Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжамы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді.

Поиск

Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжамы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді.

Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде өлік табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандығы жөніндегі, т. б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі керек. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау бекітілмей қалған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.*

Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарасақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді.

Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі — тергеу болжаулары.

Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.*

1. Тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.

2. Тергеу жоспары ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар. Тергеу жоспарының логикалық негізі — тергеу болжаулары.

3. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.

2-ші сұрақ: Тергеу жоспарының негізгі принциптері, элементтері және жоспар жасау техникасы.

Тергеу жоспарын жасау белгілі бір принциптерге негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты принциптері бар.

Олар: жоспардың индивидуальдығы, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.

Жоспардың индивидуальдығы дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керекті не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмысты істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.

Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі керек. Сұрақтардың анық көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.

Жоспардың серпінділігі (динамикалық принципі) оның тергеудің әр кезеңінде, әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады, Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспарды құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек.

Тергеу жоспарын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын кіргізу керек. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді.

Анықталуы жоспарланған сұрактар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өткізілуі тиіс жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек. Мұны тергеуді жоспарлаудың заңдылық принципі деп атайды. Тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлыѓын арттыру үшін оларды ұтымды кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау қажет. Бірінші кезекте кідіртпей өткізуді қажет ететін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары жоспарлануы керек. Бұл тергеудің ықшамды және үйлесімді түрде өтуін қамтамасыз етеді.

Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жасалған тергеу болжамдарына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады.

Сондықтан жоспардың бірінші элементі — осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары.

Бұл тергеу болжауларын тексеру үшін белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді анықтауға тура келеді. Сондықтан тергеу жоспарын құрғанда болжаудан туындаған және осыған байланысты тексеруді қажет ететін сұрақтардың тізбегі жоспардың екінші элементі болып саналады.

Жоспарға кірген сұрақтар тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да жұмыстарды жүргізу арқылы анықталып, шешілетін болғандықтан, осы орындалатын тергеу шаралары жоспардың үшінші элементі болады.

Осы жоспарланған жұмыстарды кім және қай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардың төртінші элементі болады.

Кей жағдайларда тергеу шараларын орындайтын лауазымды адамның аты-жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен құралады.*

Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кейде бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар бірімен-бірі тікелей байланысып, бірінен-бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінің қылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.

Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді қажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және осы қараудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәледеме деректерді сараптап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, осы болжауларды тексеруді жоспарлайды.

Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген элементтердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрі бойынша жасалады.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің « ----- « бабымен _____қарсы қозѓалған № — санды қылмыстық іс бойынша жасалған тергеу

Ж О С П А Р Ы

Тергеу болжаулары.

Анықта-латын сұрақтар, істің мән-жайы.

Тергеу әрекеттері: жедел-іздестіру және басқада жұмыстар.

Орындау мерзімі

Орындау кімге жүктеледі?

Шаралардың орындалу нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы кестеде көрсетілгендей нысанда әр болжау бойынша жеке жоспар жасауға болады. Кейбір көп эпизодты істер бойынша әр эпизодқа жеке-жеке жоспарлар да жасалады.

Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға бағытталған, жиналған айғақ мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысалы, көп эпизодты істер бойынша тергеп отырған қылмысқа қатынасы бар әр айыпкерге «жеке есеп» карточкесі толтырылады. Онда осы айыпкерге инкриминацияланған қылмысты әрекеттер және оның осы қылмысқа қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапқа тартылған ќылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп эпизодты істерді жоспарлаудың «шахматты ведомость» деген түрі де жиі қолданылады.

Мұндай жағдайда бірінші бағанға осы іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға қылмыстың жеке-жеке эпизодтары жазылады. Айыпкер қай қылмысты эпизодқа қатынасты болса сол бағанға «х» деген белгі қойылады. Осы жоспарлау тәсілін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.

І,Қылмысты жасауға қатынасқандар .

1 эпизод.

2 эпизод.

3 эпизод.

4 эпизод.

1.Айыпкердің аты-жөні

X

X

X

 

2.Айыпкердің аты-жөні

 

X

X

X

3.Айыпкердің аты-жөні

X

X

 

X

Кейбір өте үлкен істер бойынша күрделі, бірнеше торлы басқару жоспары да жасалады. Мұндай көп торлы кестеде тергеушінің бірнеше бағытта істейтін жұмыстары көрсетіледі. Оның ішіндегі неғұрлым маңызды жұмыстарды, қай бағытта және қандай тергеу шараларын орындау үстінде қандай кедергілердің, қиындықтардың кездесетіндігін алдын ала белгілеп алуға болады.

Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тергеудің бастапқы кезеңінде кідіртілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстарының жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезеңдерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары негізінен айыпкердің жауабынан туындайтын мәселелерді тексеруге бағытталады. Ол үшін айталық, сот экспертизасын тағайындау, тергеу экспериментін жүргізу, жауапты оқиға болған жерде тексеру, тағы баска да осыған ұқсас тергеу әрекеттерін өткізу жоспарланады.

Жалпы қылмыстық іс бойынша жасалатын тергеу жоспарымен қатар кейбір күрделі тергеу әрекеттерін, атап айтқанда, жауап алу, тергеу экспериментін жүргізу де жоспарланады. Мұндай жоспарда тергеу әрекетін жүргізгенде анықталатын сұрақтар, оны жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер, сонымен қатар осы тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін өткізілетін басқа да ұйымдық жұмыстар көрсетіліп, белгіленеді. Мұндай тергеу әрекеттерінің жоспары жалпы тергеу жоспарының бір элементі есебінде саналып, осы жоспардағы мәселелерді шешуге бағытталады.

3-ші сұақтың қортындысын былай деуімізге болады:

Тергеу жоспарын жасау белгілі бір принциптерге негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты принциптері бар. Олар: жоспардың индивидуальдығы, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.

1. Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жасалған тергеу болжамдарына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады.

2. Тергеудің әр кезеңдерінде істелетін жұмыстардың барлыѓы жоспарланады. Єр-бір жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Лекцияның қортындысы:

1. Криминалистік тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистік құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

2. Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистік, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танырлық тактикалық тәсілдер дейміз.

3. Кейбір тактикалық тәсілдер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады

4. Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.

5. Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты.

6. Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жасалған тергеу болжамдарына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады.

Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы

Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсаты және ұцымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмысты іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу үстінде шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстарды жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап, белгілейді.

Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бұл ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжау логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне-жұмыс гипотезасына жатады.

Болжаудың мазмұны және мағынасын байланысты тергеу болжамы жалпа және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау-ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жеоде өлік табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандығы жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі керек. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды Сондықтанжасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау бекітілмей қалған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлар жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.

Тергеу жоспарының негізгі принциптері, элементтері және жоспар жасау техникасы

Тергеу жоспарын жасау белгілі бір принциптерге негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты принциптері бар. Олар: жоспардың индивидуальдығы, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.

Жоспардың индивидуальдығы дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керекті не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмысты істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.

Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі керек. Сұрақтардың анық көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.

Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді қажет ететін әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және осы қраудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлелдеме деректерді сараптап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, осы болжауларды тексеруді жоспарлайды.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.  Жәкішев Е.Г., Исаев А.А., Тапалова Р.Б., Найманова Г.Х., Темірболат Н.С. Криминалистика, КазНУ, 2005 – 130 б.

2.  Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.

3.  Криминалистика. Под ред. Герасимова И.Ф., Драпкина Л.Я, М., 1994. – С. 672

4. Криминалистика Под ред. Яблокова Н.П. М., Бек, 1990, 1995, 1996, 2005. –С. 782

5. Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

6. Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

7. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

8. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

9. Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

 

 3 Дәріс. Адам өлтіру қылмыстарын тергеу тактикасы

Дәріс жоспары:

1. Қасақана адам өлтіру қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы

2. Адам өлтіру тәсіліне байланысты болжамдар, тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшеліктері

3. Адам өлтірудегі алғашқы кезеңде және одан кейінгі кезеңдерде жүргізілетін тергеу әрекеттері

Негізгі ұғымдар: қасақана, адам өлтіру, пайдақорлық, бұзақылық, қылмысты іс қозғау

1.Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстардың ішіндегі ең ауыры адам өлтіру болып танылады.

Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдері әртүрлі, олардың себептері мен мақсаттары, қылмыс жасауда пайдаланылатын қарулардың және амалдардың ерекшеліктері, қылмыс жасаудың орны және уақытының өзі бұл қылмыстарды тергеуде айтарлықтай қиындықтар туғызып, аса ұлкен көлемде тергеу амалдарын жүргізуді талап етеду. Сондықтан адам өлтіруді тергеудің біршама жеке әдістемесі бар. Қылмысты тергеудің өзі әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты. Мысалы: ату қаруларын, жарылғыш заттарды, кесетін, жаншитын заттарды пайдалану арқылы, мәйітті бөлшектеу, бүркемеленген адам өлтіру, пайдақорлық немесе бұзақылық ниетпен адам өлтірулер сияқты қылмыстытың жасалу тәсілі әртүрлі болып келеді.

Қылмыстық іс қозғау алдында тергеуші қолында пайда болған мәліметтерге байланысты қылмысты былай шамамен шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1. Адам өлтірудегі жағдай анық

2. Адам өлтірудегі жағдай анық емес, яғни өлім себебі белгісіз

Алғашқы жағдайда адам өлтіруші тұлға белгілі, олар күнделікті тұрмыс- тіршілік жағдайына байланысты орын алғандар. Мысалы: рұыс керістер, жеке бас араздықтары т.б. Бұл жағдайларда қылмыскер қылмысты жасауға байланысты алдын- ала тәсілдер мен әдістерді ойластырып таңдамайды, күтпеген жағдайларда қылмыс орын алады.

Ал екінші бегісіз жағдайларда жасалған адам өлтірулер, тек күш қолдану белгілері бар мәйіттер табылғанда орын алады. Бұл жағдайда қылмыстық іс қозғау кезінде тергеуші адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайлары туралы мәліметтерге ие емес. Ал қылмыс алдын- ала ойластырылып, әрекет ету бағыты мен кезектілігі мұқият қарстырылған,  жоспарланған, қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдәс- тәсілдер таңдап алынған, арнайы адам өлтіру болуы мүмкін.

Кеңінен таралған түрлері:

- әртүрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге жарақаттар салу

· жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру немесе аталған жағдайды пайдаланып күш қолданып өлтіру

· жәбірленушіні биік жерден лақтыру немесе құлату

· жүріп келе жатқан көлік құралдарының астына лақтырып жіберу

· жәбірленуші ағзасына улы заттарды жіберу

Адам өлтіру қылмысын криминалистикалық сипаттауда жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрысы себеп оған себеп болуы мүмкін. Мысалы мас күйінде кездейсоқ адамдарға тиісуі, жеңілтектік мінез- құлық, жыныстық қатынас жасау, пайдакүнемдік, қызғаныш т.б.

Қылмыскер әдетте өздерінің дөрекіліктерімен, қатыгездіктерімен, алкогөлдік ішімдіктерге құмарлығымен, жыныс құштарлығы жоғарлығымен, әйелдерді силамайтындығымен т.б. көзге түседі

Тергеу жағдайр\лары: нақты жағдайды тексере отырып тергеуші, шындықты басшылыққа ала отырып тергеуші қөолында бар ақппараттар мен мәліметтерге сүене отырып, өзінің мүмкіндігі мен қолында бар барлық құралдарын тиімді пайдалануға тиіс.

Қылмыскердің ізіне түсу, оны ұстау туралы тез түрде жедел- іздестіру шараларын ұымдастырады. Қылмыскердің жеке басы жөніндегі болжаулар мен оның түр сипаты, араласатын орны тағы басқалар туралы мәліметтерді жедел- іздестіру қызметкеріне жазбаша түрде тапсырма ретінде береді. Ө құрған болжауларды тексеру үшін тергеу іс әрекеттерін іске асырады.

Қылмыс ашылмаған, мәйт танылмаған жағдайларда оны анықтау туралы іс- шараларды іске асырады Өлімнің себептерін анықтау мәселелерін шешеді.

Тергеуді жоспарлау кезінде әртүрлі тергеу формалары мен арнайы танымдарды пайдалану, жедел -іздестіру шаралары, қылмыскерді анықтау мен ұстау туралы мәселелерді шешеді.

Оқиға болған жердің және нақты қылмыс жағдайына байланысты топ құру,  оның құрамына мамандарды тарту мәселелерін ескереді.

Адам өміріне қарсы қылмыстардың, соның ішінде адам өлтірудің тікелей объектісі – адам өмірі. Заң жасына, денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін қорғайды.

Адам өлтірудің объективті жағы – басқа адамды өмірінен айыру. Аяқталған қылмыс болуы үшін өмірден айыруға бағытталған әрекеттерді, оның салдары – басқа адамның өлімін және олардың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет.

Адам өлтіру әдетте әрекет нысанында болады. Адам өлтірудің көпшілігі осылай жасалады. Адамды өмірден айыру кінәлі адамның оқпен атылатын немесе суық қаруды, басқа құралдарды қолдануы арқылы, улау, жару т.б. әрекеттері арқылы жасалады. Адам өлтіру сондай-ақ жәбірленушіге психикалық әсер ету арқылы да жасалуы мүмкін. Әдебиетте бұған мысал ретінде жүрек ауруларымен ауыратын адамға психикалық жарақат салу арқылы өмірден айыру әрекетін айтады. Соңғы уақытта адамның психикасына әсер етудің нысандары мен әдістерінің көбеюіне байланысты психикалық әсер ету арқылы адамды өмірден айырудың бұрынғыдан да көп мүмкіндіктері пайда болып отыр.

Адам өлтірудің субъективтік жағы тек қасақана түрдегі кінәмен сипатталады. Адам өлтірудегі қасақаналық тікелей де жанама да болуы мүмкін. Адам өлтірудің субъектісі жалпы – 14 жасқа толған, есі дұрыс адам.

Адам өмірі – бұл адамға табиғаттан берілген, ең маңызды, ең жоғарғы әлеуметтік құндылыққа ие игілік. Өмірге қарсы қылмыс жасалған кезде қалпына келтіруге болмайтын салдар орнайды: өмірді қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл өмірге қарсы қылмыстардың ерекше қауіптілігін айқындай түседі. Адам өлтіру осындай қылмыстардың қатарына жатады. Қоғам өмірінің тарихында адам өлтіру ең көне қылмыстардың бірі болып табылады. Белгілі құқық тарихшысы И.А.Малиновский көрсеткендей, өмірге қарсы қылмыстардың тарихы елеулі көлемде жалпы қылмыс тарихымен сәйкес келеді.

Адам өлтіру қоғамдағы ең ауыр қылмыстардың бірі. Оның қоғамға ерекше қауіпті болу себебі, ол адамның ең құнды игілігі - өміріне қарсы бағытталады, ал одан келетін зардаппен тең келетін басқа зардап болмайды.

Кейінгі уақытқа дейін заңнамада адам өлтіру ұғымына сиптаттама берілмеген болатын. Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР жаңа Қылмыстық Кодексін қабылдау арқылы заңнама адам өлтіруге сипаттама береді. Атап айтқанда, ҚК 96 бабына сәйкес, адам өлтіру - бұл басқа адамды қасақана түрде өмірінен айыру. Бұлай анықтама беру бір қарағанда қажет емес сияқты болуы мүмкін, өйткені адам өлтіру ұғымы өздігінен де түсінікті. Соған қарамастан, тұрмыстық деңгейдегі түсінік бұл қылмыстың заңдық табиғатын ашып көрсетпейді және көрсете алмайды. Қылмыстық-құқықтық сипатта адам өлтіру ұғымының аясы тар. Адам өлтіру қылмысына жауапкершілік орнауы үшін қылмыстың жасалғанын куәландыратын бірқатар шарттар қажет. Ал заңнан тыс мағынада өлтіру ұғымы адамды өмірінен айыруды ғана емес, басқа адамға қатысты басқа да әрекеттерді қамтиды. Осының бәрі заң деңгейінде адам өлтіру ұғымына анықтама беру қажеттігін қалыптастырды. Осы арқылы бұл мәселедегі көптеген даулы аспектілерді түсінуді жеңілдеді.

Адам өлтіру ұғымы адамның өмірі, өлімі сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Сондықтан, оларды толық түсінбестен адам өлтірудің мәнін түсіну мүмкін емес.

Адам өмірі биологиялық тұрғыдан үздіксіз зат және энергия алмасудан, қоректенуден және бөліп шығарудан тұрады. Бұл маңызды функциялардың тоқтауымен адамның өмірі де тоқтайды. Қылмыстық-құқықтық сипатта адам туылғаннан кейін, бірақ өлгенге дейін өмір бар болады. Өмірдің басталуы қылмыстық құқық ғылымында физиологиялық туылумен анықталады, басқаша айтқанда туылу кезінде нәрестенің жарыққа шығуы. Бұлай нақтылаудың маңызы – адамды осы туылу кезінде де өлтіруге болады. Сондақтан нәрестені аталған сәтте немесе одан кейін өмірінен айыру адам өлтіру болып табылады. Туылу кезінде нәрестенің басының көріну фактісі ерекше маңызға ие. Осы сәтті көптеген ғалымдар адам өмірінің басталуы деп есептейді. Солардың қатарында Қылмыстық құқық бойынша жаңа оқулықтың авторлары да осы пікірді ұстанады. (1, 41)

Біздің ойымызша бұл пікірмен толықтай келісуге болады.

Қылмыстық заңда ананың жаңадан туылған нәрестені дүниеге келу кезінде немесе содан кейінірек өлтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған (ҚР ҚК 97 б.). Бірақ, физиологиялық туылудың басталуын нәрестенің құрсақтан тыс дербес тіршілік етуінің басталуынан (нәрестенің құрсақтан бөлінуі, тыныс алуды бастауы т.б.) ажырату қажет.

Осылайша, Адам өмірінің басталу сәтін туылу процесінің басталуымен және нәрестенің басының ана құрсағынан көрінуімен байланыстыратын авторлармен келіскен дұрыс.

Қазіргі уақытқа дейін даулы болып келетін әлдеқайда күрделі мәселе – адамның өмірінің соңғы сәті, өлімі туралы сұрақ.

Бір ғалымдардың айтуынша, өлім тыныс алу және жүрек соғысы тоқтаған сәтте орнайды. Бірақ оны қолдаушылар азшылықты құрайды. Көпшілік ғалымдар жүрек соғысын өмірдің абсолютті дәлелі деп есептеуге қарсы және өлімнің орнауы ми қабатындағы клеткалардың ыдырауына байланысты қайтарымсыз процестердің басталу сәтіне (яғни, мида органикалық өзгерістердің болуы) және орталық жүйке жүйесінде органикалық өзгерістердің болуына сәйкес келеді деген пікірді қолдайды. Ол өзгерістер орнағанға дейін адам өлімі клиникалық деп есептеледі. Клиникалық өлім орнағаннан кейін тыныс алу мен жүрек соғысын қалпына келтіріп адамды өмірге қайтару жағдайлары кездеседі. Әсіресе, соңғы жылдары медициналық тәжірибенің реаниматология саласындағы жетістіктер өлім бір сәттік құбылыс деген көзқарастың өзгеруіне алып келді. Өлім белгілі бір уақытқа созылатын, адам ағзасының жекелеген бөліктерінің біртіндеп бұзылуына сәйкес келетін үрдіс деп таныла бастады.

Сондықтан, қазіргі уақытта басымдыққа ие болған және қазіргі медицинаға негізделетін көзқарасқа сәйкес, адам өмірінің соңғы сәті – жүрек соғысының тоқтауымен ми қабатында қайтарымсыз процестердің басталуымен түсіндірілетін биологиялық өлім орнаған сәт. Биологиялық өлім – бұл ағзаның біртұтас жүйе ретіндегі қайтарымсыз қазасы, ол кезде жүрек қызметі тоқтайды, ірі артерияларда тамыр соғысы жоғалады, тыныс алу тоқтайды және орталық жүйке жүйесінің функциялары жоғалады.

Егер қазіргі заманғы ғылымдағы медициналық-биологиялық бағыттарды негізге алсақ адам өмірінің бастауы – бұл физиологиялық туылудың басталуы, нәрестенің құрсақтан нәрестенің басының ана құрсағынан көрінуі, ал адам өмірінің соңғы сәті – бұл ми қабатында және орталық жүйке жүйесінде қайтарымсыз органикалық өзгерістердің басталу сәті.

Енді адам өлтіру ұғымының өзіне оралайық. Көп уақыт бойына қылмыстық құқық ғылымында адам өлтіру ұғымына байланысты қандай анықтама дұрыс екендігіне қатысты дау болып келді. Бұл ұғымға сипаттама беру мәселесімен кеңестік қылмыстық құқық ғылымында Н.И.Загородников, К.Д.Шаргородский, С.В.Бородин, Э.Ф.Побегайло және басқа да ғалымдар айналысты. Ең көп тараған анықтама адам өлтіру ұғымын адамды құқыққа қайшы қасақана немесе абайсыз түрде өмірден айыру деп түсіндірді.

ҚР ҚКде отандық қылмыстық құқықта тұңғыш рет адам өлтіру ұғымына анықтама беріледі. Жаңа заңнамаға сәйкес, адамды тек қасақана өмірден айыру адам өлтіру деп танылады. 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1. Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2. Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5. Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

 4 Дәріс. Әйел зорлауды тергеу тактикасы

Дәріс жоспары:

1. Әйел зорлау қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы

2. Әйел зорлаудағы тергеу болжамдары мен жоспарлау

3. Әйел зорлау қылмыстарын тергеу ерекшеліктері

Негізгі ұғымдар: зорлау, дірменсіздік, күш қолдану, жыныстық қатынас

1.Зорлау, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қүш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін падалану арқылы іске асырылады.

Зорлау кезінде жәбірленушінің денсаулығына, ар- ожданына тиетін іс- әрекеттер іске асырылады.

Зорлау кезінде әдетте оқиға орнында, жәбірленушінің денесінде, киімінде, қылмыс болған жерде, қылмыс жасаған адамның денесі мен кімінде көптеген заттай дәлелдемелер, іздер қалады

Барлық жағдайда жәбірленуші қылмыс жасаған адамның сыртқы келбетін, тұлғасын және киімін сипаттап бере алады.

Көп жағдайда зорлаушылар бұзақылыққа бейім тұратын, шектен шыққан арсыздығымен көрінетін адамдар болады.

Кей жағдайларда жәбірленуші  мінезіндегі жеңілтектік, тәртіпсіздік элеметтері зорлауға себептігін тигізеді.

Зорлауда негізінен мына жағдайлар анықталуы керек:

· жыныстық қатынас болды ма, егер болса қашан, қайда

· зорлық көрсетілді ме, егер көрсетілсе қандай түрде

· жәбірленуші кім, ол кемтар немесе жүйке ауыруымен ауратын адам емес пе

· кәмілеттік жасқа толған немесе толмағаны, жас мөлшері толықтай анықталуы тиіс

· зорлаға кім, егер зорлау топпен іске асырылса, әрқайсысының кінәлілік дәрежесі нем ролі қандай

· зорлаудың салдары, денсаулығына келген ауырлық дәрежесі

· зорлық нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшері

· қылмыстың орын алуына себеп болған жағдайлар

Ауырлататын жағдайлардан басқа кезде зорлау туралы істер тек жәбірленушінің арызы негізінде қозғалады

Тергеудің алғашқы кезеңінде, зорлау арызда көрсетілген жағдайда іске асқанды,ы, немесе жыныстық қатынас жәбірленушінің еркімен іске асқан, бірақ жәбірленуші зорлау болды деп қателескедігі, не зорлау болмаған, арыз иесі әдейі біреуге жала жауып отыр ма осы мәселелер болжанып анықталады. Негізінен ол жәбірленушіден жауап алу арқылы тексеріледі, онда зорлау қашан болды, қайда және ол жерге жәбірленуші қалай тап болғандығы, зорлауды іске асырған адам кім, қылмыстың барлық жағдайлары егжей- тегжейімен анықталып, егер зорлаушы бірнешеу болса олардың әрқайссының ролі, әрекеті, жәбірленушінің қарсылық көрсету сипаты, киімінде, денесінде қарсылық көрсетудің іздері қалған- қалмағаны анықталады. Жәбірленушіден жауап алар алдында тергеуші онымен прикикалық қатынас орнатып, шындықтың бетін ашатындай сенімге кіруі қажет, бірақ тергеуші әрекетінде әрқашан адалдық исі аңқып тұруы қажет.

Оқиға болған жерді қарау кезінде қылмысқа байланысты барлық іздерді назардан тыс қалдырмай, қхаттамаға кіргізіп, оқиға орнынан алынуы тиіс. Қажет болғанда қарауға мананды шақырып соның көмегін пайдаланған дұрыс. Оқиға болған жерден адамнан бөлініп шыққан биологиялық бөлінділер толықтай хаттамға кіргізіліп алынуға жатады.

Сот сараптамасы тағайындалған кезде тергеуші жәбірленушіге, сезіктіге, айыпталушыға қатысты мәліметтерді шешетін сұрақтарды қоюы тиіс.

Сезікті оқиға орнынан ұсталса ол адам толық куәландырылып қарауға жатады, егер оқиға орнынан кетіп қалса, оның тұрғын жайын қарау кезінде қылмысқа қатысты барлық айғақ заттар алынуға жатады

Жыныстық сипаттағы қарым-қатынастар адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар әдетте неке аясанда немесе некеден тыс болуына қарамастан негізінен адамгершілік нормаларымен, отбасылық заңнама ережелерімен реттеледі.

Тұлғаның бостандығы және қол сұғылмаушылығы жыныстық бостандық пен қол сұғылмаушылықты да қамтиды. Оған сәйкес, ересек адамның өзінің жыныстық қажеттіліктерін кіммен және қандай нысанда қанағаттандыруды өзі анықтауға деген құқығы танылады, сондай-ақ ересек адамның да кәмелетке толмаған баланың да жыныстық қол сұғылмаушылығы қабылданады. Қылмыстық заң бұл құқықтарды қоғамда қалыптасқан жыныстық моральға қарсы келетін барлық әрекеттерге тыйым салу арқылы қорғайды.

Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар дегеніміз, қылмыстық заңнамада қарастырылған, 16 жасқа немесе 14 жасқа толмаған азаматтардың физикалық және психикалық қалыпты дамуына, жыныстық қол сұғылмаушылығына немесе ересек адамдардың жыныстық бостандығына, қоғамда қалыптасұан жыныстық қатынастардың тәртібіне қарсы бағытталған қоғамға қауіпті әрекеттер.

Бұл аталған қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – олар жеке тұлғаның жыныстық бостандығын және жыныстық қол сұғылмаушылығын бұзады, кәмелетке толмағандарды азғындатады, олардың адамгершілік және физикалық дамуына жағымсыз әсер етеді, қоғамдық моральды тұрпайыландырады. Жаңа заңнаммен салыстырғанда бұрынғы заңда ауырлататын жағдайлардағы зорлау қылмысы үшін өлім жазасы көзделген болатын.

Бұл топтағы қылмыстардың объектісі жыныстық бостандық және жыныстық қол сұғылмаушылық., ал кейбір қылмыстардың қосымша объектісі – жас балалардың қалыпты физикалық және рухани дамуы. Жәбірленушіге сипаттама беру үшін әрбір бапқа жеке тоқталу қажет, заңға сәйке әйелдер мен ерлер жасына қарамастан жәбірленуші болуы мүмкін, яғни екі жынысқа бірдей қорғау белгіленген.

Жыныстық қылмыстардың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарында көрсетілген кінәлі тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері. Құрам әдетте формальды болады. Кейбір жыныстық қылмыстардың саралаушы белгілерінің бар екендігін анықтау үшін кінәлі тұлғалардың әрекеттері мен орнаған салдардың арасында болатын, саралаушы деп танылған себепті байланыс болуы қажет.

Бұл топтағы қылмыстардың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен анықталады. Қылмыстың мақсаты жыныстық немесе басқа да сипатта болуы мүмкін.

Жыныстық қылмыстардың субъектісі 16 жасқа толған екі жыныстың да өкілдері болуы мүмкін. Зорлаудың және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттердің субъектісі – 14 жасқа толған тұлғалар.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1. Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2. Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5. Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

5 Дәріс. Тонауды және қарақшылықты тергеу тактикасы

Дәріс жоспары:

1. Ұрлықтың, тонаудың және қарақшылықтың криминалистикалық сипаттамасы

2. Тергеу болжамдары және оны тергеуді жоспарлау

3. Алғашқы және кейінгі тергеу әрекеттері

 Негізгі ұғымдар: тонау, қарақшылық, сараланған, шабуыл жасау, ашық түрде

 

 1.Тонау ол бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау. Мүлік иелері және басқа тұлғалардың қатысуын тонаушы түсінеді, бірақ саналы түрде оны ескермейді.

Қарақшылық ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

Тонау мен қарақшылық жәй және сараланған болып бөлінеді. Тонаудың жәй формасында мүлікті ұрлауда күш қолдану орын алмайды.

Сараланған түрде күш көрсетумен оны қолданамын деп қорқыту әрекеттері іске асырылады. Бірақ қарақшылықтан айырмашылығы ол күш көрсету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті болмайды.

Қарақшылық шабуыл жасау қылмыстың ауырлататын жағдайында орын алып мыналар арқылы көрінеді:

- адамдар тобының алдын- ала сөз байласуы

- қаруды немесе қару ретінде басқа заттарды қолдану

- тұрғын үй, қызметтік, өндірістік үй- жайларға, қоймаға заңсыз кіру

- ұйымдасқан топ

-  денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келіп соқса

- аса қауіпті деп танылған адам жасаса

- қарақшылықты қайталап жасау

Шешілетін мәселелер: барлық жағдайды анықтау, топ болып жасалған ба, олар кімдер, тонау ма әлде қарақшылық орын алған ба, қылмыскерлердік қарулану түрі т.б.

Іздеуге, бекітуге жататын іздерді табу, алу, бекіту.

2. Тонау мен қарақшылық бойынша қылмысты істер негізінен жәбірленушінің арыздары негізінде, егер шабуыл кәмілетке толмағандарға немесе әйелдерге қарсы жасалса және олар қорқыныш сезімі негізінде арыз бере алмаса, туыстарының  көршілерінің арыздары бойынша қозғалады.

Күзетшілерге шабуыл жасалса заңды тұлғаның лауазымды адамдарының хабарымен, жәбірленуші емдеу мекемесіне түссе ол туралы емдеу мекемесінің анықтамасы бойынша және тергеу мен ЖІҚ-і органдарының қарақшылық шабуыл туралы естуі бойынша қозғалады.

Алғашқы болжаулар: қарақшылық немесе тонау арызда көрсетілген жағдайда жасалған ба; қылмыс жасалған, бірақ бұрмаланған, басқа қылмыс жасалағн, қарақшылық болған жоқ дегендей түрлерде орын алады.

3.Жәбірленушіден жауап алу, оның киімін қарау мен өзін куәландыру, сот-дәрігерлік сарапта тағайындау, куәлерден жауап алу, оқиға болған жерді қарау, айғақ заттар мен іздерді алу, оларды бекіту, сараптама тағайындау, қылмыскерді ұстау, оны жеке тінті, айғақ заттарды алу, қарау, т.б.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1. Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2. Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5. Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6 Дәріс.Алаяқтықты тергеу тактикасы

Дәріс жоспары:

1. Алаяқтықтың криминалистикалық сипаттамасы

2. Тергеу болжамдары мен тергеуді жоспарлау                                         

3. Алғашқы және кейінгі тергеу әрекеттері

Негізгі ұғымдар: алаяқтық, сенімге қиянат жасау, алдау, жалған ақша, жалған өнер туындылары

1. Алаяқтық, яғни, бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатады (ҚР ҚК-нің 177-бабы). Көбінесі алаяқтық іс-әрекеттердің қылмыстық қастандық жасау заты ретінде ақша жүреді: басқа жағдайларда алаяқтар өнеркәсіп тауарларын, валюта, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар, өнер туындыларын иемденіп жатады. Кейінгі жылдары алаяқтықтың мынадый тәсілдері байқалып отыр; жасанда құжаттар арқылы банктік несиелер алу; жұрттылық қаражатын тарта отырып, келешекте жымқыру мақсатында жалған фирмалар құру; банкоматтан ақша немесе сауда-саттық мекемелерінен тауар алу үшін жасанды не біреудің пластикалық карточкаларын пайдалану; валюта айырбастау, шетел төл құжаттары мен рұқсатнама (виза) дайындау, құнды қағаздапдың қамтамасыз етілмеген акциялары мен суррогаттарын сату барысындағы алдаулар. Жәбірленушілерді алдау, тікелей алаяқтармен қарым- қатынас арқылы жасалатындығын ескерсек, алаяқтар әрқашан өз қылмыстық қызметінің іздерін жсауға тырысады. Тәсілдері және басқа да жағдайларға байланысты алаяқтық көшеде, жеке меншік пәтерлерде, фирма бөлмелерінде, дүкендерде жасалынады. Бөлек қылмыс түрлері кәсіп еткен алаяқтардың бірігіп, ұйымдасқан қылмыстық топтар болып қалыптасуын кейінге жылдары байқауға болады. Нақтылы рөлдер мен орындайтын қызметтерді топ мүшелері арасында тарату көріністерңі аталмыш топтарға тән. Мысалы: құмар ойындарға бір топ мүшелері осы ойынға азаматтарды баулиды, енді біреулері ойынның барысында жәбірленушіге психологиялық ықпал жасайды, үшіншілері тікелей ойынға қатысады, ал төртіншілері жүргізіліп жатқан операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұндай топтар техника жағынан жасақталғандығымен, шапшаң қимылдары және басқа қылмыскерлер санатымен тұрақты қарым-қатынаста болу арқылы ерекшеленеді.
2.Алаяқтық әрекеттері құқық қорғау қызметкерлері; оның ішінде анықтама органдарының жедел-іздестірушілік шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ мұндай көріністер жайлы азаматтар арыздары мен заңды тұлғалардың хабарларының арқасында мәлім болады. Алаяқты тергеудің алғашқы кезеңінің мазмұны түп нұсқалы тергеу ситуациясына байланысты. Қылмыскер туралы мағлұматтың бар болуы негізге ала отырып, осындай санаттағы істер бойынша мынадай ситуацияларды ажыратуға болады. 1) алаяқ бізге мәлім, ол алаяқты әрекеттерді іске асыру барысында немесе оларды жасап болысымен ұсталды. 2) алаяқ белгілі, бірақта ол тергеуден бой тасалап жүр. Мұндай тергеу ситуациясында атқарылатын негізгі міндеттердің бірі-алаяққа іздеу салу. Жәбірленуші мен куәдан жауап алу, заттық дәлелдемелерді қараудан басқа жүргізілетін әрекеттер: ішкі істер органдарының бөлімшілерін күдіктіні іздеуге бағдар ету; жедел іздестірушілік шараларын ұйымдастыру; күдіктінің жеке басын және бой тасалауы ықтимал жерлерін зерттеуге бағытталған шараларды іске асыру. 3) алаяқ белгілі, алайда оның іс-қимылдарды заңды келісім­­­-шарттармен бүркемеленген. Ааляқтық іс-қимылдарды бүркемелеу үшін заңды тұлғалар ( акционерлік қоғам, жауаптылығы шектеулі қауымдастық, жеке меншік мекемелер және т.б) пайдаланылған істер, осындай тұлғаның қаржылық – шпруашылық қызметін зерттеуге бағытталған тергеулік және басқа әрекеттерді жүргізу арқылы сипатталады. Оларға: тексерістегі фирманың құрылтай және басқа да құжаттарын алып зерттеу; түгендеу (инвентаризация) және ривизия тағайындау; қызметтік бөлімдерді қарау немесе тінту т.б жатады. 4) алаяқ белгісіз. Мұндай жағдайларда тергеуші субъективтік портрет құрастыруды, криминалистикалық тіркеулерден тексеруді, жедел-іздестірушілік шаралар жүргізуді ұйымдастырады. Тергеудің алғашқы кезеңінде төмендегідей типтік болжамдар шығарылады: - алаяқтық арызданушы хабардар етіп отырған жағдайларда орын алған; - алаяқтық емес, басқа қылмыс (қорқытып алушылық, тонау және т.б) көрінісі орын алған; - заңды түрде жасалынған азаматтық – құқықтық келісім көрінісі орны алған (ауыстыру, сауда-саттық, қарыз).
Жәбірленушіден жауап алу мынадай сұрақтар төңірегінде жүргізіледі: қай жерде, қашан, кім арқылы және қандай жағдайларға байланысты жәбірленуші алаяқпен (фирмамен, осы алаяқтық әрекеттер жүргізілген) танысқан, қандай мақсат көзделген; алаяқ жәбірленушіге қандай уеде берді, одан не талап етті, нені алды, жәбірленушіге нені сатты. Куәдан жауап алу арқылы анықталатын жағдайлар; алаяқтық жағдайлары; алаяқтық сырт келбеті, оның жеке басы, кәсібі, өмірі, мінез-құлқы туралы мағлұматтар; қылмыстық топтың әрбір мүшесі туралы мағлұматтар; қылмыстық топтың әрбір мүшесі туралы мәлімет, жәбірленушінің жеке басы, оның келісім-шарттағы мүддесі туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлік немесе жеке инвесторлар салымдарын иеленуге байланысты алаяқтық келісімдер туралы істер бойынша куәлар ретінде менеджерлер, бухгалтерлер, хатшылар, кассирлар, тиісті фирмалардың күзетшілері, нотариустар, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтардың, төл құжат беретін бөлімдердің жұмысшылары мен басқа да қызметкерлер санаттары жүреді. Алаяқтықты тергеу барысында оқиға болған жерді қарау мүмкіндігін естен шығармаған жөн. Оны жәбірленушінің көмегімен оқиға болған жерде хабардар болып, алаяқтық орны мен жағдайына байланысты арызданушы көрсетулерінің шынайлылығын тексере аламыз, ал қолайлы жағдайларда қылмыскер қалдырған іздер мен заттарды табуға да болады. Қол іздерін, микро бөлшектерді, құжаттардың жасандылық белгілерін айқындау, бекіту және алдын ала зерттеуден өткізу мақсатында тергеулік қарау жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 84-бабына сәйкес маман-криминалистке жүктеледі. Істің мән-жайына байланысты қарауға зергер, тауар танушы, бухгалтер сияқты мамандар да тартылуы мүмкін. Алаяқ өз кінәсін мойындамаған жағдайда, ол жәбірленуші мен куәларға тану үшін ұсынылады, беттестіру жүргізіледі, сот сараптамаларының қорытындылары ұсынылады.
3.Алаяқтықты тергеудің келесі кезеңінде тергеуші қылмыстық іс бойынша жиналған материалдарды талдай отырып, қосымша сұлбалар мен кестелерді, толымды жоспарларды құрастырады, сот сараптамаларын тағайындайды. Қылмысты жасау кезінде алаяқтармен қалдырылған қол іздеріне қатысты дактилоскопиялық сараптамалар жүргізіледі. Қаржылық-шаруашылық операциялармен бүркемеленген алаяқтық қимылдарға байланысты сот-бухгалтерлік сараптама жүргізілуі ықтимал. Қолтаңба тану сараптамасына қол қоюшыны, бөлек жазуларды, толықтыруларды, сондай-ақ толық мәтінді орындаушыны анықтауды қажет ететін құжаттар жіберіледі. Мұндай жағдайларда зерттеуге мекеменің құрылтайшы құжаттарында, келісімдер мен контракттарында, қол хаттарда, кіріс-шығыс ордерлерінде қойылған қол, сондай-ақ алаяқтардың өз қолдарымен орындаған жоба жазбалары жатады. Тергеудің алғашқы кезеңінде берілген көрсетулерді, алаяқтықтың ісі бойынша жаңадан пайда болған эпизодтар мен алғаш рет ұсынылып отырған құжаттар бойынша алынған түсініктемелерді, сондай-ақ жүргізілген сараптамалардың қорытындыларын дәлдеп, нақтылау мақсатында айыпталушыдан қосымша жауап алынады. Сонымен үзілді-кесілді тағылған айыптан кейін жасалынған қылмыстың барлық эпизодтары мен жағдайлары бойынша алаяқтардан тыңғылықты жауап алыну керек.Айыпталушы көрсетулеріндегі қайшылықтар беттестіру жолымен және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жойылады. Айыпталушының дүние-мүлкі табылысымен, сот шешіміне дейін оның сақталушылығы қамтамасыз етілу керек. Ақша мен құндылықтар ішкі істер органдарының қаржы бөлімдеріне сақтауға беріледі, автокөліктер жол полициясы басқармасының арнайы тұрақтарына қойылады. Пәтердегі жиһаз және басқа заттар дүние-мүлікке тыйым салу тізіміне енгізіледі.
Жедел-іздестіру шаралары- бұл жедел-іздестіру қызметігн жүзеге асыратын органдардың алдында тұрған міндеттемелердің құзыреті ауқымында шешуге бағытталған іс-әрекеті. Көпжылдық тәжірбие дәлелдегендей, қылмыскер қандай қулық-сұмдықтар жасамаса да, жедел-іздестіру шаралары мен тергеу іс-қимылдарының шеберлікпен өткізілуінің нәтижесінде әшкерленетін болады. Мәселен, Алматы қаласында кісі өлтіру мен байлықты иеленумен қоса шабуылдар жасаған “Шие бөрілер” (“Шакалы”) деген шартты атауын алған банда әрекет етті. Қылмыстарды ашу үшін құрамына ең білікті оперативтік қызметкерлер мен тергеушілер кірген жедел тергеу тобы құрылды. Сондай-ақ, банда жасаған қылмыстарды ашу бойынша іс-қимылдарды үйлестіру үшін штаб құрылды. Банданы ашуда барлық, соның ішінде жедел іздестіру жолымен алынатын ақпарат жинау мен талдауды шебер ұйымдастыру маңызды рол атқарды. Орасан зор қайшы мәліметтердің ішінен сезіктілердің соңына түсуге мүмкіндік берген қажетті бөлімін анықтауға қол жеткізілді. Тергеу іс-қимылдардың әрі қарай жүргізілуі банндиттердің ұсталуына, заттық дәлелдемелердің табылуына, олардың әшкерленуіне әкелді. Бұл іс бойынша қылмыстық жауапқа тартылғандардың барлығы сотталған болатын. Жедел-іздесітру шараларын жүзеге асыру, тоқтата тұру және тоқтатылуының мерзімдері жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың нормативтік актілерінде көзделген.

 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1. Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2. Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5. Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

7 Дәріс:Біреудің затын иемдену немесе ысырап қылу ісін тергеу.

Дәріс жоспары:

1. Криминалистикалық сипаттамасы

2. Алғашқы тергеу әрекеттері мен жоспарлау

3. Тергеу әрекетінің тактикасы

Негізгі ұғымдар: иеленіп алу, ысырап ету, сеніп тапсырылған, бөтен мүлік

 

1.Иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған  бөтен мүлікті ұрлау 176 – бап, ҚР – ның Қылмыстық Кодексі.

Қылмыстың бұл түрі айыпталушының құзырына байланысты оған сеніп тапсырылған мүлікті иемденуге және пайдалануға өкілеттігінің болуын алдап алған жағдайда көрінеді.

Иемденіп алудың белгілеріне мыналар қатысты: а) ұрлаушылардың іскерлік ісінің жаңа әдістері мен тәсілдеріне тез бейімделуі; б) заңды құқығы бар мекеменің атынан келісім жасау арқылы иемденіп алу. Мұндай әрекеттер әр түрлі қаржылық операциялар арқасында, ақша билігі арқасында іске асады; в) банктік құрылымдарды тікелей немесе жаңаша түрде қылмысқа тарту, біреудің мүлігін иемдену кезінде ақша мен билік жасау мақсатында банкі операциялары жиі қолданылады; г) ұрлаушылардың жалпы қылмыстық операциясы, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар да кіреді.

Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алудағы криминалистикалық сипаттың негізгі элементтері қылмыстық қол сұғу құралы туралы мәліметтер, иемдену әдісі, оның негіздері, қылмысты жасау жағдайы, ұрлаушылардың жеке басы туралы мәліметтер болып табылады. Қазіргі кезде экономика саласындағы қылмыстар кецінеи тарап есуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болгші. Мысалы, сеніп тапсырылған бетен мүлікті иеленіп ксту немесс ысырап ету, экономикалық контрабанда, жалған косіпксрлік, заңсыз банк қызметімен айналасу және т.б.

Қылмыстық-құқыктык көзкараспен карастыратын болсак экономика саласындағы қылмыстарға мыналар тән: бұл қыл-мыстың объектісі болып экономикалык маңыздағы коғамдық қарым-қатьшастар; экономикалық залалдың болуы және де оның ірі көлемде немесе аса ірі көлемде болуы; ендірісте жаса-латын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыс-тарды қоспағанда барлык уақытта ниеттің қылмыстык істен орын алуы.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалистикалык сипаттамасы төмендегідей ерекшеліктерден тұрады.

Біріншіден, экономика саласында жасалатын кылмыстар - мүліктік қатынастарға бағытталған нақты бір материалдағы (ендірістерге, зауыт, фабрика, рудниктер, теле-радио коммуникациялары, акциялар мен ақшалай қаражаттарына, валюталарға, сондай-ақ жер және жер қойнауларына, мұнай мен газ өнім-деріне, астык және дайын енімдерге) қол сұғушылық болып табылады;

Екінші ерекшелігі, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез келген экономикалық, кылмыстарды жасаған субъектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салаға бай-ланысты бір лауазымды кұзыретгілік берілген тұлғалар жасайды;

Үшінші ерекшелігі, экономикалық қылмыстарды жасау жағ-дайларына байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылык ортасында, атап айтқанда: енеркәсіптік неме-се ауылшаруашылык, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынандай операциялар жүргізіледі -қаржылық және материалдык есеп-шоттар, мүвда мівдетті түрде мамандар, қызметкерлер және сол сияқты басқа да тұлғалар болуы тиіс.

Төртіншіден, барлық шаруашылық және қаржылык опера-циялар тиісті күжаттармен рәсімделеді. Сондықган да қылмыс-кердің экономикалық қылмыстардан көрініс табатын кез келген әрекет немесе әрекетсіздіктері әркашан да жазбаша ресми құжаттарда электрондық түрде немесе мәлімет беретін құжат-тың алғашқы нұсқасында бекітіледі. Мүнда қылмысқа қатысты кез келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады.

Бесіншіден, экономикалық қылмыстар негізінен жасырын (латенттік) сипагга жасалады. Қылмыскердің білімділігі - қылмыстың ізін жасыруға байланысты әр түрлі шаралпрды оіінмп табуына, оларды қамтамасыз етуге алдын ала әр түрлі айла әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан да қылмыстық істі қозғауға байланысты нақты әрі толык негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Экономикалық қылмыстарға тән ерекшеліктердің тағы бір түрі, яғни алтыншы ерекшелігі, кылмыскердің жасаған әрекет-тері бірнеше кылмыс түрлерімен байланысты болуында. Мысалы: несиені заңсыз алу қылмыстары жалған кәсіпкерлік қыл-мыстарымен байланысты болуы мүмкін.

Ал өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету кыл-мыстары бухгалтерлік есеп ережелерін бүзу; жалған банкрот-тық қылмыстары аукциондарды өткізудін, белгіленген тәртібін әдейі; пара алу қылмыстары қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және сол сияқты басқа да қылмыстармен байланысты болуы мүмкін. Экономикалық контрабанда қылмыстары көбінде қылмыскерлердің салық төлеуден (кеден төлемдері мен алым-дарын төлеуден) бас тартуына байланысты жасалады.

Жегангш ерекшелігі, экономика саласындағы қылмыс сипа-ты көпшілігівде ұйымдасқан түрде жасалатындығында. Қыл-мыстық әрекетке қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі құқык қорғау қызмет-керлері де катысады. Кейде экономика саласындағы қылмыс-тарды үйымдасқан топ болып жасауға жоғары қызметтегі шенеуніктер қатысады. Олар бұл кылмысты Қазақстан Респуб-ликасынан тыс жақын және алыс шетел азаматтарымен байла-ныста бола отырып ұйымдасып жасаулары мүмкін.

Экономикалық қылмыстарға тән соңғы ерекшеліктерге кылмыскердің көп көріністік және ұзақ уақыт аралығындағы әрекеттері жатады. Экономика саласына байланысты бір факт бойынша бір күн немесе апта ішівде жасалған қылмыс түрі тәжірибеде әлі кездескен жоқ.

Осы ерекшеліктер экономика саласындағы қылмыстарды тергеудің қиындығымен, тергеушінің өзге де қызметтермен ты-ғыз байланысымен, тергеу процесінің материалдық-техникалық жағынан қамсыздануымен және тергеушінің кәсіби дайывды-ғымен байланысты.

Экономикалық қылмыстарды тергеу өдістемесі құрылысы жағынан ұрлық, адам өлтіру, жолкөлік оқиғасы қылмыстарын және басқа да қылмыстарды тергеу әдістемесінен айырмашылығы айтарлықтай көп емес. Басқа қылмыстардағыдай элементтер экономикалык қылмыстарынан да көрініс табады, яғни қылмыстық-құқықтық, қылмыстык-процестік актілер ескері-леді, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады.

Барлық жеке әдістемелер алдымен экономикалык кылмыс түрінің нақты бір қылмыстық-қүқықтык сипаттамасына сүйе-неді. Қылмыстык-процессуальдық негіздер - тексеру әрекеті кезеңінен бастап қылмыстык істі қозғауға дейінгі және айып-тау қорытывдысын жасау кезеңін аяқтай отырып жеке әдісте-менің барлық кезевдерін өткізеді.

Экономикалық кылмыстардың әрбір түрінің типтік белгілері, қылмыстың нақты бір түрі мен тобына байланысты кримина-листикалық маңызды ақпараттар жүйесі криминалистикалық сипаттама сияқты жеке әдістеме элементтерінде беріледі. Бұл ұғым қылмыстық әрекеттердің негізгі элементтерін камтвды. Мұнда қылмысты жасаған тұлғаға байланысты типтік мәлімет-тер, қылмысты жасау тәсілдері, қылмысты жасауға дайындық әрекеттері мен оның ізін жасыру әдіс-тәсілдері жалпы қоры-тылған түрде беріледі. Экономикалық қылмыстар бойынша қылмыскердің жеке басы және қылмысты жасау тәсілдерімен байланысты қылмыстың механизмі туралы мәліметтер крими-налистикалық сипаттамалардан керініс табады.

Қылмыс жасау тәсілі міндетгі түрде қылмыскердің қызметтік және өндірістік-шаруашылық кызметіне кіреді. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қүжаттарынан, мекеме, банктердің рәсімдеу, орывдау кұжатгарынан, цех, қойма, офис-тер мен көлік және компьютерлік-техниканы пайдалану тура-лы жазбаша қүжаттардан көрініс алады.

Экономикалык қылмыс механизмінің ерекше белгілері кыл-мысты жасауға дайывдалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсіддері, мысалы: салық төлеуден бас тарту кезівде жасалған қаржылык есеп жасаумен байланысты болуы мүмкін.

Қылмыстын барлық түрінің механизмі қылмыскердің кепте-ген куәлерді - күзетшілер, хатшы, машинист, программист, жүргізуші, қоймашы, жұмысшы, технолог, бухгалтер, инженер, инспектор, аудитор, ревизор және басқа датүлғаларды қылмыс-тық әрекеттерді (немесе көбінде әрекетсіздіктерді) жасауға итермелейтіндігімен сипатталады.

Экономикалық қылмыстардың барлық түрлері бойынша қылмыскердің жеке басының типологиялык қасиетгері, оның жоғарғы әлеуметтік жағдайынан, мамандығынан, іскерлігіисн, қоғамдағы көптеген әлеуметтік топтармен тамыр-таныстық байланыста болуынан көрініс табады. Көбінде олар ездерін қылмыскер ретінде санамайды. Оларға тергеу процесіне қарсы әре|кет етуге мүмкіндіктер беретіндей қаржы жағынан тиімді жағ-дайлар, еркіндік, суыққандылык тән.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстық әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктері криминалистикалық сипаттамадағыдай жеке әдістеменің ұғымы мен элементінен кері-ніс табады. Барлық жеке әдістемелердің күрылысында тергеу әрекетінен басталуы мүмкін жағдайдың сипаты мен вариантта-ры міндетті түрде айқындалады. Субъективтік факторлардың ықпал етуіне қарамастан, бүлар объективтік жағдай болып табылады.

Осы немесе басқа да экономикалық қылмыстарды тергеу

I кезінде болуы мүмкін типтік ситуациялар жөнінде сөз қозға-лып отыр. Шын мәнінде тергеушілер нақты бір қылмысты тер-

! геу кезінде тәжірибеде айқындалатын әр түрлі ситуацияларға байланысты басқа да жағдайларға кезігуі мүмкін.

Типтендіру үшін барлық факторларды қамту мен олар бо-йынша үсыныстар жасау мүмкін емес.

Экономика саласында жасалатын кылмыстық әрекеттің езіндік қасиеті келесідей әрекеттерді жүргізуден тұрады — қыл-мыстық әрекеттің белгілерін қарастыру қиын болғандықтан алдын ала тексеру әрекеттерін жүргізу кажеттілігі туындайды, содан кейін ғана тергеудің алғашқы, кейінгі және қорытынды кезендері басталады. Барлық жеке әдістемелердегі ұсыныстар алғашқы шараларды жүргізу мен басқа да кезендері бойынша шектеледі.

Тергеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыруға болмайтын және жедел әрекеттер жүргізіледі. Жорамалданған қылмыскерді анықтағанша тергеуші қызу түрде жұмыс жасайды. Кейінгі кезенінде негізгі жұмыс оның кінәлі екендігін дәлелдеуге байланысты жүргізіледі. Қорытынды кезең айыптау қорытынды-сын жасаудан тұрады.

Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстарды тергеу барысында әр түрлі формадағы арнайы білімдерді пайдалануға тура келеді. Сондықтан да тергеу (қүжаттарды қарау, компьютерлік техникаларды қарау, тінту, жауап алу және т.б.) әрекеттерін жүргізуге мамавдарды қатыстыру; ревизия, аудит

тағайындау; сот-сараптамасын тағайындау; мамавдармен кеңес жасау талап етіледі.

Төжірибелер көрсетіп отырғандай тергеушінің — жедел-іздестіру қызметкерлерімен, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу агентгігімен, Кеден комитетімен, Статистика агенттігімен, Ішкі істер министрлігі, Бас прокура-тура, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ин-терпол Үлттық орталык бюросы және т.б. ақпараттык, орталық қызметгерімен өзара қарым-кдтынасынсыз экономикалық қыл-мыстарды жылдам әрі толық ашу мүмкін емес.

Жеке әдістеменің кұрылысы келесідей элементтерден тұрады:

- кылмыстық-құкыктық негіздерден;

- экономикалык қылмыстардың криминалистикалык сипат-тамаларынан;

- типтік ситуациялардан және тергеудің алғашқы кезеңінен;

— тергеудің кейінгі кезеңінен;

— экономикалық кылмыстарды тергеу кезінде арнайы білімдерді колданудан;

— тергеушінің әр түрлі қызметтермен езара кдрым-қатынас жасауынан.

Экономикалык қылмыстар бойынша өнделген әрбір жеке 1 әдістемелерден аталған барлық элементтер керініс табады. \

Бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе талан-таражға салу қыл- г мыстарын кдрастырып өтейік.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1. Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2. Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5. Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.89.70 (0.021 с.)