоспарлаудағы ұйымдастырылған қылмыстық топтың құрылымдық, территориялық және басқа әрекет ерекшеліктерін тіркеу.

-жедел іздестіру аппаратының тергеушімен қарым-қатынасы; тиянақты әрі жан-жақты Ұлыттақ қауіпсіздік комитетімен тығыз байланыста болу.

-тергеу барысында икемді тактикалық әдісті қолдана отырып, күтпеген жерден соққы беру қылмыстық топтың ортасына (жетекшісіне) кейіннен үйымдасқан қылмыстык топтың төменгі бөліміне, соңынан қайтіп орталық тобына оралу.

-тергеуге маңызы бар мәселелерді шешу үшін тактикалық операцияларды қолдану;

-үйымдастырылған қылмыстық топ арасындағы және топтар ішіндегі күнделікті пайдалану;

-криминалистикалық және арнаулы техника құралдарын тергеуге молынан қолдана білу;

-жәбірленушілерді, куәгерлерді, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін, олардың отбасын және мүлкін қорғауды қамсыздандыру үшін қолданылатын шаралар

-тергеу барысында күрделі өтпелі міндеттерді шешудің мақсаты кең көлемде тактикалық операцияны қолдануға байланысты.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6.   Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.14.1.156 (0.014 с.)